|
хлеб | нан
|
|
мука | ұн
|
|
масло | май
|
|
растительное масло | өсімдік майы
|
|
сахар | қант
|
|
соль | тұз
|
|
специи | дәмдеуіштер
|
|
консервированный | консервіленген
|
|
очищенные | тазартылған
|
– Нет ли здесь поблизости ...
... продуктового магазина?
... торгового центра?
... рынка?
... супермаркета?
| – Бұл маңайда ... жоқ па?
... азық-түлік дүкені ...
... сауда орталығы ...
... базар ...
... супермаркет ...
|
|
– Когда открывается (закрывается) этот магазин? | – Бұл дүкен қашан ашылады (жабылады)?
|
|
– У вас есть обеденный перерыв? | – Сіздерде түскі үзіліс бар ма?
|
|
– Нет, мы работаем без перерыва. | – Жоқ, біз үзіліссіз жұмыс істейміз.
|
|
– Мы закрываем в час и открываем в пятнадцать часов. | – Біз сағат бірде жауып, сағат үште ашамыз.
|
|
– Мне, пожалуйста, булку хлеба. | – Маған бір бөлке нан беріңізші.
|
|
– Это свежий хлеб? | – Бұл бүгінгі нан ба?
|
|
– Да, сегодня утром привезли. | – Иә, бүгін таңертең әкелген.
|
|
– Есть ли булочки с маком, с яблочной начинкой? | – Көкнар, алма қосылған тоқаштар бар ма?
|
|
– Сколько это стоит? | – Бұл қанша тұрады?
|
|
– Где можно купить кефир? | – Айранды қайдан сатып алуға болады?
|
|
– Дайте, пожалуйста, пачку чая (сахара, соли), пакет молока (кефира), десяток яиц и два лимона. | – Маған бір қорап шай (қант, тұз), бір пакет сүт (айран), он жұмыртқа, екі лимон беріңізші.
|
|
– Есть ли у вас вишнёвое варенье? | – Сіздерде шие тосабы бар ма?
|
|
– У вас есть мука высшего/первого сорта? | – Сіздерде жоғары/бірінші сұрыпты ұн бар ма?
|
|
– Да, есть, фасованная (развесная). | – Иә, қағаз қалтаға салынған (өлшеме) ұн бар.
|
|
– Сколько стоит килограмм риса «Ак маржан»? | – «Ақ маржан» күрішінің бір келісі қанша тұрады?
|
|
– Взвесьте мне, пожалуйста, два килограмма риса. | – Маған екі келі күріш өлшеңізші.
|
|
– Дайте мне спагетти. | – Маған спагетти беріңізші.
|
|
– У Вас есть овсяные хлопья? | – Сіздерде сұлы үлпегі бар ма?
|
|
– Да, в коробках по пятьсот грамм. | – Иә, бес жүз грамдық қораптарда.
|
|
– Положите мне в пакет две пачки сочни. | – Пакетке екі жайма нан салып беріңізші.
|
|
– У Вас есть лапша быстрого приготовления? | – Сіздерде тез пісетін кеспе бар ма?
|
|
– Мне нужны макароны «Султан». | – Маған «Сұлтан» макароны керек еді.
|
|
– Какие у вас есть конфеты? | – Сіздерде қандай кәмпиттер бар?
|
|
– Есть плиточный шоколад «Казахстан». | – «Қазақстан» плиткалы шоколады бар.
|
|
– Развесные шоколадные конфеты «Каракум», «Ажар», «Рахат» по цене 600 тенге. | – 600 теңгеден «Қарақұм», «Ажар», «Рахат» өлшеме шоколадтары бар.
|
|
– Мне пол килограмма шоколадных конфет и триста грамм печенья «Алатау». | – Маған жарты келі шоколад және «Алатау» печеньесінен үш жүз грамм өлшеңізші.
|
|
– Сколько стоит овсяное печенье? | – Сұлы печеньесі қанша тұрады?
|
|
– Килограмм двести тенге. | – Бір келісі екі жүз теңге.
|
|
– Сколько с меня? | – Қанша төлеуім керек?
|
|
– Где можно заплатить за покупку? | – Ақшаны қайда төлеуге болады?
|
|
– Где находится касса? | – Касса қай жерде?
|
|
– Платить вам или в кассу? | – Сізге төлейін бе, әлде кассаға ма?
|
|
– Заверните всё вместе, пожалуйста. | – Бәрін қосып орап беріңізші.
|
|
– Спасибо Вам! | – Рахмет сізге!
|
|
– А где можно купить торт? | – Тортты қайдан сатып алуға болады?
|
|
– Какие торты у Вас есть? | – Сіздерде қандай торттар бар?
|
|
– Есть торты «Айналайын», «Астана», «Сказка». | – «Айналайын», «Астана», «Ертегі» торттары бар.
|
|
– Что это за торт? | – Бұл қандай торт?
|
|
– Какой торт вам взвесить: большой, средний или маленький? | – Сізге қандай торт өлшейін: үлкенін бе, орташасын ба, әлде кішісін бе?
|
|
– Пройдите в кулинарный отдел. | – Аспаздық бөліміне өтіңіз.
|
|
– У Вас не найдется двадцать тенге? | – Сізде жиырма теңге бар ма?
|
|
– Нет, у меня нет мелочи. | – Жоқ, менде уcақ ақша жоқ.
|
|
конина | жылқы еті
|
|
баранина | қой еті
|
|
говядина | сиыр еті
|
|
телятина | бұзау еті
|
|
филейная часть | сүбе бөлігі
|
|
грудинка | төс ет
|
|
фарш | тартылған ет
|
|
потрошённый | ішек-қарны тазаланған
|
|
куриные крылышки | тауық қанаттары
|
|
утка | үйрек
|
|
печень | бауыр
|
|
лёгкие | өкпе
|
|
язык | тіл
|
|
три кусочка говяжьей печени. | сиыр бауырының үш кесегі
|
|
– Мне хотелось бы купить мясо. | – Мен ет алайын деп едім.
|
|
– У Вас есть баранина (говядина)? | – Сіздерде қой (сиыр) еті бар ма?
|
|
– Сколько килограмм Вам взвесить? | – Сізге қанша келі өлшейін?
|
|
– Какого мяса Вам взвесить (грудинки, окорока)? | – Сізге қандай ет (төс ет, сан ет) өлшейін?
|
|
– Не хотите конину? | – Жылқы етін алмайсыз ба?
|
|
– Вам взвесить шужук (казы, жал, жая)? | – Сізге шұжық (қазы, жал, жая) өлшейін бе?
|
|
– Это не жирная (жирная) казы. | – Бұл майсыз (майлы) қазы.
|
|
– Сколько будет стоит одна палка казы? | – Бір қазы қанша тұрады?
|
|
– Какой колбасы Вам взвесить (копчёной или полукопчёной, варёной)? | – Сізге қандай (ысталған, шала ысталған, қайнатылған) шұжық өлшейін?
|
|
– Купите рыбное филе. | – Балықтың жон етін алыңыз.
|
|
– У Вас есть расфасованная по одному килограмму копчёная (сушёная) рыба? | – Сіздерде бір келіден өлшеніп оралған ысталған (кептірілген) балық бар ма?
|
|
– Свежая рыба продаётся в соседнем отделе | – Тірі балық келесі бөлімде сатылады.
|
|
– Мне нужна малосолёная маринованная селёдка. | – Маған аз тұздалған маринадтағы майшабақ керек еді.
|
|
– К сожалению, осталась только солёная. | – Өкінішке орай, тек тұздалғаны қалды.
|
|
– У Вас есть красная икра? | – Сіздерде қызыл уылдырық бар ма?
|
|
– Дайте мне, пожалуйста, баночку морской капусты. | – Маған бір қалбыр теңіз капустасын беріңізші.
|
|
молоко | сүт
|
|
сливки | кілегей
|
|
сметана | қаймақ
|
|
творог | ірімшік
|
|
плавленый | ерітілген
|
|
топлёный | қайнатылған, қайырылған
|
|
прохладительный напиток | салқындатылған сусын
|
|
фруктово-ягодный | жеміс-жидекті
|
|
– Где находится молочный отдел? | – Сүт сататын бөлім қайда (қай жерде) екен?
|
|
– Дайте, пожалуйста, две бутылки сливок, пакет кефира и килограмм творога. | – Маған екі шыны кілегей, бір пакет айран, бір келі сүзбе беріңізші.
|
|
– Это нежирный творог? | – Бұл майсыз сүзбе ме?
|
|
– В продаже имеется крестьянское (шоколадное) сливочное масло? | – Бізде шаруа сары майы (шоколадты сары май) бар ма?
|
|
– У Вас есть йогурт? | – Сізде йогурт бар ма?
|
|
– Да, какой вам нужен? | – Иә, Сізге қандайы керек?
|
|
– У нас есть йогуртный напиток. | – Бізде йогурт сусыны бар.
|
|
– Купите кефир, изготовленный по домашней технологии. | – Үйдікі секілді ұйытылған айран алыңыз.
|
|
– Дайте мне, пожалуйста, пакет топлёного молока. | – Маған бір пакет қайнатылған сүт беріңізші.
|
|
– У нас вы можете купить топлёное сливочное масло. | – Бізден тұшытылған сары май сатып алуыңызға болады.
|
|
– Где можно купить рафинированное (не рафинированное) подсолнечное масло? | – Тазартылған (тазартылмаған) күнбағыс майын қай бөлімнен сатып алуға болады?
|
|
– Купите подсолнечное (хлопковое, соевое) масло. | – Күнбағыс (мақта, соя) майын алыңыз.
|
|
– Какие сорта сыра у Вас есть? | – Сіздерде ірімшіктің қандай түрлері бар?
|
|
– Есть голландский, запотелый, овечий, плавленый и степной. | – Голланд, суланған, қой, ерітілген және дала ірімшіктері бар.
|
|
– Сколько стоит брынза? | Тұзсүзбе қанша тұрады?
|
|
– Килограмм брынзы стоит пятьсот тенге. | – Тұзсүзбенің бір келісі бес жүз теңге тұрады.
|
|
– У Вас есть молоко и сливки? | – Сіздерде сүт пен кілегей бар ма?
|
|
– Сколько стоит пакет (бутылка) молока? | – Сүттің бір пакеті (бөтелкесі) қанша тұрады?
|
|
меню | ас мәзірі
|
|
традиционное национальное блюдо казахов из кусочков баранины и конины с луковой заправкой | қой еті мен жылқы етінен дайындалып пияз тұздығы қосылған қазақтың дәстүрлі тағамы
|
|
запечённые бараньи рёбрышки с картофелем | картоп қосып пісірілген қой қабырғалары
|
|
озёрный судак | көл көксеркесі
|
|
филе судака, запечённое под белым винным сливочным соусом | ақ шарапқа пісірілген көксерке сүбесі кілегей тұздығымен
|
|
рыбный суп с овощами и свежей зеленью | көкөністер мен жаңа көк қосылған балық сорпасы
|
|
обжаренные во фритюре кабачки | фритюрде қуырылған кәді
|
|
копчёная курица | ысталған тауық еті
|
|
жареный козий сыр с рукколой | руккола қосып қуырылған ешкі ірімшігі
|
|
классическая заправка | классикалық ас қатығы
|
|
прозрачный бульон с овощами и свежей зеленью | көкөністер мен жаңа піскен көк қосылған мөлдір сорпа
|
|
концентрированный бульон | қоюлатылған сорпа
|
|
по старинному рецепту | ескі рецепт бойынша
|
|
копчёная осетрина | бекіренің ысталған еті
|
|
жареная баранина с овощами и специями | көкөністер мен дәмдеуіштер қосып қуырылған қой еті
|
|
горячие блюда | ыстық тағамдар
|
|
национальный деликатес | ұлттық жеңсік тағам
|
|
мясо конины, язык отварной | жылқы еті, қайнатылған тіл
|
|
фруктовый сок | жеміс шырыны
|
|
белое/красное вино | ақ/қызыл шарап
|
– Где здесь можно ... ?
... перекусить
... пообедать
... поужинать
... недорого поесть
... выпить кофе | – Қай жерден .... болады?
... тез тамақтанып алуға ...
... түскі ас ішуге ...
... кешкі ас ішуге ...
... арзанырақ тамақтануға ...
... кофе ішуге ...
|
|
– Есть ли поблизости кафе (столовая, ресторан)? | – Жақын жерде дәмхана (асхана, мейрамхана) бар ма?
|
|
– Где можно дёшево, но вкусно поесть? | – Қай жерде әрі арзан, әрі дәмді тамақтануға болады?
|
|
– Я проголодался. | – Менің қарным ашты.
|
|
– Вы уже позавтракали (пообедали, поужинали)? | – Сіз таңертеңгі (түскі, кешкі) асыңызды ішіп алдыңыз ба?
|
– Я ещё не ...
... завтракал(а)
. .. обедал(а)
... ужинал(а) | – Мен әлі ... ішкен жоқпын.
... таңғы ас ...
... түскі ас ...
... кешкі ас ...
|
|
– Я хочу есть. | – Тамақ ішкім келіп тұр.
|
|
– Мне хотелось бы что-нибудь поесть (немного перекусить). | – Менің бірдеңе жегім (жүрек жалғап алғым) келіп тұр.
|
|
– Мы хотим пообедать. | – Біз түскі тамақ ішейік деп едік.
|
|
– Что у вас есть на первое, второе? | – Біріншіге, екіншіге қандай тамақ бар?
|
|
– Пообедаем в этом ресторане. | – Мына мейрамханада тамақтанып алайық.
|
|
– Здесь хорошо кормят и цены умеренные. | – Бұл жердің тамағы да жақсы, бағасы да арзан.
|
|
– Разрешите (можно) пригласить Вас в ресторан. | – Сізді мейрамханаға шақыруға рұқсат етіңіз (бола ма)?
|
|
– Дайте, пожалуйста, меню. | - Ас мәзірін беріңізші.
|
|
– Я (мы) ещё не выбрал (не выбрали). | – Мен (біз) әлі таңдаған жоқпын(пыз).
|
|
– Что можете нам порекомендовать? | – Өзіңіз бізге не ұсынасыз?
|
|
– Я возьму что-нибудь лёгкое. | – Мен бір жеңілірек тамақ аламын.
|
|
– Какие ваши фирменные блюда? | – Сіздердің фирмалық тағамдарыңыз қандай?
|
|
– Этот столик свободный? | – Мына үстел бос па?
|
|
– Сколько вас? | – Сіздер нешеусіздер?
|
|
– Нас двое (трое, четверо). | – Біз екеуміз (үшеуміз, төртеуміз).
|
|
– Разрешите (можно) сесть за ваш стол. | – Сіздің жаныңызға отыруға бола ма?
|
|
– Что закажем? | – Неге тапсырыс береміз?
|
|
– Я хотел бы сделать заказ. | – Мен тапсырыс берейін деп едім.
|
|
– Я возьму то, что Вы посоветуете. | – Мен Сіз не ұсынсаңыз, соны аламын.
|
|
– У меня что-то нет аппетита. | – Менің тамаққа онша тәбетім болмай тұр.
|
|
– Мне нельзя есть острое (жирное, солёное). | – Маған ащы (майлы, тұзды) тамақ ішуге болмайды.
|
|
– Дайте мне, пожалуйста, комплексный обед (салат из огурцов, пол порции борща, жаркое, компот и два кусочка хлеба). | – Маған кешенді тамақ (қияр салатын, жарты борщ, қуырылған картоп, компот және екі тілім нан) әкеліңізші.
|
|
– Вам придётся немного подождать. | – Сіздерге азырақ күтуге тура келеді.
|
– Принесите мне (нам) ...
- овощной салат
- творог со сметаной
- блины
- куырдак
- плов
- рыбное блюдо
- ваше фирменное блюдо
- печень с луком
- телятину
- шашлык из баранины
- лёгкую закуску
| – Маған (бізге) ... әкеліңізші.
- көкөніс салатын
- қаймақ қосқан сүзбе
- құймақ
- қуырдақ
- палау
- балықтан жасалған тағам
- фирмалық тағамдарыңызды
- пияз қосылған бауыр
- бұзау етін
- қой етінен жасалған кәуап
- жеңіл тіскебасар
|
|
– К сожалению, у нас этого нет. | – Өкінішке орай, бұл бізде жоқ.
|
– Положите мне немного ...
- цветной капусты
- тушёного мяса с овощами | – Маған азырақ ... салыңызшы.
- түсті капуста
- көкөніс қосып бұқтырылған ет
|
|
– Мы хотим попробовать что-то из национальных блюд. | – Біз ұлттық тағам түрлерін жеп көрсек деп едік.
|
|
– Есть национальные блюда (мясо по-казахски, дунганская лапша, плов). | – Ұлттық тағамдар да (қазақша ет, лағман, палау) бар.
|
|
– Как называется это блюдо? | – Мына тағам қалай аталады?
|
|
– Приятного аппетита! | – Ас дәмді болсын!
|
|
– Передайте мне, пожалуйста, соль (горчицу, перец). | – Тұзға (қышаға, бұрышқа) қол жалғап жіберіңізші.
|
– Принесите, пожалуйста ...
- ещё одну вилку
- стакан воды | – Бізге ... әкеліңізші.
- тағы бір шанышқы
- бір стакан су
|
|
– Что вы будете пить? | – Сіз не ішесіз?
|
– Мне, пожалуйста, ...
- апельсиновый сок
- чай с лимоном
- чай с молоком
- холодный чай
- стакан минеральной воды | – Маған ... әкеліңізші.
- апельсин шырынын
- лимонмен шай
- сүт қатқан шай
- суық шай
- бір стакан минералды су
|
|
– Вы будете пить чай или кофе? | – Шай немесе кофе ішесіз бе?
|
|
– Пожалуйста, бутылку красного (белого) вина. | – Бір шөлмек қызыл (ақ) шарап әкеліңізші.
|
|
– Что вы будете на десерт? | – Десертке не қалайсыз?
|
|
– Фруктовый салат. | – Жеміс салатын.
|
|
– Я возьму капучино, мороженое, стакан минеральной воды. | – Мен капучино, балмұздақ, бір стакан минералды су аламын.
|
|
– А мне кофе и апельсиновый сок. | – Ал маған кофе және апельсин шырынын беріңіз.
|
|
– Вот кофе и капучино | – Міне кофе мен капучино.
|
|
– Мне, пожалуйста, стакан чая с лимоном. | – Маған бір стакан шай лимонмен беріңізші.
|
|
– Слишком много специй. | – Дәмдеуіштер көп салынған екен.
|
|
– Блюда были очень вкусные. | – Тағамдар өте дәмді болды.
|
|
– Дайте, пожалуйста, счёт. | – Есебін әкеліңізші.
|
|
– Сколько с меня? | – Қанша төлеймін?
|
|
– Могу ли оплатить карточкой? | – Карточкамен төлеуге бола ма?
|
|
– Я бы хотел рассчитаться сейчас. | – Ақшасын қазір төлейін деп едім.
|
|
– Я заплачу наличными. | – Ақшасын қолма-қол төлеймін.
|