Главная Гид Упражнения Тесты Песни Словарь Автор Телеграм-канал
Казахский язык
Главная  Полезные материалы → Сказки → Адам және ит

Адам және ит

Ертеде орманда ит тұрыпты.
Жалғыз тұрып жалығыпты. Сондықтан жолдас тапқысы келді.
Орманмен келе жатты. Алдынан қоян шықты.

– Қоян, дос болайық, – деді ит.
– Болайық.

Қараңғы түсті, олар ұйықтауға жатты. Түнде ит үрді, қоян оянып кетті.

– Неге үресің? Қасқыр келеді де, бізді жейді.

«Қоян жаман жолдас. Қорқақ. Қасқыр ешкімнен қорықпайтын шығар» – деп ойлады ит ішінен.
Ит қасқырды іздеді. Көп жүрді ме, аз жүрді ме, қасқырды кездестірді.

– Қасқыр, дос болайық.
– Болайық.

Қараңғы түсті, олар ұйықтауға жатты. Түнде ит үрді, қасқыр оянып кетті.

– Неге үресің? Аю келеді де, бізді жейді.

«Қасқыр жаман жолдас. Қорқақ. Аю ешкімнен қорықпайтын шығар» – деп ойлады ит.
Ит аюды іздеді. Көп жүрді ме, аз жүрді ме, аюды кездестірді.

– Аю, дос болайық.
– Болайық.

Қараңғы түсті, олар ұйықтауға жатты. Түнде ит үрді, аю оянып кетті.

– Неге үресің? Адам келеді де, бізді өлтіреді. Адамда мылтық бар, – деді аю.

«Аю жаман жолдас. Қорқақ. Адам ешкімнен қорықпайтын шығар» – деп ойлады ит.
Ит адамды іздеді. Көп жүрді ме, аз жүрді ме, адамды кездестірді, иығында мылтық бар.

– Адам, дос болайық.
– Болайық, – деді адам.

Олар үйге келді. Қараңғы түсті. Олар ұйықтауға жатты.
Түнде ит үрді, адам оянып кетті.

– Қарның ашты ма? Тамақ же. Бірақ мені оятпа, – деді.

«Адам ешкімнен қорықпайды екен» – деп ойлады ит.
Содан бері ит адаммен тұрады екен.




Сұрақтарға жауап беріңіздер.
1) Неге ит жолдас тапқысы келді?
2) Ит бірінші нені көрді?
3) Ит қоянмен дос болды ма?
4) Неге ит қасқырмен дос болмады?
5) Аю батыл болды ма?
6) Түнде ит не істеді?
7) Ит адам туралы не деп ойлады?
8) Қашаннан бері ит адаммен тұрады?





Источник текста на казахском языке:
«Кім ең күшті». Сост., перевод А.М. Кудайбергеновой, Ж.Р. Уразбековой. Алматы. Раритет, 2004.


 <<  Түлкі мен қаздар Наверх ↑ Үнемшіл құмырсқа  >> 

Казахский язык. Просто о сложном © Татьяна Валяева,  2007–2026
Главная
Цвета текста на сайте
Поиск по сайту
Гид по изучению
грамматики
Грамматика детям
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Глаголы
Личные окончания
Причастия
Местоимения
Наречия
Проверь себя!
Упражнения
Тесты
Словарь
Разговорник
Практика
Песни
Сказки
Пословицы
Гостевая книга
Автор
kaz-tili@yandex.kz
Телеграм-канал
Канал в MAX
WhatsApp-группы