Учим новые слова
өркениет цивилизация
Ежелгі Мысыр өркениеті әлі күнге дейін таңғажайып құпиялар мен құнды қазыналарға толы. Древняя Египетская цивилизация до сих пор полна удивительных тайн и ценных сокровищ.
құқық право
Баланың ата-анасы немесе өзге де заңды өкілдері оқыту үшін кез-келген білім беру ұйымдарын таңдауға құқығы бар. Родители ребёнка или другие его законные представители имеют право выбрать любую образовательную организацию для обучения.
ұқып бережность, аккуратность
ұқыпты бережный, аккуратный
Ұқыпты қыздың сөмкесінде өмірдің кез келген жағдайы үшін қажетті заттар табылады. В сумке аккуратной девушки найдутся нужные предметы на все случаи жизни.
қауіпті опасный
Бразилиялық кезбе өрмекшінің шағуы балалар, өкпе және жүрек аурулары бар қарт адамдар үшін өте қауіпті. Укус бразильского странствующего паука очень опасен для детей и старых людей, имеющих заболевания сердца и лёгких.
қарым-қатынас отношения, взаимоотношения
Бала өмірінде ата-анасымен қарым-қатынасы аса маңызды рөл ойнайды. В жизни ребёнка взаимоотношения с родителями играют очень важную роль.
айырылу лишаться, терять
Астана тұрғыны телефон алаяқтарына сеніп, 37 миллион теңгесінен айырылып қалды. Житель Астаны поверил телефонным мошенникам и лишился 37 миллионов тенге.
қысқару сокращаться, уменьшаться
Желтоқсан айындағы мереке күндерінің саны екі күнге қысқарады. Количество праздничных дней декабря месяца уменьшится на два дня.
еліктеу подражать
Бүгінгі жастар тек әншілерге ғана еліктейді. Соларға ұқсағысы келеді. Сегодняшняя молодёжь только певцам подражает. На них хочет быть похожей.
қасиет характерная черта, качество
Нағыз басшы болу үшін көшбасшылық қасиеттерді иемдену керек. Чтобы быть настоящим руководителем, надо обладать лидерскими качествами.
жалдау аренда, нанимать
жалдамалы съёмный
Жұмыс істейтін жастарға жалдамалы тұрғын үй бес жылға беріледі. Работающим молодым людям съёмный жилой дом предоставляется на пять лет.
тексеру проверять
тексеріс проверка, контроль
Субұрқақтарда жүзуге тікелей тыйым жоқ. Дегенмен тексерістер жүргізіліп тұрады. Нет прямого запрета плавать в фонтанах. Тем не менее проверки постоянно проводятся.
бұлшықет мышца
Жүрек – ағзаның ең мықты бұлшықеті. Ол ондаған жылдар бойы үздіксіз жұмыс істейді. Сердце – самая сильная (по выносливости) мышца организма. Оно работает десятки лет беспрерывно.
үздіксіз непрерывно, регулярно
Йоганың көмегімен ағзаны қалыпқа келтіруге болады. Алайда ол үшін үздіксіз жаттығу керек. С помощью йоги организм можно привести в норму. Однако для этого надо регулярно практиковаться.
күйзеліс кризис, стресс
Жануарларды ұстау мазасыздық пен күйзеліс деңгейін азайтуға көмектеседі, жаңа сезімдер мен энергия сыйлайды. Содержание животных помогает уменьшить уровень беспокойства и стресса, дарит новые чувства и энергию.
мәжбүр вынужденный
мәжбүрлеу вынуждать
Қазір де бірқатар мемлекеттерде солақай балаларды күштеп оң қолмен жазуға мәжбүрлейді. Сейчас тоже в некоторых государствах детей-левшей насильно вынуждают писать правой рукой.
үн голос
үндеу издавать звук, подавать голос
үндемеу молчать
Адамдар қалай сөйлеуді үйренеді, ал ең басты ғылым – қалай және қашан үндемеуді білу. Люди учатся, как говорить, а главная наука – знать, как и когда молчать.
арту увеличиваться, возрастать
арттыру увеличивать, повышать
Зерттеушілердің айтуынша, жаяу жүру шығармашылық қабілетті 60%-ға арттырады. Как говорят исследователи, ходьба пешком повышает творческие способности до 60%.
безену украшаться, декорироваться
безендіру украшать, декорировать
Дайын бәліштің үстіне қант шәрбатын құйып, анармен безендіріңіз. Готовый пирог полейте сахарным сиропом и украсьте гранатом.
сергіту приободрять
Табиғи шай шөлді жақсы қандырады, сергітеді, холестерин деңгейін төмендетеді. Натуральный чай хорошо утоляет жажду, приободряет, снижает уровень холестерина.
айналдыру вертеть, превращать
Тамақты майға қуырудан бас тартып, буға пісіруді әдетке айналдырыңыз. Отказавшись от жарки еды на масле, превратите в привычку готовить на пару.
таң удивление
таңғалу удивляться
Бұл жауабыма сыныптастарым қатты таңғалды. Мои одноклассники сильно удивились этому моему ответу.
темекіні тастау бросить курить
Спорт пен физикалық белсенділік темекіні тастаған адамдарға көмектесе алады. Спорт и физическая активность могут помочь людям, бросившим курить.
қайнату кипятить, варить
Махаббат қандай тәтті болса да, одан компот қайната алмайсың. Какой бы сладкой не была любовь, компот из неё сварить не сможешь.
төзімділік терпеливость, сдержанность
Төзімділік пен сыйластық бәрін жеңеді. Всё одолеют терпеливость и взаимное уважение.
ретке келтіру приводить в порядок
Жұмыс орныңызды ретке келтіріңіз. Приведите ваше рабочее место в порядок.
өзің ты сам, ты сама
Таңертеңгі асыңды өзің іш, түскі асыңды досыңмен бөліс, кешкі асыңды жауыңа бер. Завтрак ты сам ешь, обедом с другом поделись, ужин врагу отдай.
бағдарлама программа
Біздің бағдарламаға келгеніңізге өте қуаныштымыз. Мы очень рады, что вы пришли на нашу программу.
уайымдау беспокоиться, печалиться
Сен біз үшін уайымдама. Ты за нас не переживай.
жасөспірім подросток
Мамандардың айтуынша, қазір жасөспірімдер зиянды тағамды өте көп тұтынады. По словам специалистов сегодня подростки очень много потребляют вредной еды.
қадам шаг (шаги)
Үлкен істер кішкентай қадамнан басталады. Большие дела начинаются с маленьких шагов.
күйік ожог, обожжённое место
Күйікті бинтпен ораңыз, бірақ қатты қыспаңыз. Обмотайте ожог бинтом, но сильно не зажимайте.
мәлімет данные, сведения
Жеке мәліметтеріңізді ешкімге бермеңіз. Никому не давайте ваши личные данные.
өлшеусіз неизмеримый
Адам өмірінде өлшеусіз қымбат байлық бар болса, ол - уақыт. Если в жизни человека есть неизмеримое богатство, то это – время.
арттыру увеличивать, повышать
Оқу жылдамдығын қалай арттыруға болады? Как можно увеличить скорость чтения?
қуаттау заряжать
Жүргізушілердің көбі телефондарын көлігінде қуаттайды. Большинство водителей заряжают телефоны в транспорте.
талап ету требовать
Шын махаббат дәлелдеуді талап етпейді. Настоящая любовь не требует доказательств.
тәрбие воспитание
Балаға дұрыс тәрбие беру – ата-ананың міндеті. Дать ребёнку правильное воспитание – обязанность родителей.
қарапайым простой, обыкновенный
Қарапайым сөздерді пайдалануға тырысыңыз. Старайтесь использовать простые слова.
теріс неправильный, отрицательный
Өзгелердің теріс энергиясына қарсы тұрыңыз. Не поддавайтесь негативной энергии других людей.
асқақ высокий, высочайший
Өміріңіздегі асқақ мақсатыңыз қандай? Что является высшей целью вашей жизни?
жұрт люди, народ
Неге жұрттың бәрі ол туралы айтып жүр? Почему все люди говорят об этом?
сұрыптау сортировать
Олар қоқысты сұрыптауға үндеді. Они призвали сортировать мусор.
ырғақты ритмичный
Супермаркеттердің басым бөлігі ырғақты музыканы қолданады. Большая часть супермаркетов использует ритмичную музыку.
зиян вред, убыток
зиянды вредный
Сағыз шайнаудың зиянды тұстарын білесіз бе? Вы знаете вредные стороны жевания жвачки?
нұсқаулық инструкция
Қолданар алдында нұсқаулықпен танысыңыз. Перед употреблением ознакомьтесь с инструкцией.
желдету освежать, проветривать
Бала жататын бөлменің ауасын тазартып, желдету керек. Воздух спальни ребёнка нужно очищать и освежать.
айыппұл штраф
Келтірілген айыппұлды толық көлемінде төлеймін. Указанный штраф в полном размере выплачу.
соң конец
кітаптың соңында в конце книги
Соңында барлығы жақсы болуы тиіс. Егер жақсы болмаса, бұл әлі соңы емес. В конце всё обязательно должно быть хорошо. Если плохо - значит, это ещё не конец.
өтіл стаж
еңбек өтілі трудовой стаж
Сіздің еңбек өтіліңіз қанша жыл? Какой у Вас стаж работы?
жаңылтпаш скороговорка
Жаңылтпашты айнаның алдында отырып кемінде 15-20 реттен қайталаңыз. Сидя перед зеркалом повторите скороговорку по меньшей мере 15-20 раз.
бейтаныс незнакомый
Ол бейтаныс адаммен сөйлескiсi келмедi. Она не хотела разговаривать с незнакомцами.
жалтару уклоняться, избегать
Екеуі камерадан жалтарып, жүздерін көрсетпеуге тырысты. Они оба уклонялись от камеры, старались не показывать свои лица.
сүрiну спотыкаться
сүрiнiп жығылу сбиться с ног (фразеологизм)
Біз сан мәрте сүрiнiп жығылып, қайта тұрғанбыз. Мы бессчётное количество раз сбивались с ног и снова вставали.
айыпталу обвиняться
айыпталушы обвиняемый
Айыпталушы апелляциялық шағым түсіруге құқылы. Обвиняемый вправе подать на апелляцию.
риза согласный, довольный
риза болу быть довольным
Сіз риза боларсыз деп ойлаймын. Я думаю, что Вы будете довольны.
тыйым запрет
тыйым салу запрещать
Бейбіт митинг өткізуге тыйым салатын елде ояндым. Я проснулась в стране, где запрещены мирные митинги.
ренжу обижаться, огорчаться
Мен бірінші орын алмағаныма ренжімеймін. Я не обижаюсь, что не получил первое место.
дауласу спорить
Сендер босқа дауласып тұрсыңдар. Вы напрасно спорите.
тінтуір мышь для компьютера
"Тіркелу" деген сөзді тінтуірмен басыңыз. Нажмите мышкой слово "Зарегистрироваться".
белгі знак, метка
Кешіріңіз, мен жол белгісін байқамай қалыппын. Извините, я не заметил дорожного знака.
ұғу понимать, усваивать
Айтқанымның бәрін ұқтың ба? Ты всё понял, что я сказал?
шөп басын сындырмау совсем ничего не делать (фраз. букв. и верхушку травинки не переломить )
Ол жаз бойы шөп басын сындырмаған. Он в течение лета палец о палец не ударил.
жабысу липнуть, приставать
Сен неге менің жігітіме жабысып жүрсің? Ты почему к моему парню пристаёшь?
тақыр голый, пустой
Тақыр жерге мал жаймайды. На голой земле скот не пасётся.
байқау замечать, наблюдать
Мен оны алыстан байқадым. Я его заметил издалека.
Кешіріңізші, байқамай қалдым. Простите, пожалуйста, я не заметил.
қабылдау одобрять, принимать
Ол менің ұсынысымды қабылдады. Он принял моё предложение.
Таңертең ешкімді қабылдамаңыз. Утром никого не принимайте.
жауынгерлік боевой, воинский
жауынгерлік парыз воинский долг
Бұл саған жауынгерлік тапсырма. Это тебе боевое задание.
кек месть, обида, злоба
кек сақтау таить злобу, обиду
Жүрегіңде кек сақтама. Не таи в своём сердце обиду.
жұму закрывать, жмурить, смыкать
көз жұму закрыть глаза, перен. умереть
Жарайды, көзімді жұма салайын. Хорошо, я закрою глаза (не буду придавать значения).
Бұл инфекция жұқтырған науқас көз жұмды. Заразившийся этой инфекцией больной умер.
арандатушылық провокация
Біз мұндай арандатушылыққа қарамастан өз позициямыздан бас тартпаймыз. Несмотря на эту провокацию, мы не отказываемся от нашей позиции.
бас тарту фразеологизм, наотрез отказаться
Олар пластикалық пакетті қолданудан бас тартты. Они отказались применять пластиковые пакеты.
мәжбүрлеу вынуждать, заставлять
Қолыңнан келмесе – үйретеміз, қаламасаң – мәжбүрлейміз. Не умеешь – научим, не хочешь – заставим.
таусылу истощаться, исчерпываться
Шыдамым таусылды. Моё терпение закончилось.
Үш жылда барлық ақшам таусылды. За три года все мои деньги закончились.
өкпе обида
өкпесі қара қазандай фразеологизм, обида чёрная как казан, сильно обижаться
Содан бері қос елдің бір біріне өкпесі қара қазандай болған еді. С тех пор две страны друг на друга сильно обижались.
тұрақты постоянный, стабильный
Мен тұрақты жұмыс іздеп жүрмін. Я ищу постоянную работу.
қорытынды итог, заключение
Бүгін бір жылдық жұмыстың қорытындысын жасадық. Сегодня мы подвели итоги годовой работы.
алдын ала предварительный
Дәрігерлердің алдын ала қойған диагнозы - өткір ішек инфекциясы. Врачами предварительно поставленный диагноз - острая кишечная инфекция.
үзу рвать, прерывать
үзілу обрываться, прерываться
Байланыс үзіліп кетті. Связь прервалась.
баспана жилище, кров, убежище
Оның баспанасыз болғысы келмейді.
Он не хочет быть бездомным.
меңгеру овладеть, усвоить
жетік меңгеру хорошо освоить
Ол ағылшын тілін жетік меңгерді. Он английский язык хорошо освоил.
шабуыл нападение
шабуыл жасау нападать, наступать
Күзетшіге шабуыл жасағандар ұсталды. Напавшие на охранника задержаны.
бел буу решиться, осмелиться
(букв. поясницу подвязать)
Ол "Дайдидау" әнін орындауға бел буды. Он решился на исполнение песни "Дайдидау".
жұмсау использовать
ақша жұмсау тратить деньги
Оған себепсіз ақша жұмсау ұнамайтын. Ему не нравилось беспричинно тратить деньги.
тонау грабить, ограбление
Пәтерімізді тонап кетті. Нашу квартиру обокрали.
қорқу бояться
Неден қорқасың ? Чего ты боишься?
Ештеңеден қорықпа. Ничего не бойся.
бас қосу cовместно обсуждать
(буквально: соединять головы)
Бас қосайық, келіңіздер. Давайте обсудим, приходите.
жару разрывать
жарылу разрываться
Қорыққаннан жүрегім жарылып кете жаздады. От испуга у меня чуть сердце не разорвалось.
жүрексіну робеть, трусить
Алғашында жарыстарға барғанда аздап жүрексініп жүрдім. Вначале, когда я ходил на соревнования, немного робел.
қателесу ошибаться
Қателеспейтін адам жоқ. Нет человека, который не ошибается.
қолайлы удобный, подходящий
Бұл уақыт сізге қолайлы ма? Вам удобно это время?
қол қою подпись, расписываться
Қай жерге қол қояйын? Где мне расписаться?
рет ряд, раз, порядок
ретінде в качестве, словно
Мен саған іні ретінде қараймын. Я отношусь к тебе как к братишке.
болдыру допускать
болдырмау отменить, предотвратить
Ауруды емдеуден гөрі болдырмау жеңіл. Болезнь легче предупредить, чем лечить.
бүркеншік ат псевдоним
Қаншағы бүркеншік атпен сөйлесіп жүреміз? До каких пор мы будем общаться под псевдонимами?
сым проволока, шнур, провод
телефон сымы телефонный провод
Ағаш сымға құлады. Дерево упало на провода.
тағылымдама стажеровка
тағылымдамадан өту пройти стажеровку
Дәрігерлер Англияда тағылымдамадан өтті . Врачи прошли стажеровку в Англии
қалпына келтіру восстанавливать, восстановление
Құжатты жедел түрде қалпына келтіру керек. Надо срочно восстановить документы.
мін недостаток, изъян
мін тағу критиковать, выискивать недостатки
Бір-біріңізге мін тақпаңыздар! Не придирайтесь друг к другу!
таяқ жеу быть побитым, получить
Менен таяқ жерсің ! Ты от меня получишь!
Алдағаның үшін мен саған таяқ жегізем! За твой обман я тебя побью!
уәделесу договариваться
Достар он жылдан кейін кездесуге уәделесті. Друзья договорились встретиться через 10 лет.
түйіндеме резюме
Мен сіздің түйіндемеңізді оқыдым. Я читал ваше резюме.
орындау выполнять, исполнять
Ол ешқашан үй тапсырмасын орындамайтын. Он никогда не выполнял своё домашнее задание.
төлқұжат паспорт
Төлқұжатқа балалардың суретін жапсыру керек. Необходимо вклеить фотографии детей в паспорт.
қорғау охранять, защищать
Құстар табиғатты қорғайды . Птицы охраняют природу.
Күннен қорғайтын крем жағуды ұмытпаңыз. Не забудьте нанести солнцезащитный крем.
аруақ дух
Ата-бабаның аруағы қолдасын! Пусть тебе помогут духи предков!
тапқырлық находчивость, остроумие
Ол бізге өзінің тапқырлығымен ұнады. Он понравился нам своим остроумием.
билеу танцевать, распоряжаться, управлять
Ақпарат кімнің қолында болса, сол әлемді билейді. Кто владеет информацией, тот владеет миром.
кешігу опаздывать
Ол үнемі кешігеді. Он постоянно опаздывает.
Кездесуге кешікпеңіз. На встречу не опаздывайте.
ұсақтау измельчать, дробить
ұсақтап турау резать на мелкие кусочки
Қызанақ пен қиярды ұсақтап тура. Порежь мелко помидоры и огурцы.
келуші посетитель
Ол келушілермен сөйлескенді ұнатпайды. Он не любит разговаривать с посетителями.
мәселе вопрос, проблема, задача
Қандай мәселемен телефон соғып тұрсыз? Вы по какому вопросу звоните?
ая окружность, пространство, укрытие
табиғат аясында на лоне природы
Табиғат аясында демалайық! Давайте отдыхать на природе!
ға/ге (и другие окончания дат-направит. падежа) арналған предназначенный
балаларға арналған кітаптар книги, предназначенные для детей
Дәрігер оған мұрынға арналған тамшылар берді. Врач дал ему капли для носа.
ақша табу зарабатывать
Ол көп ақша табады. Он много зарабатывает.
Олар әлі оқушы, ақша таппайды . Они ещё ученики, денег не зарабатывают.
а/е/й беру