Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Модальность
Предложения
  Проверь себя!
  Упражнения
   Грамматика детям
   Учим всей семьёй
 Видео
  Разговорник
Пословицы
  Книга для чтения
С казахским не шутят?
Сказки
Песни
Статьи
Словарь
Ссылки и др.
Автор сайта
Кірпі мен қарға
Кішкентай Жанат
Қасқыр мен кемпір
Саяхатшы бақа
Бұйра қыз
Түлкі мен ит
Мёга шөбі
Мақтаншақ қоян
Аю мен түлкі
Түлкі мен тырна
Неге қоянның құлағы ұзын
Шегіртке мен құмырсқа
Қызыл тауық және...
Қарлығаш пен дәуіт
Қызыл телпек
Түлкі мен қаздар
Адам және ит
Айога
Үнемшіл құмырсқа
Кәрі теке мен қасқыр
Кім күштірек
Аңшы мен жылан
Түлкі мен борсық
Кім ең күшті
Қасқыр мен жылқы
Үкі мен қарға
Тастан артық тыңайтқыш жоқ
Үш қыз
Кемпір мен торай
Маймыл мен көзілдірік

Бұйра қыз   (чукотка ертегісі)   Прослушать

Звук: Маида Байбугина

Аудио сказки (скачать mp3)

Баяғыда түлкі мен аю болыпты. Олар күнде балық аулапты.   Прослушать

Бір күні оларға бір қыз келді.   Прослушать

– Сәлеметсіздер ме! Не істеп жатырсыздар?   Прослушать

– Кет, қыз, сенің шашың ода-дода, балықты қорқытасың, – деді түлкі.   Прослушать

– Жоқ, бұл қыз ода-дода емес, ол бұйра, – деді аю.   Прослушать

Бір уақытта жел тұрды, қар жауды. Қыз тоңды. Аю өз тонын қызға берді.   Прослушать

Қыз үйіне келді.   Прослушать

– Сен тонды қайдан алдың? – деді шешесі.   Прослушать

– Аю берді.   Прослушать

– Аю жақсы екен, оны қонаққа шақыр, – деді шешесі.   Прослушать

Аю қызға қонаққа келді. Аю және қыз шай iшті, балық жеді.   Прослушать

Сосын қыз аюға үлкен балықтарды берді.   Прослушать

– Балықтарды балаларыңызға апарыңыз, – деді қыз.   Прослушать

– Рахмет! – дедi аю.   Прослушать

Жолда аюдың алдынан түлкі шықты.   Прослушать

– Аю, сен балықтарды қайдан алдың?   Прослушать

– Бұйра қыз берді, – деді аю.   Прослушать

Түлкі қызға келді.   Прослушать

– Бұйра қыз, маған балық берші. Менің де балық жегім келеді, – деді түлкі.   Прослушать

Қыз үндемеді, есікті ашпады.   Прослушать

"Аю өте қу. Бұйра қызды мақтап, балық алды", – деп ойлады түлкі.   Прослушать

Ал аю қу емес, ол мейірімді болды.   Прослушать




Сұрақтарға жауап беріңдер:
1) Қашан түлкі мен аю болыпты?
2) Олар не аулапты?
3) Бір күні оларға кім келді?
4) Қыз не деді?
5) Түлкі не деді?
6) Аю не деді?
7) Бір уақытта не болды?
8) Аю не істеді?
9) Қыздың шешесі не деді?
10) Аю кімге қонаққа келді?
11) Қыз аюға не берді?
12) Аюдың алдынан не шықты?
13) Түлкі қызға не деді?
14) Түлкі не деп ойлады?
15) Аю қандай?

"Рас", "өтірік" немесе "білмеймін" деп жауап беріңдер:
1) Түлкі мен балық күнде балық аулады.
2) Аю өз тонын қызға берді.
3) Аю және қыз кофе ішті.
4) Аюдың алдынан қой шықты.
5) Қыз нешеде болды?
6) Қыздың аты кім?

Көп нүктенің орнына керекті сөздерді жазыңдар:
Баяғыда түлкі мен аю .................... . Олар .................... балық аулапты. Бір .................... оларға бір қыз келді:
– Сәлеметсіздер ме! Не .................... жатырсыздар?
– Кет, қыз, сенің шашың ода-дода, балықты ...................., – деді түлкі.
– Жоқ, бұл қыз ода-дода емес, ол бұйра, – деді аю.
Бір .................... жел тұрды, қар жауды. Қыз тоңды. Аю өз тонын қызға .................... . Қыз .................... келді.
– Сен тонды .................... алдың? – деді шешесі.
– Аю берді.
– Аю жақсы екен, оны қонаққа ...................., – деді шешесі.
Аю қызға .................... келді. Аю және қыз .................... ішті, балық жеді. Сосын қыз аюға үлкен .................... берді.
– Балықтарды балаларыңызға ...................., – деді қыз.
– Рахмет! – .................... аю.
Жолда аюдың алдынан түлкі .................... .
– Бұйра қыз берді, – деді аю.
Түлкі бұйра қызға келді.
– Бұйра қыз, .................... балық берші. Менің де балық жегім ...................., – деді түлкі.
Бірақ қыз үндемеді, .................... ашпады.
«Аю өте ...................., бұйра қызды мақтап, балық алды» – .................... ойлады түлкі.
Ал аю қу ...................., ол мейірімді болды.
Керекті сөздер:
қайдан, болыпты, шықты, алдың, шай, қорқытасың, істеп, үйіне, берді, шақыр, күні, уақытта, күнде, есікті, қонаққа, апарыңыз, деді, деп, маған, балықтарды, келеді, емес, қу.



Текст на казахском языке взят из:
«Түлкі мен қаздар». Сост., перевод А.М. Кудайбергеновой. Алматы. Раритет, 2002.



©  Татьяна Валяева   2007–2019
http://kaz-tili.kz/
 <<  Саяхатшы бақа Вернуться к началу Түлкі мен ит  >> 


Присоединиться в Фейсбуке   ВКонтакте                  Цвета текста на сайте - значение                  E-mail: kaz-tili@yandex.ru                  Оставить отзыв