Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Конструкции
Предложения
  Проверь себя!
  Упражнения
   Грамматика детям
  Удивительный мир
Видеокурс
   Разговорник
Фразеологизмы
   Книга для чтения
С казахским не шутят?
Рассказы
Сказки
Песни
Полезное
Словарь
Ссылки
Автор
Суперлёг. чтение
  1. 1  
  2. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  1. 4  
  1. 5  

Каталог тем
Лёг.истор.
  1. 1  
  1. 2  
  1. 3  
  1. 4  
  1. 5  
  1. 6  
  1. 7  
 Истории о детях
  1. 1  
  2. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  2. 6  
  2. 7  
 Занимательное чтение
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  3. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  3. 5  
 Казахский по уровням
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  4. 1  
  5. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  4. 2  
  5. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  4. 3  
  5. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  3. 4  
  4. 4  
  5. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  3. 5  
  4. 5  
  5. 5  
  2. 6  
  3. 6  
 Лёгкое чтение
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  
 Короткие истории
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  
 Қаз/Qaz 

Суперлёгкое чтение (Super Easy Reading)

Том 1, страница 4
Грамматика казахского языка. Просто о сложном

Автор идеи, составитель и переводчик текстов
с английского языка на русский: Андрей Краснов

      61. Ол еденді сыпырады
      Қыз еденге қарады. Ол едендегі шашты көреді. Ол едендегі жержаңғақтың қабығын көреді. Ол едендегі ұсақ тиындарды көреді. Ол едендегі қағазға арналған қыстырғыштарды көреді. Оның едені лас. Қыз сыпырғыны алады. Ол қалақты алады. Ол еденді таза сыпырады. Ол қоқысты қалаққа сыпырып салады.
Мәтінді жасыру
      62. Тойға сатып алулар
      Той болады. Той келесі айда. Жігіт өзіне жаңа костюм сатып алады. Костюм 400 доллар тұрады. Ол - қара-көк түсті. Жігіт келіншегіне сыйлық алады. Ол оған «ipad» алып береді. Ол күйеу жігітке сыйлық алады. Ол оған теннис ракеткасын алып береді.
Мәтінді жасыру
      63. Ол автобус аялдамасында тұр
      Жігіт автобус аялдамасында тұр. Ол өзінің сағатына карап тұр. Ол кешігуде. Ол абыржуда. Ол тыпыршып тұр. Ол тағы да сағатына карады. Ол көшені бойлай қарауда. Ол автобусқа қарап тұр. Ол автобусты көруде. Автобус аялдамадан бір орам жерде. Ол әрең-әрең жылжуда. Ақыры ол автобус аялдамасына келді.
Мәтінді жасыру
      64. Ол тіс дәрігеріне барады
      Қыз ваннадағы айнадан өзінің тісіне қарайды. Олар сарғайған. Қыз тіс дәрігеріне барды. Ол аузын ашты. Тіс дәрігері оның аузын қарады. Ол оның сарғайған тісін байқады. Ол оның тісін тазартты. Ол щетканы пайдаланды. Ол тіс тазартқышын пайдаланды. Ол тіс жібін пайдаланды. Тіс дәрігері жұмысын бітірді. Қыздың тісі қазір бұрынғыдан ақшыл.
Мәтінді жасыру
      65. Ноутбук және кино
      Жігіт ноутбугын ашады. Ол батырманы басады. Компьютер қосылады. Компьютер экраны жанады. Экранда белгілер шығады. Жігіт бір белгіні басады. Ол желіге шығады. Ол вебсайтқа кіреді. Вебсайт фильмдер жайлы. Ол жаңа фильм туралы оқиды. Өте қорқынышты фильм. Ол өзінің досына қоңырау шалады.
Мәтінді жасыру
      66. Ол газет оқиды
      Ер адам баспалдақпен төмен кіре беріс бөлмеге түседі. Ол өзінің пошта жәшігін ашады. Ешқандай корреспонденция жоқ. Ол пошта жәшігін жабады. Ол көшеге шығады. Ол көшенің бұрышына келеді. Ол өзінің газетке арналған жәшігін ашады. Ол одан бірнеше газетті шығарады. Ол жақын арадағы бақшаға барады. Ол отырғышқа отырады. Ол газет оқиды.
Мәтінді жасыру
      67. Полиция террористерді іздеп жүр
      Қала сақ отыр. Полиция террористердің ісімен айналысып жүр. Бұл 9/11 терактісінің он жылдығы. Полиция қаланың барлық жерінде. Олар метро бекеттерінде. Олар пойыздарда. Олар аспалы көпірлерде. Олар жер асты жолдарында. Олар 2001 жылы 11 қыркүйекте болған трагедия орнында. Олар сақадай сай.
Мәтінді жасыру
      68. Ол түннің бір уақытына дейiн дайындалады
      Жігіт кітап оқып отыр. Ертең онда бақылау жұмысы. Ол әрбір бақылау жұмысы алдында дайындалады. Ол әр сөзді оқып жаттайды. Ол маркермен маңызды сөздерді белгілейді. Ол маңызды сөйлемді белгілейді. Ол маңызды абзацты белгілейді. Кітаптың әр жері сары түспен белгіленген. Ол түннің бір уақытына дейін дайындалады. Ол түнімен дайындалады. Бақылау кезінде ұйықтап қалады.
Мәтінді жасыру
      69. Оның соңынан полицей қуып келеді
      Ер адам машинасын жылдам айдап келе жатыр. Ол оны тым жылдам айдап келеді. Полицей оны көрді. Полицей мигалкасын жақты. Полицей сирена қосты. Полицей оның соңына түсті. Ер адам полицейге мән бермеді. Ол қаттырақ айдады. Ол полиция машинасынан құтылуға тырысты. Ол жылдамдықты қосты. Ол бұрылыстың жанынан ұшып кетті. Ол өзінің машинасын соқты.
Мәтінді жасыру
      70. Ол - еңбексүйгіш әйел
      Әйел - еңбексүйгіш әйел. Ол күні бойы жұмыс істейді. Ол жұмысын үйге әкеліп істейді. Ол түннің бір уақытына дейін жұмыс істейді. Ол түн ортасына дейін компьютерде жұмыс істейді. Ол компьютерді өшіреді. Төсегіне құлап-сүрініп әрең жетеді. Оятқышты сағат алтыға қояды. Ол бірден ұйқыға кетеді. Ол жұмысы туралы түс көреді.
Мәтінді жасыру
      71. Оның жаңа ноутбугі
      Ер адамда жаңа ноаутбук бар. Ол интернетке күн сайын кіреді. Ол өзінің поштасын оқиды. Ол хаттарға жауап береді. Ол түрлі вебсайттарға кіреді. Ол желіде жаңалықтарды оқиды. Ол спорт жайлы мақалалар оқиды. Ол ауа райын қарайды. Ол теледидар бағдарламаларын қарайды. Ол саяхат жоспарын құрады. Оған өз ноутбугі қатты ұнайды.
Мәтінді жасыру
      72. Гамбургер және картоп фриі
      Жігіттің қарны аш. Ол Макдональдске келді. Ол кезекке тұрды. Ол өзінің кезегін күтті. Ол гамбургерге тапсырыс береді. Ол үлкен картоп фриіне тапсырыс берді. Ол үлкен газдалған суға тапсырыс берді. Ол тапсырысын төледі. Қалған ақшасын алды. Ол түбіртек алды. Ол өз тамағын күтті. Оның реттік санын айтылды. Оның тамағы дайын.
Мәтінді жасыру
      73. Ол өзінің жаңа блузкасын ретке келтіруде
      Әйел жаңа блузка сатып алуда. Ол барлық түймелерін қайшымен қиып тастады. Ол барлық түймелерін қайта тігуде. Ол оларды тексеруде. Ол оларды тартып қарады. Олар мықты ұсталып тұр екен. Ол блузкадан барлық затбелгілерді кесіп тастады. Олар оның сезімтал терісін тырнайды. Әйел затбелгілерді лақтырып тастады. Ол жаңа блузкасын киді. Блузкасын киіп, ол өзін жайлы сезінді.
Мәтінді жасыру
      74. Ол киімін жуды
      Киім лас. Ол киімдерге арналған себетте жатыр. Әйел себетті алды. Ол киім жуатын бөлмеге апарды. Ол лас киімдерді кіржуғыш машинаға салды. Ол температураны таңдады. Ол тиын салғыш тесікке жиырма бес центтен төрт тиын тастады. Кіржуғыш машина суға толды. Әйел киім жуатын бөлмеден кетті.
Мәтінді жасыру
      75. «Butterfinger» шоколад батоны
      Қыз шоколадты батонға қарады. Орамада «Butterfinger» деп жазылған. Ол ораманы алды. Ол оны қоқыс шелегіне тастады. Ол батонды тістеді. Ол оны шайнады. Ол тәтті. Ол оны жұтты. Ол тағы да тістеді. Сәлден кейін бүкіл батон таусылды. Орамасынан басқа ештеңе қалмады.
Мәтінді жасыру
      76. Ол кілемнің шаңын сорғытты
      Ер адам қонақ бөлменің кілеміне қарады. Кілем лас болып көрініп тұр. Ер адам шаш түйінін көрді. Ол ас қиқымдарын көрді. Ол шаң тозаңдарын көрді. Ол шаңсорғышты алды. Ол оны қосты. Ол кілем үстін щеткамен алға және артқа жүрді. Ол шаңсорғышты өшірді. Ол шаңжинағышты тазалады. Кілем таза.
Мәтінді жасыру
      77. Ол түстенуге кетті
      Әйелдің қарны ашты. Ол өзінің сүйікті мейрамханасына бет алды. Мейрамхана осыдан екі көше ары. Әйел мейрамханаға келді. Даяшы оны столға алып келді. Стол бұрышта орналасқан. Бұл жағымды, тыныш бұрыш. Әйел отырды. Ол шөлдеді. Ол сусынға тапсырыс берді. Даяшы одан тапсырысты алып, кетті.
Мәтінді жасыру
      78. Ол гольф ойнайды
      Әйел гольфтің кәсіби ойыншысы. Ол гольф ойнайды. Ол гольф бойынша турнирларда ойнайды. Ол елдің барлық жеріне саяхаттайды. Ол көктемде және жазда ойнайды. Кейде ол турнирлардан жеңеді. Ол гольфқа арналған 14 клюшкамен ойнайды. Оның сөмкесінде гольфқа арналған 14 клюшка бар. Оның сүйіктісі – қысқа клюшка.
Мәтінді жасыру
      79. Ол сүт сатып алды
      Ер адам дүкенге кірді. Ол сатып алуға арналған пластмасса себетті алды. Себет көк. Дүкенде адам көп. Көбісі себетпен жүр. Кейбір себеттер толы. Кейбір себеттер бос. Ер адам мұздатылған өнімдер бөліміне барды. Ол пакет сүт алды. Ол оны себетке салды.
Мәтінді жасыру
      80. Ол қанішер
      Ер адам қанішер. Ол адам қанына мұқтаж. Ол адамдардың қанын ішеді. Ол олардың мойнынан тістейді және олардың қанын ішеді. Күндіз ол ұйықтайды. Ол күн сәулесінен қорқады. Ол крестен қорқады. Ол сарымсақтан қорқады. Ол табытта ұйықтайды. Түнде ол өзінің табытынан тұрады. Ол құрбанын іздейді.
Мәтінді жасыру


В подготовке текстов на казахском языке участвовали пользователи сайта sozdik.kz:
Алтынгуль Кептербаева, Салтанат Калдыбекова, Баян Сапарбек и другие.
Корректор текстов на казахском языке: Атлас Кудайбергенова



© Татьяна Валяева,  2007–2024
 <<  Суперлёгкое чтение. Том 1, стр.3 Вернуться к началу Суперлёгкое чтение. Том 1, стр.5  >> 

Главная             Цвета текста на сайте             Телеграм-канал «Изучаем казахский...»             kaz-tili@yandex.kz             Гостевая книга