Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Конструкции
Предложения
  Проверь себя!
  Упражнения
   Грамматика детям
  Удивительный мир
Видеокурс
   Разговорник
Фразеологизмы
   Книга для чтения
С казахским не шутят?
Рассказы
Сказки
Песни
Полезное
Словарь
Ссылки
Автор
Суперлёг. чтение
  1. 1  
  2. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  1. 4  
  1. 5  

Каталог тем
Лёг.истор.
  1. 1  
  1. 2  
  1. 3  
  1. 4  
  1. 5  
  1. 6  
  1. 7  
 Истории о детях
  1. 1  
  2. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  2. 6  
  2. 7  
 Занимательное чтение
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  3. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  3. 5  
 Казахский по уровням
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  4. 1  
  5. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  4. 2  
  5. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  4. 3  
  5. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  3. 4  
  4. 4  
  5. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  3. 5  
  4. 5  
  5. 5  
  2. 6  
  3. 6  
 Лёгкое чтение
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  
 Короткие истории
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  
 Қаз/Qaz 

Казахский по уровням

Уровень 5, страница 4
Грамматика казахского языка. Просто о сложном

Автор идеи, составитель и переводчик текстов
с английского языка на русский: Андрей Краснов

      61. Өз жігітінің ата-анасымен танысу
      Маргарет алғаш рет жігітінің әке-шешесімен кездесуге бара жатты. Ол өзін оларға ұнамай қаламын ба деп қорықты, өйткені оның жағдайы төмен еді. Бәлкім, олар оны өз балаларымен тек ақша үшін жақын болып жүр деп ойлаған шығар. Бұл олай емес еді. Ол оның мейірімділігі мен жағымды мінезі үшін онымен бірге болғысы келетін. Маргаретке барынша жақсы көріну керек болды. Ол өзінің ең әдемі көйлегін, тақалы туфлиін киіп, гауһар сырғасын тақты. Оны алып кетуге Маргареттің жігіті Джимми келді. "Бәрі жақсы болады", - деді ол.
      Ол Джиммидің ата-анасының үйін көрген сәтте демін тартып қалды. Ол орасан үлкен еді! Қақпаның екі жағынан екі күзетшіден тұрған. Олар кодты теріп еді, қақпа ашыла бастады. Олар кіреберіске жақындаған кезде, есікті қызметші ашып берді. Маргарет пен Джимми қонақ үйге кірді, онда Джиммидің әкесі қымбат шарап ішіп отырған. Бұл бөтелкесі 100 доллардан тұратын шарап еді. "Анашым, әке. Бұл Маргарет", - деді Джимми. Джиммидің анасы Маргареттің басынан аяғына дейін қарап шығып, түнеріп қалды. Джиммидің әкесі де дәл соны істеді. Мұндай бастама Маргаретті ешқандай жақсылықтан дәмелендірмеді.
      Төртеуі бірге дастархан басына отырды. Он минут ішінде ешкім де бір ауыз тіл қатпады. Маргарет тыныштықты бұзып: "Өте дәмді екен", - деді. "Әрине, өте дәмді болады, бұл сіздің бұрын соңды жеп көрмеген ең қымбат асыңыз ғой", - деді Джиммидің шешесі. "Анашым, бұл жақтырмай айтқандай естіледі", - деді Джимми. "Ұлым, мен жай ғана шындықты айтып отырмын ғой". Түскі астан соң Маргарет пен Джимми кетіп қалды. Маргарет енді қайтып оның ата-анасымен кездеспейтіндігіне серт берді.
Мәтінді жасыру
      62. Үйде жалғыз қалғанда
      Алғаш рет Габби үйде тек өзі қалды. Оның ата-анасы және інісі Гаваяға бір аптаға саяхатқа кетіп бара жатты. Габби мектептегі сабақтарынан қалғысы келмей, оларға үйде қалатынын айтты. Ол бәрі керемет болады деп ойлады. Оның түн қарайғанша ұйықтамауына болады, үйіне адамдар шақырса болады және қанша қатты әндеткісі келсе де, өз еркінде болды.
      Сабақтан соң ол үйіне достары Вильям мен Агатаны шақырды. "Міне керек болса ,мәссаған! Бүкіл үй сенің қарауыңда. Сенің ата-анаң саған шынында сенетін болуы керек!" - деді Агата. Габбидің ата-анасы оған оның әрқашан шындықты айтып, айтқандарын бұлжытпай істейтіні үшін сеніммен қарайтын. "Сен жақсылап кеш жасап жіберсең болар еді", - деп ұсынды Вильям. Габби мен Агата таңқалғаннан ауыздарын ашып қалды. "Сендер менің тап қазір не дегенімді естімедіңдер ме?!" - деді Вильям. "Мен сені естідім. Мен жай Габбиге өмірінде бір рет болса да, бұрыс тірлік жасап, жақсылап көңіл көтерсе болады ғой деп ойлап қалдым да", - деді Агата. Габби бұл туралы ойланып қалды. Мектепте бәрі оны момын, тіл алғыш қыз ғой, ата-анасы,бәлкім, ештеңені білмей қалар деп ойлады. "Жарайды! Мен бұны жасаймын!" -деп саңқ ете қалды Габби.
      Габби барлық он бірінші сынып оқушыларын үйіне жұма күніне шақырды. Көп адам келді, үй лық толы еді. Бәрі көңілді уақыт өткізіп жатқандай көрінген. Адамдарға кештегі тағам да, әуен де өте ұнады. Алайда ақырында сауық-кеші бақылаудан шығып, ессіз жиынға айналды. Адамдар бір-біріне бақырып, айқайлай бастады, заттар қирады, сынды, ал көршілер шағымдана бастады.
      Бір мезетте есік ашылды. Бұл Габбидің ата-анасы болатын. "Әке, анашым, сіздер ертең келмейтін бе едіңіздер?" - деп сұрап қалды Габби. "Иә, бірақ біз саған сыйлық тарту ету үшін тосын сый ретінде келдік", - деді оның әкесі. Габби өзін ыңғайсыз, айыпты сезініп қалды.
Мәтінді жасыру
      63. Әлемдегі ең жақсы бауырсақтар
      Джиннидің бауырсақтарға көңілі қатты ауды. Ол ең алғаш рет бауырсақтарды бес жасында жепті. Бұл көлікті бензинмен толтыратын автобекетінде болған еді. Джинни жылап болмаған соң, әкесі оны жұбатпақ болған. Сосын оған бауырсақ бергенде, ол жылауын лезде қойған болатын.
      Джинни 20 шақты дүкеннен бауырсақтың дәмін татқан болатын, олардың дәмі алуан түрлі болған. Бауырсақтар оның сүйіп жейтін шоколад, банан, жай ғана тәтті дәмімен болатын. Ребекка құрбысы Джиннидің бауырсақтарды қалай қатты сүйіп жейтінін біліп, бір жерге баруды өтінді. Дүкен "Dough Nutty" деп аталатын. Бұл дүкен бауырсақтарымен әлемге әйгілі, - деді Ребекка. Несімен әйгілі екен? - деп сұрады Джинни. Олар өте жұмсақ, жаңа ғана дайындалған бауырсақтар және оған денсаулыққа пайдалы қант қосады! - деді Ребекка. Джинни бұл дүкенге барып көрмекші болды.
      "Dough Nutty" дүкені Джинни тұратын үйден бір сағаттық жерде орналасқан еді. Оның ағасы Джинниді бауырсақ жеу үшін, сонша алысқа бара жатқанына күліп, қалжыңдады. Джинни мен Ребекка дүкенге жеткенде, ол жабық болып шықты. Қыздар қатты қапаланды. Олар жақын маңдағы көліктерді бензинмен толтыру бекетінен бауырсақ сатып алуды жөн көрді. Бауырсақтар сонша керемет болмаса да, бірақ та жеуге тұрарлық еді.
Мәтінді жасыру
      64. Өте жаман мұғалім
      Робинс ханым мектепте бұрын-соңды болған ең ашушаң мұғалім ретінде белгілі еді. Ол қиын сынақтар беріп ,оқушыларды келемеждеп, оларға ешқашан тыныштық бермейтін. Осы үшін Робинс ханым жаман болды ма?. Бірақ ол ешқашан мұғалім болғысы келмеген. Ол кішкене кезінен өсіп келе жатып, актриса болуға ынтасы бар еді. Оның қолынан актриса болу жақсы шығатын. Бірде оның тіпті өз телехабары болған. Телехабар қатты жетістіктерге жетпей, бір жылдан соң жабылып қалған. Робинс ханым бұдан соң әрең дегенде жаңа жұмысқа орналасты.
      Робинс ханым мұғалімдік жұмысқа тек мектеп директорымен таныс болғаны үшін орналаса алды. Олар мектептен бергі жақын құрбылар болған. Робинс ханым тарих пәнінен оқытушы болды. Оның барлық оқушылары одан қорқатын. Сұрақ қойғысы келіп, оның оқушыларының бірі Кассиди қолын көтерді. "Робинс ханым біздің эссеміз қаншалықты ұзақ болуы тиіс? " Робинс ханым оған қар жауған қабағын түйіп: "Бір затты қайталай бергенді жек көремін ! Қасыңдағы көршіңнен сұра", - деді.
      Робинс ханымды мектеп директоры шақыртып алды. "Не болып қалды?" -деді ол. "Сіздің тәліміңіз бен мінезіңізге қатысты аздаған әңгіме бар," - деді мектеп директоры. "Мен сіздің не айтпағыңызды біліп тұрмын", - деді Робинс ханым. "Білесіз бе? Бірақ та сізге өз тәртібіңізді өзгерту қажет. Мен білемін, сіз мұнда жұмыс істегіңіз келмейді, бірақ сіздің кеткеніңізді барлық оқушылар қаласа, сізге жұмыс ақыңызды бере алмаймыз", - деді мектеп директоры. Робинс ханым директормен болған бұл кездесуден кейін жұмсағырақ әрі ілтипатты бола бастады.
Мәтінді жасыру
      65. Қарым-қатынасқа үзіліс
      Мартин мен Кайлидің кездесіп жүргендеріне төрт жыл болды. Олар бір-біріне сүйетіндерін айтып, бір-бірінің ата-анасымен танысып, өзара үй болу жайлы сөйлескен. Олардың достары мен отбасылары тек Мартиннің үйленуге ұсынысын күтіп отыр. Алайда олар Мартиннің Кайли мен қарым-қатынасына байланысты бұқпа ойлары бар екенін білмейді.
      Мартин Кайлиді бір жерге кешкі асқа баруға шақырды. "Сонымен, мұны есту ауыр тиеді", - деді Мартин. "Не болды? Біреу қайтыс болды ма?" – деп сұрады Кайли. Әрі қарай не болатыны туралы Кайли түк білмеді. "Бізге бір-бірімізден алыстап, демалғанымыз жөн", - деді Мартин. "Сен нені меңзеп тұрсың?!" – деп сұрады Кайли. "Мен сені әлі баяғыдай жанымдай сүйемін. Маған тек өзім үшін шамалы уақыт керек. Мен жалғыз өзім саяхаттағым келіп еді", - деді Мартин. "Қаншалықты ұзақ?" – деп сұрады Кайли. "Мүмкін бір жыл шығар", - деді Мартин. "Менің күтетін халім жоқ, сондықтан бәрі бітті", - деді Кайли.
      Мартин алғашында қапаланып қалды, дегенмен ол әлемді шарлап саяхаттамақ болған соң, мұңды онша қатты сезбеді. Әуелі ол Канадаға барды. Оған ондағы тәтті нандар қатты ұнап қалды. Сосын ол Ирландияға жол тартты. Оған ондағы өте көп мөлшердегі жасыл желекті табиғат ұнады. Сосын ол Италияға кетті. Оған мұндағы үйлер мен әдемі ғимараттар ұнады. Содан соң ол Вьетнамға барды. Оған ондағы адамдардың жылы шырайы ұнады. Бір жылдан соң ол Құрама Штаттарға қайтып оралды. Ол Кайлидің жағдайын сұрап кіріп шықты. Олар өткен уақыттың орнын толтырмаққа тағы да бір жерге кездесуге баруға келісті. Олар қайтадан кездесе бастады. Олардың бірін-бірі әлі күнге дейін жақсы көретіні айқын еді.
Мәтінді жасыру
      66. Вегетариандық жанұя
      Майрон ет жегенді жақсы көретін, ал Ник болса көкөністі құп көретін. Ник көкөністі жай жақсы көрмейді, оған қоса ол вегетариандық. Ник пен Майронға тамақ жасап беру ата-анасының өмірін біршама қиындататын. Олардың ата-анасы етті жақсы көреді, бірақ олар тауық секілді бірдеңе дайындаса, оларға тағы Ник үшін бөтен бір ас дайындау керек еді, ал бұл жоқтан шыққан жұмыс болатын.
      Жақында олардың отбасын барбекюге шақырды. Ник барғысы келмеді, себебі артынан бәрі одан неге ет жемейтінін сұрап мазасын алады. "Жаным сол, жай ғана бізбен жүре қойшы. Онда езілген картоп пен жүгерілер болады", - деді оның анасы. "Мен түсініп тұрмын, анашым, мен тек қазір бәріне неге вегетариан екенімді түсіндіріп отырғым келмейді", - деді Ник. "Онда бәрі сені көріп, шаруаң, қал-жағдайың қалай екенін білгісі келеді", - деді оның анасы.
      "Ник, білемісің? Неге біздің бәрімізге осы бір айға вегетариан бола тұрмауға? Біз бәріміз бірігіп неге вегетариан екенімізді түсіндіріп береміз. Бір жағынан бұл біздің денсаулығымызға бірталай пайда алып келеді!" - деді оның әкесі. Ник әкесінің ұсынысын бағалап көрді. "Бұл маған оңай тимес", - деді Майрон. "Бірақ, Майрон, сен аз уақытқа еттен бас тарта тұрсаң ,жақсы болар еді", - деді Ник. Ұлдар мен олардың ата-анасы барбекюға барып, ет жемей келді. Қызығы сол, олар өздерін жақсы сезінді!
Мәтінді жасыру
      67. Өзімен бірге алып келінген тамақ
      Вики "Он бір адам" деген кофе мен тоқаштар сатылатын дәмханада жұмыс істейді. Негізінде ол бұл жұмысты ұнатпайды, амал жоқ, не болса да, бұл жұмыс үйдің шотын жабуға жеткілікті. Дәмхананың ережесінің бірінде былай делінеді, басқа мейрамхана т.с.с (тағы сол сияқты) жерлерден алынған тамақ алып келуге тыйым салынады. Бірде Вики кезекті тұтынушыны қарсы алып жатқан. Сосын ол оның қолында "Панда Эксперсстен" алынған бір нәрсені байқады. Алайда Вики ештеңе демеді, ол мұны сонша маңызды деп санамады.
      Викидің басшысы Анжелика оны өзіне шақыртып алды. "Вики, сізге тұтынушыларға бөтен жерден келген тамақ туралы ережемізді айту керек", - деді ол. Вики басын изеді де, тұтынушыға қайтып барды. "Сәлем. Кешірім өтінем, бірақ біздің дәмханада басқа жақтан келген тамақты тұтынуға болмайды,"-деді Вики. "Бірақ бұл менің еш нәрсеге тапсырыс бермегенімді білдірмейді ғой. Мен жай өзімнің сатып алған тамағымды бірдеңемен итерейін дегенім еді", - деді клиент. "Сіз дәмханаға өз тамағыңызды жеп болған соң кіре аласыз. Кешіріңіз, бірақ ережелерді мен орнатпаймын", - деді Вики.
      Клиент ашуға ерік берді. Ол атып тұрып, үстелді және орындықтарды аударып салды. "Мұндай кафеде отыру сұмдық қой!" - деді ол. Барлық басқа келушілер мен қызметшілер оған таңданыспен қарап қалды. Ашулы клиент кетіп қалды да, дәмхана туралы ашулы пікір жазып қалдырды. "Он бір адам" дәмханасының иесі ережелерді өзгертуге шешім қабылдады - енді адамдар дәмханаға басқа жерден алынған тамақпен келуіне болады, егер олар тағы бір нәрсеге тапсырыс беретін болса.
Мәтінді жасыру
      68. Ыстық қауіпі
      Лос-Анджелесте бүгін Фаренгейт бойынша 100 градус (Целсиймен 37,8 градус). Тоби бүгін жаяу серуендеуді жоспарлаған. Оның анасы оған күннің ыстық болатынын айтып, бармай-ақ қой деген. Тобидің сонда да барғысы келіп тұрды. Тоби және оның досы жаяу жүргіншілердің соқпақ жолына келді. Көліктерінен түскен сәтте-ақ оларды ыстық шарпыды. "Тоби, мен терлеп барам", - деді оның досы. "Бәрі жақсы болады, тек су ішіп жібер", - деді Тоби.
      Олар жолға шыға салысымен барлық өсімдіктердің қоңыр болып кеткенін байқады. Олардың бәрі солып қалған! Серуендеп жүрген адамдар да саусақпен санарлық еді. Тобидің досы күннен қорғайтын жақпа майды жаға бастады. "Сен де жағып аласың ба?" - деп сұрады ол. «Мен күнге қараймаймын», - деді Тоби "Жарайды, өзің білесің ғой", - деді оның досы. Олар жүріп келе жатқан соқпақ жол барған сайын тік бола бастады. "Брайан тыңдашы, есіңде ме бірде сенің анаң бізбен бірге жүріп еді ғой", - деді Тоби. Ол жауап бермеді. Тоби артына бұрылды. Брайан жерде жатыр екен! Ол есінен танып қалған.
      Тоби 911-ге қоңырау шалды. Олар келіп, Тобиге Брайанның қатты ыстықтан талып қалғанын айтты. "Сіздерге мынадай ыстық күні үйден шықпаған жөн еді", - деді төтенше жағдайлар тобының адамдары. Тоби Брайанмен бірге ауруханаға барды. Тоби Брайан әлі есін жия алмай жатқанда да қасында болды. Бір сағаттан соң Брайан есін жиды. Тоби оны құшақтап алды. "Сен қып-қызыл болып кетіпсің!" - деді Брайан. Тоби айнаға қарап, өзінің бетінің күнге әбден күйгенін көрді.
Мәтінді жасыру
      69. Әрбір күніміз соңғы күніміз болуы мүмкін
      Кэти күнде бір нәрсемен айналысатын және оны бұл көп мазаламайтын. Ол күнде таңертең 6 – да тұрады, сұлы қауызын жейді, мектепке барады, сосын үйіне қайтады. Оның бірнеше құрбысы бар, бірақ ол мектептен кейін ешқайсысымен сөйлеспейді. Кэти бос уақытында тек қана кітап оқып, телебағдарламалар қарайды.
      Бір күні Кэти әдеттегідей мектепке бара жатты. Кенет оны көлік қағып кетті. Кэти есінен танып қалды. Айналасы қан болды. Оны емханаға алып барды. Оған оның отбасы мен құрбылары барды. Дәрігер оларға Кэтиге ғажайып аман қалғанын айтты. Ол әжептәуір ауыр зақым алса да, өзін өте керемет сезінді. Ата-анасы мен құрбылары оны аймалап сүйе берді. Кэти бақытты болды. Ол әрбір күнін ең соңғы күніндей өмір сүруге бел буды.
      Ол күнде мәні бар бір нәрселермен айналысуға тырысты. Ол күнделігіне жазбалар жазып жүрді. Емханадан шыққаннан кейін, келесі күні ол балмұздақтың басқа түрін жеп көрді. Әдетте ол ванильді балмұздақ жейтін, бірақ бүгін ол шоколадты балмұздақ алды және ол оған ұнады. Ол тағы да парашютпен секірумен айналысты. Мектепте Кэти үйірмелерге көбірек қатысып жүрді. Таңқаларлықтай, бірақ ол өзін көлік қағып кеткеніне қуанды.
Мәтінді жасыру
      70. Тосын сый қылып кеш ұйымдастыруды жоспарлапты
      Дрейк, Минни және Мэрибел төрт жастарынан бергі жан достар. Олар арасына қыл өтпес достар еді. Олардың өздері түсінетін қалжыңдары және құпия кездесетін жері мен олардың достығын білдіретін білезіктері бар еді. Оған қоса олар басқалармен тұйық еді. Олар өз қатарларына бөтендерді қосқысы келмеді.
      Мэрибел өз жанұясымен көктемгі мейрамханаға барған. Ол бірге кешкі ас ішіп отырған Дрейк пен Минниді көріп қалды! Неге олар Мэрибелсіз тек өздері жеке келген? Бұл олар бірінші достарынан гөрі бірін-бірі көп жақсы көретіндей көрінді. Минни күлімсіреп, өзінің шашын түрткілеп отырды. Дрейк арасында оның қолынан ұстап қоятын. Мэрибел ренжіп қалды. Егер олар кездесе бастаған болса, оның топтан шеттеліп қалғаны ғой.
      Мектепте Мэрибел әлгі жағдайға байланысты Дрейк және Миннимен бетпе-бет кездесті. "Сөйтіп, сендер маған кездесіп жүргендеріңді қашан айтпақ едіңдер?" - деді Мэрибел. Дрейк пен Минни бір-біріне бір түрлі қарап қалды. "Біздің кездесіп жүргеніміз жоқ! Біз ешқашан бұлай жасамас едік,"- деді Дрейк. "Мен сендерді кеше кешкісін мейрамханада бірге көргем", - деді Мэрибел. "Енді біздің айтпаған себебіміз, біз саған деп тосыннан кеш жасағалы жатқанбыз. Міне не үшін біздің сені бірге кешкі асқа шақырмаған жайымыз", - деді Минни. Мэрибел тым жақсы құпия кешті ашып тастағаны үшін ыңғайсызданып қалды.
Мәтінді жасыру
      71. Жаңа келбет
      Лораның шашы әрқашан ұзын болған. Шашы оның барлық арқа тұсын алып тұратын. Шашын жуу үшін оған кемінде 20 минут керек еді. Және тағы оған дене жаттығуларын жасау қиынға соғатын, өйткені оның шашы жан-жаққа жалбырап кететін. Лора өзінің шашын құлағының түбіне дейін қиып тастауды шешті. Ол өте қысқа шашты болуды қалады. Ол өзінің шашын қатерлі ісікпен ауыратындарға сый ретінде беруді жөн көрді. Лора бұл дертті әрқашан жүрегіне жақын қабылдайтын. Оның анасы да кеуденің қатерлі ісігінен қайтқан еді.
      Стилист Лорадан шашын қысқартуға келісетіндігіне сенімді-сенімсіз екенін сұрады. Лора басын изеді. Стилист жұмысын бітірген соң, Лора еденге қарады. Жерде шаш тым көп еді! Лора мектепке барып, өзін жаңа бейнеде көрсетуге асық болды. Лора өз достарымен кездескен сәтте, олар аң-таң болып қалды. "Қалай ойлайсыңдар?" - деп сұрады ол. Оның достары жауап қатпады. "Жаман емес, жарасып-ақ тұр", - деді олардың біреуі. Ал негізі бұл өтірік еді.
      Түскі ас үзілісінде Лора бір жағымсыз қыздың енді оның ер баланікіндей шаш қойысы үшін онымен ешкім кездескісі келмес, - деп айтып жатқанын естіді. Лораға бұл ауыр тиіп кетті, бірақ ол бұған қатты басын қатырмады, өйткені ол шашын игі іс үшін қысқартқанын білетін.
Мәтінді жасыру
      72. Бастықты ашуландырды
      Зои өзінің бастығы Джастинді жек көретін, себебі ол Гарвардтта оқығаны үшін өзін бәрінен күштімін деп санайтын. Ол мақтанышпен өзінің дипломын кабинетіне іліп қойды. Зои өзінің білімді әрі қабілетті екенін білетін, бірақ ол Джастин басшысы болып тұрғанда одан әріге көтеріле алмайды. Ол өзіне басқа жерден жұмыс іздеу керектігін түсінді. Зои жұмыстан шығуға арыз жазды.
      Ол Джастиннің кабинетіне сөйлесуге кірді. Қабырғаларға айналдыра соның өз фотосуреттері ілінген екен. Бір фотосуретте ол тұғырдағы костюмді көрсетіп жатыр, ал енді бірінде әкіммен тұрғаны және тағы басқалары болған. Зои күліп жіберді. "Несі күлкілі екен?" -деп сұрады Джастин. Зои күлкісін тыя алмай басын шайқады. "Не болса да, маған сіздің не үшін жұмыстан шығатыныңызды білу қызық болып тұр. Сіз мұнда алты жыл бойы жұмыс істеп келесіз және өз міндеттеріңізді дұрыс атқарып жүрсіз", - деді Джастин.
      "Мен жай енді маңыздылығы жоғары заттармен айналысуға көшетін уақыт келді деп ойлаймын", - деді Зои. "О, демек бұл компания сіз үшін жеткілікті түрде мықты емес екен ғой?" - деп сұрады Джастин. "Шынын айтсам, маған сіздің бұл компанияны қалай басқаратыныңыз ұнамайды", - деді Зои. Джастин ашудан қызарып шыға келді. Ол үстелді ұрып жіберді де, қабырғадағы барлық суреттерді жұла бастады. Ол есікті тарс жауып, Зоиды кабинетінде қалдырып кетті. Зои тек күлді де қалды.
Мәтінді жасыру
      73. Тек қолма-қол төлеу
      Эдуардо мейрамханаға кірді. Бұл құлайын деп әрең тұрған көріксіз жер еді. Мейрамхана өзінің таза жапондық өте дәмді астарымен танымал еді. Ондағы барлық жұмысшылардың бір-бірімен тума-туыстығы бар еді. Кейде қызмет көрсету тым баяу болатын ,өйткені тамақ қазаннан жаңа шыққан күйінде берілетін. Аспаздар тамақты тек келген адам тапсырыс берген сәттен бастап пісіретін.
      Эдуардо үстел басына отырды. Үстел лас болып тұрды , бірақ Эдуардоның бұған қарсы бірдеңе айтатын ойы болмады. Қызметші одан тапсырысқа не қалайтынын сұрады. Эдуардо салмон роллға тапсырыс берді. Оны он бес минуттан соң әкеп берді. Эдуардо бірінші бөлігінен тістеді. Өте дәмді болған. Оған есепті бергенде, Эдуардо өзінің кредит картасын қойды. Қызметші оған мұнда тек қолма-қол есептесетінін айтты. Эдуардо одан: «Жақын жердеге банкке барып келуіне бола ма?» - деп сұрады. Қызметші оған сене алмайтынын айтты. Эдуардо қайтып келетініне ант берді. Қызметші сонда да оны шығармады.
      Эдуардо алдымен көмектесіп жібере ме екен деп, әпкесіне қоңырау шалды. Бірақ ол жұмыста болатын, ол тек түн ортасында келе алатын. Эдуардо өзінің жақын досы Мейсонға қоңырау шалды. Мейсон сол ауданда жүрген еді, сондықтан ол көмектесуге келісті. Мэйсон мейрамхана келіп, Эдуардоның түскі асының ақысын төлеп жіберді.
Мәтінді жасыру
      74. Репетитор жұмысындағы бірінші күн
      Бетани бүкіл жаз бойы репетитор болып жұмыс істеп ақша табамын деп шешті. Ол жарнамаларын өз ауданындағы бастауыш мектептер маңына жабыстырып кетті. Ол испан, француз және италиян тіліндегі сабақтарды ұсынды. Бетани әлемді аралап жүріп өскен, сондықтан да көп тілде сөйлей білетін. Өз клиенттерінен ол сағатына 25 доллар аламын деп жобалаған. Әлдекім Бетаниге қоңырау шалды. Бұл италиян тілінде сабақ алуды сұраған қыз еді.
      Бетани ол қыздың үйіне сенбі күні келді. Оқушы үлкен жекежайда тұрады екен! Бетани үйге кіріп, өзін таныстырды. "Мен Меган боламын", - деді қыз. Бетани тіл үйретуді ең басынан қалай танысудан және алғыс білдіруден бастады. Меганға сөздерді дұрыс дыбыстау қиынға соқты. Бетани оқушысы сөздерді дұрыс айтқанға дейін қайталаттырды.
      Меган қамыға бастап, Бетаниді дұрыс үйретіп жатқан жоқсың деп кінәлай бастады. Бұнысымен Бетаниді ренжітіп қойды. Ол италиянша төрт жасынан бастап сөйлеп, жаза бастаған. "Меган, неге сізге сәл үзіліс жасап, сосын осыған қайта оралмасқа?" -деп ұсыныс жасады Бетани. Ол осылай қылса, тынышталар деп ойлаған. "Ал неге сізге үлкен үзіліс жасап, бұл жерден жоқ болмасқа?" - деді Меган. Бетани үйден шығып кетті, оған енді қайдағы бір кішкентай қыздың мазағына шыдап отыру керек емес еді.
Мәтінді жасыру
      75. Басқаларға көмектесуге мүдделі емессің
      Кимберли өте өзімшіл еді. Ол тек өз қарабасын ойлайтын және ол ешкімге көмектеспейтін. Оның бір сыныптасы оның химиядан конспектісін сұраған, ал ол оған бермеді. Мұғалім оқулықтан мәтінді дауыстап оқуын өтінген, ал ол өтінішті орындаудан бас тартты. Мектеп директоры одан едендегі қоқысты алып тастауын өтінген, ол тағы бас тартты. Директор Кимберлиді өзінің кабинетіне шақырып алды. Ол одан оның неге бүйтіп тіл алмайтынын сұрады. Кимберли оған ешкім ешқашан көмек көрсетпегенде өзінің басқаларға көмектесуге мүдделі еместігін айтты.
      "Сен маған ешкім көмектеспеді деп нені меңзеп отырсың?"- деп сұрады директор. Кимберли ешқашан өзінің әкесін көрмегенін және анасы туралы білмейтінін айтып түсіндірді. Оның әкесі ол әлі дүниеге келмей тұрып қайтқанын, сосын анасы босанып жатып өліп кеткенін айтты. Кимберлиді оны асырап алған адамдарға берген, оны асырап алған ата-анасы ондай жақсы адамдардан емес-ті. Олар оған басына пана болатын үй беріп, тамақпен қамтамасыз етіп қана қойған, бұдан артық басқа дым да емес. Мектеп директорының оған жаны ашып кетті. Кимберли оны аямауды өтінді, өйткені оған дербес болған ұнайтын.
Мәтінді жасыру
      76. Маған қарызыңды қайтар
      Пенни өткен жылы Криске принтерге сия алу үшін 100 долларды қарызға берген. Оған жиырма беттік жазба жұмысты басып шығару үшін принтерге сия керек болған, бірақ сол кезде ол қаржы жағынан біршама қысылған еді. Пенни ақшасын тез арада қайтарып алуды қалаған, бірақ солайымен орындалмай-ақ қойды. Ол әрқашан сылтауратып жүретін. Бірде Крис онда ақша бар екенін, бірақ ол оны ұмытып кеткенін айтқан. Енді бірде бастығы әлі айлығының чегін жазып бермегенін айтып ақталған. Біраз уақытқа Пенни Криске берген ақшасы туралы ұмытып кетті.
      Пенни Криспен бірге мейрамханаға барған кезде есіне түсті. Кристің қалай әмиянын алып жатқанын көріп, ол қарызды есіне түсірді. "Тыңдашы, сенде 100 доллар бар ма? Сен маған әлі қарыз емеспісің", - деді Пенни. "Мен сенімен есептесіп тастадым деп жүрсем", - деді Крис. Пенни күліп жіберді. "Мен қарызымды ертең қайтарсам қалай болады?" - деді Крис. Пенни егер қазір тағы иә десе, ол ақшасын енді ешқашан қайтармайтынын білді. Пенни жоқ деді, сөйтіп кідірместен 100 долларды қайтару үшін Криспен бірге банкке дейін барды.
      Крис банкке келіп, оған 100 долларын шығарып беруін өтінді. Бірақ оны есепшотымен бірдеңе дұрыс болмай қалыпты. Банк қызметкері оған оның шотында көк тиын да қалмағанын айтты! Әлдекім Кристің атынан оның шотындағы барлық қаражатты сыпырып кетіпті. Пеннидің маңдайына сол бір 100 долларын қайтару жазылмай-ақ қойыпты.
Мәтінді жасыру
      77. Ыдыс-аяқ жуу
      103-ші пәтерде адамдарға ыдыс жетпей жатты. Ыдыс жуатын шұңғылша екі апта бойы жиналған май ыдысқа толып қалды. Үйде ешкім өзі қолданған ыдысты жуғысы келмеді. Оған қоса бәрі өзінің қандай ыдыс пайдаланғанын ұмытып қалған. Жағдай бақылаудан шығып кетті. Ыдыс үстінде шыбындар ұшып, олардың беті көгере бастаған.
      Үйдегілердің бәрі де бұл мәселе туралы білетін, бірақ ешкімнің де шара қолданғысы келмеді. Дайан үйдегі барлық қыздарды қонақ бөлмеге шақырып алды. "Адамдар, бізге анау ыдыстармен бір нәрсе жасау керек,"-деді Дайан. "Менің қайдағы бір ыдыспен айналысып жататын уақытым жоқ", - деді Клейри. "Біздің барлығымыздың да сол ыдыспен айналысып жататын уақытымыз жоқ", - деді ашулы дауыспен Дайан. "Неге бізге барлық ыдысты теңдей етіп төртке бөліп алмасқа? Осылай әділ болады", - деп ұсынды Элла. "Бірақ бұлай да әділ болмас, біздің арамызда басқалар секілді сонша көп ыдысты пайдаланбағандар да бар", - деді Кэти.
      Біреу пәтердің есігін қақты. Клейри есікті ашты. Бұл олардың көршісі Илай болатын. "Мен әдейі естиін деп емес, бірақ сендердің дауларыңды естідім. Мен ойланып көріп, сендердің ыдыстарыңды 40 долларға жуып берейін деп шештім", - деді ол. Қыздардың әрқайсысы 10 доллардан төлеуі керек. Олар бұны тұрарлық іс деп шешті. Егер Илай ыдысты жуып берсе, олардың ешқайсысы ыдыс жуып әуре болмайды.
Мәтінді жасыру
      78. Артық қылам деп тыртық қыла жаздадым
      Грег панасыз жандарға қатысты әрқашан тұрақты пікірде еді. Ол адам панасыз болса да, олар өзіне қатысты әділ қарым-қатынасқа лайықты. Оларды мұндай халге жеткізетін олардың өмірінде болған қайғылы бір нәрсе болса керек. Ол оларға қолынан келгенше көмектесуге тырысты.
      Ризашылық күні Грег тегін күрке тауық тарату үшін өз ауданын шарлап шығуды шешті. Панасыз адамдар Грегке риза болды. Олар оған дәл солай өтеуін бере алмағаны үшін ыңғайсызданды. Грег оларға алаңдамауларын сұрады. Грег тағы оларға бір-бірімен сөйлесіп, өздерін ондай жалғыз сезінбеуге шақырды.
      Грег өзіне қарай полицейлердің жақындап келе жатқанын көрді. Оларға менен не керек екен деп таңғалып қалды. Полицейлер Грегке тиісті лицензиясыз бұлайша тегін тамақ тарата алмайтындығын айтты, өйткені денсаулық сақтау мәселесі бар екенін көрсетті. Грег мұны ақылға сыйымсыз деп есептеді, өйткені күркетауықтың сапасы жақсы екені айқын еді. Полиция қызметкерлері Грегке егер ол тағы тамақ тарататын болса, оны түрмеге жабатындарын айтты. Грег неге жақсы іс жасау жаман екенін түсінбеді.
Мәтінді жасыру
      79. Сәтсіздікпен бетпе-бет келді
      Картер өз достарының арасында әрқашан бәсекеге дайын тұратын адам ретінде белгілі еді. Ол барлық нәрсені бәсеке қып көретін, ең әдемі автомобиль иесі болудан бастап математикадан үй жұмысын бірінші аяқтауға дейін. Бұның жақсы да, жаман да жақтары болды. Жақсы жағы -бұл оның көп нәрсеге жетуіне себеп болуы. Ол әрдайым бар күшімен ең үздік болуға ұмтылды. Жаман жағы- бұл оны әрдайым қыспақта ұстайтын.
      Картер жақында ағылшын тілінен қиын бақылау тапсырған. Екі-үш күннен соң оған қорытынды нәтижелерін айтқан. Ол "үштік" алған. Ол аң-таң болды. Бұған дейін ол ешқашан "бестіктен" түспейтін. Ол достарынан жұмыстары үшін қандай баға алғандарын сұрады. Олар оған айтқысы келмеді, өйткені ол тағы мақтанады деп ойлады. "Картер, сен бізден қандай баға алғанымызды сұрағанда, біз қысыламыз", - деді олардың біреуі. Картер өзінің төмен баға алғанын мойындағысы келмеді.
      Сабақ біткен соң Картер мұғалімге жақындап, сынып бойынша орташа баға қандай екенін сұрады. Грин ханым орташа баға "төрттік" екенін айтты. Картердің көңілі қатты түсіп кетті. Алғаш рет оның бағасы орташадан төмен болып тұр. Грин ханым оған алаңдамауын айтты, тіпті ең ақылды деген адамдардың өздері де сәтсіздікке ұшырайды.
Мәтінді жасыру
      80. 4-ші маусымға жоспарлар
      Төртінші маусым Гриффендер үшін маңызды күн еді. Жыл сайын олар өз үйлерінде достары мен туыс- туғандарымен бірге үлкен той өткізетін. Бірінші бәрі фильм қарайтын. Сосын олар түскі асқа хот-догтар жейтін. Одан кейін олар ойындар ойнайтын. Олар бірге ойнайтын кейбір ойындарға арқан тартыс, флагбол, сенім білдіру жаттығулары кіретін. Ойын ойнап болып, олар кешкі асқа отыратын. Кешкі ас негізінен етті қабырғалардан, жүгеріден және жасыл бұршақтардан тұратын.
      Кешкі ас кезінде Гриффендер өмірлеріндегі өзгерістер мен қазіргі жағдайлар туралы әңгіме құрды. Бұл жылғы маңызды жаңалық Лила Гриффинге бір дүние жүзі бойынша танымал компания директорының құда түсуі болды. Лила ауқатты болатын болды. Ол Беверли-Хиллзға көшіп барады. Оның нағашысы одан жұмысынан кететін-кетпейтінін сұрады. Лила үйде отыра беру жалықтырып жіберетіндіктен, жұмысын тастамайтынын айтты.
      Кешкі астан соң Гриффиндер от шашуларды қызықтады. Оларда от шашудың ерекше түрі болған. Бұл жылы олар өздерінің басқаша от шашуын жасайық деп шешкен екен. От шашулар барлық түстерден болған: көгілдір, қызыл және күлгін. Олардың от шашуы саябақтағыдай үлкен болмады, бірақ сонда да олар көп түсті әсерлі шыққан еді.
Мәтінді жасыру


В подготовке текстов на казахском языке участвовали пользователи сайта sozdik.kz:
Nurdaulet Aspenov, Гульнар Абдраимова, Жанара Қабина, Алтынгуль Кептербаева, Аслан Бисенов, Жанар Амангалиева, Гаухар Назымбекова, Акжайык Сабырбаева, Мади Толегенов, Назгуль Тынбаева, Рахат Уйсымбаев.
Корректор текстов на казахском языке: Атлас Кудайбергенова



© Татьяна Валяева,  2007–2024
 <<  Казахский по уровням. Ур.5, стр.3 Вернуться к началу Казахский по уровням. Ур.5, стр.5  >> 

Главная             Цвета текста на сайте             Телеграм-канал «Изучаем казахский...»             kaz-tili@yandex.kz             Гостевая книга