Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Модальность
Предложения
  Проверь себя!
  Упражнения
   Грамматика детям
   Учим всей семьёй
 Видео
  Разговорник
Пословицы
  Книга для чтения
С казахским не шутят?
Сказки
Песни
Статьи
Словарь
Ссылки и др.
Автор сайта
 01 
 02 
 03 
 04 
 05 
 06 
 07 
 08 
 09 
 10 
 11 
 12 
 13 
 14 
 15 
 16 
 17 
 18 
 19 
 20 
 21 
 22 
 23 
 24 
 25 
 26 
 27 
 28 
 29 
 30 



Автор идеи, составитель и переводчик шуток
с русского языка на английский: Андрей Краснов


С казахским не шутят?

Выпуск 27
27-01
      Дәрігер науқасқа айтыпты:
      – Сізге тез арада ота жасау керек.
      – Келіспеймін. Ота жасатқанымша одан да жақсысы өліп кетейін.
      – Біреуі басқасына кедергі емес...
Скрыть текст
27-02
      Азаматша тəртіп сақшысына жақындады:
      – Мен сізге саяси əзіл айтып берейін.
      – Менің тəртіп сақшысы екенімді көріп тұрған жоқсың ба, немене?
      – Жақсы, онда мен əзілді асықпай, екі рет айтамын.
Скрыть текст
27-03
      Дәрігер науқасты тексеріп жатып:
      – Ой-ей-ей!
      Науқас:
      – Дәрігер не болды, сонша қатерлі ма не?
      Дәрігер:
      – Иә, көкетай, ота жасау керек. Өте қатты қиын ота жасау керек!
      Науқас:
      – Әйтеуір өмір сүре аламын ба?
      Дәрігер:
      – Өмірді сүресіз ғой, бірақ ашып айтсам, мен сізге олай кеңес бермес едім...
Скрыть текст
27-04
      Диалог:
      – Меніңше біздің көршімізге біздің Вованың барабанда ойнағаны ұнамайтын сияқты.
      – Неге, қызым?
      – Кеше ол Воваға шаппа пышақ сыйлады.
      – Енді не болыпты?
      – Сосын ол былай деп айтты, "Вова, сен барабанның ішінде не бар екенін білесің бе?"
Скрыть текст
27-05
      – Сен үкісің ба бозторғайсың ба?
      – Аюмын мен...
      – Ол кім?
      – Көрсеңші мені түртіп, ұйқыда жатқанымда!
Скрыть текст
27-06
      – Дәрігер! Мен сізді осында жауынның кезінде шақырғаным үшін ыңғайсызданып тұрмын!
      – Ештеңе етпейді, менде осыған көрші үйде тағы бір науқасым бар, сондықтан мен бірден екі қоянды өлтіремін.
Скрыть текст
27-07
      Екі құрбы кездесуде:
      – Сәлем! Шынымен де бұл сенбісің? Апыр-ай бақандай он бес жыл көріспедік қой! Ал сен біршама толығыпсың, мен тіпті басында сені танымай қалдым.
      – Сен де қатты өзгеріпсің. Егер сенің гүлдері бар көйлегің болмаса, мен де сені танымай қалар едім.
Скрыть текст
27-08
      Сот, дін қызметшісі және салық инспекторы арасында адамдар кімді артық сыйлайды деген дау туады.
      – Мені адамдар «Құрметті сот , - дейді сот.
      – Ал мені - "Құрметті дінбасы", - дейді дін қызметшісі.
      – Ал мен, - дейді салық инспекторы, - қай дүкен не банкке кірсем де, бәрі: «Құдайым-ау, бұл тағы да сіз бе!!!» - дейді.
Скрыть текст
27-09
      Көптен көріспеген екі құрбы кездесіпті. Олардың біреуі өзінің күйеуі жайлы айта бастапты:
      – Оны күн сайын көп болып жиналып жұрт күтіп тұрады, бәрі ұзақ кезекке тұрып ол көрінгенде қатты қуанады.
      – Мәссаған, бұндай лауазымды қызмет иесі болы сондай жақсы шығар! Сонымен ол кім болып істейді?
      – Автобус жүргізушісі.
Скрыть текст
27-10
      Журналист миллионерден сұхбат алуда:
      – Сізге табысқа жетуге не көмектесті?
      – Ақша өзімен-өзі ешқандай да роль ойнамайды деген наным, міне осы.
      – Осы наным сізге баюға көмектесті ме?
      – Жоқ, мен осыған қарамағымдағыларды нандыра алған кезімде барып байыдым.
Скрыть текст
27-11
      Егер ит сөйлеп кетсе, еркек соңғы досынан айырылады.
Скрыть текст
27-12
      Әйелді сүймеу – қылмыс, сүю – жаза.
Скрыть текст
27-13
      Әйелі дәрігерге барыпты:
      – Дәрігер, көмектесіңіз, менің күйеуім өзін әлденелер іздеп жүр деп қорқады!
      Дәрігер оған дәрумендер берді, сосын әйел кетіп қалды. Бір айдан соң ол кездейсоқ әлгі әйелді жолықтырады:
      – Қалай болды, дәрілер көмектесті ме?
      – Жоқ, бір апта бұрын оны тұтқындап барлық дүние мүлкін тәркілеп алды.
Скрыть текст
27-14
      Бір адам "Көріпкелдік қызметтер" деген хабарландыру бойынша қоңырау шалыпты:
      – Сәлеметсіз бе, бұл көріпкел ме?
      – Иә.
      – Сіздің қабылдауыңызға бейсенбіге жазылуға бола ма?
      – Болмайды.
      – Неге?
      – Сейсенбіде сіз аяғыңызды сындырасыз.
Скрыть текст
27-15
      Бәрі бар еркекке тамаша сыйлық – оның бәрімен не істеуге болатынын білетін әйел.
Скрыть текст
27-16
      Әйелдің ақымақтықтарына егер ол көп ақша тұрмаса назар аудармаса да болар еді.
Скрыть текст
27-17
      Кішкентай Наум әкесіне:
      – Папа, неге бізге бәрі күледі?
      – Ұлым, егер саған бәрі күлсе, бұл аса қорқынышты емес. Егер сен үшін жылап отырса, әлдеқайда жаман.
Скрыть текст
27-18
      Анасы ұлына:
      – Музыканы бұлай қатты қоймасайшы, саңырау болып қаласың!
      Ұлы:
      – Рахмет, мама, мен түскі ас ішіп алғанмын!
Скрыть текст
27-19
      Анасы өзінің кішкентай ұлынан сұрайды:
      – Туған күніне не қалайсың?
      – Ат, тапанша және үш күн жуынбауды!
Скрыть текст
27-20
      – Петров мырза, тергеуден қатты шаршамаған шығарсыз?
      – Ол не дегеніңіз, тергеуші мырза! Мен отау құрғаныма жиырма жыл.
Скрыть текст
27-21
      Жас тартымды әйел жағажайда. Жалғыз. Бір жас жігіт жақындап келеді:
      – Бойжеткен, сіз сондай сұлусыз, жалғыз зеріккен жоқсыз ба?
      – Жігітім, кім болып жұмыс істейсің?
      – Курьермін.
      – О, тамаша. Сіздікі дұрыс, мен шынында да қатты зеріктім. Анау күнге күйген бұлшықты еркекке жақындап барып маған шақырып жібересіз бе?
Скрыть текст
27-22
      Қызға қонақта отырғанында марғау сылапты, оны бірден сол жерде Роберт деп атапты. Үйге кеш келіп ол өзінің анасын асүйге сыбырлап шақырыпты:
      – Апа-ау таныс, бұл Роберт.
      – Ал бұған әкең не деп екен? Ол мана ұйықтап қалған еді.
      Бес минуттан соң асүйге салтанатты түрде қырағы әкелері кіріп келіпті: костюм киген, галстук тағып алған, жүзі жадырап қолында бір бөтелке арағы бар екен...
Скрыть текст
27-23
      Гүлдер дүкеніндегі сатып алушының өтініші:
      – Менің әйелім үшін 99 раушан гүлін таңдап беріңіз.
      Сатушы шошынып:
      – Сонша не бүлдіріп едіңіз?
Скрыть текст
27-24
      Анасы кішкентай баласына ұрысып:
      – Сен нағыз торайсың. Бәрін бұлғадың. Торайдың кім екенін білесің бе?
      – Иә, апа, торай шошқаның баласы...
Скрыть текст
27-25
      Жұмыс адамды пысытады, жалқаулық оны бақытты етеді.
Скрыть текст
27-26
      – Ештеңеден әйел не жасай алады?
      – Шаш үлгісін, салат және трагедия.
Скрыть текст
27-27
      Екі құрбы сөйлесуде:
      – Мен саған қызығамын: сенің жігітің сондай биязы, саған ықыласпен қарайды, сені үнемі тыңдайды, сыйлықтар жасайды, гүл әкеледі. Сен неге оған тұрмысқа шықпайсың?
      – Себебі осылай жалғаса бергенін қалаймын.
Скрыть текст
27-28
      – Мен психиатрға менің күйеуім темекі түтінін мұрнынан шеңбер қып шығарады дедім, ал болса, бұл өмірге қауіпті емес деді.
      – Шын, еркектердің көбі солай істейді.
      – Бірақ менікі темекі тартпайды!!!
Скрыть текст
27-29
      Бір купеде жазушы мен дін қызметшісі келе жатыр. Әкей жазушыдан:
      – Құдай алдымен ер адамды сосын әйел адамды жаратты деген ұстаныммен келісесіз бе?
      – Әрине, мен де ең алдымен кітапты шығармас бұрын қойын дәптеріме жазамын.
Скрыть текст
27-30
      Ер азаматтар әйелден:
      – Неге сіздерді құдай бір уақытта әдемі әрі ақымақ қылып жаратты?
      Оның жауабы:
      – Әдемі - сіздер бізді сүйсің деп, ақымақ қылып - біз сіздерді сүю үшін.
Скрыть текст
27-31
      Сотта куәгерден:
      – Жасыңыз нешеде?
      – Оны есептеу керек. Мен күйеуге шыққан кезімде жиырмада болатынмын, ал күйеуім қырықта. Қазір ол жетпісте, сонда менің жасым отыз бес.
Скрыть текст
27-32
      – Сіз отбасыңызға қамқор бола аласыз ба? - деп әкесі қызын айттырып жүрген жігіттен сұрайды.
      – Әрине!- дейді үміткер.
      – Мен өте қуаныштымын. Тек ұмытпаңыз - біздің отбасымызда сегіз адам.
Скрыть текст
27-33
      Екі аққұба қыз аэропортта сөйлесіп отыр. "Боинг" ұшағын көріп:
      – Тыңдашы, мұндай үлкен затты қалай ұрлауға болады?! Оны қайда тығасың?
      – Сен не ақымақсың ба? Оларды аспанда кішкентай болған кезінде әуеде ұрлайды.
Скрыть текст
27-34
      Мұғалім:
      – Балалар, таңғажайып кездейсоқтықтың мысалын кім келтіре алады?
      Вовочка:
      – Мен! Менің әкем мен анамның тойы бір күнде болған.
Скрыть текст
27-35
      Масалар әйелдерге қарағанда біраз жұмсақтау. Мысалы, маса сіздің қаныңызды ішіп отырған кезінде, ызыңдауын қояды.
Скрыть текст
27-36
      – Менің қызым ұялы телефон сияқты.
      – Сондай кішкентай, заманауи әрі іске қабілетті ме?
      – Жоқ, ақшам таусылған кезде менімен сөйлеспейді.
Скрыть текст
27-37
      Супермаркетте қарапайым, түрі абыржулы ер азамат көрікті әйелдің қасына келіп:
      – Білесіз бе, мен әйелімнен көз жазып қалдым. Менімен екі минут сөйлесе аласыз ба?
      – Неліктен?
      – Жай, мен көрікті әйелдермен сөйлесіп тұрған кезімде, әйелім шыға келеді.
Скрыть текст
27-38
      – Сені әйелің тастап кетті ме? Уайымдама! Бір-екі аптадан кейін сен тіпті оны ойлауды да ұмытып қаласың!
      – Жоқ, ұмытпаймын.
      – Сен не оны сонша қатты жақсы көремісің?
      – Жоқ, бірақ маған әлі екі жыл бойы оның жаңа тоны үшін несие төлеу керек.
Скрыть текст
27-39
      Шахмат ойнамастан бұрын мектепте оқитын баласы әкесіне:
      – Демек келістік, жеңілген адам бірден тұрып, үй жұмысын орындауға кіріседі.
Скрыть текст
27-40
      – Менің неге жылап жібергенімді білесің бе? - деп сұрапты әйелі күйеуінен әмбебап дүкеннен шығып келе жатып.
      – Білемін, бірақ менде ондай ақша жоқ.
Скрыть текст
27-41
      Дәулетті отбасыда бір көріксіздеу қыз болыпты. Оған бір жігіт келетінді шығарды, сосын бірде анасы жастардың сүйісіп тұрған жерінен үстерінен түсті. Ол қатал түрде жігіт айтты:
      – Сіз бұны шын ниетпен істеп жүр деп үміттенемін?
      – Ал сіз қалай ойладыңыз? Ләззат алу үшін емес қой енді!
Скрыть текст
27-42
      Тұрғын үйдің қасындағы дүкеншенің алдында екі кемпір отыр екен. Біреуі сұрапты:
      – Менің атым кім?
      Екіншісі ұзақ ойланып алып жауап қатыпты:
      – Сен асығып тұрмысың?
Скрыть текст
27-43
      Қызы анасынан сұрапты:
      – Сен маған қандай күйеуді таңдауға кеңес берер ең?
      – Ох, күйлерді өздерінің әйелдеріне қалдыршы сол. Өзіңе бір жақсы бойдақ жігіт тауып алда.
Скрыть текст
27-44
      Егер ер адам үйден керек емес бір шүберек тауып алса, ол оны лақтыра салады.
      Егер әйел адам үйден керексіз шүберек тауып алса, ол оны тағы керек емес болатын 10 шүберек етіп қиып тастайды.
Скрыть текст
27-45
      – Жаңа жұмысың қалай екен? Ұжымың ше?
      – Керемет. Әсіресе олардың жаңа дәстүрі ұнады - бастықтың жасаған әр ескертуі тост болып саналады.
Скрыть текст
27-46
      Хабарландыру:
      "Май, ет, шұжық және балықтың отандық супер-жұтқышы сатылады. Аты Шарик".
Скрыть текст
27-47
      – Маған күйеуім көрінбейтін телпек сыйлады.
      – Сонда сен оны кисең шынымен көрінбейтін болып кетесің ба?
      – Әрине жоқ. Жәй бұл қытайда тоқылған телпекпен мені ешкімде байқамайды!
Скрыть текст
27-48
      Сыраханадағы әңгіме:
      – Мен кеше әйелімнен кетіп қалдым.
      – Батыл іс. Бірақ не үшін?
      – Қуып шықты да.
Скрыть текст
27-49
      Бір адам досына шағынып жатыр:
      – Болды әйелімнен кетемін. Әйелім менің бақталасыммен тым көп уақыт өткізеді. Әйеліме онымен бірге болған ұнайды, ол көп әңгімелер айтады, әдемі ән салады...
      – Ал сен онымен бір жігітше сөйлесіп көрмеп пе ең?
      – Ол қалай сонда?
      – Енді тұмсығын бұзып дегендей ма...
      – Теледидардың ба?!
Скрыть текст
27-50
      Травматологиялық пункттің маңында бас-аяқ бинтпен таңылып тасталған ерлі-зайыптылар такси тоқтатыпты. Машинаға отырып, шопырдан өтініпті:
      – Тек қатты айдамаңызшы, өтінеміз, әйтпесе кеше бізге бір даңғой тап болды, сөйтіп ақыры апатқа ұшырап тындық.
      Таксиші оларға қарап қуанған түрмен айтыпты:
      – О де, ал мен сіздерді танымай қалдым ғой!
Скрыть текст


Перевод шуток на казахский:
Nurdaulet Aspenov, Гульмира Ажмаганбетова, Гаухар Назымбекова



©  Татьяна Валяева   2007–2020
http://kaz-tili.kz/
 <<  Выпуск 26 Вернуться к началу Сказки  >> 


Присоединиться в Фейсбуке   ВКонтакте                  Цвета текста на сайте - значение                  E-mail: kaz-tili@yandex.ru                  Гостевая книга