|
№1 Образуйте деепричастия (суффиксы ып/іп/п) и переведите на русский язык.
1) Ол ұстараны (алу), қырына бастады. 2) Сіз (кешігу) келдіңіз.
3) Сабаққа ылғи (дайындалу) келемін. 4) Мен (киіну) жұмысқа кеттім.
5) Ол үстіндегі киімді (шешу), ваннаға салқын суға түсті.
6) Бала (ояну) жылады. 7) Ол жұмыстан (шаршау) келді.
8) Мен баққа (шығу), жатар алдында таза ауа жұтамын.
9) Ол тоңазытқышты (ашу), жұмыртқа салынған ораманы алды.
10) Айласын (табу), сұрақты шешіңдер. 11) Дұрыс (тамақтану),
уақытылы демалыңыз. 12) Жеті рет (өлшеу), бір рет кес.
13) Баршаңызға алғыс (білдіру), рақмет айтамын!
14) Төменге (түсу), ең болмағанда, амандас.
15) Мен дүкенге (бару), шайға бірдеңе (алу) келейін.
1) Ол ұстараны алып, қырына бастады. – Он взял бритву и начал бриться.
2) Сіз кешігіп келдіңіз. – Вы пришли с опозданием. 3) Сабаққа ылғи
дайындалып келемін. – Я всегда прихожу на уроки подготовившись.
4) Мен киініп жұмысқа кеттім. – Я оделся и пошёл на работу.
5) Ол үстіндегі киімді шешіп, ваннаға салқын суға түсті. – Он снял одежду и опустился
в ванную в холодную воду. 6) Бала оянып жылады. – Ребёнок, проснувшись, заплакал.
7) Ол жұмыстан шаршап келді. – Он пришёл с работы уставший. 8) Мен баққа шығып,
жатар алдында таза ауа жұтамын. – Я выйду в сад, подышу свежим воздухом перед сном.
9) Ол тоңазытқышты ашып, жұмыртқа салынған ораманы алды. – Она открыла холодильник
и достала упаковку яиц. 10) Айласын тауып, сұрақты шешіңдер. – Найдите выход и решите вопрос.
11) Дұрыс тамақтанып, уақытылы демалыңыз. – Питайтесь правильно, отдыхайте вовремя.
12) Жеті рет өлшеп, бір рет кес. – Семь раз отмерь, один раз отрежь.
13) Баршаңызға алғыс білдіріп, рақмет айтамын! – Всем выражаю благодарность и говорю спасибо!
14) Төменге түсіп, ең болмағанда, амандас. – Спустись вниз, поздоровайся хотя бы.
15) Мен дүкенге барып, шайға бірдеңе алып келейін. – Я схожу в магазин, куплю что-нибудь к чаю.
Скрыть ответы
№2 Образуйте деепричастия (суффиксы а/е/й) и переведите на русский язык.
1) Мен сені (асығу) күтемін. 2) Жолда жеміс (теру) жүрдік.
3) Кітап (оқымау), білімді болмайсың. 4) Жан болашағына (шаттану) қарайды.
5) Ол жетістіктері туралы (мақтану) айтты. 6) Мен оны (көрмеу) кетпеймін.
7) Ол ойыншықтарды (алу) келді. 8) Әкесі ұлына (кінәлау) қарайды.
9) Ол бұл істі (ойланбау) істеді. 10) Шашыңды (кептірмеу), далаға шықпа.
11) Қазір келесі көшеден (өтпеу), оңға бұрылып тоқтаңызшы.
1) Мен сені асыға күтемін. – Я жду тебя с нетерпением.
2) Жолда жеміс тере жүрдік. – Мы шли, собирая по дороге ягоды.
3) Кітап оқымай, білімді болмайсың. – Не читая книг, образованным не будешь.
4) Жан болашағына шаттана қарайды. – Жан с радостью смотрит в будущее.
5) Ол жетістіктері туралы мақтана айтты. – Он с гордостью рассказал о своих достижениях.
6) Мен оны көрмей кетпеймін. – Я не уйду, не увидев его.
7) Ол ойыншықтарды ала келді. – Он пришёл, взяв игрушки.
8) Әкесі ұлына кінәлай қарайды. – Отец посмотрел на сына с осуждением.
9) Ол бұл істі ойланбай істеді. – Он сделал это не задумываясь.
10) Шашыңды кептірмей, далаға шықпа. – Не выходи на улицу, не высушив волосы.
11) Қазір келесі көшеден өтпей, оңға бұрылып тоқтаңызшы. – Сейчас не переезжая
следующую улицу, сверните направо и остановите, пожалуйста.
Скрыть ответы
№3 Образуйте деепричастия (суффиксы ғалы/гелі, қалы/келі) и переведите на русский язык.
1) Ол музыка тыңдағалы келді. 2) Сабақ басталғалы бір апта болды.
3) Мен қалада болмағалы бір жыл өтті. 4) Қоштасқалы келдім.
5) Бұл мектеп ашылғалы он жыл болды.
6) Ол емтихан тапсырғалы бір ай өтті.
7) Бір-бірімізді көрмегелі отыз жылға жуық болды.
8) Ол жұмыс істегелі жиырма келі артық салмақ қосты.
9) Жиналыс бастағалы бір сағат болды.
10) Мен сені таң атқалы іздеп уайымдап жүрмін.
11) Ол емтихан тапсырғалы бір ай өтті.
12) Олар бір-бірімен сөйлеспегелі бір жыл өтті.
1) Ол музыка тыңдағалы келді. – Он пришёл послушать музыку.
2) Сабақ басталғалы бір апта болды. – Прошла неделя, как начались занятия.
3) Мен қалада болмағалы бір жыл өтті. – Прошёл год, как я не был в городе.
4) Қоштасқалы келдім. – Я пришёл попрощаться. 5) Бұл мектеп ашылғалы
он жыл болды. – Прошло десять лет как открылась эта школа. 6) Ол емтихан
тапсырғалы бір ай өтті. – Прошел месяц с тех пор, как он сдавал экзамен.
7) Бір-бірімізді көрмегелі отыз жылға жуық болды. – Мы с тобой не виделись
около тридцати лет. 8) Ол жұмыс істегелі жиырма келі артық салмақ қосты. –
Он набрал двадцать килограммов лишнего веса с тех пор, как начал работать.
9) Жиналыс бастағалы бір сағат болды. – Прошёл час с начала собрания.
10) Мен сені таң атқалы іздеп уайымдап жүрмін. – Я переживаю и ищу тебя с раннего утра.
11) Ол емтихан тапсырғалы бір ай өтті. – Прошел месяц с тех пор, как он сдавал экзамен.
12) Олар бір-бірімен сөйлеспегелі бір жыл өтті. – Прошёл год с тех пор, как они
разговаривали друг с другом.
Скрыть ответы
Скачать формы для заполнения и правильные ответы в одном файле (doc)
← Выбрать другие упражнения
|