Казахский язык
Главная  Полезные материалы → Сказки → Айога

Айога   (нанай ертегісі)   Прослушать

Озвучила: Маида Нұрбай

Скачать mp3

Көп жыл бұрын Айога деген бір қыз болыпты.   Прослушать
Ол өте әдемі болыпты. Бәрі оны жақсы көрді. Айогадан әдемі қыз жоқ депті.   Прослушать
Ал Айога күн ұзағына айнаға қарай берді, басқа ештеңе істемеді.   Прослушать
Бір күні шешесі:
  Прослушать

– Айога, су әкел, – деді.   Прослушать
– Суға құлаймын, – деді қызы.   Прослушать
– Ал сен бұтадан ұста.   Прослушать
– Қолымды жарақаттаймын.   Прослушать
– Қолғап ки.   Прослушать
– Қолғап жыртылады.   Прослушать
– Инемен тік.   Прослушать
– Ине сынады.   Прослушать
– Жуан ине ал.   Прослушать
– Саусағыма кіреді.   Прослушать
– Оймақ ки.   Прослушать
– Оймақ тесіледі.
  Прослушать

Мұны көршінің қызы естіп тұрды.   Прослушать

– Мен су әкелейін, – деді де, су әкелді.   Прослушать

Айоганың шешесі шелпек пісірді.   Прослушать

– Маған берші, мама, – деді Айога.   Прослушать
– Шелпек ыстық, қолыңды күйдіресің.   Прослушать
– Қолғап киемін.   Прослушать
– Қолғап су.   Прослушать
– Кептіремін.   Прослушать
– Қабыршақтанады.   Прослушать
– Умаждаймын.   Прослушать
– Қолың ауырады.   Прослушать

Мамасы шелпекті көрші қызға берді. Айога ашуланып, өзенге кетті.   Прослушать
Өзенде қаздар жүзіп жүрді. Айога суға қарап өзін көрді.   Прослушать
Сол кезде көрші қыз келді және шелпекті жей бастады.   Прослушать
Айога мойнын созып, қызға қарады.   Прослушать
Қыз Айогаға шелпекті ұсынды, ал Айога ашуланып:
  Прослушать

– Жемеймін. Керек емес, – деп айқайлап, суға құлап түсті.   Прослушать

Сол кезде қазға айналды.   Прослушать
Адамдарды көрсе болды:
  Прослушать

– Айога, га-га-га, га-га-га, – деп айқайлайды екен.   Прослушать




Сұрақтарға жауап беріңдер.
1) Айога қандай қыз болды?
2) Ол күн ұзағына не істеді?
3) Бір күні шешесі не деді?
4) Айога суға барды ма?
5) Ол неге суға бармады?
6) Айоганың шешесі не пісірді?
7) Айога шелпекті неге жемеді?
8) Айога неге ашуланды?
9) Сосын не болды?
10) Айога адамдарды көргенде не деп айқайлайды?





Источник текста на казахском языке:
«Кім ең күшті». Сост., перевод А.М. Кудайбергеновой, Ж.Р. Уразбековой. Алматы. Раритет, 2004.


 <<  Қызыл тауық және бидайдың дәні Наверх ↑ Қызыл телпек  >> 

Казахский язык. Просто о сложном © Татьяна Валяева,  2007–2026

Главная
Цвета текста на сайте
Поиск по сайту
Словарь
Грамматика детям
Существительные
Глаголы
Прилагательные
Числительные
Личные окончания
Послелоги
Местоимения
Тесты
Проверь себя!
Упражнения
Разговорник
Практика
Песни
Сказки
Пословицы
Гостевая книга
kaz-tili@yandex.kz
Автор
Телеграм-канал
WhatsApp-группы