Главная Гид Упражнения Тесты Песни Словарь Автор Телеграм-канал
Казахский язык
Главная  Полезные материалы → Сказки → Мёга шөбі

Прослушать Мёга шөбі   (жапон ертегісі)

Озвучила: Маида Нұрбай

Скачать mp3

Прослушать Кішкентай қонақ үйге бір саудагер келеді. Үлкен дорбасын жерге қойып, кешкі тамаққа тапсырыс береді.
Прослушать Саудагердің тауарлары көп болмайды, бірақ қонақ үй иесінің әйелі дорбаға қатты қызығады.
Прослушать Тамақ әзірлеп жүріп, дорба туралы ойлайды. Кешкісін ол күйеуіне:

Прослушать – Саудагердің дорбасын алып қалайық, – дейді.
Прослушать – Алып қалайық. Тамаққа мёга шөбін сал. Сол кезде ол бәрін ұмытады. Дорба бізде қалады.

Прослушать Әйел тамаққа мёга шөбін салады. Саудагер тамақты жеп, алғысын айтып, ұйықтауға жатады.
Прослушать Таңертең әйел саудагердің бөлмесіне жүгіріп барады.
Прослушать Барса, дорба да жоқ, саудагер де жоқ. Әйел күйеуіне ұрсады.

Прослушать – Ессіз, шөп туралы маған не айттың? Ал саудагер ештеңе ұмытпады.
Прослушать – Онда басқа бір нәрсені ұмытты, – деді күйеуі.
Прослушать – Ештеңе ұмытпады.
Прослушать – Мүмкін емес. Есіңе түсір.

Прослушать Әйел біраз ойланды, сосын:

Прослушать – Ұмытты, ұмытты, – деді.
Прослушать – Көрдің бе, мен айттым ғой. Нені ұмытты?
Прослушать – Ақша төлеуді ұмытты, – деп айқайлады әйелі.




Сұрақтарға жауап беріңдер.
1) Саудагер қайда келді?
2) Қонақ үй иесінің әйелі неге қызықты?
3) Қонақ үй иесі не істегісі келді?
4) Олар тамаққа не салды?
5) Мега шөбі қандай шөп?
6) Таңертең не болды?
7) Саудагер дорбаны ұмытты ма?
8) Қонақ үй иесі қандай адам болды?
9) Саудагер нені ұмытты?





Источник текста на казахском языке:
«Кім ең күшті». Сост., перевод А.М. Кудайбергеновой, Ж.Р. Уразбековой. Алматы. Раритет, 2004.


 <<  Түлкі мен ит Наверх ↑ Мақтаншақ қоян  >> 

Казахский язык. Просто о сложном © Татьяна Валяева,  2007–2026
Главная
Цвета текста на сайте
Поиск по сайту
Гид по изучению
грамматики
Грамматика детям
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Глаголы
Личные окончания
Причастия
Местоимения
Наречия
Проверь себя!
Упражнения
Тесты
Словарь
Разговорник
Практика
Песни
Сказки
Пословицы
Гостевая книга
Автор
kaz-tili@yandex.kz
Телеграм-канал
Канал в MAX
WhatsApp-группы