Түлкі мен ит (кабардин ертегісі) 
Звук: Маида Байбугина
Аудио сказки (скачать mp3)
Бір күні аң аулау кезінде ит түлкіні көрді де, қуды.
Түлкі тез жүгірді, ал ит одан да тез жүгірді. 
"Міне, түлкі жақын, қазір үлпілдек құйрығынан ұстап аламын" деп ойлады ит. 
Түлкі құйрығын бұлғаңдатты да,
бар күшімен жүгіріп інге кіріп кетті. 
Түлкі інде жатып, сұрақ қойды: 
Құлақтарым менің, мені құтқару үшін не істедіңдер? 
Біз әр тысырды тыңдадық, біз иттің даусын бірінші естідік. 
Шын айтасыңдар. Көздерім менің, мені құтқару үшін не істедіңдер? 
Мұқият қарадық, біз итті бірінші көрдік. 
Шын айтасыңдар. Аяқтарым менің, мені құтқару үшін не істедіңдер? 
Біз сені иттен алып кеттік. 
Ол да шын. Ал сен, менің үлпілдек құйрығым, мені құтқару үшін не істедің? 
Мен құйрығымды бұлғаңдатып,
итті алдадым. 
Өтірік айтасың, оңбаған құйрық!
Сен әрбір бұтаға, тікенекке іліндің, маған кедергі жасадың.
Сен маған керек емессің! 
Түлкі құйрықты iннен шығарды.
Ит құйрықты ұстап алды да, түлкіні іннен суырып алды. 
Сұрақтарға жауап беріңдер:
1) Қашан ит түлкіні көрді?
2) Неге ит түлкіні қуды?
3) Ит түлкіні ұстап алды ма әлде түлкі інге кіріп кетті ме?
4) Түлкі қандай сұрақ қойды?
5) Құлақтар не деп жауап берді?
6) Көздерден не деп сұрады?
7) Олар не деді?
8) Тілкі сосын неден сұрады?
9) Аяқтар не деді?
10) Түлкі үлпілдек құйрықтан сұрады ма?
11) Түлкіге құйрықтың жауабы ұнады ма?
12) Неге түлкі құйрықты іннен шығарды?
13) Мына түлкі ақылды ма?
"Рас", "өтірік" немесе "білмеймін" деп жауап беріңдер:
1) Бір күні аң аулау кезінде түлкі итті көрді де, қуды.
2) Иттің аты Желагең болды.
3) Түлкінің даусын бірінші естіді, иттің құлақтары әр тысырды тыңдады..
4) Ит түлкіні іннен сурып алды.
5) Түлкі орманда өмір сүрді.
6) Түлкі құйрықты іннен шығарды.