Главная Гид Упражнения Тесты Песни Словарь Автор Телеграм-канал
Казахский язык
Главная  Полезные материалы → Сказки → Түлкі мен қаздар

Түлкі мен қаздар (неміс ертегісі)

Бір күні түлкі көгалға келді. Ал көгалда бір топ қаз отыр.

– Сендер жақсы отырсыңдар. Қазір мен сендерді жеймін, – деді түлкі.

Қаздар қорқып қаңқылдады.

– Біздерді жеме, – деп жалынды.
– Жоқ, – деді түлкі. – Мен сендерді жеймін.
– Олай болса, бізге құдайға жалбарынуға рұхсат ет, – деді қаздар.
– Жарайды, – деді түлкі. – Бұл дұрыс, сендер жалбарыныңдар, ал мен күте тұрамын.

Бірінші қаз «ға-ға» деп бастады. Оның қаңқылдағаны бітпеді.
Оған екінші қаз қосылды, сосын үшінші қаз қосылды.
Сосын барлық қаздар қосылып қаңқылдады.
Қаздар қаңқылдап болғаннан соң ертегі жалғасады.
Бірақ қаздар әлі күнге дейін қаңқылдауда.




Сұрақтарға жауап беріңіздер.
1) Бір күні түлкі қайда келді?
2) Көгалда нелер отыр?
3) Түлкі не деді?
4) Қаздар не істеді?
5) Қаздар не деп жалынды?
6) Қаздар не істеуге рұхсат сұрады?
7) Түлкі рұхсат етті ме?
8) Бірінші қаз не деп бастады?
9) Қаздар не істеді?
10) Ертегі қашан жалғасады?
11) Қаздар қаңқылдап болды ма?


«Рас», «өтірік» немесе «білмеймін» деп жауап беріңдер.
1) Түлкі орманға келді.
2) Көгалда екі қаз отыр.
3) Қаздар қорқып қаңқылдады.
4) Олар әлі күнге қаңқылауда.
5) Көгалда неше қаз отыр?
6) Неше қаз қара, неше қаз ақ?





Источник текста на казахском языке:
«Түлкі мен қаздар». Сост., перевод А.М. Кудайбергеновой. Алматы. Раритет, 2002.


 <<  Қарлығаш пен дәуіт Наверх ↑ Адам және ит  >> 

Казахский язык. Просто о сложном © Татьяна Валяева,  2007–2026
Главная
Цвета текста на сайте
Поиск по сайту
Гид по изучению
грамматики
Грамматика детям
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Глаголы
Личные окончания
Причастия
Местоимения
Наречия
Проверь себя!
Упражнения
Тесты
Словарь
Разговорник
Практика
Песни
Сказки
Пословицы
Гостевая книга
Автор
kaz-tili@yandex.kz
Телеграм-канал
Канал в MAX
WhatsApp-группы