Казахский язык
Список сказок

Аңқау мен ұры   (қазақ ертегісі)

Баяғыда бір аңқау адам болыпты. Бір күні ол есекке мініп, жолға шықты.
Тауға жеткенде ол есекті аяп, жетектеп жаяу көтеріле бастайды.
Бұны екі ұры көреді.

– Есекті ұрлайық, – дейді бір ұры.
– Ұрлайық, – дейді екінші ұры.

Екі ұры жайлап келеді де, бір ұры ноқтаны шешіп, өзі киеді және аңқаудың соңынан жүріп отырады.
Екінші ұры есекті алып кетеді.
Аңқау ештеңені аңғармайды, өлең айтып жүре береді.
Көп жүрді ме, аз жүрді ме, бір кезде артына қарайды.
Қараса, есектің орнында адам тұр.

– Бұл қалай? Сен қайдан келдің? – деп таң қалады.
– Мен сенің есегің едім. Бала кезімде тентек болдым, шешем есек бол деп қарғады, сосын есек болдым.
Сен мені базардан сатып алдың. Бүгін шешем Құдайдан жалбарынып сұраса керек, қайтадан адам болдым. – дейді ұры.

Аңқау ұрыға сеніп, босатып жібереді.




Сұрақтарға жауап беріңдер.
1) Баяғыда қандай адам болыпты?
2) Бір күні ол қайда шықты?
3) Аңқауды кімдер кереді?
4) Ұрылар не деді?
5) Ұрылар не істеді?
6) Аңқау не істеді?
7) Аңқау не деп таң қалды?
8) Ұры не деді?
9) Аңқау не істеді?





Источник текста на казахском языке:
«Кім ең күшті». Сост., перевод А.М. Кудайбергеновой, Ж.Р. Уразбековой. Алматы. Раритет, 2004.



© Татьяна Валяева,  2007–2025
 <<  Онға дейін санай алатын лақ туралы Вернуться к началу Айтылмаған өлең  >> 

Цвета текста на сайте             Telegram-канал «Казахский язык. Просто о сложном»             kaz-tili@yandex.kz             Гостевая книга