Главная Гид Упражнения Тесты Песни Словарь Автор Телеграм-канал
Казахский язык
Главная  Полезные материалы → Сборники фраз, аудиокурсы → Русско-казахский разговорник → Здоровье
Дастархан
Дом
Здоровье
Культура
Образование
Профессия
Путешествие
Спорт
Торговля
Услуги
Формулы общения
Повседневные фразы

Здоровье

Денсаулық

Аудио к теме 1:   tilashar03_densaulyq_1.MP3

1. ЗДОРОВЬЕ   /   ДЕНСАУЛЫҚ
врачдәрігер
приёмқабылдау
записатьсяжазылу
вызовитешақырыңыз
палатапалата
медсестрамедбике
страховой полиссақтандыру полисі
приём к врачудәрігердің қабылдауына
– Мне нужна ... .– Маған ... керек.
– Запишите меня.– Мені жазыңызшы.
– Вызовите врача.– Дәрігер шақырыңызшы.
– Мне нездоровится.– Мен ауырып/науқастанып тұрмын.
– Где находится ...?
    ... поликлиника
    ... больница
– ... қай жерде орналасқан?
    Емхана ...
    Аурухана ...
– У вас есть медицинский страховой полис?– Медициналық сақтандыру полисіңіз бар ма?
– Дайте мне, пожалуйста, телефон врача-терапевта.– Маған терапевт-дәрігердің телефонын беріңізші.
– Я хотел бы записаться на приём к врачу.– Мен дәрігердің қабылдауына жазылайын деп едім.
– У вас принимает врач окулист?– Сіздерде окулист-дәрігер қабылдай ма?
– Мне нужна консультация отоларинголога.– Маған отоларингологтің кеңесі керек.
– Запишите меня ...
    ... на сегодня
    ... на завтра
    ... на послезавтра.
– Мені ... жазыңызшы.
    ... бүгінге ...
    ... ертеңге ...
    ... арғы күнге ...
– Сколько стоит приём у врача-стоматолога?– Тіс дәрігерінің қабылдауы қанша тұрады?
– Сколько стоит вызов врача на дом?– Дәрігерді үйге шақыру қанша тұрады?
– Есть ли у вас опытный, квалифицированный хирург?– Сіздерде тәжірибелі білікті хирург (оташы) бар ма?
– Где кабинет детского врача?– Балалар дәрігерінің кабинеті қайда?
– Мне нужно пройти профосмотр.– Менің профтексеруден өтуім қажет.
– Дайте, пожалуйста, талон к врачу-эндокринологу.– Эндокринолог дәрігеріне талон беріңізші.

Аудио к теме 2:  tilashar03_densaulyq_2.MP3

2. СКОРАЯ ПОМОЩЬ   /   ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ
– Скорая помощь?– Бұл жедел жәрдем бе?
– Скорая слушает. – Жедел жәрдем тыңдап тұр.
– Можно вызвать врача? – Дәрігер шақыруға бола ма?
– Можно. Назовите адрес. – Болады. Мекенжайыңызды айтыңыз.
– Мы живём по улице Богенбай батыра, угол проспекта Абылай хана. – Біз Бөгенбай батыр көшесі мен Абылай хан даңғылының қиылысында тұрамыз.
– Номер дома, квартиры? – Үйіңіздің, пәтеріңіздің нөмірі?
– Как можно подъехать к дому? – Үйге қай жақтан баруға болады?
– Фамилия, имя, отчество больного? Сколько ему (ей) лет? – Науқастың аты-жөні? Жасы қаншада?
– Сорок шесть. – Қырық алтыда.
– Что болит? – Қай жері ауырып жатыр?
– Болит голова, очень высокая температура. – Басы ауырып жатыр, қызуы өте жоғары.
– Ждите, подъедет машина. – Күтіңіз, машина барады.
– Приезжайте скорее. – Тезірек келсеңіздер екен.
– Можно войти? Здравствуйте! – Кіруге бола ма? Сәлеметсіз бе?
– Входите, пожалуйста. – Кіріңіз.
– Где больной? – Науқас қайда?
– В этой комнате. – Мына бөлмеде.
– Как вы себя чувствуете? – Денсаулығыңыз қалай?
– С какого времени болеете? – Қашаннан бері ауырып жатырсыз?
– Уже два дня. – Екі күн болды.
– Со вчерашнего дня (три дня назад).– Кешеден бері (үш күн болды).
– На что Вы жалуетесь? – Қай жеріңіз ауырады?
– Сильно болит голова. – Басым қатты ауырады.
– Голова кружится? – Басыңыз айнала ма?
– Я ...
    ... сломал руку
    ... вывихнул палец.
– Мен ...
    ... қолымды сындырып алдым
    ... саусағымның буынын шығарып алдым.
– У меня голова кружится (не кружится), есть одышка, кашель. – Басым айналады (айналмайды) ентігемін, жөтелемін.
– У меня поднимается температура. – Қызуым көтеріледі.
– Печень (желудок, почки) болит/болят. – Бауырым (асқазаным, бүйрегім) ауырады.
– Какая у Вас температура? – Қызуыңыз қанша болды?
– Измерьте температуру. – Қызуыңызды өлшеңізші.
– Тридцать восемь и пять. – Отыз сегіз де бес.
– Покажите язык. – Тіліңізді көрсетіңіз.
– Давайте измеряем ваш пульс. – Тамырыңызды ұстап көрейін.
– Вас надо госпитализировать. – Сізді ауруханаға жатқызу керек.
– В какую больницу повезёте? – Қай ауруханаға апарасыздар?
– Во вторую городскую больницу. – Екінші қалалық ауруханаға.
– Вы согласны лечь в больницу? – Ауруханаға жатуға келісесіз бе?
– Согласен. – Келісемін.
– Одевайтесь. – Киініңіз.
– Проходите. – Бері жүріңіз.
– Ложитесь, пожалуйста. – Жатыңыз.
– Вставайте. – Тұрыңыз.
– Выходите. – Шығыңыз.
– Пройдёмте. – Жүріңіз.

Аудио к теме 3:  tilashar03_densaulyq_3.MP3

3. У ВРАЧА   /   ДӘРІГЕРДЕ
аллергияаллергия
анализанализ, талдау
ангинабаспа
аппендицитсоқыр ішек
бинтдәке
бессонницаұйқысыздық
болезньауру
вывихтайдыру, шығару
глазакөз
головабас
горлотамақ
грудькеуде
давлениеқысым
желудокасқазан
животіш
кашельжөтел
– Здравствуйте!– Сәлеметсіз бе!
– Подойдите.– Бері келіңіз.
– Садитесь.– Отырыңыз.
– Ваше фамилия, имя, отчество?– Аты-жөніңіз қалай?
– Сколько Вам лет?– Неше жастасыз?
– Мне сорок лет.– Қырық жастамын.
– Где Вы работаете?– Қайда жұмыс істейсіз?
– Я работаю на заводе.– Зауытта жұмыс істеймін.
– Кем Вы работаете?– Кім болып істейсіз?
– Я работаю инженером.– Инженер болып жұмыс істеймін.
– Впервые ли Вы обращаетесь к врачу?– Дәрігерге алғаш рет қаралып отырсыз ба?
– К врачу обращаюсь в первый раз.– Дәрігерге алғаш рет келіп отырмын.
– Кто Вас направил?– Сізді кім жіберді?
– Меня к Вам направил(а) участковый врач.– Мені учаскелік дәрігер жіберді.
– Где Вы родились?– Қай жерде тудыңыз?
– Я родился(ась) в Ерейментауском районе Акмолинской области.– Ақмола облысының Ерейментау ауданында тудым.
– В семье нет ли больных?– Үйіңізде ауру адам жоқ па?
– В семье есть больной человек (в семье больного человека нет).– Үйімізде ауру адам бар (үйімізде ауру адам жоқ).
– Отец (жена) болеет.– Әкем (әйелім) ауырады.
– На что Вы жалуетесь?– Қай жеріңіз ауырады?
– Что Вас беспокоит?– Сізді не мазалайды?
– У меня болит живот (сердце, ноги, голова).– Менің ішім (жүрегім, аяғым, басым) ауырады.
– Часто вы болеете?– Жиі ауырасыз ба?
– У меня боли в сердце (в желудке, в пояснице).– Жүрегім (асқазаным, белім) ауырып отыр.
– Как болит?– Қалай (қайтіп) ауырады?
– Живот крутит.– Ішім бұрап ауырады.
– В сердце бывает колющая боль.– Жүрегім шаншып ауырады.
– В ноге ноющая боль.– Аяғым қақсап ауырады.
– Болит голова, особенно виски.– Басым ауырады, әсіресе шекем.
– Вы замужем?– Күйеуге шығып па едіңіз?
– Вы женаты?– Үйленгенсіз бе?
– Женат (не женат).– Үйленгенмін (үйленбегенмін).
– У Вас есть дети?– Балаларыңыз бар ма?
– Есть четверо детей.– Төрт балам бар.
– Дети не болеют?– Балаларыңыз ауырмай ма?
– Мои дети болеют (не болеют).– Балаларым ауырады (ауырмайды).
– Сколько у Вас было родов?– Неше рет босандыңыз?
– Пять раз была беременной, родила четырёх, был один выкидыш.– Бес рет көтердім, төрт рет босандым, біреуі түсік болды.
– Какими болезнями Вы болели в детстве?– Бала кезіңізде қандай аурулармен ауырған едіңіз?
– Болела в детстве ангиной, корью, дифтерией.– Бала кезімде баспамен, қызылшамен, күлмен ауырдым.
– Разденьтесь до пояса, пожалуйста!– Беліңізге дейін шешініңіз!
– Дышите спокойно и глубоко.– Еркін әрі терең демалыңыз.
– Разденьтесь совсем.– Киіміңізді түгел шешіңіз.
– Одежду повесьте, пожалуйста, на вешалку.– Киіміңізді ілгішке іліңіз.
– Снимите обувь (чулки, носки).– Аяқ киіміңізді (шұлығыңызды) шешіңіз.
– Ложитесь на кушетку. – Тақтаға жатыңыз.
– Ложитесь на спину.– Шалқаңыздан жатыңыз.
– А теперь ложитесь на живот.– Ал енді етбетіңізден жатыңыз.
– Ложитесь на правый (левый) бок.– Оң жақ (сол жақ) бүйіріңізбен жатыңыз.
– Расслабьтесь, расслабьте живот.– Денеңізді, ішіңізді бос ұстаңыз.
– Встаньте!– Тұрыңыз!
– Сядьте!– Отырыңыз!
– Одевайтесь!– Киініңіз!
– Наденьте рубашку!– Көйлегіңізді киіңіз!
– Откройте рот!– Ауызыңызды ашыңыз!
– Дышите спокойно!– Бірқалыпты дем алыңыз!
– Дышите глубже!– Терең дем алыңыз!
– Сделайте глотательное движение!– Жұтыныңыз!
– Встаньте, пожалуйста!– Тұрыңызшы!
– Стойте спокойно!– Қозғалмай тұрыңыз!
– Поднимите обе руки вверх!– Екі қолыңызды жоғары көтеріңіз!
– Опустите руки! – Қолыңызды түсіріңіз!
– Поверните голову! – Басыңызды бұрыңыз!
– Согните руки в локтевых суставах!– Екі қолыңызды шынтағыңыздан бүгіңіз!
– Наклонитесь, ноги в коленях не сгибать.– Еңкейіңіз, тізеңізді бүкпеңіз.
– Посмотрите вверх (вниз).– Жоғары (төмен) қараңыз.
– Следите за моим пальцем!– Менің саусағыма қараңыз!
– Я Вам выпишу больничный лист.– Мен сізге ауырғаныңыз жөнінде қағаз жазып беремін.
– Приходите на приём в понедельник (во вторник, среду, четверг, пятницу).– Қабылдауға дүйсенбіде (сейсенбіде, сәрсенбіде, бейсенбіде, жұмада) келіңіз.

Аудио к теме 4:  tilashar03_densaulyq_4.MP3

4. В АПТЕКЕ   /   ДӘРІХАНАДА
вазелинвазелин
ватамақта
горчичникиқышақағаз
грелкажылытқы
каплитамшы
лекарствадәрі-дәрмек
мазьжақпамай
марлядәке
пипеткадәрі тамызғыш
пластырьпластырь
порошкиұнтақ
таблеткитаблетка
отдел готовых лекарствдайын дәрілер бөлімі
– У вас есть это лекарство?– Сіздерде мына дәрі бар ма?
– Мне нужно заказать лекарство по этому рецепту.– Маған мына рецепт бойынша дәрі дайындау керек.
– Дайте мне что-нибудь от головной (зубной) боли, от расстройства желудка, от простуды (от гриппа), от кашля.– Маған бас (тіс), асқазан ауруын, тұмауды, жөтелді басатын бірдеңе беріңізші.
– Когда будет готово лекарство?– Дәрі қашан дайын болады?
– Объясните, пожалуйста, как принимать это лекарство?– Бұл дәріні қалай ішу керектігін (қабылдау керектігін) түсіндіріңізші?
– Сколько раз в день нужно принимать это лекарство?– Бұл дәріні күніне неше рет ішу керек?
– Это лекарство нужно принимать три раза в день по одной таблетке (по одному порошку), по одной столовой (чайной) ложке.– Мына дәріні бір таблеткадан (бір ұнтақтан), бір ас (шай) қасықтан күніне үш рет қабылдау (ішу) керек.
– Это лекарство нужно принимать перед едой или после еды?– Мұны тамақ алдында ішу керек пе, әлде тамақтан соң ба?
– На это лекарство нужен рецепт.– Бұл дәріге рецепт керек.
– Ваше лекарство будет готово через два (три) часа, вечером (завтра).– Сіздің дәріңіз екі (үш) сағаттан кейін, кешке (ертең) дайын болады.
– Это лекарство можно получить без рецепта. Оплатите в кассу.– Бұл дәріні рецептісіз алуға болады. Кассаға төлеңіз.
– Принимайте это лекарство до еды (после еды, во время еды).– Бұл дәріні тамақ алдында (тамақтан кейін, тамаққа қосып) қабылдаңыз.
– Мне нужно средство от гриппа.– Маған тұмауға қарсы дәрі керек еді.
– Что вы можете предложить от простуды?– Суық тигенге қандай дәрі бересіз?
– Перед употреблением взболтать.– Қабылдаудан бұрын шайқап алыңыз.
– Принимайте лекарство строго по инструкции.– Дәріні тек нұсқаулыққа сәйкес қабылдаңыз.
– У меня бессонница, дайте мне, пожалуйста, снотворное.– Мен ұйықтай алмай жүрмін, маған ұйықтататын дәрі беріңізші.
– Мне нужен фито-чай от желудка (печени, почек).Маған асқазанның (бауырдың, бүйректің) шөп шайы қажет.
– К сожалению, это лекарство можно купить только по рецепту врача.– Өкінішке орай, бұл дәріні тек дәрігердің рецептісімен сатып алуға болады.
– Мне, пожалуйста, стерильный бинт и вату.– Маған стерильді дәке және мақта беріңізші.

Аудио к теме 5:  tilashar03_densaulyq_5.MP3

5. В ПОЛИКЛИНИКЕ   /   ЕМХАНАДА
дежурный врачкезекші дәрігер
главный врачбас дәрігер
заведующий отделениембөлім меңгерушісі
фельдшерфельдшер
здравпункт (медпункт)сауықтыру пункті (медпункт)
регистратуратіркеу
медицинская картамедициналық карта
история болезнисырқатнама
больничный лист (бюллетень)саухат қағаз (бюллетень)
выдать (выдавать), продлить (продлевать), закрыть (закрывать) бюллетеньсаухат қағаз беру, ұзарту, жабу
медицинская справкамедициналық анықтама
выдать (выдавать) медицинскую справкумедициналық анықтама беру
выписать рецептрецепт жазып беру
ставить (поставить) печатьмөр басу
приёмные часықабылдау сағаты
кабинет врачадәрігердің кабинеті
рентгеновский кабинетрентген кабинеті
процедурный кабинетем-дом кабинеті
кабинет физиотерапиифизиотерапия кабинеті
тяжёлая (опасная, неизлечимая, инфекционная) болезньқатты (қауіпті, ем қонбайтын, жұқпалы) ауру
хроническое (инфекционное) заболеваниесозылмалы (жұқпалы) дерт
простудасуық тию, тұмаурату
насморк/грипптұмау
воспаление лёгкихөкпенің қабынуы
порок сердцажүрек ақауы
ревматизмсал (ревматизм)
гастритасқазан ауруы
язва желудкаасқазан жарасы
пищевое отравлениетамақтан улану
солнечный приступкүн өту
приступ сердечный (аппендицита)жүрек ауруының (соқыр ішектің) ұстауы
опухоль доброкачественная (злокачественная)зарарсыз (қатерлі) ісік
травмазақым, жарақат
растяжениесозылу
переломсыну
вывихбуынның шығуы (буынның таюы)
ожогкүйік, күйген жер
ранажара, жарақат
промыть (перевязать) ранужараны жуу (таңу)
нарывіріңдеу
фурункулшиқан
обморокталу (есінен танып қалу)
сознаниеес
терять (потерять) сознаниеестен тану
прийти в сознаниеесін жинау
осложнениеасқыну
пульстамырдың соғуы
температура нормальная (повышенная, высокая, пониженная)қызуы қалыпты (көтеріңкі, жоғары, төмен)
проверить кислотностьқышқылдықты өлшеу
укол, прививкаукол, егу
делать операциюоперация (ота) жасау
– Что Вас беспокоит?– Қай жеріңіз ауырады?
– Снимите рубашку (платье).– Жейдеңізді (көйлегіңізді) шешіңіз.
– Разденьтесь до пояса.– Беліңізге дейін шешіңіз.
– Дышите.– Дем алыңыз.
– Глубоко дышите.– Терең дем алыңыз.
– Не дышите.– Дем алмаңыз.
– Как болит сердце?– Жүрегіңіз қалай ауырады?
– Боли в сердце колющие.– Жүрегім шаншып ауырады.
– Режущих, ноющих болей нет.– Кесіп, сыздап ауырмайды.
– Ноет, колит?– Сыздап, шаншып ауыра ма?
– Когда заболели?– Қашан ауырдыңыз?
– Вчера заболел(а).– Кеше ауырдым.
– Впервые или повторно?– Бірінші рет пе, жоқ қайталау ма?
– Первый раз заболел(а).– Бірінші рет ауырдым.
– В каком году?– Қай жылы?
– В этом году.– Осы жылы.
– Есть ли одышка?– Ентігесіз бе? (демігесіз бе?)
– Есть одышка (одышки нет).– Ентігемін (ентікпеймін).
– Боли бывают днём или ночью?– Күндіз ауыра ма, түнде ауыра ма?
– Ночью болит, днём не болит.– Түнде ауырады, күндіз ауырмайды.
– Сердце сжимается?– Жүрегіңіз қысыла ма?
– Сжимается сердце (не сжимается).– Жүрегім қысылады (қысылмайды).
– Связано ли это с физическими нагрузками?– Бұл ауру ауыр жұмысыңызбен байланысты ма?
– Это болезнь связана с родом моей деятельности (не связано).– Бұл ауру менің кәсібіммен байланысты (кәсібіммен байланысты емес).
– Боли постоянные или приступами?– Үнемі ауырып тұра ма, әлде ұстамалы ма?
– Болит не постоянно, приступами.– Үнемі ауырмайды, кейде ғана ұстайды
– Какова продолжительность болей?– Ауру қанша уақытқа созылады?
– Боли продолжаются 10-15 минут.– Ауру он-он бес минутқа созылады.
– Бывают ли боли в состоянии покоя?– Тынығып жатқанда ауыра ма?
– В состоянии покоя не болит (болит).– Тынығып жатқанда ауырмайды (ауырады).
– Сделайте несколько приседаний.– Бірнеше рет отырып тұрыңызшы.
– Бывают ли судороги в ногах?– Аяғыңыз құрыса ма? Тамыры тартыла ма?
– Иногда бывают судороги (не бывают судороги).– Тамырым кейде тартылады (тартылмайды).
– Головокружение бывает?– Басыңыз айнала ма?
– Голова кружится (не кружится).– Басым айналады (айналмайды).
– Сознание теряете?– Есіңізден танасыз ба?
– Сознание не теряю (теряю).– Есімнен танбаймын (танамын).
– Чем болели раньше?– Бұрын немен ауырдыңыз?
– Я всегда был здоров.– Денсаулығым жақсы болатын.
– Раньше было воспаление печени и часто простужался (раньше не болел(а)).– Бұрын бауырым қабынған және жиі суық тиіп қалатын (бұрын ауырған жоқпын).
– Проходит ли боль при применении лекарств и каких?– Дәрі ішкенде ауырғаны басыла ма? Қандай дәрі ішкенде басылады?
– При приёме лекарств боли ослабевают (не ослабевают).– Дәрі ішкенде ауырғаны басылады (басылмайды).
– Бывают ли отеки в ногах?– Аяғыңыз домбыға ма?
– Ноги отекают (не отекают).– Аяғым домбығады (домбықпайды).
– Тошнота бывает?– Жүрегіңіз айни ма?
– Тошнит (не тошнит).– Жүрегім айниды (айнымайды).
– Бывает ли рвота?– Құсасыз ба?
– Есть рвота (нет рвоты).– Құсамын (құспаймын).
– Одышка возникает в покое (когда стоите или сидите) или при подъёме на лестницу, при физической нагрузке?– Жай тұрғанда (тұрғанда, отырғанда) баспалдақпен көтерілгенде, ауыр жұмыс істегенде демігесіз бе?
– Появляется ли одышка при ходьбе по ровному месту?– Тегіс жермен жүргенде демігесіз бе?
– Нет.– Жоқ, демікпеймін.
– Бывают ли внезапные приступы удушья?– Кенеттен тұншығу ұстамасы бола ма?
– Приступы бывают (не бывают).– Ұстама кейде болады (болмайды).
– Появляются ли по ночам приступы удушья?– Түнде тұншығасыз ба?
– Приступы бывают (не бывают).– Тұншығамын (тұншықпаймын).
– Удушье появляется, когда Вы приподнимаетесь с постели?– Төсектен тұрған кезде тұншығасыз ба?
– Вы спите на одной подушке или Вам необходимо пользоваться дополнительной?– Сіз бір жастықпен жатасыз ба, әлде қосымша жастық қажет пе?
– На одной подушке (на нескольких).– Бір (бірнеше) жастықпен жатамын.
– Боль отдаёт в левую лопатку (в левую руку, шею, челюсть)?– Сол жақ жауырыныңыз (сол қолыңыз, мойыныңыз, жақтарыңыз) ауыра ма?
– Болит левая рука, челюсть.– Сол жақ қолым, жағым ауырады.
– Вы испытываете чувство стеснения в груди (давления в области сердца)?– Кеудеңіз (жүрегіңіздің тұсы) қысып тұрғандай бола ма?
– Боли в груди.– Кеуде тұсым қысып тұрады.
– У Вас есть чувство нехватки воздуха?– Ауа жетпей тұрғандай бола ма?
– Не хватает воздуха.– Ауа жетпейді.
– Испытываете ли вы ощущение, напоминающее изжогу?– Қыжылдағандай бола ма?
– Есть изжога.– Жүрегім қыжылдайды.
– Боль за грудиной (в области сердца) возникает при физической нагрузке?– Кеудеңіздің (жүрегіңіздің) тұсы ауыр жұмыс істегенде ауыра ма?
– Боль за грудиной ( в области сердца) возникает при волнении, нервно-психическом напряжении?– Кеудеңіз (жүрегіңіздің тұсы) ренжігенде, қобалжығанда ауыра ма?
– Снимает ли боль нитроглицерин?– Нитроглицерин ауырғанды баса ма?
– Проходит ли боль после прекращения физической нагрузки?– Ауыр жұмысты тоқтатқан кезде ауырғаны басыла ма?
– Проходит (не проходит).– Басады (баспайды).
– Вам помогло лекарство?– Сізге дәрі-дәрмек көмектесті ме?
– Ничего серьёзного нет.– Қауіпті ештеңе жоқ.
– Соблюдайте диету.– Диета сақтаңыз.
– Я выпишу вам рецепт.– Мен сізге рецепт жазып беремін.
– Нужно сделать анализ крови.– Қанның анализін тапсыру керек.

Весь разговорник (аудио) можно скачать по ссылке:   Русско-казахский разговорник (Tilashar)



 <<  Дом Наверх ↑ Культура  >> 

Казахский язык. Просто о сложном © Татьяна Валяева,  2007–2026
Главная
Цвета текста на сайте
Поиск по сайту
Гид по изучению
грамматики
Грамматика детям
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Глаголы
Личные окончания
Причастия
Местоимения
Наречия
Проверь себя!
Упражнения
Тесты
Словарь
Разговорник
Практика
Песни
Сказки
Пословицы
Гостевая книга
Автор
kaz-tili@yandex.kz
Телеграм-канал
Канал в MAX
WhatsApp-группа