Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Конструкции
Предложения
  Проверь себя!
  Упражнения
   Грамматика детям
  Удивительный мир
Видеокурс
   Разговорник
Фразеологизмы
   Книга для чтения
С казахским не шутят?
Рассказы
Сказки
Песни
Полезное
Словарь
Ссылки
Автор
 Работа
 А-Б 
 B 
 Г-З 
 И-К 
 Л-М 
 H 
 О 
 П 
 Р-С 
 Т 
 У-Ю 
 Я 
 В быту
 А-Б 
 B 
 Г-З 
 И-К 
 Л-М 
 Н 
 О 
 П 
 Р-С 
 Т 
 У-Ю 
 Я 
На собрании
Резолюция/виза
Характеристика
Вернуться
к другим
разговорникам

В быту, П

Русско-казахский сборник фраз и словосочетаний


Авторы: Р. Керимбаев, А. Керимбаев

П
Папа болеет. Әкем науқастанып жатыр.
Папочка мой, моя защита. Әкешім менің, асқар тауым менің. Буквально: Моя высокая гора.
Парень не должен быть мямлей. Жігіт адам ынжық болмау керек.
Первый раз вижу. Бірінші рет көріп тұрмын.
Первый раз слышу. Бірінші рет естіп отырмын.
Перед Богом и людьми совесть моя чиста. Құдайдың да, елдің де алдында арым таза.
Перед Вами неудобно получилось. Сіздің алдыңызда ыңғайсыз болды.
Перед людьми будет стыдно.
 – Чтобы не было стыдно перед людьми.
Ел-жұрттан ұят болады.
 – Ел-жұрттан ұят болмасын.
Перед сном. Жатар алдында.
Перед соседями стыдно. Көршілерден ұят.
Переживать нет причин. Уайымдайтын ештеңе жоқ.
Перестань контролировать меня, пожалуйста. Мені бақылағаныңды қойшы.
Перестань плакать, пожалуйста. Жылауыңды қойшы.
Перестань рассказывать мне сказки. Сен маған ертегі айтуды қой.
Перестань следить за мной. Мені аңдығаныңды қойшы.
Перестань стучать. Қаға бергенді қой.
Перестань так страдать, пожалуйста. Сонша қиналмашы.
Перестань упрямиться. Қырсыққанды қой.
Перестань, пожалуйста, наблюдать за мной. Мені қадағалағаныңды қойшы.
Печальные дни остались в прошлом. Мұңды күндер артта қалды.
Пиши письма. Хат жазып тұр.
Платье красивое, но ты красивее. (шутливо) Көйлек әдемі, бірақ сен көйлектен де әдемісің.
Плохо мне, брат. Жағдайым нашар, бауырым.
По глазам видно, что он за человек. Көзінен-ақ қандай адам екені белгілі.
По глазам твоим видно, какой ты честный человек. Қандай адал екенін, көзіңнен көрініп тұр.
По какому делу ты пришёл ко мне?
 – По очень важному вопросу.
Маған қандай шаруамен келдің?
 – Маңызды мәселе бойынша.
По окончании карантина встретимся. Карантин біткен соң кездесеміз.
По твоим глазам видно же всё. Көзің айтып тұр ғой бәрін.
По телевизору показывали. Теледидардан көрсеткен.
Повтори, пожалуйста, ещё раз. Тағы бір рет қайталашы.
Повторяю ещё раз. Тағы да қайталап айтамын.
Погладь, пожалуйста, мою рубашку. Жейдемді үтіктеп берші.
 2. Көйлегімді үтіктеп берші.
Погода виновата. Ауа-райы кінәлі.
Погода мгновенно испортилась. Ә дегенше күн бұзылды.
Погода пасмурная. Ауа-райы бұлыңғыр.
Погода резко изменилась. Ауа-райы кенет өзгеріп кетті.
Погода сегодня ясная. Бүгін ауа-райы ашық.
Подготовился к экзамену? Емтиханға дайындалдың ба?
Подержи мою сумку, пожалуйста. Сөмкемді ұстай тұршы.
Подержи ребёнка, пожалуйста. Баланы ұстай тұршы.
Подмети под столом. Үстелдің астын сыпыр.
Поднимите ладони! (для благословения) Қолдарың жайыңдар!
Подождём. Күте тұрайық.
Подожди! Тоқтай тұр!
Подожди! Я немного подумаю. Тұра тұр! Мен сәл ойланайын.
Подойди ко мне. Менің жаныма кел.
Подойди сюда, пожалуйста. Бері келші.
 2. Бері таман келші.
Подойдите ко мне. Маған жақындаңыз.
Подойдите поближе. Бері жақындаңыз.
По-домашнему. Үйдегідей.
Подруга позвонила. Разозлила. Құрбым хабарласты. Ашуымды келтірді. В телефон
По-другому не может быть. Басқаша болуы мүмкін емес.
По-другому нельзя! Басқаша болмайды!
По-дружески. Дос ретінде.
 2. Досша.
Подскажи, пожалуйста, сколько время. Сағат неше болды айтып жіберші.
Подскажите мне... Маған айтып жіберіңізші...
Подстриги свои ногти, они отросли. Тырнағыңды ал, өсіп кетіпті.
Подумай ещё раз.
 – Что тут думать?
Тағы бір рет ойланып көр.
 – Ойланатын несі бар?
Подумай о детях. Балалар туралы ойлаң.
 2. Бала-шағаны ойламайсың ба.
 3. Балаларыңды ойла.
Подумай хорошенько. Жақсылап ойлаң.
Подумайте не спеша. Асықпай ойлап көріңіз.
Подумайте... Ойланыңыз...
Подходите через 15 минут. Он бес минуттен келіңіз.
Поеду в следующий раз. Келесі жол барамын.
Поехали, пока не стало поздно. Кеш болмай тұрғанда кетейік.
Позаботься о нём, пожалуйста. Оны қамқорлығына алшы.
 2. Оған қамқор болшы.
Позавчера были в Абайском районе. Алдыңғы күні Абай ауданында болған едік.
Позже узнаете. Кейін біле жатарсыз.
Познакомьтесь. Танысып қойыңыз.
Позови свою старшую сестру. Әпкеңді шақырып жіберші.
Поищите по интернету. Интернеттен іздеп көріңдер.
Пойдём в другой раз. Басқа жолы барамыз.
Пойдём отсюда. Бұл жерден кетейік.
Пойдём, посмотрим. Жүр, көріп келейік.
Пойдем, я покажу тебе что-то интересное. Жүр кеттік, мен саған бір қызық көрсетейін.
Пойдёмте в дом, будем пить чай. Үйге жүріңдер, шай ішеміз.
Пойдёшь вместе со мной? Пошли!
 – У меня нет времени, иди один.
Менімен бірге барасың ба? Жүр!
 – Уақытым жоқ, өзің бара бер.
Поймёшь ли ты то, что я хочу сказать. Менің не айтайын деп отырғанымды түсінесің бе?
Пойми меня, пожалуйста. Түсінші мені.
Пока Вас не было, мы работали. Сіз жоқта біз жұмыс істедік.
Пока не выучишь уроки, на улицу не выйдешь! Сабағыңды оқымай далаға шықпайсың!
Пока не думай об этом. Бұл жайлы әзірге ойламай тұра тұр.
Пока не надо. Әзірге керегі жоқ.
Пока не поздно, подумай. Кеш болмай тұрғанда, ойлан.
Пока не простишь, никуда отсюда не уйду. Мені кешірмейінше, осы жерден ешқайда кетпеймін.
Пока сам не знаю. Өзім де білмей жүрмін.
Пока тихо. Әзірге тыныш.
Пока то да сё. Әне-міне дегенше.
Пока ты не придёшь, я спать не буду. Сен келмей мен ұйықтамаймын.
Пока я жив, плохого тебе никто не сделает. Мен тірі тұрғанда, ешкім саған жамандық жасамайды.
Пока я жив, с голода вы не умрёте. Мен барда, аштан өлмейсіңдер.
Пока я ничего не нашёл. Әзірше ешнәрсе таба алмадым.
Поклянись, что никому не скажешь. Ешкімге айтпаймын деп ант ет.
Полицейские что-нибудь сказали?
 – Не справился с управлением руля.
Полицейлер бірдеңе айтты ма?
 – Рөлге ие бола алмай қалған.
Положи вон туда. Ана жерге қой.
Положи на место. Орнына қой.
Положите в холодильник. Тоңазытқышқа қойып қойыңыз.
Получишь полный конверт денег. Ақшаға толы конверт аласың.
Пользы от этого нет. Бұдан пайда жоқ.
Помирились? Татуластық па?
Помиримся, наверно. Татуласатын шығармыз.
Помогите нам, пожалуйста. Бізге көмектесіңізші.
Помогите! Убивают! Полиция! Көмектесіңдер! Ойбай, өлтірді! Полиция қайда?!
 2. Көмектесіңдер! Өлтіріп жатыр! Полиция! (калька)
По-моему, должно быть так. Меніңше, осылай болу керек.
По-моему, каждый должен заниматься своим делом. Менің ойымша, әркім өз ісімен айналысқаны дұрыс.
По-моему, такое и ты сможешь сделать. Менің ойымша ондайды сен де жасай аласың!
По-моему, тебе нужен врач. Меніңше, саған дәрігер қажет сияқты.
Помой полы, пожалуйста. Еден жуу салшы.
Помой посуду, пожалуйста. Ыдысты жуу салшы.
Помолчи, хоть одну минуту. Ең құрмаса, бір минут үндемеші.
Помощь нужна? Көмек керек пе?
Поначалу и мне так показалось. Басынан маған да солай көрінген.
Понятно тебе? Түсінікті ме саған?
Пообещай мне.
 – Хорошо. Обещаю.
Уәде бер маған.
 – Жақсы. Уәде етемін.
Пообещай, что будешь беречь себя. Өзінді күтемін деп уәде бер.
Пообщаемся по дороге. Жол-жөнекей әңгімелесеміз.
Поправь волосы. Шашыңды түзе.
По-прежнему. Бұрынғыша.
Попробуйте поискать в другом месте. Басқа жерден іздеп көріңдер.
Попрощайся с ним. Онымен қоштас.
Пора спать. Ұйықтайтын уақыт келді.
 2. Ұйықтайтын кезі келді.
Пора уходить. Кететін уақыт болды.
По-разному. Әрқалай.
 2. Әртүрлі.
 3.Түрліше.
 4. Әрнешік.
Пораньше не могли сказать! Ертерек айтпасыңдар ма!
По-сельски. Ауылша.
Посиди немного. Біраз отыра тұр.
Посиди рядом со мной, пожалуйста. Жанымда отыра тұршы.
Посиди. Ты весь на нервах. Отыра тұр. Жүйкең қозып тұр ғой.
После дождя воздух так прекрасен! Жаңбырдан кейінгі ауа сондай керемет!
После обеда встретимся. Түстен кейін кездесерміз.
 2. Түскі астан кейін кездесерміз.
После этого как верить людям? Осыдан кейін адамдарға қалай сенуге болады?
После этого как не будешь пить? Осыдан кейін қалай ішпейсің?
Последний раз говорю... Соңғы рет айтамын...
Последний раз спрашиваю. Соңғы рет сұраймын.
Последняя моя надежда на вас! Соңғы үмітім сіздерде!
Послушай, поговори с ним, пожалуйста. Тыңдашы, сөйлесіп көрші онымен.
Посмотри вокруг. Маңайға қарашы.
Посмотри мне прямо в глаза, пожалуйста. Көзіме тікке қарашы
Посмотри на меня, я похож на глупца? Маған қарашы, мен ақымаққа ұқсаймын ба?
Посмотри на это и с другой стороны. Бұған басқа қырынан да қарап көр.
Посмотри, звезда упала! Қарашы, жұлдыз ағып түсті!
Посмотри, пожалуйста, как она идёт, виляя бедрами. Жүрісін қарашы , бөксесін бұлтаңдатып.
Посмотри, что ты натворил. Не бүлдіргеніңді қарашы.
Посмотри, что я тебе принёс! Қарашы, саған не әкелгенімді!
Посмотрим на твоё поведение. Сенің тәртібіңе қарай көрерміз.
Посмотрим, что будет дальше. Әрі қарай не болатынын көре жатармыз
Посмотрим. Көрерміз.
 2. Көре жатармыз.
Посмотришь на дочерей других людей, они все шустрые. А ты никогда не успеваешь. Жұрттың қыздарын қарасаң пысық. Ал сен болсаң ешқашан үлгермейсің.
Посмотришь на него, вроде тихоня. Түріне қарасаң, момын адам сияқты.
Поспи, отдохни. Ұйықтап, тынығып ал.
Поспорим?
 – Давай поспорим!
Бәстесеміз бе?
 – Кел, бәстесейік!
Поставь вот сюда. Осы жерге қоя сал.
Поставьте вот сюда. Мына жерге қойып қойыңыз.
Постарайся не испортить. Бүлдірмеуге тырыс.
Постарайся понять, пожалуйста. Түсінуге тырысшы.
Постараюсь приехать пораньше. Ертерек келуге тырысамын.
По-стариковски. Шалша.
 2. Қартша
Постой, захвати это. Тоқтай тұр, мынаны ала кетші.
Постоянно ко мне цепляется. Үнемі маған тиісе береді.
Постоянно о нем только думаю. Үнемі сол туралы ғана ойлаймын.
По-твоему, это не грех? Сеніңше, бұл күнә емес пе?
Потерпи немного. Сәл шыдай тұр.
Потерянное не вернётся. Жоғалған нәрсе қайтып келмейді.
Потише говорите, разбудите детей. Жайырақ сөйлеңіздерші, балаларды оятып аларсыздар.
Потом и кровью. Қанмен терін аямай.
Потом посмотрим. Содан кейін көре жатармыз.
Потом узнаешь, пока секрет! Кейін білесің, әзірше құпия!
Потому что ты хороший. Себебі сен жақсысың.
Потому что я глава семьи.
 – Вся семья смотрит на меня.
Өйткені мен әулеттің басшымын.
 – Бүкіл отбасы маған қарап тұр.
Поторапливайтесь! Быстрее, быстрее! Тездетіңдер! Жылдам, жылдам!
Поторопи его. Асықтыр оны.
Потратишь попусту время. Уақытты тектен-текке өткізесің.
Потянем мы с тобой одну телегу. Екеуміз бір арбаға жегілеміз.
Похоже, другого выбора нет. Басқа амал жоқ сияқты.
Похоже, что так. Солай секілді.
Почему бы и не согласиться? Келіспейтін несі бар?
Почему бы нам не позвать его? Сол кісіні неге шақырмасқа?
Почему бы нам не пойти? Неге бізге бармасқа?
Почему вместо тебя домашнее задание выполняет отец? Сен үшін үй тапсырмасын неге әкең орындайды?
Почему волнуешься? Неге қобалжисың?
Почему Вы его ненавидите? Сіз неге оны жек көресіз?
Почему вы замолчали? Неге үндемей қалдыңдар?
Почему Вы кричите?
 – Как мне не кричать?
Неге айқалап жатырсыз?
 – Қалай айқаламаймын?
Почему Вы меня не поздравляете? Сіз мені неге құттықтамайсыз?
Почему вы мне сразу не сказали? Маған бірден неге айтпадыңдар?
Почему вы на меня смотрите? Неге маған қарайсыңдар?
Почему вы на меня так смотрите? Маған неге бұлай қарайсыңдар?
Почему Вы не были на прошлом уроке? Неге Сіз өткен сабақта болмадыңыз?
Почему Вы не радуетесь? Неге қуанбайсыз?
Почему вы не разойдетесь? Неге ажырасып кетпейсіз?
Почему Вы опаздываете? Неге кешігесіз?
Почему вы так делаете? Вам не стыдно? Неге осылай істейсіңдер? Ұят емес пе?
Почему Вы так много курите? Темекіні осыншалық неге көп шегесіз?
 2. Осынша неге көп тартасыз?
Почему Вы так сделали? Неге олай істедіңіз?
Почему Вы это не сделали? Сіз неге бұны істеген жоқсыз?
Почему жизнь такая жестокая? Неге өмір сондай қатыгез?
Почему задаёшь такие вопросы? Неге мұндай сұрақ қоясың?
Почему красивые девушки не обращают на меня внимания? Әдемі қыздар неге маған көңіл аудармайды?
Почему меня не зовёте? Мені неге шақырмайсыңдар?
Почему меня никто не встречает? Неге мені ешкім қарсы алмай жатыр?
Почему молчишь? Неге үндемейсің?
Почему мы ругаемся? Біз неге ұрсысамыз?
Почему мы стали безразличными? Неге самарқау болдық?
Почему мы такие? Неге осындаймыз?
Почему не просишь помощи? Неге көмек сұрамайсың?
Почему не сказал? Неге айтпағансың?
 2. Неге айтпадың?
Почему не учишься? Неге оқымайсың?
Почему не хочешь понять? Неге түсінгің келмейді?
Почему он говорит неправду? Ол неге өтірік айтып тұр?
Почему он не здоровается? Ол неге сәлемдеспейді?
 2. Ол неге амандаспайды?
Почему он не пожаловался в полицию? Неге полицияға шағынбаған?
Почему он так поступает? Ол неге өйтеді?
Почему они меня мучают? Неге олар мені қинай береді?
Почему они опаздывают? Неге олар кешігіп жатыр?
Почему так? Неге солай?
 2. Неге бұлай?
Почему ты без настроения? Неге көніл-күйің жоқ?
 2. Неге көңілсізсің?
 3. Неге көңілің жоқ?
Почему ты вместе с ним? Неге онымен біргесің?
Почему ты грустный? Неге мұңайып отырсың?
Почему ты до сих пор не переоделся? Неге киімді әлі ауыстырмағансың?
Почему ты думаешь, что так? Неге олай деп ойлайсың?
Почему ты задаешь такой вопрос? Неге мұндай сұрақ қоясың?
Почему ты изменил свое мнение? Пікіріңді неге өзгерттің?
Почему ты мне это не сказал? Мұны сен маған неге айтпадың?
Почему ты молчишь? Неге үндемей отырсың?
 2. Неге үндемейсің?
Почему ты не пришёл? Неге келмедің?
Почему ты не радуешься?
 – Почему я должен радоваться?
Неге қуанбайсың?
 – Неге қуануым керек?
Почему ты не сказал мне правду? Маған неге шындықты айтпадың?
Почему ты невесёлый, почему молчишь? Неге көңілсізсің, неге үндемейсің?
Почему ты печальный сидишь?
 – Так, просто. Устал.
Неге мұңайып отырсың?
 – Жай, әншейін. Шаршап отырмын.
Почему ты плачешь? Неге жылап тұрсың?
Почему ты поссорился с сестрой? Әпкеңмен (қарындасымен) неге ұрсып қалдың?
Почему ты постоянно недоволен? Неге үнемі көңілің толмайды?
Почему ты разговариваешь с незнакомыми людьми?
 – Откуда ты знаешь, что на уме у чужого человека?
Танымайтын адаммен неге сөйлесесің?
 – Бөтен адамның ойында не бар екенін сен қайдан білесің?
Почему ты рано уходишь? Неге ерте кетіп бара жатырсың?
Почему ты раньше не говорил? Неге бұрын айтпадың?
Почему ты сейчас по-другому думаешь? Неге қазір басқаша ойлайсың?
Почему ты смеёшься? Неге күлесің?
Почему ты сразу мне не сказал?
 – А что?
Неге маған бірден айтпадың?
 – Несі бар?
Почему ты так говоришь? Неге олай дейсің?
Почему ты так делаешь? Неге олай істейсің?
Почему ты так думаешь? Неге олай ойлайсың?
Почему ты так рано встал? Неге сонша ерте тұрдың?
Почему ты так себя ведешь? Неге өзіңді олай ұстайсың?
Почему ты такой уверенный? Неге сондай сенімдісің?
Почему ты у меня это спрашиваешь? Оны неге менен сұрап жатырсың?
Почему ты хулиганишь? Неге бұзақылық жасайсың?
Почему у нас так? Неге бізде осылай?
Почему я должен опасаться? Неге сескенуім керек?
 2. Неге қауіптенуім керек?
Почему я должен перед тобой отчитываться? Мен неге сенің алдыңда есеп беруім керек?
Почему я раньше не делал этого? Осыны бұрыннан бері неге істемегенмін?
Почему я страдаю? Неге мен қинала беремін?
Почему я? Никто другой не нашёлся? Неге мен? Басқа ешкім табылмады ма?
Почему, можно узнать? Неге екенін білуге бола ма?
Пошли (идём). Жүр, кеттік.
Пошли третьи сутки. Үшінші тәулікке кетті.
Пошли, чего стоишь? Жүр, неге тұрсың?
Поэтому перестань упрямиться. Сондықтан қырсыққанды қой.
Поэтому это лишнее. Сондықтан бұл артық болады.
Поэтому я не хочу дальше продолжать разговор. Сондықтан әңгімені ары қарай жалғастырғым келмейді.
Поэтому, если Вам нужна женщина, ищите её в другом месте. Сондықтан әйел керек болса басқа жерден іздеңіз.
Правда?
 – Ещё какая правда!
Рас па?!
 – Рас болғанда қандай!
Правильно он сказал! Дұрыс айтқан екен!
Правильно сделали. Дұрыс жасағансыңдар.
Правильно сказано! Дұрыс айтылған!
Правильно, свалил все проблемы на меня и убегаешь. Дұрыс, маған бар бәлені әкеп тастап, қашып бара жатырсың.
Правильно, что я так сделал. Осылай істегенім дұрыс болды.
Превратности судьбы. Тағдырдың тауқыметі.
Предоставляется общежитие. Жатақхана беріледі.
Представь себе. Көз алдыңа елестет.
Прежде чем учить кого-то, сначала на себя посмотрел бы? Біреуді үйретемін деп, алдында өзіңе қарап алмайсың ба?
Прекрати подпрыгивать! Стой смирно! Секеңдегеніңді қой! Түзу тұр!
Прекрати, пожалуйста! Что за чушь несёшь, нет времени, и без того опаздываем. Қойшы! Не былшылдап кеттің, уақыт жоқ, онсыз да кешігіп келеміз.
Прекрати, пожалуйста, ругаться. Қойшы ұрсысқанды.
Прекрати, пожалуйста, стыдно будет. Что скажут люди? Қойшы, ұят болады. Жұрт не дейді?
Прекратите говорить глупости. Қойыңдаршы, қайдағыны айтпай.
Прекращай говорить «не знаю». Сен “білмеймінді” қой.
Прекращай мстить. Кек алуды доғар.
Прекращай плакать. Жылағанды қой.
Прекращай причитать! Зарлауды доғар!
Прекращай, не говори так. Потом стыдно будет. Қой, олай деме. Ұят болады.
Прекращай, не заставляй нас пускать слюни. Қойшы-ей, сілекейімізді ағызбай.
Прекращай, ты же не на пастбище. Қойсаңшы, жайлауда отырған жоқсың ғой.
Прекращайте такие разговоры! Мұндай әңгімелерді доғарыңыздар!
 2.Мұндай әңгімелерді қойыңыздар!
Преступник задержан. Қылмыскер ұсталды.
При первой же неудаче, ты поджал хвост и убежал. Сәтсіздік шығып еді, сен бас сауғалап қаштың.
При случае. Кезеңі келгенде.
При старших нельзя сидеть, вытянув ноги. Үлкен адам алдында аяқты созып отырмайды.
Прибери свои вещи. Заттарыңды жинап қой.
Приближается день моего рождения. Желающим сделать мне подарки, препятствия чинить не буду. Алда туған күнім келе жатыр. Сыйлық сыйлаймын деген жандардың қолын қақпаймын.
 2. Алда туған күнім келе жатыр. Сыйлық сыйлаймын дегендердің қолын қақпаймын.
Приведи в порядок. Ретте.
Привет семье. Отбасыңа сәлем айт.
Привет, красавица! Сәлем, сұлу бикеш!
Привет, орлы! Сәлем, қырандар!
Привет, подруга! Сәлем, құрбым!
Приглашаю вас на новоселье. Сіздерді қоныс тойға шақырамын.
Придержи язык. Тіліңді қысқарт.
Придёт его очередь. Оның кезегі келеді.
Придёт, интересно, или обманул? Келер ме екен, әлде алдады ма?
Придётся потерпеть. Шыдауға тура келеді.
Придётся сказать. Айтуға тура келеді.
Приди в себя! Есіңді жи!
Придирчивый человек. Қазымыр кісі.
Приезжайте (приходите) к нам в гости. Біздікіне қонаққа келіңіздер.
Прилягте, отдохните. Жатып демалыңыз.
Примерный ученик. Үлгілі оқушысы.
Прими, пожалуйста. Қабылда ала ғой.
Принцесса моя. Ханшайымым менің.
Приплыли! Жеткен жеріміз осы десеңші!
Присаживайся вот сюда. Мында жайғас.
Присоединяйтесь к нам.
 – Я позже к вам присоединюсь.
Бізге қосылыңыз.
 – Сендерге кейін қосылармын.
Пристегните ремни. Белдікті тағыңдар.
Приходи без опозданий. Кешікпей кел.
Приходи побыстрее, а то мы ничего не успеем. Тезірек кел, әйтпесе біз ештеңе үлгермейміз
Приходи пораньше, не опаздывай. Кешікпей ертерек кел.
Приходи послезавтра. Бүрсігүні кел.
Приходи, когда захочешь. Қалаған уақытыңда кел.
Приходите ещё. Келіп тұрыңыз.
Приходите завтра. Ертең келіңіз.
Приходите к нам сегодня вечером. Бізге бүгін кешке келіңіз.
Приходите после обеда. Түстен кейін келіңіз.
Приходите через три дня. Үш күннен кейін келіңіз.
Причём здесь я? Менің қатысым қанша?
Причеши волосы, пожалуйста. Шашыңды тарашы.
Пришёл посекретничать. Сырласуға келдім.
Пришёл с пустыми руками? Құр қол келдің бе?
Пришло время прощаться. Қоштасатын уақыт келді.
Приятный запах. Жағымды иіс.
Про меня давно знаете? Мен туралы көптен бері білесіз бе?
Про него ничего плохого и хорошего сказать не могу. Ол жайлы жаман-жақсы ештеңе деп айта алмаймын.
Про себя я сам скажу. Өзім туралы өзім айтамын.
Про это говорить не будем. Бұл жайлы сөйлеспейміз.
Про это никому не говори. Бұл туралы ешкімге айтушы болма.
Проблем с деньгами нет. Ақша мәселесі жоқ.
Проводи меня, пожалуйста. Мені шығарып салшы.
Продолжайте рассказывать. Әңгімеңізді жалғастыра беріңіз.
Продолжайте. Жалғастыра беріңіз.
 2. Жалғастырыңыз.
Проникновенные слова. Жан тебірентерлік сөздер.
Проснулся бабушкина радость? Люблю твой запах.
 – Бабушка тебя любит больше всего. Счастье мое.
Әжесінің қуанышы тұрды ма? Иісіңді жақсы көремін.
 – Әжең сені жанындай жақсы көреді. Бақыттым менің.
Проснулся маленький принц. Иди ко мне, мой дорогой. Кішкентай ханзада тұрды. Бері кел, асылым менің.
Проснулся, мой малыш? Посмотрите на нас. Бөбегім, ойяндың ба? Бізге қараңдаршы.
Простите за мое плохое произношение по-казахски. Қазақша дұрыстап сөйлей алмағаным үшін кешіріңіз.
Просто сижу, отдыхаю. Жай тынығып отырмын.
Против этого ничего не скажешь. Бұған қарсы ештеңе айта алмайсың.
Противозаконного ничего нет. Заңға қайшы ештеңе жоқ.
Проходите, быстро. Өтіңдер, жылдам.
Прошлое нам не изменить. Өткенді өзгерте алмаймыз.
Прошу Вас, выйдите отсюда. Өтінемін, бұл жерден шығыңыз.
Прошу Вас, не курите, пожалуйста.
 – Я не переношу запах табака.
Темекі тартпаңызшы, өтінемін.
 – Мен темекінің иісін көтере алмаймын.
Прошу тебя, будь ко мне великодушней. Маған мейірімдірек болуыңды өтінемін.
Прошу тебя, ничего не спрашивай, пожалуйста.
 – Умоляю, не спрашывай, пожалуйста.
Өтінемін, ештеңе сұрамашы.
 – Жалынамын, сұрамашы
Прошу, давай не будем ругаться. Өтінемін, ұрыспайықшы.
Прошу, напишите, пожалуйста, свой адрес. Мекенжайыңызды жазып беруіңізді сұраймын.
Прошу, не беспокойте меня, пожалуйста. Өтінемін, мазамды алмаңызшы.
Прошу, не начинай, пожалуйста. Өтінемін, бастамашы.
Прошу, помогите, что мне делать? Өтінемін, көмек беріңізші, не істеуім керек?
Прошу, скажи, пожалуйста, что-нибудь. Өтінемін, бірдеңе деші.
Прощай холостяцкая жизнь! Қош бол бойдақ өмір!
Прямо все мудрецы. Поучаете меня дурака, советчики.
 – Я тебя не поучаю.
Шеттеріңнен данышпансыңдар ғой. Маған ақмаққа ақыл айтқыштар-ай.
 – Мен саған ақыл айтып тұрған жоқпын.
Прямо перед нами. Тура алдымызда.
Прямо сейчас я тебе ответить не могу. Мен саған тура қазір жауап бере алмаймын.
Прямо сейчас. Тап қазір.
Пустые хлопоты. Бос әурешілік.
Пусть Бог пожалеет! Құдай есіркесін!
Пусть Бог уважит тех, кто уважает нас! Бізді сыйлағанды Құдай сыйласын!
Пусть болтает, что хочет. Былшылдай берсін.
Пусть больше не повторится такое горе. Мұндай қасірет енді қайталанбасын.
Пусть будет в первый и в последний раз. Бірінші және соңғы рет болсын.
Пусть будет по-Вашему. Сіздің айтқаныңыз болсын.
Пусть будет по-вашему. Сіздердің қалағандарыңыз болсын.
Пусть ваш вечер пройдет весело. Кештеріңіз көңілді өтсін.
Пусть всегда будет мама! Қасымда болсын анам!
Пусть говорят! Айта берсін!
Пусть гуляет! Гулять его право. Қыдырсын! Қыдыруға құқылы ғой.
Пусть делает что хочет. Білгенін істесін.
Пусть делает, если может. Қолынан келсе істесін.
Пусть дети немножко поиграют. Балалар біраз ойнай тұрсын.
Пусть забирает, если хочет. Алса ала берсін.
Пусть люди говорят, что хотят. Жұрт не десе о десін.
Пусть люди знают, кто мы такие. Кім екенміз жұрт білсін.
Пусть не решает за меня, я и сам могу решить. Мен үшін шешім қабылдамасын, өзім де шеше аламын.
Пусть он вернется к нормальной жизни. Қалыпты өмірге қайтып оралсын.
Пусть он живёт своей жизнью. Өз өмірін сүріп жүре берсін.
Пусть он завидует. Ішін күйсін.
Пусть он на себя посмотрит сначала. Ол алдымен өзіне қарап алсын.
Пусть он приедет, тогда и поговорим. Ол келсін, сонда сөйлесерміз.
Пусть попробует. Байқап көрсін.
Пусть приезжает, встретим с радостью. Келсін, қуана қарсы аламыз.
Пусть сбудется то, что Вы сказали! Айтқаныңыз келсін!
Пусть скажет ему спасибо. Оған рақмет айтсын.
Пусть это больше не повторится! Бұл енді қайталанбасын!
Пусть это он скажет при мне. Осыны менің бетіме айтсын.
Пять минут назад. Бес минут бұрын.



© Татьяна Валяева,  2007–2024
 <<  В быту, О Вернуться к началу В быту, Р-С  >> 

Главная             Цвета текста на сайте             Телеграм-канал «Изучаем казахский...»             kaz-tili@yandex.kz             Гостевая книга