Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Конструкции
Предложения
  Проверь себя!
  Упражнения
   Грамматика детям
  Удивительный мир
Видеокурс
   Разговорник
Фразеологизмы
   Книга для чтения
С казахским не шутят?
Рассказы
Сказки
Песни
Полезное
Словарь
Ссылки
Автор
Суперлёг. чтение
  1. 1  
  2. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  1. 4  
  1. 5  

Каталог тем
Лёг.истор.
  1. 1  
  1. 2  
  1. 3  
  1. 4  
  1. 5  
  1. 6  
  1. 7  
 Истории о детях
  1. 1  
  2. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  2. 6  
  2. 7  
 Занимательное чтение
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  3. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  3. 5  
 Казахский по уровням
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  4. 1  
  5. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  4. 2  
  5. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  4. 3  
  5. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  3. 4  
  4. 4  
  5. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  3. 5  
  4. 5  
  5. 5  
  2. 6  
  3. 6  
 Лёгкое чтение
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  
 Короткие истории
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  
 Қаз/Qaz 

Лёгкие истории (Easy Stories)

Страница 1
Грамматика казахского языка. Просто о сложном

Автор идеи, составитель и переводчик текстов
с английского языка на русский: Андрей Краснов

Слушать текст на youtube 
      1. Патрисия жұмысқа жиналуда.
      Патрисияның көп уақыты жоқ. Жұмысқа баратын уақыты жақындады. Ол жұмысқа кешігіп қалғысы келмеді. Егер жұмысқа көп кешігетін болса, жұмыссыз қалады. Ол кофесін ішіп болды. Ақырғы бір жұтым жасады. Кофеге арналған шынаяқты асүйдегі ыдыс-аяқ жуатын шұңғылшаның үстіне қойды. Суды сәл жылы жасап, ыдысын жуды. Кілттер асүйдің үстелінде жатқан. Патрисия орындықтың үстінде жатқан өзінің сұр пальтосын алды. Орындық әдеттегідей есіктің жанында еді. Ол есікті кілтімен ашып, сыртқа шықты.
Мәтінді жасыру
Слушать текст на youtube 
      2. Жаңа ауланған балық
      Майк ұйықтауға дайын еді. Сағат кешкі 11 болатын. Оған ертең ертерек тұру керек еді. Келесі күні ол балық аулауға баруды жоспарлауда. Балықтар тіршілігін ерте бастайды. Олар азықты таңертең ерте іздейді. Олар азықты кешкі уақытта іздейді. Балық аулаудың ең жақсы кезі – ерте немесе кешкі уақыт. Яғни балық ашыққан кезде. Майк сағат қоңырауын 5-ке қойды. Келесі күні ол балық аулауды сағат 6-да бастайды. Ол 4 немесе 5 балық аулап алғысы келеді. Егер де 4 не 5 балық ұстаса, бүкіл апта бойы жаңа ауланған балықпен тамақтанып отырар еді. Жаңа ауланған балық – ең жақсы балық. Майк ұйықтауға кетті.
Мәтінді жасыру
Слушать текст на youtube 
      3. Жаңа көлікті сатып алу
      Линда жаңа көлікті сатып алғысы келеді. Оның автокөлігі ескі. Қазіргі автокөлігі - ақ Хонда. Линда жаңа қызыл Хонда сатып алғысы келеді. Оның 1000 доллар көлемінде жинаған ақшасы бар. Ол жаңа көлікті сатып алуға 1000 долларды пайдаланбақшы. Ол 1000 долларды Хонданың дилеріне береді. Хонданың дилері оған қол қоюға контракт береді. Контракт бойынша жеті жыл аралығында айына 400 доллар көлемінде төлеп отыруы қажет. Жаңа қызыл Хонда Линдаға үлкен ақшаға шығайын деп тұр. Бірақ бәрі ойдағыдай, өйткені Линда көп ақша табады.
Мәтінді жасыру
Слушать текст на youtube 
      4. Жүдеу адам
      Ричард аз тамақ ішеді. Ол тамақты көп ішпейді. Ол көп тамақтануды ұнатпайтын адам. Ол таңертең жеңіл ас, түсте жеңіл ас және кешкісін де жеңіл асты қанағат тұтады. Ричард толық адам емес. Ол жүдеу. Ол әрқашан жүдеу болады, себебі аз тамақтанады. Ол таңғы асқа сұлы жармасының үлпектерін жейді. Ол оған сүт қосып жейді. Түскі аста сэндвич жейді. Кейде балығы бар сэндвич. Ол балықты жақсы көреді. Кешкі асқа күріш пен көкөністерді жейді. Оның кешкі асы тек күріш пен көкөністер ғана. Ол ешқашан толық болмайды.
Мәтінді жасыру
Слушать текст на youtube 
      5. Қоқыс шығару күні
      Дженифер қоқыс контейнерін сыртқа алып шықты. Ол қоқыс контейнерін көшеге дүйсенбінің таңертесімен шығарады. Дүйсенбі - қоқыс шығару күні болатын. Қоқыс көлігі оның үйінің жанына келді. Қоқыс көлігінің темір қармауы бар еді. Темір қармауымен қоқыс контейнерін іліп, көтеріп алды. Ол қоқыс контейнерін аспанға қарай көтерді. Контейнердегі қоқысты көліктің ішіне босатты. Содан соң темір қармауы оны орнына қойды. Дүйсенбінің кешкі уақытында Дженифер сыртқа шықты. Қоқыс контейнері бос еді. Ол қоқыс контейнерін қайтадан өз ауласына апарып қойды. Келесі дүйсенбі күні ол оны көшеге қайтадан алып шығады.
Мәтінді жасыру
Слушать текст на youtube 
      6. Суық ауа райы
      Томасқа ыстық болмады. Оған жылы да болмады. Оған суық болды. Ауа райы ыстық емес. Ауа райы жылы да емес. Ауа райы суық. Томасқа тоңған ұнамайды. Ол өз күртесін іздей бастады. Ол күртесін тапты. Ол күртесін киіп алды. Бірақ сонда да суық болды. Ол терезеге қарады. Барлық терезелер жабық тұр ма? Иә, олардың бәрі жабық. Бір де бір терезе ашық тұрған жоқ. Ол есікке қарады. Есік те жабық. Оған сонда да суық болды. Ол жылырақ күртеше іздей бастады.
Мәтінді жасыру
Слушать текст на youtube 
      7. Пианист
      Дональд пианинода ойнайды. Ол пианиноны жақсы көреді. Оның қонақ бөлмесінде үлкен пианиносы бар. Оның пианиносы жылтыраған және қара. Оның үш аяғы бар. Пианинода ойнау үшін ол орындыққа отырады. Орындықтың төрт аяғы бар. Пианиноның 88 клавишасы бар. Клавишалар қара және ақ. Дональдтің он саусағы бар. Оның он саусағы пианиноның 88 клавишасында музыка ойнайды. Пианинода тағы үш педаль бар. Дональд өзінің екі аяғын үш педальге басады. Ол өзінің екі қолы мен екі аяғын пианинода ойнау үшін қолданады. Ол тағы екі көзін пианиндан алмайды.
Мәтінді жасыру
Слушать текст на youtube 
      8. Хат жазу
      Кристофер әпкесіне хат жазды. Оның әпкесі басқа қалада тұрады. Оның әпкесінің компьютері жоқ. Оның да компьютері жоқ. Оның әпкесі телефонды қолданғанды ұнатпайды. Ол да ұнатпайды. Ол әпкесіне ұзын хат жазды. Ол өз өміріндегі жаңалықтарды айтып берді. Ол оған жаңа жұмыс тапқанын айтты. Оның жаңа қызы бар екенін, жаңа көлігі бар екенін айтты. Ол әпкесіне көп жаңалық жазды. Оның әпкесі хатын оқығанда қуанады. Кейін оған да хат жібереді. Әпкесінің хатында да көп жаңалықтар болады.
Мәтінді жасыру
Слушать текст на youtube 
      9. Жаңа туфли
      Лиза жаңа зат сатып алуға барғанды ұнатады. Ол ертең дүкен аралауға барады. Оған жаңа туфли қажет. Ол екі қызыл туфли сатып алғысы келеді. Ол қызыл туфлиді әдемі деп ойлайды. Ол туфлиді сауда кешенінде сатып алады. Лиза заттарды әдетте сауда кешенінде сатып алады. Сауда орталығы оның үйінен бір шақырым қашықтықта ғана орналасқан. Ол сол жаққа жаяу жүріп барады. Бұл оның 20 минут уақытын ғана алады. Ертең ол 4 аяқ киім дүкендеріне барады. Ертең сенбі. Сенбі күні сауда кешенінде әрдайым жаппай сатылымдар өткізіледі. Егер жаппай сатылымда баға жақсы болса, ол екі туфли сатып алуы мүмкін.
Мәтінді жасыру
Слушать текст на youtube 
      10. Желаяқ
      Беттидің дәрігері оған көбірек жаттығу қажеттігін айтты. Сондықтан ол жүгіре бастады. Жүгіру оған ләззат әкеледі. Ол күн сайын жүгіреді. Ол күніне екі миль жүгіреді. Демалыс күндері ол бес миль жүгіреді. Ол тауға жүгіреді. Ол таудан жүгіреді. Ол көшеде және жаяужолда жүгіреді. Ол соқпақта жүгіреді. Ол ыстықта да, суықта да жүгіреді. Ол шуақты күндерде де және жауынды күндерде де жүгіреді. Келесі аптада Бетти марафонда жүгіреді. Келесі аптада онда бірінші марафон жүгірісі болады. Марафон - 26 миль (42 шақырым). Ол тоқтамастан үш сағат жүгіретін болады. Ол марафонында жеңіп шығуға тырыспайтын болады. Ол оны жай ғана аяқтауға тырысатын болады.
Мәтінді жасыру
Слушать текст на youtube 
      11. Қарапайым салат
      Джордж салат жасағалы жатыр. Ол қарапайым салат жасайды. Бұл қарапайым салат, бірақ сондай-ақ өте дәмді болады. Оның салаты бар болғаны екі ингредиенттен тұрады. Бір ингредиенті - балғын қияр. Қияр қоңыр жасыл әрі ұзын. Джордж қиярды қабығынан тазартады. Қабығын қоқыс шелегіне тастайды. Ол қабықты жемейді. Ол қиярды ұсақ тілімдерге кеседі. Әрбір тілімі бес центті монетаның өлшеміндей болады. Ол барлық тілімдерін үлкен табаққа салады. Сосын ол үлкен табақтағы осы тілімдерге салатқа арналған дәмдеуіш себеді. Бар болғаны осы - қияр және салатқа арналған дәмдеуіш.
Мәтінді жасыру
Слушать текст на youtube 
      12. Не деген тәрбиесіз
      Хеленнің өзінің анасына көңілі толмайды. Ал, оның анасының Хеленге көңілі толмайды. Олардың екеуі де бір-біріне көңілдері толмайды. Хеленнің жігіті бар. Оның есімі Питер. Питер оның анасына ұнамайды. Оның анасы Питерді тәрбиесіз деп атайды. Неліктен ол олай айтады? Себебі Питер үйге кірген кезде бас киімін шешпейді. Хеленнің анасы мұны тәрбиесіздік деп айтады. Ер адам үйге кіргенде бас киімін шешуі керек. «Сенің әкең үйде әрқашан да бас киімін шешетін», - деді Хеленнің анасы. «Бірақ, анашым, қазір басқа заман, - деді Хелен. - Келесі жолы Питердің бас киімін шешетініне уәде беремін». Хеленнің анасы өте кеш екенін айтты - тәрбиесіздік бұл тәрбиесіздік.
Мәтінді жасыру
Слушать текст на youtube 
      13. Пәтерді тазалау
      Кеннет өзінің пәтерін тазалады. Ол қоқысты шығарды. Ол өзінің ванна бөлмесінің ішіне кіріп қарады. Жуғыш пен ванна кір болатын. Кеннет жуғыш пен ваннаны жуды. Ол өзінің жатын бөлмесінің ішіне кіріп қарады. Еденде киімдер жатыр екен. Кеннет киімдерді көтерді. Ол жейделерді ілгішке ілді. Ол шалбарларды жинады. Ол шалбарларды комодқа салды. Ол кір киімдерді жуды. Ол қонақ бөлмесінің ішіне кіріп қарады. Еденде қағаздар жатыр екен. Еденде кітаптар, газеттер және журналдар жатыр екен. Кеннет олардың барлығын көтерді. Ол олардың барлығын кітап сөресіне қойды. Содан кейін ол бүкіл пәтерді шаңсорғышпен тазалады.
Мәтінді жасыру
Слушать текст на youtube 
      14. Чекті толтыру
      Сандра өзінің газ компаниясына чек толтырды. Ол бір жолына: «Мамырдың 17-сi 2016-шы жыл» деп жазды. Келесі жолына ол: «Газ Компаниясы» деп жазды. Одан соң келесіге: «$35.66» деп жазды. Содан соң келесіге: «Отыз бес доллар алпыс алты цент» деп қайталады. Тағы келесі жолына: «Газдың айлық есебі» деп жазды. Басқа жолына ол өз қолын қойды. Сосын оны конвертке салды. Ол және де конвертке газдың ақшасын салды. Ол конвертті жалап жабыстырды. Конверттің бетіне өзінің қайтарма мекен жайын жазды. Конверттің бетіне ол тағы 44-центтік пошта маркасын жабыстырды. Ол конвертті пошта жәшігіне салды.
Мәтінді жасыру
      15. Ерітілген ірімшік
      Стивен аш болатын. Оған не жеп алса болады? Ол тоңазытқышты қарады. Ол қызғылт-сары түсті ірімшікті көрді. Ол шамалы сары майды көрді. Ол не жейтінін біліп алды. Ол ерітілген ірімшігі бар сэндвич жейтін болды. Ол тоңазытқыштан сары май мен ірімшікті суырып алды. Ол екі тілім нанға май жағып алды. Ол ірімшікті кесіп екі май жағылған наның ортасына қойды. Ол табаны қыздырып алды. Ол ірімшікті сэндвичті табаға қойды. Үш минуттан соң ол сэндвичті екінші жағына аударды. Тағы үш минуттан ол соң еріген сэндвичті тәрелкеген салды.
Мәтінді жасыру
      16. Бір бірін жақсы көретіндер
      Донна күйеуін жақсы көрді. Оның күйеуі Доннаны жақсы көрді. Олар бір бірін жақсы көрді. Донна күйеуінің туған күніне сыйлық жасағысы келді. Оның күйеуі келесі аптада 40 жасқа толайын деп жатты. Донна өзінен оған не сыйлайтынын сұрады. Оған сағат сыйласа ма екен? Оған свитер сыйласа ма екен? Оған сағат сыйласа ма екен? Оған жаңа гитара сыйласа ма екен? Оған не сыйласы екен? Донна одан туған күніне нені қалайтынын сұрады. Оның күйеуі туған күніне ештеңе қаламайтынын айтты. «Сен бірдеңе қалауың керек», - деді Донна. «Сенікі дұрыс, - деді күйеуі. - Сен мені мәңгі сүйгеніңді қалаймын».
Мәтінді жасыру
      17. Жұмыс, жұмыс
      Ұйықтайтын уақыт болып еді. Эдвард қатты шаршап тұрды. Ол теледидарды, компьютерді өшірді. Ол ас үйдегі шамды сөндірді. Ол жуынатын бөлмеге барды да, тісін жуды. Жатын бөлмеге барып, пижамасын киді. Ол төсекке жатып, басын жастыққа тигізді. Ол көрпені үстіне жамылды. Ол сол күні орындаған жұмысы жайында және келесі күні орындауға тиіс жұмысты ойлап жатты. Ол көзін жұмды. Ол үш айдан кейін берілетін демалысы туралы ойлады. Бұнысы сондай тамаша болар еді.
Мәтінді жасыру
      18. Әлсіздік
      Кэрол өзіңде бір әлсіздіктің пайда болғанын сезінді. Ол үнемі өзің әлсіз сезінеді. Бұрын олай болмайтын. Бұрын оның күш-қуаты көп болатын. Неге ол үнемі әлсіздікті сезеді? «Көп қант жеуін керек», - деді оның құрбысы. - Қант саған қуат береді». Бірақ Кэролдың қантты көп жегісі келмеді. Қант көп жесең, салмағын көп болады. Ол артық салмақтың қосылғанын қаламады. Ол тек күш-қуатының қалпына келгенін қалады. Ақырында, ол дәрігер қабылдауына баруға шешім қабылдады. Дәрігер оған мәселе қалқанша безінде екендігін айтты. «Қалқанша без деген не?» - деп сұрады ол дәрігерден. «Оның әсерінен сіз өзіңізді әлсіз сезінуіңіз мүмкін. Бірақ алаңдамаңыз, мен бұл мәселені шешемін», - деді дәрігер.
Мәтінді жасыру
      19. Батыл жүргізуші
      Брайанның мәшинесі жылдам. Ол мәшинесін жылдам айдайды. Ол жылдамдық асырған үшін ешқашан айыппұл алмайды. Оның мәшинесі полицияныкінен әлдеқайда жылдам. Олар оны қуалайды, бірақ ұстай алмайды. Брайан полициядан үнемі қашып құтылады. Полиция оны ұстағысы келеді. Бірақ олардың машинасы тым баяу. Брайанның мәшинесі өте жылдам. Ол сағатына 100 мильден (160 километр) астам жылдамдықпен айдағанды ұнатады. Ол полицияны көргенде оларға қолын бұлғайды. Полиция сиренасын қосады. Олар қызыл жарықтарын қосады. Олар Брайанды қуалайды. Брайан жылдамдық қосады. Ол жолдағы барлық мәшинелерден озып кетеді. Ол полициядан құтылып кетеді.
Мәтінді жасыру
      20. Жаңа сәби
      Рут жүкті. Ол сәби күтіп жүр. Сәби екі айда кейін дүниеге келуі керек. Сәби - ұл бала. Бұл оның тұңғыш ұлы. Руттың бір қызы бар. Қызы екі жаста. Рут кішкентай қызын жақсы көреді. Оның қызы інісі болатынына қуанып жүр. Қазір Рут екі адам үшін тамақтанып жүр. Ол өзінің ішіп-жеген тағамдарына аса сақтықпен қарайды. Ол жаңа піскен жемістер мен көкөністерді көп жейді. Аптасына екі рет балық жейді. Ол спирттік ішімдіктер мен кофе ішпейді. Ол тәттілер мен қытырлақ картоп жемейді. Ол темекі шегетіндерден аулақ жүреді. Оның баласының дені сау болады.
Мәтінді жасыру


В подготовке текстов на казахском языке участвовали пользователи сайта sozdik.kz:
Nurdaulet Aspenov, Гаухар Назымбекова, Señor Chingón, Акжайык Сабырбаева, Жанар Амангалиева, Аслан Бисенов, Еркежан Каймоллаева, Мади Толегенов, Арайлым Тлеуова, Assel Kanybekova, Рахат Уйсымбаев, Маргулан Канат, Олжас Токмагамбетов, Роза Алиева, Алтынгуль Кептербаева, Аяулым Орынгали, Гульзайнаб Сисенова, Максат Маликов, Мира Сембайкызы, Раушан Муталипова и другие.
Корректор текстов на казахском языке: Жанар Уалиева



© Татьяна Валяева,  2007–2024
 <<  Суперлёгкое чтение. Том 1, стр.5 Вернуться к началу Лёгкие истории. Том 1, стр.2  >> 

Главная             Цвета текста на сайте             Телеграм-канал «Изучаем казахский...»             kaz-tili@yandex.kz             Гостевая книга