Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Конструкции
Предложения
  Проверь себя!
  Упражнения
   Грамматика детям
  Удивительный мир
Видеокурс
   Разговорник
Фразеологизмы
   Книга для чтения
С казахским не шутят?
Рассказы
Сказки
Песни
Полезное
Словарь
Ссылки
Автор
 1 
 2 
 3 
 4 
 5 
 6 
 7 
 8 
 9 
 10 
 11 
 12 
 13 
 14 
 15 
 16 
 17 
 18 
 19 
 20 
 21 
 22 
 23 
 24 
 25 
 26 
 27 
 28 
 29 
 30 
 31 
 32 
 33 
 34 
 35 
 36 
 37 
 38 
 39 
 40 
 41 
 42 
 43 
 44 
 45 
 Қаз/Qaz 

С казахским не шутят?

Выпуск 22

Автор идеи, составитель и переводчик текстов
с русского языка на английский: Андрей Краснов

22-1
      Клиент әйел дүкенге келіп шағымданыпты:
      – Кеше көрпе сатып алған едім. Сіздер ол таза жүннен дегенсіздер, ал мен үйіме барып одан 100% мақта деген зат белгіні көрдім.
      – Дұрыс. Бұл заттаңба күйе көбелектер жаңылыссын деп әдейілеп тігіледі.
Мәтінді жасыру
22-2
      Жексенбілік мектептің мұғалимасы аспан туралы айтып болды.
      – Ал енді балалар, кім жұмаққа барғысы келсе қолдарыңды көтеріңдер.
      Бір ғана оқушыдан басқасының бәрі қолдарын көтерді.
      – Сенің жұмаққа барғың келмей ме?
      – Мен бара алмаймын, -деп жылап жіберді балақай, - анам маған мектептен кейін бірден үйге тіке қайт деп бұйырған.
Мәтінді жасыру
22-3   🌞
      Балақай бөлмесінде су ататын тапаншамен ойнап отыр. Анасы асүйден бақырып:
      – Абайла! Суыңмен паркетке атпа!
      – Алаңдамай-ақ қой анашым! Мен сиямен құйып атып жатырмын!
Мәтінді жасыру
22-4
      Пойыздың жолаушысы:
      – Жолсерік, сіздің вагоныңызда темекі шегуге бола ма?
      – Жоқ!
      – Онда мына тұқылдар қайдан шықты?
      – Ақымақтың сұрағын қоймайтындардан шықты.
Мәтінді жасыру
22-5
      Күйеуі әйеліне түсіндіруде:
      – Егер жасыл түс жанса сен жүруің керек, ал егер қызыл болса тұрасың. Ал егер мен әбден бозарып дірілдеп отырсам сен тоқтауың керек.
Мәтінді жасыру
22-6
      Күйеуі әйелімен театрға барайын деп жатыр:
      – Сүйіктім, саған жиырма минуттан кейін шығу үшін қанша уақыт керек болады? - деп сұрапты күйеуі спектакльдің басталуына үш сағат бұрын.
Мәтінді жасыру
22-7
      Жүргізуші автобақылаушыға ашыныпты:
      – Жолдас сержант, мұнда сол жақ бұрылыс жоқ па еді?
      – Бар, бірақ ол ақылы.
Мәтінді жасыру
22-8
      – Адамдарды синоптиктің мансабының қай жері қызықтырады?
      – Сен тағы қай жерде берілген жүздің елуінен қателесіп тұрып жұмысыңнан айырылып қалмайсың?
Мәтінді жасыру
22-9
      Бір жанұя тойға барайын деп жатыр. Қалай киіну жайлы ұзақ айтысты. Ақыры шаштарының түсіне сай киінетін болып шешілді.
      – Мен қара көйлек киіп барамын, -дейді қызы.
      – Мен сары жидемді киемін, - депті ұлы.
      – Мен сұр түсті бірдеңе кие саламын - деп шешті анасы.
      Әкесі:
      – Сендер сүйтті деп мен не тыр жалаңаш барайын ба енді?
Мәтінді жасыру
22-10
      – Сіз енді аз емес осы елу жасқа келдіңіз, бірақ үйленетін ойыңыз жоқ.
      – Мен некеге қарсы емеспін. Тек менің ерекше талаптарыммен қалауларым бар. Маған мінезі мен сырт келбеті толық қарама-қайшы келетін қызға үйленгім келеді.
      – Сонда осынған дейінгі проблема осы болғаныма? Біздің қалада деген әдемі әрі сымбатты, интеллигентті да мейрімді қыздар толып жатыр ғой!
Мәтінді жасыру
22-11
      – Кеншілер тағы аштық жариялады.
      – Нені талап етуде өздері?
      – Тамақты да...
Мәтінді жасыру
22-12
      Бастық - қарамағындағыларға:
      – Міне біздің жаңа әріптесіміз. Оған өздерің мен сендерді бақылап тұр деп ойлаған кезде не істейтіндеріңді көрсетіңдер.
Мәтінді жасыру
22-13
      – Алло бұл мәйітхана ма? Қазір анам қоңырау шалады, оған менімен бәрі жақсы деп айта салыңызшы!
Мәтінді жасыру
22-14
      – Алло, бұл анықтама ма?
      – Күте тұрыңыз, қазір сұрап көрейін...
Мәтінді жасыру
22-15
      – Сен мен сияқты басқаны енді таппайсың.
      – Мен сен сияқты басқаны іздемеймін да.
Мәтінді жасыру
22-16   🌞
      Кілттерге арналған салпыншақ - бұл андай кішкентай зат, онымен бірден барлық кілтіңді жоғалтып алуға болады.
Мәтінді жасыру
22-17
      – Вань, осы қарасам сен мені сүймейтін сияқтысың. Сен тіпті мен түгіл, анау өзіңнің итіңді көбірек жақсы көресің!
      – Маня, қойшы енді, мен сендердің екеуіңді де бірдей жақсы көремін.
Мәтінді жасыру
22-18
      – Азаматша Петрова, - депті сот, - неге сіз күйеуіңізді үтікпен ұрдыңыз?
      – Мен оған көңіл жықпайтын мінезді екенімді жүз рет айттым, ал ол сенген жоқ...
Мәтінді жасыру
22-19
      Белгілі дуагерден сұрайды:
      – Сіз жарнамалық хабарландыруыңызда: «Күйеуіңізді қайтарып беремін. 100% - дық нәтижесі бар». Сіз қалай сәтті орындай аласыз?
      – Әрине, кетіп қалған күйеуінен ең құрығанда үш күнге оралуын сұрауға тура келеді.
Мәтінді жасыру
22-20   🌞
      Психоаналитикте.
      – Сіз тым қиналып тұрсыз. Сіз бойыңызды еркін ұстауыңыз керек. Мен мұндай жағдайда мысалы, әйелімді алып, мейрамханаға жүріп кетемін...
      – Кеңесіңізге рахмет, дәрігер, мен де дәл солай жасаймын. Сіздің әйеліңіз қайда тұрады?
Мәтінді жасыру
22-21
      – Маған тұрмысқа шықшы.
      – Жарайды, -деп жауап беріпті қыз. Сөйтіп бәрі тынышталып қалады. Ақыры қыз шыдай алмай:
      – Неге сен маған басқа ештеңе айтпайсың, қымбаттым?
      – Мен онсызда артығымен айтып қойдым.
Мәтінді жасыру
22-22
      Екі еврей кездеседі.
      – Сен үйленіпті дейді ғой?
      – Иә.
      – Сәтті ме?
      – Жоқ... Терезелер аулаға қарайды...
Мәтінді жасыру
22-23
      Екі шал жас шақтарын еске алып отыр екен:
      – Мен үшін, депті біреуі, - бір әдемі қыз өмірін тәуекел етпек болды!
      – Қалай сонда?
      – Ол маған күйеуге шыққанша барып теңізге жартас құлағаным артық деп айтты.
Мәтінді жасыру
22-24
      Он жасар бала үйіне сұмдық күйде келді: киімі жыртылған, беті көк-ала болып ісіп кеткен.
      – О!, - деп қалды таңғалған анасы. -Саған әлгі баламен ойнама деп қанша рет айту керек!
      – Анашым, деп ренжиді баласы, -менің түрім біреумен ойнаған сияқты болып тұр ма не?
Мәтінді жасыру
22-25
      – Нан же балам.
      – Бірақ мен нанды ұнатпаймын.
      – Же сосын үлкен болып өсіп мықты болып кетесің.
      – Неге?
      – Қалай сонда неге? Өзің нан тауып жеуің үшін да!
      – Бірақ мен нанды ұнатпаймын ғой!
Мәтінді жасыру
22-26
      Әйелі дәрігер күйеуіне:
      – Кешкілікте біз мәдени орталықтарда болғанымызда, сен өз мамандығың туралы ұмытқаның жөн.
      – Сен нені меңзеп тұрсың?
      – Қолыңа түскен әркімнің тамыр соғысын ұстап көре беруді доғар!
Мәтінді жасыру
22-27
      – Өмірдің мәні неде?
      – Қазір айта алмаймын. Интернет істемей тұр.
Мәтінді жасыру
22-28
      – Воважан, африкалық бес түрлі аңдарды аташы.
      – Жақсы... Екі маймыл мен үш піл!
Мәтінді жасыру
22-29
      Ауыл тойында күйеу жігітті қалай тануға болады?
      Онда ең қымбат спорт кәстөмі болады.
Мәтінді жасыру
22-30
      Бардағы хабарландыру: «Егерде есіңізден айырылып ішетін болсаңыз, төлемді алдын ала төлеуіңізді өтінеміз».
Мәтінді жасыру
22-31
      – Дәрігер, мен үнемі өз-өзіммен сөйлесемін.
      – Үйдегілерге кедергі жасайсың ба?
      – Жоқ, мен жалғыз тұрамын.
      – Онда сөйлей беріңіз.
      – Бірақ мен сондай езбемін...
Мәтінді жасыру
22-32
      Мейрамхананың қожайыны даяршыға:
      – Ана бұрышта отырған адам қырық минуттай үстелде жатыр. Неге қуып шықпайсың?
      – Мен оны әрбір он минут сайын оятамын, ол шотты сұрап төлейді.
Мәтінді жасыру
22-33
      Әйелі үйіне келіп, күйеуіне мәлімдейді:
      – Мен өзіме үлкен шамадан сатып алдым, мен заттарымды жинап, анама кетемін, жетер енді төзімім жетті!
      – Енді барлығы кеш, анаң осында, ол әкеңнен өзі кетті!
Мәтінді жасыру
22-34
      Жаратылыс тану пәнінің мұғалімі оқушысына Панама каналы туралы не білетінін тексеру үшін сұрақ қойды.
      – Алғаш естуім - деді оқушы,- біздің теледидарда ондай канал жоқ - деп жауап беріпті.
Мәтінді жасыру
22-35
      – Әке, миллион евро - бұл көп пе?
      – Барлығы саған байланысты, табыс табасың ба, әлде оны жұмсайсың ба.
Мәтінді жасыру
22-36
      Сатып алушы бірнеше қалпақты өлшеп болған соң, сатушыға:
      – Мен сірә мынаны аламын. Менен қанша аласыз?
      – Ханым, ештеңе төлемейсіз. Сіз оны киіп келдіңіз.
Мәтінді жасыру
22-37
      Пойыз бір сағат кешігіп келеді. Жолсерік жолаушыдан билет талап етіп түр.
      – Мен сізге не үшін билетімді көрсетуім керек? Күнтізбе бойынша мен баяғыдан бері үйдемін!
Мәтінді жасыру
22-38
      Кішкентай қыз Аяз Атадан сұрайды:
      – Ата, сен кішкентай болдың ба?
      – Әрине, болдым.
      – Ол кезде балалар сенің сақалына күлген болар!
Мәтінді жасыру
22-39
      – Айтыңызшы, дәрігер, тамақ алдында бір рөмке ішу соншалықты зиян ба?
      – Жоқ, бірақ жиі тамақтана бермеңіз.
Мәтінді жасыру
22-40
      Таз бен жирен кездеседі. Жирен тазға:
      – Не, таз, Құдай саған шаш бермеген бе? - дейді.
      – Жоқ, жиренді ұсынған, мен бас тарттым.
Мәтінді жасыру

'🌞' – ссылка на грамматический разбор анекдота

Перевод шуток на казахский:
Nurdaulet Aspenov, Гульнар Абдраимова, Гульмира Ажмаганбетова



© Татьяна Валяева,  2007–2024
 <<  Выпуск 21 Вернуться к началу Выпуск 23  >> 

Главная             Цвета текста на сайте             Телеграм-канал «Изучаем казахский...»             kaz-tili@yandex.kz             Гостевая книга