Казахский язык
Список песен
Алфавитный указатель
 Қаз 
 Qaz

Жеңіс Күні

 

Жеңіс Күні

Қайырмасы:
Жеңіс Күні тербетеді даланы,
Жеңіс Күні нұрландырған сананы,
Бейбіт елдің бақытына шомылған,
Жеңіс жеңіс әнге айналып барады!

1-шумақ:
Жас болашақ ер қадірін біледі,
Жасына арман қара аспанды түреді,
Жырлап жатыр бүкіл әлем жеңісті
Жеңіс жеңіс тіршіліктің жүрегі!

Қайырмасы:
Жеңіс Күні тербетеді даланы,
Жеңіс Күні нұрландырған сананы,
Бейбіт елдің бақытына шомылған,
Жеңіс жеңіс әнге айналып барады!

2-шумақ:
Қайта оралды арамызға ағалар
Ұлы күннен шуақтанды аналар
Жер бетінде мәңгі бізбен жасайды
Қан майданда қалып қойған бабалар!

Қайырмасы:
Жеңіс Күні тербетеді даланы,
Жеңіс Күні нұрландырған сананы,
Бейбіт елдің бақытына шомылған,
Жеңіс жеңіс әнге айналып барады!


Cлушать песню:





© Татьяна Валяева,  2007–2025
 <<  Өмір-ай Вернуться к началу Өмір, өмір  >> 

Цвета текста на сайте             Telegram-канал «Казахский язык. Просто о сложном»             kaz-tili@yandex.kz             Гостевая книга