Казахский язык
Список песен
Алфавитный указатель
 Қаз 
 Qaz

Куә бол

 

Куә бол

1-шумақ:
Көзімді жұмсам да, көрем сені.
Еседі арманның қоңыр желі.
Куә бол, Алатау, бақытыма,
Куә бол, көк терек көлеңкелі.

Қайырмасы:
Куә бол, жұлдыз,
Куә бол, айым,
Куә бол, Алатауым!

2-шумақ:
Көп іздеп, мен бүгін оны таптым,
Бастадым бір әнін махаббаттың,
Ақ қайың аялап арманымды
Куә боп, көк өзен күліп жаттың.

Қайырмасы:
Куә бол, жұлдыз,
Куә бол, айым,
Куә бол, Алатауым!

3-шумақ:
Куә бол, жұлдыздар жымыңдасқан,
Куә бол, аппақ ай, ашық аспан
Алданба, жүрегім, енді қайтып
Арманға кезінде есік ашқан.

Қайырмасы:
Куә бол, жұлдыз,
Куә бол, айым,
Куә бол, Алатауым!


Cлушать песню:



© Татьяна Валяева,  2007–2025
 <<  Oh My Love Вернуться к началу Той жыры  >> 

Цвета текста на сайте             Telegram-канал «Казахский язык. Просто о сложном»             kaz-tili@yandex.kz             Гостевая книга