Казахский язык
Главная  Полезные материалы → Сказки → Тастан артық тыңайтқыш жоқ

Тастан артық тыңайтқыш жоқ   (жапон ертегісі)

Көп жыл бұрын Хэйроку деген шаруа болыпты.
Бір күні оған көршісі Гомбэ деген борсық келді.

– Сәлем, Хэйроку, хал қалай? – деді ол.
– Жақсы. Өз халың қалай?
– Жаман емес.
– Не айтасың? – деді Хэйроку.
– Сен өмірде неден қорқасың? Соны білгім келеді.
– Мен бе? – Хэйроку ойланып қалды.

Борсық текке сұрап тұрған жоқ. Алдағысы келеді.

– Өмірде мен бөлкеден қорқамын, – деді Хэйроку.

Борсық бөлке сатып алды. Хэйрокудың үйіне жақындады.
Сосын бөлкелерді терезеге лақтырды. Өзі ағаштың артына тығылып қарап тұрды.
Бірақ Хэйроку бөлкелерден қорықпады, айқайламады. Керісінше, ол бөлкелерді жей бастады.

«Хэйроку мені алдады, мен де оны алдаймын», – деп борсық үйіне кетті.

Түнде борсық Хэйрокудың күріш алқабына келді. Айналадан тастарды жинады.
Тастарды күріш алқабына лақтырды. Таңертең алқап тастарға толды.
Хэйроку алқапқа келді. Алқап толған тас.
Ол бәрін түсінді. Бұл борсықтың ісі. Сосын ол:

– Қандай бақыт! Қандай тамаша! Рахмет, менің қамқоршым. Енді алқапты үш жыл тыңайтпаймын. Тастан артық тыңайтқыш жоқ, – деп айқайлады.

Келесі күні Хэйроку алқапқа келсе, тастар жоқ.

– Шаршадың ғой, Гомбэ, – деп Хэйроку жымиды.




Сұрақтарға жауап беріңдер.
1) Қашан Хэйроку деген шаруа болыпты?
2) Бір күні оған қайсысы келді?
3) Борсық не деді?
4) Хэйроку не деп жауап берді?
5) Борсық не істеді?
6) Хэйроку не істеді?
7) Борсық түнде не істеді?
8) Алқап нелерге толды?
9) Хэйроку не деді?
10) Келесі күні не болды?
11) Хэйроку неге жымиды?





Источник текста на казахском языке:
«Кім ең күшті». Сост., перевод А.М. Кудайбергеновой, Ж.Р. Уразбековой. Алматы. Раритет, 2004.


 <<  Үкі мен қарға Наверх ↑ Үш қыз  >> 

Казахский язык. Просто о сложном © Татьяна Валяева,  2007–2026

Главная
Цвета текста на сайте
Поиск по сайту
Словарь
Грамматика детям
Существительные
Глаголы
Прилагательные
Числительные
Личные окончания
Послелоги
Местоимения
Тесты
Проверь себя!
Упражнения
Разговорник
Практика
Песни
Сказки
Пословицы
Гостевая книга
kaz-tili@yandex.kz
Автор
Телеграм-канал
WhatsApp-группы