Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Модальность
Предложения
  Проверь себя!
  Упражнения
   Грамматика детям
   Учим всей семьёй
 Видео
  Разговорник
Пословицы
  Книга для чтения
С казахским не шутят?
Сказки
Песни
Статьи
Словарь
Ссылки и др.
Автор сайта
 Работа
 А-Б 
 B 
 Г-Д 
 Е-Ж 
 З-И 
 К 
Л-М
 Н 
 О 
 П 
 Р-С 
 Т 
 У-Ч 
Ш-Ю
 Я 
 В быту
 А-Б 
 В 
 Г-Д 
 Е-Ж 
 З-И 
 К 
Л-М
 Н 
 О 
 П 
 Р-С 
 Т 
 У-Ч 
Ш-Ю
 Я 
На собрании
Резолюция/виза
Характеристика
Вернуться
к другим
разговорникам

 Кирил/Latyn 

На собрании

Русско-казахский сборник фраз и словосочетаний.
Краткий русско-казахский сборник


Авторы: Р. Керимбаев, А. Керимбаев

Б
Больше нет вопросов. Басқа сұрақ жоқ. Basqa suraq joq.
Было признано. Танылды. Tanyldy.
В
В этом вопросе, не я только против, но и другие. Бұл мәселеге жалғыз мен емес, жұрттың бәрі наразы. Bul máselege jalǵyz men emes, jurttyń bári narazy.
Вам слово не давали. Сізге сөз берілген жоқ. Sizge sóz berilgen joq.
Ваше время истекло. Сіздің уақытыңыз бітті. Sizdiń ýaqytyńyz bitti.
В прениях выступили: ... Жарыссөзге шыққандар: ... Jaryssózge shyqqandar: ...
Возражения не принимаются?
 - Не принимаются.
Қарсылық білдіруге болмайды ма?
 - Болмайды.
Qarsylyq bildirýge bolmaıdy ma?
 - Bolmaıdy.
Вопрос, наверное, всем ясен. Если так, то не растягивая прения, проголосуем. Мәселе барлығыңызға түсінікті шығар. Олай болса жарыссөзді созбай, дауысқа салайық. Másele barlyǵyńyzǵa túsinikti shyǵar. Olaı bolsa jaryssózdi sozbaı, daýysqa salaıyq.
Вопрос требует решения. Мәселе шешуді тілейді. Másele sheshýdi tileıdi.
Вопросы есть? Сұрақтар бар ма? Suraqtar bar ma?
Все вопросы повестки дня рассмотрены. Күн тәртібіндегі барлық мәселелер қаралды. Kún tártibindegi barlyq máseleler qaraldy.
Время проведения собрания: ... Жиналыс өткізілген уақыт: ... Jınalys ótkizilgen ýaqyt: ...
Вы будете выступать? Сіз сөйлейсіз бе? Siz sóıleısiz be?
Вы подготовили отчет? Сіз есеп дайындадыңыз ба? Siz esep daıyndadyńyz ba?
Вы подготовили доклад? Сіз баяндама дайындадыңыз ба? Siz baıandama daıyndadyńyz ba?
Выступили: ... Сөз сөйлегендер: ... Sóz sóılegender: ...
Г
Главная мысль доклада. Баяндамадағы ең негізгі ой. Baıandamadaǵy eń negizgi oı.
Голосовать, голосование.
 - Поставить на голосование.
 - Прямое голосование.
 - Тайное голосование.
Дауыс беру.
 - Дауысқа салу.
 - Тікелей дауыс беру.
 - Жасырын дауыс беру. 2. Құпия дауыс беру.
Daýys berý.
  - Daýysqa salý.
  - Tikeleı daýys berý.
  - Jasyryn daýys berý. 2. Qupıa daýys berý.
Голосуем. Дауыс береміз. Daýys beremiz.
Д
Да, я против. Иә, мен қарсымын. Iá, men qarsymyn.
Дайте мне слово! Маған сөз беріңізші! Maǵan sóz berińizshi!
Данный вопрос будем решать голосованием. Бұл мәселені дауыс берумен шешеміз. Bul máseleni daýys berýmen sheshemiz.
День проведения собрания: ... Жиналыс өткізілген күн: ... Jınalys ótkizilgen kún: ...
До следующего собрания будем здоровы, а в стране пусть будет спокойно! Келесі жиынға дейін басымыз аман, еліміз тыныш болсын! Kelesi jıynǵa deıin basymyz aman, elimiz tynysh bolsyn!
Добрый день, уважаемые коллеги! Прошу всех вас пройти процедуру регистрации. Қайырлы күн, құрметті әріптестер! Баршаңызды тіркеуден өтулеріңізді сұраймын. Qaıyrly kún, qurmetti áriptester! Barshańyzdy tirkeýden ótýlerińizdi suraımyn.
Доклад окончен. Баяндама аяқталды. Baıandama aıaqtaldy.
Докладчиков просим ограничиться 10 минутами. Баяндамашылардан он минут көлемінде сөйлеуін өтінеміз. Baıandamashylardan on mınýt kóleminde sóıleýin ótinemiz.
Е
Единогласно. Бірауыздан. Biraýyzdan.
Если больше нет никаких предложений, мы можем завершить дискуссию. Егер басқа ұсыныс жоқ болса, біз пікірталасты тоқтатайық. Eger basqa usynys joq bolsa, biz pikirtalasty toqtataıyq.
Если возражений нет, тогда проект постановления у вас есть, прошу по нему проголосовать. Қарсылық жоқ болса, онда қаулының жобасы сіздерде бар, сол бойынша дауыс берулеріңізді сұраймын. Qarsylyq joq bolsa, onda qaýlynyń jobasy sizderde bar, sol boıynsha daýys berýlerińizdi suraımyn.
Если у вас есть вопросы, задавайте. Сұрақтарыңыз болса, сұраңыздар. Suraqtaryńyz bolsa, surańyzdar.
Если у вас нет возражений, тогда голосуем по этому вопросу. Қарсылықтарыңыз болмаса, онда осы мәселе бойынша дауыс береміз. Qarsylyqtaryńyz bolmasa, onda osy másele boıynsha daýys beremiz.
Если поддерживаем, тогда прошу голосовать. Қолдайтын болсақ, онда дауыс берулеріңізді сұраймын. Qoldaıtyn bolsaq, onda daýys berýlerińizdi suraımyn.
Если хотите задать вопрос, то поднимите руку. Не надо кричать с места. Сұрақ қойғыңыз келсе, қолыңызды көтеріңіз, орныңыздан айқайлап сұрамаңыз. Suraq qoıǵyńyz kelse, qolyńyzdy kóterińiz, ornyńyzdan aıqaılap suramańyz.
Есть ещё желающие выступить? Тағы сөйлегісі келетіндер бар ма? Taǵy sóılegisi keletinder bar ma?
Есть ли вопросы к докладчику? Баяндамашыға сұрақтарыңыз бар ма? Baıandamashyǵa suraqtaryńyz bar ma?
Есть ли предложения по повестке дня? Күн тәртібі бойынша қандай ұсыныстар бар? Kún tártibi boıynsha qandaı usynystar bar?
Есть ли дополнения к повестке дня? Күн тәртібіне қосатындарыңыз бар ма? Kún tártibine qosatyndaryńyz bar ma?
Есть у вас возражения? Қарсылықтарыңыз бар ма? Qarsylyqtaryńyz bar ma?
Ж
Желающих выступить просим записаться. Сөйлегісі келетіндердің жазылуын өтінеміз. Sóılegisi keletinderdiń jazylýyn ótinemiz.
З
За и против. Қолдаушылар мен қарсылар. Qoldaýshylar men qarsylar.
Затем приступим к следующему вопросу. Сонан соң келесі мәселеге көшеміз. Sonan soń kelesi máselege kóshemiz.
И
Иные сведения по решению: ... Шешімі бойынша өзге мәліметтер: ... Sheshimi boıynsha ózge málimetter: ...
Итак, друзья, если нет вопросов, можно приступать к работе. Дел много. Сонымен, достар, егер сұрақтар болмаса, жұмысқа кірісе беруге болады. Шаруалар көп. Sonymen, dostar, eger suraqtar bolmasa, jumysqa kirise berýge bolady. Sharýalar kóp.
К
Какие будут мнения? Қандай пікірлеріңіз болады? Qandaı pikirlerińiz bolady?
Какие вопросы будут рассматриваться на повестке дня собрания? Жиналыстың күн тәртібінде қандай мәселелер қаралмақ? Jınalystyń kún tártibinde qandaı máseleler qaralmaq?
Какие есть предложения по повестке дня? Күн тәртібі бойынша қандай ұсыныстар бар? Kún tártibi boıynsha qandaı usynystar bar?
Какие ещё есть вопросы? Тағы да қандай сұрақтар бар? Taǵy da qandaı suraqtar bar?
Какие можно принять меры? Қандай шара қолдануға болады? Qandaı shara qoldanýǵa bolady?
Какие у вас есть предложения? Сіздердің қандай ұсыныстарыңыз бар? Sizderdiń qandaı usynystaryńyz bar?
Каково Ваше мнение по этому поводу? Бұл жөнінде Сіздің пікіріңіз қандай? Bul jóninde Sizdiń pikirińiz qandaı?
Кто выступает по второму пункту повестки дня? Күн тәртібінің екінші тармағы бойынша кім сөйлейді? Kún tártibiniń ekinshi tarmaǵy boıynsha kim sóıleıdi?
Кто выступит с докладом? Кім баяндама жасайды? Kim baıandama jasaıdy?
Кто «За»?
 - Кто «против»?
 - Кто «воздержался»?
Кім келіседі? 2. Кім қолдайды?
 - Кім «қарсы»?
 - Кім «қалыс қалды»?
Kim kelisedi? 2. Kim qoldaıdy?
 - Kim «qarsy»?
 - Kim «qalys qaldy»?
Кто ещё желает сказать? Тағы да сөйлеймін дегендеріңіз бар ма? Taǵy da sóıleımin degenderińiz bar ma?
Когда начинается собрание? Жиналыс қашан басталады? Jınalys qashan bastalady?
Кто будет представлять их интересы? Олардың мүдделеріне кім өкілдік етеді? Olardyń múddelerine kim ókildik etedi?
М
Место проведения собрания: ... Жиналыс өткізілген орын: ... Jınalys ótkizilgen oryn: ...
Моё предложение вот такое… Менің ұсынысым мынадай… Meniń usynysym mynadaı…
Можно потише? Вы мешаете. Тынышталсаңыз бола ма? Кедергі жасаудасыз. Tynyshtalsańyz bola ma? Kedergi jasaýdasyz.
Мы ещё вернёмся к этому вопросу. Әлі бұл мәселеге оралармыз. Áli bul máselege oralarmyz.
Мы можем начать только тогда, когда вы прекратите разговаривать. Сөзді қазір тоқтатсаңыздар ғана бастай аламыз. Sózdi qazir toqtatsańyzdar ǵana bastaı alamyz.
Мы не можем Вас поддержать. Біз Сізді қолдай алмаймыз. Biz Sizdi qoldaı almaımyz.
Мы переходим к обсуждению повестки дня. Біз күн тәртібін талқылауға көшеміз. Biz kún tártibin talqylaýǵa kóshemiz.
Мы предлагаем исключить из повестки дня последний пункт. Біз күн тәртібінен соңғы тармақты алып тастауды ұсынамыз. Biz kún tártibinen sońǵy tarmaqty alyp tastaýdy usynamyz.
Мы согласны с Вашим предложением. Сіздің ұсынысыңызбен келісеміз. Sizdiń usynysyńyzben kelisemiz.
Н
На чём мы остановились? Қай жерге келіп тоқтап едік? Qaı jerge kelip toqtap edik?
Нам придётся поработать хорошенько. Бізге жақсылап жұмыс істеуге тура келеді. Bizge jaqsylap jumys isteýge týra keledi.
Наше время ограничено. Біздің уақытымыз шектеулі. Bizdiń ýaqytymyz shekteýli.
Не знаю. Про это у меня нет никакой информации. Білмеймін. Бұл туралы ешқандай хабарым жоқ. Bilmeımin. Bul týraly eshqandaı habarym joq.
Не могли бы Вы привести ещё примеры? Тағы да мысал келтіре аласыз ба? Taǵy da mysal keltire alasyz ba?
Не могли бы Вы точнее сформулировать этот вопрос? Бұл сұрақты нақтылай аласыз ба? Bul suraqty naqtylaı alasyz ba?
Необходимый кворум для начала работы есть. Заседание общего совещания объявляю открытым. Жұмысымызды бастау үшін қажетті кворум бар. Мәжілістің жалпы отырысын ашық деп жариялаймын. Jumysymyzdy bastaý úshin qajetti kvorým bar. Májilistiń jalpy otyrysyn ashyq dep jarıalaımyn.
Ниже всякой критики. Әр түрлі сыннан төмен. Ár túrli synnan tómen.
Никто не против? Ешкім қарсы емес пе? Eshkim qarsy emes pe?
О
Объявляю Вам благодарность. Сізге алғыс жариялаймын. Sizge alǵys jarıalaımyn.
Объявляю дискуссию закрытой. Пікір алысуды жабық деп жариялаймын. Pikir alysýdy jabyq dep jarıalaımyn.
Одобрен (-а, -о) Мақұлданды. Maquldandy.
Он заболел, и не смог прийти на сегодняшнее собрание. Ол ауырып қалып, бүгінгі жиынға келе алмады. Ol aýyryp qalyp, búgingi jıynǵa kele almady.
Ответьте, пожалуйста, на вопросы. Сұрақтарға жауап берулеріңізді сұраймын. Suraqtarǵa jaýap berýlerińizdi suraımyn.
П
Перед нами поставлена большая цель. Біздің алдымызға үлкен мақсат қойылды. Bizdiń aldymyzǵa úlken maqsat qoıyldy.
Перед тем, как задать вопрос, поднимите руку вверх. Сұрақ қояр алдында қолыңызды жоғары көтеріңіз. Suraq qoıar aldynda qolyńyzdy joǵary kóterińiz.
План выполним. Жоспарды орындап шығамыз. Jospardy oryndap shyǵamyz.
По первому вопросу слово предоставляется господину Рахметову. Бірінші мәселе бойынша сөз Рақметов мырзаға беріледі. Birinshi másele boıynsha sóz Raqmetov myrzaǵa beriledi.
По порядку ведения заседания. Мәжілісті жүргізу тәртібі бойынша. Májilisti júrgizý tártibi boıynsha.
Пока никто не записывался для выступления. Сөйлеуге әлі ешкім жазылған жоқ. Sóıleýge áli eshkim jazylǵan joq.
По уважительной причине.
 - По не уважительной причине.
Дәлелді себеппен.
 - Дәлелсіз себеппен.
Dáleldi sebeppen.
 - Dálelsiz sebeppen.
По-моему, Вы не правы. Меніңше, Сіздікі дұрыс емес. Menińshe, Sizdiki durys emes.
По-моему, Вы ошибаетесь. Меніңше, Сіз қателесесіз. Menińshe, Siz qatelesesiz.
Предлагаем включить в повестку дня ещё два вопроса. Күн тәртібіне тағы екі мәселені қосуды ұсынамыз. Kún tártibine taǵy eki máseleni qosýdy usynamyz.
Предложение принято. Ұсыныс қабылданды. Usynys qabyldandy.
Повестка дня собрания: ... Жиналыстың күн тәртібі: ... Jınalystyń kún tártibi: ...
Поддерживаем. Қолдаймыз. Qoldaımyz.
Предварительно желающие выступить должны записаться. Сөйлегісі келетіндер алдын-ала жазылулары керек. Sóılegisi keletinder aldyn-ala jazylýlary kerek.
Предложения, вопросы есть? Ұсыныстар мен сұрақтар бар ма? Usynystar men suraqtar bar ma?
Председатель ознакомил с повесткой дня. Төраға күн тәртібімен таныстырды. Tóraǵa kún tártibimen tanystyrdy.
Президиум собрания: ... Жиналыс төралқасы: … Jınalys tóralqasy: …
Приглашенные: ... Шақырылғандар: ... Shaqyrylǵandar: ...
Принимаем постановление. Қаулы қабылдаймыз. Qaýly qabyldaımyz.
Присутствовали.
 - Отсутствовали.
Қатысқандар.
 - Қатыспағандар.
Qatysqandar.
 - Qatyspaǵandar.
Продолжаем собрание! Жиналысты жалғастырамыз! Jınalysty jalǵastyramyz!
Просьба, говорить кратко. Қысқа сөйлеңіздер деген өтініш бар. Qysqa sóıleńizder degen ótinish bar.
Прошу поддержать. Қолдауларыңызды сұраймын. Qoldaýlaryńyzdy suraımyn.
Р
Разные вопросы. Әр түрлі сұрақтар. Ár túrli suraqtar.
Расширенное заседание. Кеңейтілген отырыс. Keńeıtilgen otyrys.
Регламент собрания:
 - По первому вопросу – 20 минут.
 - По второму – 10 минут.
 - По третьему – 5 минут.
 - И участникам прений назначено и утверждено время в объеме 5 минут.
Жиналыс регламенті:
 - Бірінші мәселе бойынша – 20 минут.
 - Екінші мәселе бойынша – 10 минут.
 - Үшінші мәселе бойынша – 5 минут.
 - Және жарыссөзде сөйлеушілерге бес минут көлемінде уақыт белгіленіп, бекітілді.
Jınalys reglamenti:
 - Birinshi másele boıynsha – 20 mınýt.
 - Ekinshi másele boıynsha – 10 mınýt.
 - Úshinshi másele boıynsha – 5 mınýt.
 - Jáne jaryssózde sóıleýshilerge bes mınýt kóleminde ýaqyt belgilenip, bekitildi.
Результаты голосования:
 - «За» - 120.
 - «Против» - нет.
 - «Воздержавшихся» - нет.
 - Решение принято единогласно.
Дауыс берудің нәтижесі:
 - «Қолдап дауыс бергендер» – 120.
 - «Қарсы дауыс бергендер» - жоқ.
 - «Қалыс қалғандар» - жоқ.
 - Шешім бірауыздан қабылданды.
Daýys berýdiń nátıjesi:
 - «Qoldap daýys bergender» – 120.
 - «Qarsy daýys bergender» - joq.
 - «Qalys qalǵandar» - joq.
 - Sheshim biraýyzdan qabyldandy.
Решение комиссии принимается путем большинства голосов. Комиссия шешімі көпшілік дауыспен қабылданады. Komısıa sheshimi kópshilik daýyspen qabyldanady.
Решение принимается открытым или закрытым голосованием. Шешім ашық немесе жабық дауыспен қабылданады. Sheshim ashyq nemese jabyq daýyspen qabyldanady.
Решение принимается путем открытого голосования и простого большинства голосов. Шешім ашық дауыс беру арқылы және жай көпшілік дауыспен қабылданады. Sheshim ashyq daýys berý arqyly jáne jaı kópshilik daýyspen qabyldanady.
Решение принято. Шешім қабылданды. Sheshim qabyldandy.
Решение принято большинством голосов. Шешім көпшілік дауыспен қабылданды. Sheshim kópshilik daýyspen qabyldandy.
Решение, принятое по вопросу повестки дня: ... Күн тәртібіндегі, мәселе бойынша қабылданған шешім: ... Kún tártibindegi, másele boıynsha qabyldanǵan sheshim: ...
Решение собрания принимается простым большинством голосов путем открытого голосования. Жиналыс шешімі жай көпшілік дауыспен ашық дауыс беру жолымен қабылданады. Jınalys sheshimi jaı kópshilik daýyspen ashyq daýys berý jolymen qabyldanady.
С
Садитесь. Делаю Вам замечание. Отырыңыз. Сізге ескерту жасаймын. Otyryńyz. Sizge eskertý jasaımyn.
Садитесь на своё место. Орныңызға отырыңыз. Ornyńyzǵa otyryńyz.
Следующее заседание состоится 21 августа 2018 года. Келесі отырыс 2018 жылдың 21 тамызында өтеді. Kelesi otyrys 2018 jyldyń 21 tamyzynda ótedi.
Следующий вопрос. Келесі сұрақ. Kelesi suraq.
Слово предоставляется председателю президиума. Сөз төралқа төрағасына беріледі. Sóz tóralqa tóraǵasyna beriledi.
Слово для доклада предоставляется господину Рахметову. Баяндама жасау үшін сөз Рақметов мырзаға беріледі. Baıandama jasaý úshin sóz Raqmetov myrzaǵa beriledi.
Собрание было плодотворным. Жиналыс нәтижелі болды. Jınalys nátıjeli boldy.
Собрание объявляю закрытым. Жиналысты жабық деп жариялаймын. Jınalysty jabyq dep jarıalaımyn.
Собрание состоится в любом случае, несмотря на погоду. Жиналыс ауа райына қарамастан өтеді. Jınalys aýa raıyna qaramastan ótedi.
Совместное заседание. Бірлескен мәжіліс. Birlesken májilis.
Содоклад. Қосымша баяндама. Qosymsha baıandama.
Спасибо за внимание! Назарларыңызға рақмет! Nazarlaryńyzǵa raqmet!
Спасибо за Ваш вопрос. Сұрағыңызға рақмет. Suraǵyńyzǵa raqmet.
Т
Тебе что делай, что ни делай замечание – всё равно! Саған ескерту жасадың не, жасамадың не, бәрібір! Saǵan eskertý jasadyń ne, jasamadyń ne, báribir!
Так, у кого ещё какие есть предложения? Ал тағы кімде қандай ұсыныс бар? Al taǵy kimde qandaı usynys bar?
Теперь по этому вопросу нам необходимо принять постановление. Енді осы сұрақ бойынша қаулы қабылдауымыз қажет. Endi osy suraq boıynsha qaýly qabyldaýymyz qajet.
Тогда какое Ваше предложение? Сонда Сіздің ұсынысыңыз қандай? Sonda Sizdiń usynysyńyz qandaı?
Ты не оправдал наших надежд. Сен біздің үмітімізді ақтай алмадың. Sen bizdiń úmitimizdi aqtaı almadyń.
Ты против? Сен қарсымысың? Sen qarsymysyń?
У
У вас есть вопросы? Сұрақтарыңыз бар ма? Suraqtaryńyz bar ma?
У вас же нет возражений? Қарсылықтарыңыз жоқ қой? Qarsylyqtaryńyz joq qoı?
У меня есть вопрос. Менің сұрағым бар. Meniń suraǵym bar.
У меня есть замечание. Менің ескертуім бар. Meniń eskertýim bar.
У меня есть такое предложение... Менің мынадай ұсынысым бар... Meniń mynadaı usynysym bar...
Уважаемые дамы и господа! Құрметті ханымдар мен мырзалар! Qurmetti hanymdar men myrzalar!
Уважаемые коллеги, а теперь переходим к рассмотрению вопросов повестки дня. Құрметті әріптестер, енді күн тәртібіндегі мәселелерді қарауға көшеміз. Qurmetti áriptester, endi kún tártibindegi máselelerdi qaraýǵa kóshemiz.
Уважаемые коллеги, возражений же нет? Құрметті әріптестер, қарсылық жоқ қой? Qurmetti áriptester, qarsylyq joq qoı?
Уважаемые коллеги, давайте работать в этом направлении! Осы бағытта жұмыс істейік, құрметті әріптестер! Osy baǵytta jumys isteıik, qurmetti áriptester!
Уважаемые коллеги, до окончания собрания выключите свои телефоны. Құрметті әріптестер, телефондарыңызды жиналыс аяқталғанша сөндіріп қойыңыздар. Qurmetti áriptester, telefondaryńyzdy jınalys aıaqtalǵansha sóndirip qoıyńyzdar.
Уважаемые коллеги, другие вопросы у вас есть? Құрметті әріптестер, басқа сұрақтарыңыз бар ма? Qurmetti áriptester, basqa suraqtaryńyz bar ma?
Уважаемые коллеги, проект повестки дня есть у каждого из вас. Если по нему нет вопросов, тогда прошу вас проголосовать по повестке дня. ...Повестка дня утверждена. Құрметті әріптестер, күн тәртібінің жобасы сіздерде бар. Сол бойынша сұрақтарыңыз жоқ болса, онда күн тәртібі бойынша дауыс берулеріңізді сұраймын. ... Күн тәртібі бекітілді. Qurmetti áriptester, kún tártibiniń jobasy sizderde bar. Sol boıynsha suraqtaryńyz joq bolsa, onda kún tártibi boıynsha daýys berýlerińizdi suraımyn. ... Kún tártibi bekitildi.
Уважаемые коллеги, просьба соблюдать регламент. Құрметті әріптестер, регламентті сақтауды сұраймын. Qurmetti áriptester, reglamentti saqtaýdy suraımyn.
Уважаемые коллеги, собрание объявляю открытым. Құрметті әріптестер, жиналысты ашық деп жариялаймын. Qurmetti áriptester, jınalysty ashyq dep jarıalaımyn.
Уважаемые участники собрания, нам нужно принять решение по вопросу, внесенного в повестку дня. Құрметті жиналысқа қатысушылар, күн тәртібіне енгізілген сұрақ бойынша шешім қабылдауымыз керек. Qurmetti jınalysqa qatysýshylar, kún tártibine engizilgen suraq boıynsha sheshim qabyldaýymyz kerek.
Уважаемые товарищи! Құрметті жолдастар! Qurmetti joldastar!
Усаживайтесь на свои места. Орындарыңызға жайғасыңыздар. Oryndaryńyzǵa jaıǵasyńyzdar.
Ч
Что с Вами сегодня? Не болды бүгін Сізге? Ne boldy búgin Sizge?
Э
Это Ваше предложение? Ұсынысыңыз осы ма? Usynysyńyz osy ma?
Этот вопрос будем решать голосованием. Бұл мәселені дауыс берумен шешеміз. Bul máseleni daýys berýmen sheshemiz.
Этот вопрос будет разбираться на совещании. Бұл мәселе мәжілісте талқыланады. Bul másele májiliste talqylanady.
Этот вопрос надо решить сегодня. Бұл мәселені бүгін шешу керек. Bul máseleni búgin sheshý kerek.
Этот вопрос решился. Ол мәселе шешілді. Ol másele sheshildi.
Этот вопрос остался без ответа. Бұл сұрақ жауапсыз қалып қойды. Bul suraq jaýapsyz qalyp qoıdy.
Я
Я Вам объявил выговор. Сізге сөгіс жарияладым. Sizge sógis jarıaladym.
Я всё равно остался при своём мнении. Мен бәрібір өзімнің пікірімде қалдым. Men báribir ózimniń pikirimde qaldym.
Я голосую против. Мен қарсы дауыс беремін. Men qarsy daýys beremin.
Я другого мнения. Мен басқаша пікірдемін. Men basqasha pikirdemin.
Я могу ошибаться. Қателесуім мүмкін. Qatelesýim múmkin.
Я не могу согласиться с Вами. Мен Сізбен келісе алмаймын. Men Sizben kelise almaımyn.
Я не про Вас говорю. Мен Сіз туралы айтып отырған жоқпын. Men Siz týraly aıtyp otyrǵan joqpyn.
Я не согласен с Вашей точкой зрения. Мен Сіздің көзқарасыңызбен келіспеймін. Men Sizdiń kózqarasyńyzben kelispeımin.
Я не согласен с моим коллегой. Мен әріптесіммен келіспеймін. Men áriptesimmen kelispeımin.
Я не согласен полностью с предыдущим докладчиком. Мен алдыңғы баяндамашымен толықтай келіспеймін. Men aldyńǵy baıandamashymen tolyqtaı kelispeımin.
Я не согласен с такой постановкой вопроса. Мен мәселенің бұлай қойылуына келіспеймін. Men máseleniń bulaı qoıylýyna kelispeımin.
Я не спрашивал Вашего мнения. Мен Сіздің пікіріңізді сұраған жоқпын. Men Sizdiń pikirińizdi suraǵan joqpyn.
Я объявляю Вам выговор. Мен Сізге сөгіс жариялаймын. Men Sizge sógis jarıalaımyn.
Я объявляю Вам строгий выговор. Мен Сізге қатаң сөгіс жариялаймын. Men Sizge qatań sógis jarıalaımyn.
Я остаюсь при своём мнении. Мен өз пікірімде қаламын. Men óz pikirimde qalamyn.
Я придерживаюсь того же мнения. Мен де сол пікірге қосыламын. Men de sol pikirge qosylamyn.
Я хотел высказать своё мнение. Өз пікірімді айтайын деп едім. Óz pikirimdi aıtaıyn dep edim.
Я хотел бы внести предложение в повестку дня. Мен күн тәртібіне ұсыныс енгізгім келеді. Men kún tártibine usynys engizgim keledi.
Я хотел бы выступить по этому вопросу. Мен осы мәселе бойынша ойымды білдірейін деп едім. Men osy másele boıynsha oıymdy bildireıin dep edim.
Я хотел бы ещё раз подчеркнуть. Мен тағы да атап өтейін деп едім. Men taǵy da atap óteıin dep edim.
Я хотел бы сделать одно замечание. Мен бір ескертпе жасайын деп едім. Men bir eskertpe jasaıyn dep edim.
Я не считаю себя виновным. Өзімді кінәлі санамаймын. Ózimdi kináli sanamaımyn.



©  Татьяна Валяева   2007–2019
http://kaz-tili.kz/
  Вернуться к началу  


Присоединиться в Фейсбуке   ВКонтакте                  Цвета текста на сайте - значение                  E-mail: kaz-tili@yandex.ru                  Оставить отзыв