Казахский язык
Список сказок

Бір жарым уыс   (грузин ертегісі)

Баяғыда екі адам болыпты. Олар тамақ пісіргісі келеді, бірақ тұз бітіп қалды.
Бірінші адам:

– Сен қалаға бар, бір жарым уыс тұз сатып ал.
– Бір жарым уыс? Оны қалай есте ұстаймын?
– Сен барғанша «Бір жарым уыс, бір жарым уыс» деп айт, сонда ұмытпайсың.
– Жарайды, - деді де, қалаға аттанды.

Келе жатса, бір шаруа егін егіп жүр екен. Дәнді жерге лақтырып: «Біреу мың болсын», - дейді.

– Бір жарым уыс, бір жарым уыс!

Шаруа ызаланды да, адамды ұрды.

– Неге мені ұрдың? Мен саған не істедім? – деп айқайлады адам.
– Мен егін көп болсын деймін, ал сен бір жарым уыс болсын дейсің.
– Қалай айту керек?
– «Біреу мың болсын» деп айту керек.

Адам әрі кетті. Ауыл. Ауылда біреуді жерлеп жатыр екен.

– Біреу мың болсын! - деп айқайлады адам.

Туысқандар ызаланды да, адамды ұрды.

– Неге мені ұрдыңдар? Мен сендерге не істедім? – деп сұрады адам.
– Біз қайғыдамыз, ал сен «Біреу мың болсын» дейсің, сондықтан ұрдық.
– Қалай айту керек?
– «Осы қайғы бірінші және соңғы рет болсын» деп айту керек.

Адам әрі кетті. Бір ауылда той болып жатыр екен.

– Осы қайғы бірінші және соңғы рет болсын, - деп айқайлады.

Қонақтар ашуланды да, адамды ұрды.

– Неге мені ұрдыңдар? Мені осылай үйретті.
– Сен олай айтпа. «Той құтты болсын, той құтты болсын!» деп айт.

Тұз іздеуші әрі кетті. Аңшыны және көгершіндерді көрді.

– Той құтты болсын, той құтты болсын! - деп айқайлады.

Көгершіндер ұшып кетті. Аңшы ашуланды да, адамды ұрды.

– Әділдік қайда, мені неге ұрдың?
– Сен айқайладың, сосын көгершіндер ұшып кетті, сондықтан мен сені ұрдым.

Сөйтіп, сорлы адам тұз туралы ұмытып, үйіне әзер жетті.




Сұрақтарға жауап беріңдер.
1) Баяғыда кім болыпты?
2) Неге олар тамақ пісіре алмады?
3) Неге адам қалаға барды?
4) Адам барғанша не деп айтты?
5) Адам кімді бірінші көрді?
6) Неге шаруа адамды ұрды?
7) Сосын адам қайда келді?
8) Ауылда не болып жатыр екен?
9) Адам не деді?
10) Ол дұрыс істеді ме?
11) Сен оның орнында болғанда, не істер едің?
12) Туысқандар ызаланды ма?
13) Сосын адам қандай ауылға келді?
14) Неге қонақтар оны ұрды?
15) Ол аңшыны әлде балықшыны көрді ме?
16) Неге аңшы оны ұрды?
17) Үйге тұз әкелді ме?
18) Ол қандай адам?


«Рас», «өтірік» немесе «білмеймін» деп жауап беріңдер.
1) Баяғыда екі адам сорпа пісіргісі келді.
2) Адам бір жарым уыс тұз сатып алуға қалаға аттанды.
3) Жолда ол шаруаны көрді.
4) Ол шаруаның үйінен тұз алды.
5) Адам тойда өлең айтты.
6) Аңшының иті болды.






Источник текста на казахском языке:
«Кім ең күшті». Сост., перевод А.М. Кудайбергеновой, Ж.Р. Уразбековой. Алматы. Раритет, 2004.



© Татьяна Валяева,  2007–2025
 <<  Айтылмаған өлең Вернуться к началу Маймыл мен көзілдірік  >> 

Цвета текста на сайте             Telegram-канал «Казахский язык. Просто о сложном»             kaz-tili@yandex.kz             Гостевая книга