Казахский язык
Список песен
Алфавитный указатель
 Қаз 
 Qaz

Сен келер деп

 

Сен келер деп

1-шумақ:
Көкжиекке мен келермін,
Сені іздеумен сенделермін,
Ажыраған күн естен шығады енді.
Керең жандай күйге енемін,
Көрмеуді де үйренемін,
Мені жоқ деп елестет мына әлемде.

Қайырмасы:
Қарсы аламын әр таңымды,
Қайғы-мұңның алқабында,
Сен ұнатқан гүл иісі кеуде кернеп.
Күндерім де, түнім де,
Сырғып жатыр білінбей,
Мен жүремін елеңдеп сен келер деп…
Сен келер деп…

2-шумақ:
Ән салмаймын, көз ілмеймін,
Ештеңе де сезінбеймін,
Тұңғиықты кеземін кей түндері.
Бұлт емес ендігі мекенім,
Түсіндім кұр елес екенін,
Өмір сүрем өзгенің кейпіндегі.

Қайырмасы:
Қарсы аламын әр таңымды,
Қайғы-мұңның алқабында,
Сен ұнатқан гүл иісі кеуде кернеп.
Күндерім де, түнім де,
Сырғып жатыр білінбей,
Мен жүремін елеңдеп сен келер деп…
Сен келер деп…


Перевод с русского на казахский: Анар Ануарбекқызы


Слушать песню на русском:





© Татьяна Валяева,  2007–2025
 <<  Сен менi ұмытқанда Вернуться к началу Менің Қазақстаным  >> 

Цвета текста на сайте             Telegram-канал «Казахский язык. Просто о сложном»             kaz-tili@yandex.kz             Гостевая книга