|
заведующая(ий) | меңгеруші
|
|
воспитание | тәрбие
|
|
воспитатель | тәрбиеші
|
|
дошкольная подготовительная группа | мектепалды дайындық тобы
|
|
средняя группа | орта топ
|
|
младшая группа | сәбилер тобы
|
|
– Ходит ли Ваш ребёнок в детский сад? | – Сіздің балаңыз балабақшаға бара ма?
|
|
– Да, мой ребёнок уже в дошкольной подготовительной группе. | – Иә, менің балам мектепалды дайындық тобында.
|
|
– В какой детский сад ходит? | – Қай балабақшаға барады?
|
|
– Детский сад №38 (тридцать восемь). | – №38 (отыз сегізінші) балабақшаға.
|
|
– Как называется этот детский сад? | – Ол балабақша қалай аталады?
|
|
– Детский сад «Ертаргын». | – Балабақша «Ертарғын» деп аталады.
|
|
– Какие образовательные программы используются у вас? | - Сіздерде қандай білім беру бағдарламалары қолданылады?
|
|
– В своей работе детский сад использует новые современные программы «Мы пойдём в школу» и «Способный ребёнок». | Балабақша өз жұмысында «Біз мектепке барамыз», «Зерек бала» секілді жаңа заманға сай бағдарламаларды пайдаланады.
|
|
– Сколько дошкольных организаций функционируют в республике? | – Республикада қанша мектепке дейінгі ұйым қызмет етеді?
|
|
– В республике на 1 января 2010 года функционируют 4972 дошкольных организаций | – Республикада 2010 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 4972 мектепке дейінгі ұйым қызмет етеді.
|
|
– Сколько детей охвачены предшкольной подготовкой? | – Мектепалды даярлықпен қанша бала қамтылған?
|
|
– Более 271 тысячи пяти-шестилетних детей или 83% от их общего количества охвачены предшкольной подготовкой. | – Бес-алты жасар балалардың 271 мыңнан астамы немесе олардың жалпы санынан 83% мектепалды дайындықпен қамтылған.
|
|
– Какие программы реализуются в целях повышения качества содержания дошкольного воспитания и обучения? | – Мектепке дейінгі білім беру мен тәрбиелеу сапасын арттыру мақсатында қандай бағдарламалар әзірленуде?
|
|
– Реализуются республиканские программы «Балбобек», «Карлыгаш», «Кайнар». | – «Балбөбек», «Қарлығаш», «Қайнар» республикалық бағдарламалары іске асырылуда.
|
|
– В 2009 году разработаны и утверждены программы воспитания и обучения детей раннего возраста «Алгашкы кадам» (1-3 года), «Зерек бала» (3-5 лет), «Быз мектепке барамыз» (5-6 лет). | – 2009 жылы балаларды ерте жастан тәрбиелеу мен білім беруде «Алғашқы қадам» (1-3 жас), «Зерек бала» (3-5 жас), «Біз мектепке барамыз» (5-6 жас) бағдарламалары әзірленіп, бекітілген.
|
|
– Разработан учебно-методический комплекс к данным программам. | – Осы бағдарламалардың оқу-әдістемелік кешені де әзірленді.
|
|
– С целью удовлетворения потребности населения в качественных услугах организаций дошкольного воспитания и обучения утверждена программа «Балапан» на 2010-2014 годы. | – Мектепке дейінгі білім беру мен тәрбиелеу ұйымдарындағы сапалы қызметпен халық қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында 2010-2014 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасы бекітілді.
|
|
– Ваш ребёнок хорошо знает казахский язык? | – Сіздің балаңыз қазақ тілін жақсы біле ме?
|
|
– Конечно, мы стараемся и дома говорить на казахском языке. | – Әрине, біз үйде де қазақ тілінде сөйлеуге тырысамыз.
|
|
– Ваш ребёнок наверное уже и писать умеет? | – Балаңыз жазуды да үйреніп қалған шығар?
|
|
– Да, он и читать, и писать умеет. | – Иә, ол оқи да, жаза да алады.
|
|
– В детском саду всему учат. | – Балабақшада барлығын үйретеді.
|
|
– Мой ребёнок уже готов пойти в школу. | – Менің балам мектепке баруға дайын.
|
|
– Есть ли у вас частные детские сады? | – Сіздерде жекеменшік балабақша бар ма?
|
|
– Да, в соответствии с законом Республики Казахстан «Об образовании» осуществляют свою деятельность и частные детские сады. | – Иә, жекеменшік балабақшалар да Қазақстан Республикасы «Білім туралы» заңына сәйкес өз қызметтерін жүргізіп жатыр.
|
|
учёба | оқу
|
|
учебный год | оқу жылы
|
|
учебник | оқулық
|
|
ученик(ца) | оқушы/шәкірт
|
|
учащиеся | оқушылар
|
|
учитель(ница) | мұғалім/ұстаз
|
|
урок | сабақ
|
|
экзамен | емтихан
|
|
выпускник | түлек
|
|
предмет | пән
|
|
школа-интернат | мектеп-интернат
|
|
– Где находится ваша школа? | – Мектептерің қай жерде орналасқан?
|
|
– Какой иностранный язык изучают у вас в школе? | – Мектептеріңізде қандай шетел тілі оқытылады?
|
|
– С какого класса изучают у вас иностранный язык? | – Сіздерде шетел тілін қай сыныптан бастап үйретеді?
|
|
– Какие условия созданы детям в школе? | – Мектепте балаларға қандай жағдайлар жасалған?
|
|
– Во сколько лет можно привести ребёнка в школу? | – Баланы мектепке қанша жастан беруге болады?
|
|
– Если на 1 (первое) сентября текущего года вашему ребёнку исполнилось не менее шести с половиной лет, а лучше – семь. | – Сол оқу жылының 1 (бірінші) қыркүйегінде балаңыздың кемінде алты жарым жаста болғаны жөн, ал дұрысы – жеті жас.
|
|
– Обязательна ли единая школьная форма? | – Бірыңғай мектеп формасының болуы міндетті ме?
|
|
– Вопрос о единой школьной форме решается в каждом педагогическом коллективе индивидуально. | – Бірыңғай мектеп формасы туралы мәселені әрбір педагогикалық ұжым өз бетінше шешеді.
|
|
– Какое учебное заведение вы окончили? | – Сіз қай оқу орнын бітірдіңіз?
|
|
– Я окончил(а) педагогический институт/университет. | – Мен педагогикалық институтты/университетті бітірдім.
|
|
– Какой предмет вы преподаёте? | – Сіз қай пәннен сабақ бересіз?
|
|
– Я учитель(ница) казахского (русского, английского, немецкого, французского) языка. | – Мен қазақ (орыс, ағылшын, неміс, француз) тілінің мұғалімімін.
|
|
– В каком классе ты учишься? | – Сен қай сыныпта оқисың?
|
|
– Сколько учеников в классе? | – Сыныпта қанша оқушы бар?
|
|
– Можно познакомиться с учебной программой школы? | – Мектептің оқу бағдарламасымен танысуға бола ма?
|
|
– Да, можно. | – Иә, болады.
|
|
– Я хочу познакомиться с планом воспитательной работы школы (класса). | – Мен мектептің (сыныптың) тәрбие жұмысының жоспарымен танысайын деп едім.
|
|
– У нас такая(ой) же программа (план). | – Бізде де бағдарлама (жоспар) осындай.
|
|
– У нас другая(ой) программа (план). | – Біздің бағдарламамыз (жоспарымыз) басқаша.
|
|
– Как поступить в вашу школу? | – Сіздердің мектептеріңізге қалай түсуге болады?
|
|
– Вам нужно позвонить в школу и записаться на собеседование, которое проходит регулярно с середины апреля по июнь. | – Мектепке телефон соғып, әңгімелесуге жазылыңыз, ол бізде сәуір айының ортасынан маусымға дейін үнемі өткізіліп отырады.
|
|
– Как ученики вашей школы проводят летние каникулы? | – Сіздің мектептің оқушылары жазғы демалысын қалай өткізеді?
|
|
– Сколько учеников у вас учатся на «хорошо» («отлично», «удовлетворительно», «плохо»)? | – Сіздерде неше оқушы «жақсы» («өте жақсы», «қанағаттанарлық», «жаман») деген бағаға оқиды?
|
|
– Этот ученик хорошо (плохо) учится. | – Бұл оқушы жақсы (жаман) оқиды.
|
|
– Это мой (бывший) ученик. Я горжусь им. | – Бұл менің (бұрынғы) оқушым. Мен оны мақтан етемін.
|
|
– Сколько уроков у вас сегодня? | – Сіздерде бүгін неше сабақ болады?
|
|
– Я (мы) хотел (хотели) бы посетить урок казахского (английского) языка, казахской (русской) литературы, химии. | – Мен (біз) қазақ (ағылшын) тілі, қазақ (орыс) әдебиеті, химия сабағына кірейін (кірейік) деп едім (едік).
|
|
– Вы знаете новую структуру среднего образования? | – Сіз орта білім берудің жаңа құрылымын білесіз бе?
|
|
– Среднее образование поэтапно приобретается в организациях среднего образования на трёх уровнях. | – Орта білім үш деңгейде орта білім беру ұйымдарында кезең-кезеңімен іске асырылады.
|
|
– Расскажите мне об уровнях. | – Маған деңгейлер туралы айтып беріңізші.
|
|
– Первый уровень – начальное образование. | – Бірінші деңгей – бастауыш білім.
|
|
– Нормативный срок обучения – 4 года (1-4 классы). | – Білім берудің нормативтік мерзімі – 4 жыл (1-4 сыныптар).
|
|
– А какой рекомендуемый возраст? | – Ал ұсынылатын жас неше болады?
|
|
– Рекомендуемый возраст начала обучения – 6 лет. | – Білім берудің бастапқы ұсынылатын жасы – 6 жас.
|
|
– Второй уровень – основное среднее образование (5-10 классы). | – Екінші деңгей – негізгі орта білім (5-10 сыныптар).
|
|
– Третий уровень – общее среднее образование (11-12 классы). | – Үшінші деңгей – жалпы орта білім (11-12 сыныптар).
|
|
– Когда разработан Государственный общеобязательный стандарт образования Республики Казахстан? | – Қазақстан Республикасы Білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты қашан әзірленді?
|
|
– Разработан 2 сентября 1999 года согласно постановлению Правительства Республики Казахстан «О порядке разработки, утверждения и сроках действия государственных общеобязательных стандартов». | – Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын әзірлеу, бекіту және әрекет ету мерзімінің тәртіптері туралы» қаулысына сәйкес 1999 жылғы 2 қыркүйекте әзірленді.
|
Колледж
Университет | Колледж
Университет
|
|
аттестат зрелости | кәмелеттік аттестат
|
|
– Ты учишься в школе или в колледже? | – Сен мектепте оқисың ба, әлде колледжде оқисың ба?
|
|
– В каком году ты окончил(а) школу? | – Мектепті қай жылы бітірдің?
|
|
– С какими оценками ты закончил(а) школу? | – Мектепті қандай бағалармен бітірдің?
|
|
– У меня в основном четвёрки (пятёрки, тройки). | – Бағаларым негізінен төрт (бес, үш).
|
|
– Как ты сдал(а) выпускные экзамены? | – Бітіру емтихандарын қалай тапсырдың?
|
|
– Какую специальность ты получишь в колледже? | – Колледжден сен қандай мамандық алып шығасың?
|
|
– Вы в какой университет поступаете? | – Сіз қай университетке оқуға түспексіз?
|
|
– Я поступаю в медицинский, экономический, строительный университет. | – Мен медицина, экономика, құрылыс университетіне түспекпін.
|
|
– Сколько вступительных экзаменов Вы сдаёте? | – Түсерде неше сабақтан емтихан тапсырасыз?
|
|
– Я сдаю три экзамена. | – Мен үш емтихан тапсырамын.
|
|
– Какой у Вас конкурс? | – Сіздерде конкурс қандай?
|
|
– Сколько человек на место? | – Бір орынға неше адам?
|
|
– Какой проходной балл? | – Өтетін балы қанша?
|
|
– У нас два (три) человека на место. | – Бізде бір орынға екі (үш) адам.
|
|
– У нас высокий (не высокий) проходной балл. | – Бізде өту балы жоғары (жоғары емес).
|
|
– Сколько баллов вы набрали? | – Сіз қанша балл алдыңыз?
|
|
– Вы прошли по конкурсу? | – Конкурстан өттіңіз бе?
|
|
– В каком университете вы учитесь? | – Қай университетте оқисыз?
|
|
– Вы студент, заочник? | – Сіз сырттай оқитын студентсіз бе?
|
|
– Сколько у Вас человек в группе? | – Тобыңызда қанша адам бар?
|
|
– Кто у Вас декан факультета? | – Сіздерде факультет деканы кім?
|
|
– Какие лекции вам больше всего нравятся? | – Сіздерге қандай дәрістер көбірек ұнайды?
|
|
– Вы успеваете записывать лекции? | – Сіз лекцияны жазуға үлгеріп жатырсыз ба?
|
|
– Сессия у нас начинается в конце декабря и в конце мая. | – Бізде сессия желтоқсанның аяғында және мамырдың аяғында басталады.
|
|
– Какие экзамены и зачёты вы сдаёте в эту сессию? | – Бұл сессияда қандай емтихандар мен сынақтар тапсырасыздар?
|
|
– Сколько времени продлится сессия? | – Сессия қанша уақытқа созылады?
|
|
– Когда начинаются каникулы? | – Демалыстарыңыз қашан басталмақ?
|
|
– Сколько времени продлятся каникулы? | – Демалыс неше күнге созылады?
|
|
– Когда у вас будет производственная, преддипломная практика? | – Өндірістік диплом алдындағы практикаларыңыз қашан болады?
|
|
– Где будет проходить практика? | – Практика қайда өтпекші?
|
|
– Сколько времени продлится практика? | – Практика қанша уақытқа созылады?
|
|
– Когда у вас будет защита диплома? | – Дипломды қашан қорғайсыздар?
|
|
– Куда вас направляют работать по распределению? | – Сізді қай жерге жұмысқа бөлді?
|
|
– Меня направляют работать в школу. | – Мені мектепке жұмыс істеуге жіберетін болды.
|
|
– Меня оставляют работать в университете. | – Мені университетке жұмысқа қалдырмақшы.
|
|
– На каком курсе вы учитесь? | – Сіз нешінші курста оқып жүрсіз?
|
|
– Я учусь на третьем (втором, четвёртом) курсе. | – Мен үшінші (екінші, төртінші) курста оқимын.
|
|
– Я учусь по специальности «История». | – Мен тарих мамандығында оқимын.
|
|
– По каким специальностям у вас можно получить второе высшее образование? | – Сіздерде қандай мамандықтар бойынша екінші жоғары білім алуға болады?
|
|
– Второе высшее образование можно получить по специальностям «Юриспруденция», «Финансы и кредит», «Менеджмент и маркетинг». | – «Құқықтану», «Қаржы және кредит», «Менеджмент және маркетинг» мамандықтары бойынша екінші жоғары білім алуға болады.
|
|
– Каким образом осуществляется оплата за обучение? | – Оқу ақысын қалай төлеуге болады?
|
|
– В соответствии с пожеланиями студентов и их родителей оплата может производиться частями 6 раз в течение академического года. | – Студенттер мен олардың ата-аналарының қалауы бойынша оқу ақысын бір академиялық жыл ішінде 6 рет бөліп төлеуге болады.
|
|
– Каковы сроки обучения на программах бакалавриата и магистратуры? | – Бакалавриат және магистратура бағдарламалары бойынша оқу мерзімдері қандай?
|
|
– Установленные сроки обучения на программах бакалавриата - 4 года, магистратуры – 2 года. | – Белгіленген оқу мерзімі бакалавриат бағдарламасы бойынша – 4 жыл, магистратура бағдарламасы бойынша – 2 жыл.
|
|
– Имеется ли возможность завершить обучение ранее установленных сроков? | – Оқуды белгіленген мерзімнен ерте бітіруге бола ма?
|
|
– Да, такая возможность предусматривается самой кредитной технологией. | – Иә, кредиттік технология жүйесінде мұндай мүмкіндік бар.
|
|
– Есть ли у вас медицинский центр? | – Сіздерде медициналық орталық бар ма?
|
|
– На территории студенческого городка института функционирует медицинский центр, оснащённый необходимой аппаратурой и медикаментами, где можно своевременно и квалифицированно получить медицинскую помощь, включая экстренную. | – Студенттер қалашығы аумағында қажетті аспаптармен және дәрі-дәрмектермен жабдықталған медициналық орталық жұмыс істейді, ол жерде уақтылы және білікті медициналық қызмет, жедел көмек көрсетіледі.
|
|
– А какие условия для занятий физкультурой и спортом? | – Дене шынықтыруға, спортпен айналысуға қандай жағдайлар жасалған?
|
|
– В институте имеется спортивный комплекс, в состав которого входит большой спортивный зал для занятий баскетболом и волейболом, два тренажёрных зала, открытое футбольное поле. | – Институтта баскетбол және волейбол ойнауға арналған үлкен спорт залы, екі жаттығу залы, ашық футбол алаңы бар спорт кешені жұмыс істейді.
|
|
– Как обеспечивается питание студентов? | – Студенттердің тамақтану жағы қалай?
|
|
– У нас имеются различные кафе и автоматы по продаже кофе и напитков. | – Бізде түрлі дәмханалар, кофе мен сусын сататын автоматтар жұмыс істейді.
|
|
– У нас ещё имеется большая научная библиотека, кроме того есть астрономическая обсерватория, геологический музей, ботанический сад и другие учреждения. | – Бізде сондай-ақ үлкен ғылыми кітапхана бар, одан басқа астрономиялық обсерватория, геологиялық мұражай, ботаникалық бақ және басқа да мекемелер бар.
|
|
– Как мне пройти в университетскую библиотеку? | – Мен университет кітапханасына қалай бара аламын?
|
|
– Вы не скажете, где находится библиотека Отырар? | – Отырар кітапханасы қайда екенін айтып жібересіз бе?
|
|
– Сколько книг в вашей библиотеке? | – Сіздің кітапханада қанша кітап бар?
|
|
– Можно у вас получить книгу на неделю? | – Сіздерден бір аптаға кітап алуға бола ма?
|
|
– Где у вас читальный зал? | – Сіздерде оқу залы қай жерде?
|
|
– В какие часы работает читальный зал? | – Оқу залы қай уақыттарда істейді?
|
|
– Дайте мне второй том сочинений Турара Рыскулова. | – Маған Тұрар Рысқұловтың шығармалар жинағының екінші томын беріңізші.
|
– Я хочу просмотреть подшивку ... за этот год.
- журнала «Ақиқат»
- газеты «Жас Алаш»
- журнала «Абай» | – Мен ... биылғы жылғы тігіндісін көрейін деп едім.
- «Ақиқат» журналының
- «Жас Алаш» газетінің
- «Абай» журналының
|
|
– Разрешается ли использовать литературу в читальном зале? | – Кітапты оқу залында отырып оқуға бола ма?
|
|
– К кому я должен(а) обратиться по данному вопросу? | – Бұл мәселе жөнінде менің кімге жолығуым керек?
|
|
– Можно ли обратиться к заведующему читального зала? | – Кітапхана меңгерушісіне жолығуға бола ма?
|
|
– Отложите, пожалуйста, для меня эту книгу. | – Мына кітапты алмақшы едім, бөлек қойыңызшы.
|
|
– На какой срок книга даётся на дом? | – Кітап үйге қанша мерзімге беріледі?
|
|
– Дайте, пожалуйста, подшивку газеты «Жас Алаш» за май этого года. | – Маған «Жас Алаш» газетінің осы жылғы мамыр айындағы тігіндісін берсеңіз.
|
|
– Это последний номер журнала? | – Журналдың соңғы саны осы ма?
|
|
– Когда я должен сдать (вернуть) эти книги? | – Бұл кітаптарды мен қашан өткізуім (қайтаруым) керек?
|
|
– Чтобы записаться в нашу библиотеку, нужно предъявить удостоверение. | – Біздің кітапханаға жазылу үшін куәлігіңізді көрсетуіңіз керек.
|
|
– Вот ваш читательский билет. | – Міне сіздің оқырман билетіңіз.
|
|
– Все новинки находятся не стенде справа (слева). | – Жаңа кітаптар оң (сол) жағыңыздағы қабырғада тұр.
|
|
– Вот список журналов, которые мы получаем. | – Біз алып тұратын журналдардың тізімі мінеки.
|
|
– Книги у нас выдаются на срок две (три) недели. | – Бізде кітаптар екі (үш) аптаға беріледі.
|