Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Конструкции
Предложения
  Проверь себя!
  Упражнения
   Грамматика детям
  Удивительный мир
Видеокурс
   Разговорник
Фразеологизмы
   Книга для чтения
С казахским не шутят?
Рассказы
Сказки
Песни
Полезное
Словарь
Ссылки
Автор
Суперлёг. чтение
  1. 1  
  2. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  1. 4  
  1. 5  

Каталог тем
Лёг.истор.
  1. 1  
  1. 2  
  1. 3  
  1. 4  
  1. 5  
  1. 6  
  1. 7  
 Истории о детях
  1. 1  
  2. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  2. 6  
  2. 7  
 Занимательное чтение
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  3. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  3. 5  
 Казахский по уровням
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  4. 1  
  5. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  4. 2  
  5. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  4. 3  
  5. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  3. 4  
  4. 4  
  5. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  3. 5  
  4. 5  
  5. 5  
  2. 6  
  3. 6  
 Лёгкое чтение
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  
 Короткие истории
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  
 Қаз/Qaz 

Истории о детях

Том 1, страница 4
Грамматика казахского языка. Просто о сложном

Автор идеи, составитель и переводчик текстов
с английского языка на русский: Андрей Краснов

      61. Тасбақаның өз меншік үйі бар
      Тасбақа - қызық жануар. Ол өз үйін арқалап жүреді. Ол мейманханада ешқашан тоқтамайды. Ол ешқашан үйді жалдап көрген емес. Ол ешқашан үйді сатып алмайды. Тасбақа - үйдің иесі. Ол әрқашанда өз үйінің қасында. Ол өз үйінен алыс кетпейді. Оның үйі өз арқасында.
Мәтінді жасыру
      62. Туған күнге арналған қуыршақ
      Бүгін қыздың туған күні. Туған күніне оған қуыршақ сыйлады. Қуыршақ қорапта. Қыз қораптан қызғылт лентаны шешуде. Ол қораптан ақ парақты алды. Ол қораптан қуыршақты алды. Қуыршақ жақсы екен. Оның шашы ақ-сары. Оның үстінде қызғылт көйлек бар. Оның аяғында қызыл туфли бар.
Мәтінді жасыру
      63. Ағаш және бұлттар
      Бала ағашқа қарап отыр. Жел жапырақтарын тербелтуде. Ағаштың бойымен жоғарыға қарай тиін жүгіріп барады. Бала көшеге қарап отыр. Бір әйел машинасын тұраққа қойып жатыр. Әйел машинадан шығып барады. Бала аспанға қарады. Ол аспандағы бұлттарға қарады. Бұл үлкен бұлттар. Бұл қара қошқыл бұлттар. Жаңбыр жауатын сияқты.
Мәтінді жасыру
      64. Мейірімді әже мен ата
      Қыздың әжесі аласа бойлы және толық. Оның атасы ұзын бойлы және арық. Олардың шаштары ақ. Олардың иісі қызық бұрқырайды. Олар оны әрдайым құшақтайды. Олар әрдайым бетінен сүйеді. Олар әрдайым оған сыйлықтар әкеледі. Олар әрқашан оған шоколад кәмпиттерін әкеледі. Олар үнемі бірнеше күн қонақта болады. Олардың оған қатынасы өте жақсы. Қыз оларды жақсы көреді.
Мәтінді жасыру
      65. Олар "Монополияны" ермек үшін ойнайды
      "Монополия" - әйгілі үстел үстілік ойын. Бала "Монополияны" достарымен ойнайды. Екі кубик бар. Олар кубиктерді лақтырады. Ойыншылар өздерінің фишкаларын ойын алаңымен жылжытады. Бала әрдайым автокөлік-фишканы пайдаланады. Оның жан досы әрқашан ат-фишканы қолданады. Олар бәрі мәз. Олар мектептен кейін ойнайды. Олар демалыста ойнайды.
Мәтінді жасыру
      66. Мектептен кейiн онда көп шаруа бар
      Мектептен кейiн қыздың шаруасы көп. Мектептен кейiн ол бос емес. Мектептен кейiн ол үйге келедi. Ол үй тапсырмасын iстейдi. Ол итiн қыдыртады. Ол итiн тамақтандырады. Ол түскі тамақты ішеді. Ол үстелдің үстін жинайды. Ол тiсiн тазалайды. Ол теледидарды қарайды. Ол теледидарды тек екi caғат қана қарайды. Оның ата-анасы оған теледидарды тек екi сағат қарауға рұқсат етедi. Сосын ол ұйықтауға жатады.
Мәтінді жасыру
      67. Нью-йорк команадаларының аттарымен аталған бас киімдер
      Баланың екі бейсболкасы бар. Біреуінде "NY Yankees" деп, ал басқасында «NY Mets» деп жазылған. Оның гольф ойнауға арналған бас киімі бар. Оның үстінде «Silver Lake GC» деп жазылған. Оның футболға арналған бас киімі. Оның үстінде «NY Giants» деп жазылған. Оның шаңғы тебуге арналған бас киімі бар. Оның үстінде «Song Mountain» деп жазылған.Ол өізінің бас киімдерін бейсбол мен футбол жарыстарына апарады. Ол оларды мектептен кейін де киіп жүреді.
Мәтінді жасыру
      68. Ол Олипиадаға тоңқалаң асып секіруден жаттығып жатыр
      Қыз қолға тіреніп тұрады. Ол дөңгелек жасайды. Ол сальто жасайды. Ол артқа және алдыға сальто жасайды. Ол тоңқалаң асып секіреді. Ол күнде дайындалады. Ол гимнаст қыз. Ол Олимпиадаға дайындалады. Олимпиада әр төрт жыл сайын жүргізіледі. Ол қолға тіреніп тұру және дөңгелек жасау үшін жаттығуда. Ол сальто мен тоңқалаң асып секіруді жақсы жасау үшін жаттығу үстінде. Практика - ол кемелділік жолы.
Мәтінді жасыру
      69. Тығылыспақ
      Қыз тығылыспақ ойнағанды жақсы көреді. Ол өзінің ағаларымен және сіңлілерімен ойнайды. Ол өзінің дос қыздарымен ойнайды. Олар мектептен кейін ойнайды. Олар көшеде ойнайды. Бір адам ойынды жүргізеді. Ол көзін жұмады. Ол жүзге дейін санайды. Қалған ойыншылар жақын жерлерге тығылады. Содан соң жүргізуші оларды табуға тырысады.
Мәтінді жасыру
      70. Сиқыршыға мұқият қара
      Сиқыршы өте керемет. Ол заттарды көз алдыңда жоқ қылады. Ол жоқ болған заттарды қайта қайтарады. Ол бір затты басқа затқа айналдырады. Ол қоянды бөкебайға айналдырады. Ол бөкебайды құсқа айналдырады. Ол сізге карта колодасын береді. Сіз білдіртпестен картаны таңдайсыз. Ол біледі қандай карта екенін! Ол көптеген керемет сиқырларды біледі.
Мәтінді жасыру
      71. Қоршауда понимен жүру
      Қыз понимен шапқанды жақсы көреді. Ол қоршауға барады. Ол пониды таңдады. Ол пониға сәбіз берді. Ол пониға отырды. Ол ерге отырды. Ол понидың басынан сипады, мойнынан сипады. Пони қоршау бойымен жүр. Қыз тізгіннен ұстауда. Ол понимен рахаттанып жүреді.
Мәтінді жасыру
      72. Шалшықтағы ойын
      Бала жаңбырды жақсы көреді. Жаңбырдан шалшық пайда болады. Ол шалшықты ұнатады. Ол шалшыққа секіреді. Ол шалшықтан секіреді. Ол шалшықта шалқасынан жатып, жылжиды. Ол шалшықта отырады. Оның шалшықта үсті су болады. Оның аяқ киімі су. Оның киімі су. Оның үсті былғанады. Оның киімі былғанады. Ол үйіне қайтады. Оның анасы оған айқайлайды.
Мәтінді жасыру
      73. Мектеп автобусымен сапар
      Бала мектеп автобусын күтіп тұр. Ол сары автобусты көрді. Автобуст оның алдына келіп тоқтады. Есік ашылды. Бала баспалдақпен көтерілді. Бала жүргізушімен амандасты. Жүргізуші "қайырлы таң" деп айтты. Ол автобустың арт жағына барды. Ол автобусқа отырды. Автобус орнынан қозғалды. Бала терезеге қарады.
Мәтінді жасыру
      74. Ол үй тапсырмасын орындап жатыр
      Мұғалiм сұрақ қояды. Қыз қолын көтередi. Басқа оқушылар да қолдарын көтередi. Мұғалiм қызды шақырады. Қыз сұраққа жауап бередi. Мұғалiм оның жауабын дұрыс деп айтады. Қыз разы. Ол күлімдейді. Ол сұрақтың көбін бiледi. Ол үй тапсырмасын кешкі уақытта орындайды. Келесі күні ол барлық жауаптарды бiледi.
Мәтінді жасыру
      75. Математикалық есеп
      Қыз есеп шартын оқыды. "Джонда үш алма бар. Ол бір алманы Мэриге берді. Екінші алманы ол Биллиге берді. Джонда неше алма бар?" Қыз ойланды: үш алмадан екі алманы алып тастаса, бір алма қалады. Джонда бір алма қалды. Жауабы - бір алма. Қыз өз жауабын мұғалімге көрсетті. Мұғалімі күлімдейді.
Мәтінді жасыру
      76. Түн ішіндегі шу
      Қыз өз дұғасын оқып отыр. Ол төсекке жатады. Ол жарықты өшіреді. Ол әлдебір шуды естиді. Ол жарықты қосады. Ол бөлмені қарап шығады. Бәрі дұрыс секілді. Ол жарықты өшіреді. Ол қайтадан шу естиді. Ол жарықты қосады. Ол айналасына қарады. Оған қорқынышты. Ол өзінің әкесін шақырды.
Мәтінді жасыру
      77. Таяқ және ит
      Бала итті қыдыртуға алып шығады. Ол таяқты алады. Ол таяқты лақтырады. Ит таяққа жүгіреді. Ол таяқты алып келеді. Ол оған таяқты береді. Бала таяқты тағы да лақтырады. Ит таяқты кері алып келеді. Ит ағашқа жақындап келеді. Ол ағашқа зәр төгеді. Бала итті үйге алып кетеді.
Мәтінді жасыру
      78. Ыстық пицца
      Ер адам пицца жеткізеді. Қыздың әкесі ер адамға төлейді. Ол оған пицца жеткізгеніне төлейді. Ол ер адамға шайлық береді. Ер адам кетеді. Әкесі пиццаны қонақ бөлмеге әкеледі. Ол оны журнал үстеліне қояды. Ол қорапты ашады. Барлығы пицца бөліктерін алады. Қыздың әкесі пиццаны тістейді. Ол таңдайын күйдіріп алды. Ай!
Мәтінді жасыру
      79. Пазлдағы ферма
      Пазлдың 200 фрагменті бар. Бұл - ферманың суреті бар пазл. Фермада жануарлар бар. Онда ғимараттар бар. Көк аспанда ақ бұлттар қалқиды. Күн жарқырап тұр. Бала сары түсті фрагментті көрді. Ол - күннің бөлігі. Ол көк түсті фрагментті көрді. Ол - аспанның бөлігі.
Мәтінді жасыру
      80. Саябақтағы ойын ауласы
      Балалар саябаққа барады. Оларға саябақ ұнайды. Саябақта ойын ауласы бар. Ойын ауласында төбешік бар. Олар төбешіктен төмен түседі. Ойын ауласында құм бар. Олар құмда ойнайды. Ойын ауласында әткеншек-тақтайлар бар. Олар әткеншекте тербеледі. Олар көтеріледі және түседі. Ойын алаңында әткеншектер бар. Олар әткеншектерде тербеледі.
Мәтінді жасыру


В подготовке текстов на казахском языке участвовали пользователи сайта sozdik.kz:
Akerke Amiralieva, Nazima Tokabayeva, Маргулан Канат, Мади Толегенов, Мира Абенова, Жандос Бакытбекулы, Гульзайнаб Сисенова,
Жузумгуль Кушкинбаева, Дана Пашан, Еркежан Каймоллаева, Максат Маликов, Бағлан Көке, Баян Сапарбек, Майра Фазыл и другие.
Корректор текстов на казахском языке: Атлас Кудайбергенова



© Татьяна Валяева,  2007–2024
 <<  Истории о детях. Том 1, стр.3 Вернуться к началу Истории о детях. Том 1, стр.5  >> 

Главная             Цвета текста на сайте             Телеграм-канал «Изучаем казахский...»             kaz-tili@yandex.kz             Гостевая книга