Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Модальность
Предложения
  Проверь себя!
  Упражнения
   Грамматика детям
   Учим всей семьёй
 Видео
  Разговорник
Пословицы
  Книга для чтения
С казахским не шутят?
Сказки
Песни
Статьи
Словарь
Ссылки и др.
Автор сайта
 01 
 02 
 03 
 04 
 05 
 06 
 07 
 08 
 09 
 10 
 11 
 12 
 13 
 14 
 15 
 16 
 17 
 18 
 19 
 20 
 21 
 22 
 23 
 24 
 25 
 26 
 27 
 28 
 29 
 30 



Автор идеи, составитель и переводчик шуток
с русского языка на английский: Андрей Краснов


С казахским не шутят?

Выпуск 26
26-01
      – Алтыным! Мен сенің туған күніңе әдемі сыйлық дайындап қойдым!
      – Енді көрсетсеңші оны маған!
      – Күте тұр! Мен қазір соны киіп жатырмын.
Скрыть текст
26-02
      – Егер жолды қара мысық кесіп өтсе, қалай әйелге әрі қарай жүре беруді жалғастыртуға көндіруге болады?
      – Одан да мысықты тауып оны қайта кейін кесіп өтуге көндіру оңай болады.
Скрыть текст
26-03
      Бақылаудан: "Егер әлдекім қолын әйел адамның сөмкесіне салса - бұл қылмыс, ал егер еркектің қалтасына салса - отбасылық өмір..."
Скрыть текст
26-04
      – Күйеу мен баланың қандай айырмашылығы бар?
      – Негізі ешқандай. Бірақ әйтеуір баланы күтушінің қасында жалғыз қалдыра беруге болады ғой...
Скрыть текст
26-05
      Хабарландырудан:
      "Отбасын құру мақсатында зиялы еркекпен танысамын. Материалдық жағдайының маңызы жоқ. Мен сізді алғаш кездестіргенімде тануым үшін қолыңызға әйелдердің 46-шы өлшемді тонын ұстап тұрыңыз..."
Скрыть текст
26-06
      Күйеуі үйіне түн ортасында келіп әйеліне айтады екен:
      – Қымбаттым, сен менің қайда болғанымды ешқашан таба алмайсың!
      – Мен табамын ғой, бірақ алдымен сенің не айтатыныңды тыңдап көрелік.
Скрыть текст
26-07
      Өзіңді табу аз, әлі өзіңді қайда қоятыныңды білуің қажет.
Скрыть текст
26-08
      Молшылықта өмір сүрме – көршілерің өшіктірме.
Скрыть текст
26-09
      – Менікі менің ығырымды шығарды. Сен дейді мені сүймейсің дейді, иә сүймейсің! Оған жаңа гауһар алқа әпердім.
      – Енді ол не дейді?
      – Сен бұны әдейі мен сені мені сүймейсің деп айтпауым үшін сатып алдың дейді!
Скрыть текст
26-10
      Күйеуі әйеліне айтыпты:
      – Балам менің әмиянымнан ақша алатынды шығарды!
      Әйелі:
      – Сен қайдан білесің? Мүмкін алған мен шығармын?
      – Мүмкін емес! Онда шамалы қалыпты...
Скрыть текст
26-11
      Шыбын көң үйіндісіне қонып қи қоңыздан сұрапты:
      – Қалай екен, өміріңдегі өзгерістерді сезініп жүрмісің?
      – Енді ше! Бұрын мен кім едім? Қи қоңыз едім. Ал қазір - тыңайтқыштар жөнінде менеджермін!
Скрыть текст
26-12
      Сот ісінде. Сот:
      – Сіз басқа адам болуыңыз керек.
      – Мен бір рет солай жасап көрдім, бірақ мені жасанды құжаттарды істеді деп айыптап жауып тастады.
Скрыть текст
26-13
      Көшеде кетіп бара жатқан біреуден сұрапты:
      – Сіз маған екі жүз долларлықты бұзып бере алмас па екенсіз?
      – Өкінішке орай жоқ, бірақ комплиментіңіз үшін рахмет.
Скрыть текст
26-14
      – Мен саған бес жылдан кейін Еуропадан артық өмір сүретіндігімізге кепілдік бере аламын.
      – Оларда не болады?
Скрыть текст
26-15
      Жолаушы пойызға билет сатып алғаннан кейін, қайтарылған ақшаны бес рет санайды.
      – Қалай, бәрі дұрыс па? – деп сұрайды тағаты таусылған кассир әйел.
      – Дұрыстығы сондай, бір тиын да артық жоқ.
Скрыть текст
26-16
      – Мейрамханаға барайық!
      – Бара алмаймын, жалғыз бара бер!
      – Сенсіз бара алмаймын!
      – Неге?
      – Ақша жоқ!
Скрыть текст
26-17
      Баскетболист базардағы ашық дүкеншеге жақындап келеді де:
      – Әжей, маған үш килограмм өрік өлшеп беріңіз.
      – Сен еңкейіп қара, балам! Бұл қауындар!
Скрыть текст
26-18
      Анасы екі апта үйінде болмайды. Қайтып келгеннен кейін ұлынан сұрайды:
      – Мен үйде болмағанда әкең көңілсіз болды ма?
      – Басында жоқ, бірақ соңғы екі күнде қатты қамыға бастады.
Скрыть текст
26-19
      Итпен қыдырғаннан кейін бір еркек үйіне қайтып келеді:
      – Азорға не болғанын білмедім, - дейді әйеліне. – Қайтып келе жатқанда жол бойы өршелене және қыңсылай берді, құдды бірдеңе айтқысы келгендей.
      Әйелі кіреберіс бөлмеге шығады, итке қарайды да:
      – Ол өзінің басқа ит екенін айтқысы келді, - дейді.
Скрыть текст
26-20
      Милицияға түсу үшін емтихан. Қабырғада әр түрлі пішінді саңылаулар: дөңгелек, шаршы және үшбұрыш. Үстел үстінде үш түрлі фигура жатыр: текше, шар және пирамида. Міндет - фигураларды тиісті саңылауларға орналастыру қажет. Барлық түсушілер: өте ақылдылар және өте мықтылар болып екі топқа бөлінді.
Скрыть текст
26-21
      Психиатрға Аяз Ата келеді де:
      – Дәрігер, көмектесіңіз! Мен өзіме сенбеймін... - дейді.
Скрыть текст
26-22
      – Прораб! Күрек сынып қалды!
      – Бетон араластырғышқа сүйей сал.
Скрыть текст
26-23
      Күйеуі кешкісін кештетіп үйге келеді. Әйелі:
      – Қайда болдың?
      – Досыммен шахмат ойнадым.
      – Неге сыраның иісі мүңкіп тұр?
      – Не, шахматтың иісі мүңкіп тұру керек пе еді?
Скрыть текст
26-24
      Бір кісі кітап дүкеніндегі сатушыдан сұрапты:
      – Айтыңызшы, сізде "Қалай тез байып кетуге болады" деген кітап бар ма?
      – Иә, бар, бірақ ол тек қылмыстық кодекс кітабымен қосылып сатылады.
Скрыть текст
26-25
      – Вася, мені трамвай аялдамасына дейін шығарып салшы.
      – Тәте, уақытым жоқ. Апам сен кеткен соң, кешкі ас ішеміз - деді.
Скрыть текст
26-26
      – Петя,- деп таңырқапты анасы, - неге сен тісіңді жетінші рет ысып жатырсың?
      – Сен мені бүкіл аптаға жайыма қалдыруың үшін.
Скрыть текст
26-27
      Отбасылық әңгіме:
      – Қымбаттым! Түсінбедім, мен саған неммен жақпай қалдым! Күнде таңертеңгісін жатын бөлмеңе кофе әкелемін! Саған тек ұнтақтау ғана қалады...
Скрыть текст
26-28
      Дәрігерде.
      – Дәрігер, менің тізелерім дірілдейді, өзім бейшара күйге түсемін.
      – Түсінікті. Айтпақшы, сіздің енеңіз үйіне қашан қайтады?
Скрыть текст
26-29
      Көшедегі көрініс.
      – Лотерея билетін сатып алыңыздар! Сатып алыңыздар!!! Бас жүлде - авто көлік!
      – Маған автокөліктің қажеті не? Мен жаяу жүргенді ұнатамын...
      – Сонда да сатып алыңыз, барлығы ұта бермейді ғой.
Скрыть текст
26-30
      Дүкенде сатушы сатып алушыға тіл тигізіпті.
      – Өз сөздеріңізді қайтып алыңыз! - депті сатып алушы сатушыға ашуланып.
      – Бізде ештеңе де қайтып алынбайды, -депті сатушы. -Біз тек тауарды бағасына сәйкес келетін басқасымен ауыстыра аламыз.
Скрыть текст
26-31
      Ас бөлмесі. Тыныштық. Тоңазытқыштың есігі ашылады. Одан өте үлкен тышқан құлап түседі. Қарыны қампиған, жалпақ "бетті" , мойынына шұжықтар орған, бір қолында ірімшік, екіншісінде тауықтың саны, ақырын ептеп ініне қарай жылжып келеді. Кішкене ғана ініне тақалады. Ал іннің аузына тышқанға арналған кішкентай қақпан құрылған, оған кеуіп қалған ірімшік қойылған. Тақалып, қарап былай дейді:
      – Ой, шын айтам, бұлар өзі бала секілді!
Скрыть текст
26-32
      Милицияның бөлімшесіне бір әйел жылаған күйі жүгіріп келіпті:
      – Менің күйеуімді тауып беріңіздерші, мен онсыз өмір сүре алмаймын, ал ол жоғалып кетті!
      – Қашан жоғалды?
      – Бір апта бұрын.
      – Неге енді сіз бұны тек қазір келіп айтып тұрсыз?
      – Бүгін оның айлық алатын күні.
Скрыть текст
26-33
      – Бұл кеспені жүз литр қып пісіруге болатын еді ғой - деді күйеуі әйеліне.
      – Ол саған қатты ұнады ма?
      – Жоқ, ол сол кезде мұндай тұзды болмаған еді.
Скрыть текст
26-34
      Метрода отырған еркектің қасында бір қыз түрегеп тұр екен. Еркек қызға:
      – Қарындас, менің сізге орын бермей отырғанымды кешіріңіз. Бірақ мен берсем де сіз бұл жерге сыймайтын едіңіз ғой!
Скрыть текст
26-35
      Егер саған туған еліңнің сенімен тіптен шаруасы жоқ секілді көрінсе, онда тым болмаса бір рет салық төлемей көр.
Скрыть текст
26-36
      Соңғы зерттеулер көрсетті: сиыр сүт пен ет береді деген ой қате екен! Онысын да басқасында сиырдан жәй ғана тартып алынады.
Скрыть текст
26-37
      Әйелі:
      – Мен бізді ажырастыруды талап етемін: күйеуім менің келісімімсіз барлық кастрөлдерді сатып түскен ақшаның бәрін ішіп жіберіпті.
      Күйеуі:
      – Иә, иә, ажырастырыңдар бізді - ол кастрөлдердің жоғалып кеткенін тек он алтыншы күні барып байқады!
Скрыть текст
26-38
      Сатушы әйел сатып алушыға айтыпты:
      – Мына қабырғаға ілетін сағаттар бұрамаса да екі апта бойы жүре береді.
      – Шын ба? Сонда оларды бұраса (қосып қойса) қаншаға дейін жүреді?
Скрыть текст
26-39
      Сот ісі болып жатыр. Сот айыпталушыдан сұрапты:
      – Көрші пәтерде тұратын азамат Сидоркинді сіз не үшін ұрдыңыз?
      Айыпталушы:
      – Ол деген жасырын түрде тауықтар өсірген жоқ па! Және ол бұл ісін биік ғимараттың он екінші қабатындағы пәтерінде жасады!
      Сот:
      – Енді оның несі сізге жақпай қалды сонда?
      Айыпталушы:
      – Енді былай ғой, әлгі Сидоркиннің тауық өсіретінін білген кезіме дейін мен үш ай бойы психиатрда емделген едім, өйткені қабырғаның артынан шығатын қақылдаған дауыстарды өзімнің ауыру қиялымның кесірінен деп ойлап жүргем.
Скрыть текст
26-40
      Нотариус өсиетті жариялағаннан соң, жесір марқұм күйеуінің өз мирасының жартысын хатшы қызына қалдырғанын біліп таңғалып, тағы ашуланыпты. Ашудан өзін-өзі ұстай алмаған жесір бейітке тас қашап қоюға тапсырыс берген шеберіне келіп оған айтыпты:
      – Маған молаға қоятын тақтадағы жазуды өзгерту керек.
      – Кешіріңіз, бірақ ойып жазылған сөзді өзгерту мүмкін емес. Тек тағы бірдеңе қосып жазып жіберуге болады, не дегенмен бірталай жазатын жері қалды.
      Шамалы ойланып, жесір би депті:
      – Жарайды, онда "тыныш ұйықта" деген сөзге, "әлі қайта кездескенімізше" деп қосып жіберсеңіз.
Скрыть текст
26-41
      Телевидениедегі хаттан:
      "Мені көптен бері мынадай сұрақ мазалап жүр: осы итке беретін тамақтың одан да дәмдірек бола түскенін кім анықтайды екен?"
Скрыть текст
26-42
      Анасы баласына түскі ас үстінде айтыпты:
      – Неге сен қолыңмен бүкіл үстел үстінен созылып отырсың? Сенің не тілің жоқ па?
      – Бар. Бірақ мен қолым ұзаққа жетеді.
Скрыть текст
26-43
      Күйеуі үйіне таң атпай қайтыпты.
      – Сен қайда болдың? - деп сұрапты әйелі абыржыған үнмен. -Мен түні бойы көз ілмей шықтым.
      – Ха! Мені ұйықтады деп ойлаймысың?
Скрыть текст
26-44
      Күйеуі - әйеліне:
      – Қымбаттым, сен бізге бүгін бір ән деп жібермеймісің?
      – Қонақтар деген тарап жатыр емес пе...
      – Бірақ олар тіпті зауықсыз, асығатын түрлері жоқ...
Скрыть текст
26-45
      Неке айыру ісінде куәгер айтыпты:
      – Көршілерімнің тәртібі жағынан жаман ештеңе айта алмаймын. Әрдайым у шусыз тек үнсіз ғана төбелесіп жүретін.
Скрыть текст
26-46
      Хабарландыру:
      "Кеше біздің зообақтан тасбақа қашып кетті. Оны тапқандарға, өтініш тасбақаны 180 градусқа бұрып жіберіңіздерші."
Скрыть текст
26-47
      Бір кісі түсі ас ішуге мейрамханаға келіпті. Тапсырысын берді, жарты сағат, бір сағат, бір жарым сағат, ал даяршы қыз болса әлі жоқ. Ол ақыры мейрамхананың басшысын шақырып алыпты.
      – Міне сізге ақша, даяршыңызға гүлдер алыңыз.
      Қожайын:
      – Ол сізге қатты ұнап қалды ма?
      Әлгі кісі:
      – Жоқ. Меніңше ол өліп қалды-ау деймін.
Скрыть текст
26-48
      – Бүгін күні ара-арасында жауын-шашын түседі деп күтілуде, -деп айтты тәжірибелі метеоролог.
      Жас көмекші таңданыспен жасанды серіктердің түсірілімдеріне иіліп қарап тұрып:
      – Қандай мәліметтерге негізделе отырып сіз осындай қорытындыға келдіңіз?!
      –Мен бүгін үйімде қолшатырымды ұмытып кеткем, көлігімді жуып қойғам және кешкісін ашық аспан астында таза ауада өтетін отырысқа шақырылғанмын!
Скрыть текст
26-49
      – Осыдан зейнетке шығып алайын...өзімнің екінші кітабымды бітіремін.
      – О, сіз жазамысыз?
      – Жоқ, оқимын.
Скрыть текст
26-50
      Дүкенде:
      – Міне сіз келіп маған бұны таза жүннен жасалған дейсіз, ал бірақ та зат белгісінде жүз пайыз мақтадан делінген!
      – Ә, біз осылай күйе көбелектерді алдаймыз!
Скрыть текст


Перевод шуток на казахский:
Nurdaulet Aspenov, Гульнар Абдраимова, Гульмира Ажмаганбетова



©  Татьяна Валяева   2007–2020
http://kaz-tili.kz/
 <<  Выпуск 25 Вернуться к началу Сказки  >> 


Присоединиться в Фейсбуке   ВКонтакте                  Цвета текста на сайте - значение                  E-mail: kaz-tili@yandex.ru                  Гостевая книга