Главная Гид Упражнения Тесты Песни Словарь Автор Телеграм-канал
Казахский язык
Главная  Полезные материалы → Сказки → Үш қыз

Үш қыз   (татар ертегісі)

Бір әйелдің үш қыз болыпты. Ол күндіз-түні жұмыс істеді, қыздарды киіндірді, тамақтандырды.
Жылдар өтті. Қыздар өсті, бірінен соң бірі күйеуге шықты және алысқа кетті.
Тағы да көп жыл өтті. Кемпір аурып қалды. Ол сары тиінді шақырды және оған:

– Қыздар маған тез келсін, – деді.

Сары тиін үлкен қызға келді.

– Ой, мен барар едім, бірақ әуелі мына екі табақты тазартуым керек, – деді.
– Онда отыр екі табақпен, – деді тиін.

Сол уақытта қыз тасбақаға айналды. Тасбақа жөніне кетті.
Сары тиін екінші қызға келді

– Ой, мен барар едім, бірақ әуелі мата тоқуым керек, – деді.
– Онда тоқы матаны, – деді сары тиін.

Сол уақытта қыз өрмекшіге айналды. Өрмекші жөніне кетті.
Тиін үшінші қызға келді.
Қыз ештеңе айтпады, шешесіне жүгірді.

– Бақытты бол! – деді тиін.

Қыз шынымен бақытты болды, көп жыл өмір сүрді.
Қартайғанда алтын араға айналды. Ара жазда бал жинады, қыста ұйықтады.




Сұрақтарға жауап беріңдер.
1) Әйелдің неше қызы болыпты?
2) Ол күндіз-түні не істеді?
3) Қыздары қайда тұрды?
4) Кемпір қыздарын неге шақырды?
5) Үлкен қызы неге келе алмады?
6) Қыз тасбақаға айналды ма?
7) Екінші қызы неге өрмекшіге айналды?
8) Үшінші қызы тиінді тыңдады ма?
9) Үшінші қыз бақытты болды ма?
10) Сары тиін қандай тиін болды?





Источник текста на казахском языке:
«Кім ең күшті». Сост., перевод А.М. Кудайбергеновой, Ж.Р. Уразбековой. Алматы. Раритет, 2004.


 <<  Тастан артық тыңайтқыш жоқ Наверх ↑ Кемпір мен торай  >> 

Казахский язык. Просто о сложном © Татьяна Валяева,  2007–2026
Главная
Цвета текста на сайте
Поиск по сайту
Гид по изучению
грамматики
Грамматика детям
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Глаголы
Личные окончания
Причастия
Местоимения
Наречия
Проверь себя!
Упражнения
Тесты
Словарь
Разговорник
Практика
Песни
Сказки
Пословицы
Гостевая книга
Автор
kaz-tili@yandex.kz
Телеграм-канал
Канал в MAX
WhatsApp-группы