Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Модальность
Предложения
  Проверь себя!
  Упражнения
   Грамматика детям
   Учим всей семьёй
 Видео
  Разговорник
Пословицы
  Книга для чтения
С казахским не шутят?
Сказки
Песни
Статьи
Словарь
Ссылки и др.
Автор сайта
 01 
 02 
 03 
 04 
 05 
 06 
 07 
 08 
 09 
 10 
 11 
 12 
 13 
 14 
 15 
 16 
 17 
 18 
 19 
 20 
 21 
 22 
 23 
 24 
 25 
 26 
 27 
 28 
 29 
 30 
 Кирил/Latyn 

С казахским не шутят?

Выпуск 21

Автор идеи, составитель и переводчик текстов
с английского языка на русский: Андрей Краснов

21-01
      Сессия алдында екі студент:
      – Не оқып тұрсың?
      – Кванттық механиканы.
      – Не кітапты төңкеріп пе?
      – Онда тұрған не...
Скрыть текст
21-02
      Тәжірибелі дәрігер, емделушісін қарап болып, өзінің жас әріптесіне:
      – Бұған тез арада ота жасау керек.
      – Не үшін?
      – Швейцар банкісінде есеп шоты бар екен.
Скрыть текст
21-03
      Екеуі әңгімелесіп:
      – Сіздер "Фигаро тойында" болдыңыздар ма?
      – Жоқ, құттықтау хатымен шектелдім...
Скрыть текст
21-04
      Тіс дәрігерінің кабинетінде.
      – Науқас, батылдандыңыз ба?
      – Иә, дәрігер. Енді менің тісіме жақындап көріңізші!
Скрыть текст
21-05
      – Итіңіз қандай әдемі еді! Ол, ақылды шығар?
      – Енді қалайша! Мен кеше кешкі қыдырыста оған: " Біз бір нәрсені ұмытқандаймыз". Ол отырып, құлағын қасып, нені ұмытқанымызды есіне түсіре бастады.
Скрыть текст
21-06
      Париждегі суретші-абстракционистердің соңғы көрмесі жанжалмен аяқталды. Ең таңдаулы деп аталған сурет, өрт кезінде қауіпсіз жерге көшіру жоспарының көрмесінен алынған көрінеді.
Скрыть текст
21-07
      – Жігіттер, мен барға кеттім. Кімге - неге бір нәрсе алып келейін бе?
      – Ол жақтан Лёханы алып кел, ол маған шұғыл түрде керек.
Скрыть текст
21-08
      Реалити-шоу жеңімпазы ай сайын өмірінің соңына дейін 2 000 доллар алып отырады.
      Р.S. Өмірінің соңғы күнін реалити-шоу демеушісі белгілейді.
Скрыть текст
21-09
      Аңшы тайгада адасып қалды. Түн. Суық. Қорқынышты.
      – Ау! Көмектесіңдер! Кім бар мұнда?
      Кенет арт жағынан иық тұсынан біреудің түрткенін сезеді. Артына бұрылса - дәу аю есінеп:
      – Ал мен бармын! Жеңілденіп қалдың ба?
Скрыть текст
21-10
      Қалыңдық - күйеуге жігітке:
      – Бұл масқара! Кеше менің әкем өзінің бар дүниесін ұттырып жіберді, енді біз үйлене алмаймыз.
      – Уайымдама, қымбаттым! Оны ұтқан мына менмін...керек болып қалар деп.
Скрыть текст
21-11
      Кешкілікте арақ ішу жаман әдет, таңертең айран немесе минералды су ішу жақсы әдетін туындатады.
Скрыть текст
21-12
      "Арықтауға көмектесемін! Сіздердің түскі және кешкі астарыңызды өзіме аламын". Студент Петров.
Скрыть текст
21-13
      Прапорщик ротаны сапқа тұрғызды.
      – Бүгін жертаса қазамыз.
      Сарбаз:
      – Прапорщик жолдас, жертасаны қай жерден қазамыз?
      Прапорщик:
      – Осы жерден бастай беріңдер, мен барып біліп келейін.
Скрыть текст
21-14
      Саңырау әрі мылқау кісі біреуге келіп айтып жатыр екен:
      – Кеше үйге түнде келсем әйелім маған бірден айқайлай бастады.
      Досы сұрапты:
      – Енді сосын сен не істедің?
      – Жарықты өшіре салдым.
Скрыть текст
21-15
      104 жастағы еврей дүниеден өткелі жатыр. Оған 108 жастағы досы келіп:
      – Абрам, сен өзіңді қалай сезініп жатырсың?
      – Изя, өте жаман, жаман. Мүмкін, тақауда Алланы көретін шығармын!
      – Егер онда Ол сұрайтын болса: "Онда Изя қалай?" десе, сен мені көрген жоқсың, мен туралы ештеңе білмеймін дерсің.
Скрыть текст
21-16
      Еркек:
      – Дәрігер, менің әйелімнің тамағы ауырып қалды, сөйтіп ол дауысын жоғалтты.
      Дәрігер:
      – Мен оны емдей алмаймын деп қорқамын...
      Еркек:
      – Міне керемет дәрігер, рахмет! Үлкен рахмет!
Скрыть текст
21-17
      – Ұлым, математика пәнінен "екілігіңді" қашан жоясың?
      – Ана, білмеймін. Мұғалім журналды үнемі өзімен бірге ұстап жүреді!
Скрыть текст
21-18
      Сен ақылды бірдеңе айтқан кезіңде оны бәрі байқағаны жақсы, бірақ сен орынсыз бірдеңе айтып қалған кезіңде оны ешкім де естімесе бұл одан да жақсырақ.
Скрыть текст
21-19
      Көшеде мас біреу жаяу анда-мында өткендерге айтып жүр екен:
      – Сен ішесің бе?
      – Иә.
      – Өт. Ал сен ше?
      – Иә.
      – Сен де өте бер. Ал мына сен ше?
      – Жоқ.
      – Тыңдашы, бөтелкені ұстай тұршы, мен бәтеңкемнің бауын байлап алайын.
Скрыть текст
21-20
      Петров жұмысқа бара жатқан, ол тіпті сыра ішкісі келген жоқ. Бірақ жігіттердің барлығы бірдей қалмай сыра дүкеншігіне бұрылып жатты. Оған да бұрылуға тура келді. Петров мүлде шеккісі келіп тұрған жоқ еді, бірақ кезектің барлығы түтіндетіп тұрды, сосын олда амалсыз қалтасынан шылымын шығарды. Сыра ішіп темекі тартып алып болып барлығы жұмысқа кетті, сонда Петров ойланып қалды:
      "Мен еркекпін бе әлде қаңбақпын ба? Жел қайда үрсе сонда ұша беруді қою керек", - деп үйіне кетіпті.
Скрыть текст
21-21
      Белгісіз жас жігіт жүз метрге жүгіруден чемпионатты ұтып кетті.
      – Сіздің қолыңыздан осындай ғажайып жетістікке жету қалай келді? Сіз қай клубта жаттықтыңыз?
      – Мен атыс тирінде нысандарды ауыстырушы болып жұмыс істеймін...
Скрыть текст
21-22
      Жиһаз дүкенінің алдындағы хабарландыру:
      "Егер сізде сирек кездесетін жиһазды алатын қаражат жоқ болса, сіз бізден заманауи жиһазды несиеге ала аласыз. Сіз оның толық ақысын өтеп болғанша, олда антикварлық жиһаз болып үлгереді.
Скрыть текст
21-23
      Өтірік айта білмеу - шындықты айта салуға себеп емес.
Скрыть текст
21-24
      Демократия - бұл құл иеленушіні өзің таңдайтын мүмкіндік.
Скрыть текст
21-25
      – Даяршы, меніңше сіздердің порцияларыңыз бұрынғысынан аз секілді.
      – О, бұл оптикалық көз бояу. Мейрамхананың залы шамалы кеңейген еді, сондықтан порция кішкентай болып көрінеді.
Скрыть текст
21-26
      Жолаушы жүрдек пойыздың жолсерігінен сұрапты:
      – Айтыңызшы, жолдың осы жерінде әр он жыл сайын апат болып тұра ма?
      – Енді, білмейді екенмін...Он жыл әлі болған жоқ.
Скрыть текст
21-27
      Бірінші курс студенті өзінің курстасына айтыпты:
      – Кеттік біздің үйге, кофе ішеміз!
      – Жоқ, мен олай ете алмаймын. Біздің тіпті ортақ таныстарымыз да жоқ қой!
      – Қалай жоқ?! Эйнштейнді білемісің?
      – Әрине!
      – Онда кеттік!
Скрыть текст
21-28
      Жерлеу. Зират. Табыт, гүл шоқтары, адамдар. Сөздер естіліп жатыр:
      – Бүгін біз көрнекті саясаткерді және пәк таза жанды жерлеудеміз...
      Өтіп бара жатқан кездейсоқ біреу - жерлеуде тұрған адамға:
      – Құдайым-ау, бір табытқа қалай екеуін бірдей тығып жіберуге бастары жеткен?!
Скрыть текст
21-29
      Екі құрбы сөйлесіп тұр. Біреуі жақында бала туғанынан сұрапты:
      – Мен қашан сенің бөпеңді көруге бара аламын?
      Құрбысы томсарып:
      – Дұрысы түнгі үштерде сол. Сол кезде ол ерекше шаттанып көңілі көтеріңкі болады...
Скрыть текст
21-30
      Екі құрбы.
      – Ойлашы, бүкіл қысқы демалысымды мен бір жігітпен шаңғы базасында өткіздім.
      – Міне керемет! Қалай екен онда қар көп пе?
      – Қар? Түсінсем бұйырмасын...
Скрыть текст
21-31
      Милицияға бір кісі жүгіріп келіпті:
      – Менің уақытыммен ақшамды ұрлап кетті!
      – Қалай сонда?
      – Өй мен сағатымды әмияныма салып қойғам.
Скрыть текст
21-32
      Екі қыз кездесіпті. Біреу айтыпты:
      – Қызық, бұрын әйелдер еркектерге қарап не тапқан екен?
      – Бұрының қашан?
      – Әлгі ақша әлі жоқ болған кезде ше...
Скрыть текст
21-33
      – Сіз отбасылық өміріңізбен бақыттысыз ба?
      – О, әрине! Біз бір-бірімізді жақсы көретіндігіміз соншалық тіпті осымен ажырасуды үш мәрте кейінге ысырдық.
Скрыть текст
21-34
      – Еркекке сәтті үйлену деген не білдіреді?
      – Бұл қолыңды улы сұр жыландар жатқан қалтаға тығып жіберіп ішінен сужыланды суырып алу.
Скрыть текст
21-35
      – Дәрігер, сіз деген маған мына таблеткаларды мен мықтырақ болуым үшін жазып бермеп пе едіңіз иә?
      – Иә, не болып қалды?
      – Мен енді шөлмекті аша алмай қалдым...
Скрыть текст
21-36
      – Мені өмірдегі бақытты адам қылатын бір сөз бар. Маған тұрмысқа шығасың ба?
      – Жоқ!
      – Міне, дәл осы сөз.
Скрыть текст
21-37
      Жас шейх перзентханаға келіп терезелі есіктен үлкен залдағы нәрестелерді қарап тұр екен. Сосын медбикеден сұрапты:
      – Ал менің сәбилерім қайсысы?
      – Алғашқы екі қатары, жоғары мәртебелім!
Скрыть текст
21-38
      Асханадағы хабарландыру:
      "Жолдас студенттер! Өтініш, шұжықтарды еденге тастамаңыздар, әйтпесе алдында бірнеше ит пен мысық өліп қалды".
Скрыть текст
21-39
      Жөндеу шеберханасының есігіндегі хабарландыру:
      "Біз барлығын жөндейміз!"
      Астына жазып қойыпты:
      "Өтініш есікті қағыңыздар - қоңырау жұмыс істемейді".
Скрыть текст
21-40
      – Қазіргі таңда жастар неке алдында барған сайын үлкен қорқыныш сезінеді...
      – Және бұлары дұрыс. Мен неке дейін қорқыныш дегеннің не екенін тіпті білмегенмін!
Скрыть текст
21-41
      – Әке мен ендігіде сенімен шана тебуге бармаймын.
      – Міңгірлей бермей сүйре қане!
Скрыть текст
21-42
      Демалысты жоспарлау өте оңай. Бастық қашан болатынын айтады, ал әйелің қайда болатынын айтады.
Скрыть текст
21-43
      – Неге йогтар шегелердің үстіне ұйықтайды?
      – Өйткені бұрандалы шегеден тұрып кету қиынырақ.
Скрыть текст
21-44
      Егер жел сіздің жаққа қарай соғып тұрса, онда ақшаны лақтыруға да болады.
Скрыть текст
21-45
      – Бізде қалада машинаңызды базардың маңына қалдырмағаныңыз жөн.
      – Не, ұрлап кете ме?
      – Сатып жібереді!
Скрыть текст
21-46
      Күлік жатқан адамнан оның неге күліп жатқанын сұрапты. Ол айтыпты:
      – Өз өзіме анекдоттар айтып отырғам. Бір кезде солардың арасынан өзім өмірі естімеген біреуі түсті.
Скрыть текст
21-47
      – Абрам сен бір қоқысты екі сағаттай шығардың ғой! Бұлай бола ма екен?
      – Сабыр, Саражан! Мен оны ақыры сатып тындым!
Скрыть текст
21-48
      Аурухана ұзақ уақыт бойы жұмысқа тазалаушы әйелді таба алмай ақыры балшықпен емдейтін емхана болып қайта құрылды.
Скрыть текст
21-49
      Бір ағамыз дүкеннен қармақ сатып алмақшы екен. Біреуін қарады, екіншісін көрді. Бар қармақты бәрін қарап шықты, бірақ нақты біреуін алатын түрі жоқ. Шаршап кеткен сатушы:
      – Тыңдаңызшы, мүмкін сіз бірден балық ала саларсыз?
Скрыть текст
21-50
      Дүкенде.
      – Сізде 55-ші өлшемді шаңғы бәтеңкелері бар ма?
      – Қандай?!
      – 55-ші.
      – Кешіріңіз, онда сізге шаңғы несіне керек?
Скрыть текст


Перевод шуток на казахский:
Гульнар Абдраимова, Nurdaulet Aspenov



©  Татьяна Валяева   2007–2019
http://kaz-tili.kz/
 <<  Выпуск 20 Вернуться к началу Сказки  >> 


Присоединиться в Фейсбуке   ВКонтакте                  Цвета текста на сайте - значение                  E-mail: kaz-tili@yandex.ru                  Оставить отзыв