Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Модальность
Предложения
  Проверь себя!
  Упражнения
   Грамматика детям
   Учим всей семьёй
 Видео
  Разговорник
Пословицы
  Книга для чтения
С казахским не шутят?
Сказки
Песни
Статьи
Словарь
Ссылки и др.
Автор сайта
Приветствие
Знакомство
Просьба
Согласие
Время
Телефон
В магазине
Пожелания
Благодарность
Приятного аппетита
Медицина
Дорога
Работа стр.1, стр.2
 Полезные фразы
 1 
 2 
 3 
 4 
 5 
 6 
 7 
 8 
 9 
 10 
 11 
 12 
 13 
 14 
 15 
 16 
 17 
 18 
 19 
 20 
 21 
 22 
 23 
 24 
 25 
 26 
 27 
 28 
 29 
 30 
 31 
 32 
 33 
 34 
 35 
 36 
 37 
 38 
 39 
 40 
 41 
 42 
 43 
 44 
 45 
 46 
 47 
 48 
Цитаты
 1 
 2 
 3 
 4 
 5 
Р. Керимбаев А. Керимбаев
"Русско-казахский сборник
фраз и словосочетаний"


Разговорник
Жаңа толқын

 Кирил/Latyn 

Телефон

Телефон / Telefon
Краткий русско-казахский сборник


Автор: Рауль Керимбаев

1
Телефон соғуға бола ма? Можно позвонить? Telefon soǵýǵa bola ma?
Телефон соғуға болар ма екен? Можно ли позвонить? Telefon soǵýǵa bolar ma eken?
Кешіріңіз, менің телефонымның қуаты таусылып қалды.
Сіздікімен біреуге қоңырау соқсам бола ма?
Извините, у меня разрядился телефон.
Могу я позвонить кое-кому с Вашего телефона?
Keshirińiz, meniń telefonymnyń qýaty taýsylyp qaldy.
Sizdikimen bireýge qońyraý soqsam bola ma?
Телефонмен қоңырау шалыңыз. Позвоните по телефону. Telefonmen qońyraý shalyńyz.
Маған телефон соғыңыз. Позвоните мне. Maǵan telefon soǵyńyz.
Мына нөмір бойынша хабарласыңыздар 82223332223. Звоните по этому номеру 82223332223. Myna nómir boıynsha habarlasyńyzdar 82223332223.
Мына нөмір бойынша хабарласуларыңызды сұраймыз 82223332223. Просим звонить по этому телефону 82223332223. Myna nómir boıynsha habarlasýlaryńyzdy suraımyz 82223332223.
Сіз менің телефонымды білесіз бе? Вы знаете мой телефон? Siz meniń telefonymdy bilesiz be?
Сізбен телефон бойынша қалай хабарласуға болады? Как можно связаться с Вами по телефону? Sizben telefon boıynsha qalaı habarlasýǵa bolady?
2
Маған телефон нөміріңізді беріңізші. Дайте мне ваш номер телефона, пожалуйста. Maǵan telefon nómirińizdi berińizshi.
Телефон нөміріңізді алуыма рұқсат па? Можно у Вас взять номер Вашего телефона? Telefon nómirińizdi alýyma ruqsat pa?
Телефон нөміріңізді бересіз бе? Вы дадите свой номер телефона? Telefon nómirińizdi beresiz be?
Сенде оның телефон нөмірі бар ма? У тебя есть её номер телефона? Sende onyń telefon nómiri bar ma?
Сіз оның ұялы телефонын білесіз бе? Вы знаете его сотовый телефон? Siz onyń uıaly telefonyn bilesiz be?
Ол кісінің телефон нөмірін білесіз бе? Вы знаете номер телефона этого человека? Ol kisiniń telefon nómirin bilesiz be?
Оның телефон нөмірін білесіз бе? Вы знаете его номер телефона? Onyń telefon nómirin bilesiz be?
Телефон нөмірін жазып алайыншы. Давайте я запишу номер телефона. Telefon nómirin jazyp alaıynshy.
Мен оның ұялы телефонын берейін. Жазып алыңыз. Я дам его сотовый телефон. Запишите. Men onyń uıaly telefonyn bereıin. Jazyp alyńyz.
Қоңырауға жауап бер. Ответь на телефонный звонок. Qońyraýǵa jaýap ber.
3
Телефоныңыз шырылдап жатыр. У Вас телефон звонит. Telefonyńyz shyryldap jatyr.
Біреу телефон шалып жатыр. Кто-то звонит. Bireý telefon shalyp jatyr.
Кімге хабарласып жатырсың? Кому звонишь? Kimge habarlasyp jatyrsyń?
Кімге қоңырау шалып жатырсың? Кому звонишь? Kimge qońyraý shalyp jatyrsyń?
Қоңырау барып тұр. Гудки идут. Qońyraý baryp tur.
Алло, бұл кім? Алло, кто это? Alo, bul kim?
Сөйлеп тұрған кім? Кто это говорит? Sóılep turǵan kim?
Сіз маған қоңырау соқтыңыз ба? Вы мне звонили? Siz maǵan qońyraý soqtyńyz ba?
Мен сізді нашар естіп тұрмын. Я плохо Вас слышу. Men sizdi nashar estip turmyn.
Қайта қоңырау соқшы, мен ештеңе естімей тұрмын. Перезвони, пожалуйста, я ничего не слышу. Qaıta qońyraý soqshy, men eshteńe estimeı turmyn.
4
Мен сізді тыңдап тұрмын. Айта беріңіз. Я Вас слушаю. Говорите. Men sizdi tyńdap turmyn. Aıta berińiz.
Иә, сәлем, мен сенің қоңырауыңды күтіп жүр едім. Да, привет, я ждал твоего телефонного звонка. Iá, sálem, men seniń qońyraýdy kútip júr edim.
Даусыңызды естігеніме қуаныштымын. Я рад слышать ваш голос. Daýsyńyzdy estigenime qýanyshtymyn.
Даусың бір түрлі ғой. У тебя голос странный. Daýs bir túrli ǵoı.
Қайда болдың? Неге телефон соқпадың? Ты где был? Почему не звонил? Qaıda boldyń? Nege telefon soqpadyń?
Неге қоңырауыма жауап бермедің? Почему не отвечал на мои телефонные звонки? Nege qońyraýyma jaýap bermediń?
Басқа бөлмеде болып едім, содан қоңырауыңызды естімей қалдым. Я был в другой комнате и, поэтому, не слышал Вашего звонка. Basqa bólmede bolyp edim, sodan qońyraýyńyzdy estimeı qaldym.
Жаңа ғана хабарласайын деп жатыр едім саған. Я только что собирался позвонить тебе. Jańa ǵana habarlasaıyn dep jatyr edim saǵan.
Бүгін бірнеше рет сізге телефон соқтым. Сегодня несколько раз звонил Вам. Búgin birneshe ret sizge telefon soqtym.
Саған он бес рет қоңырау соқтым ғой. Я же пятнадцать раз звонил тебе. Saǵan on bes ret qońyraý soqtym ǵoı.
5
Түсінбедім, сіз не дедіңіз? Я не понял, что Вы сказали? Túsinbedim, siz ne dedińiz?
Не үшін хабарласып тұрсың? Зачем ты звонишь? Ne úshin habarlasyp tursyń?
Бағана сізге телефон соқм, алмадыңыз. Недавно я звонил Вам, Вы не брали трубку. Baǵana sizge telefon soqsam, almadyńyz.
Маған қоңырау соқтың ба? Ты мне звонила? Maǵan qońyraý soqtyń ba?
Өзің телефон соқпай, менің хабарласқанымды күтіп жаттың ба? Сама не стала звонить, ждала, пока я позвоню? Óziń telefon soqpaı, meniń habarlasqanymdy kútip jattyń ba?
Жай, жағдайыңды білейін деп хабарластым. Я просто позвонил, узнать, как у тебя дела. Jaı, jaǵdaıdy bileıin dep habarlastym.
Мен сізге хабарландыру бойынша қоңырау шалып тұрмын. Я звоню вам в связи с вашим объявлением. Men sizge habarlandyrý boıynsha qońyraý shalyp turmyn.
Бұл телефон арқылы сөйлесетін әңгіме емес. Это не телефонный разговор. Bul telefon arqyly sóılesetin áńgime emes.
Бұл телефон арқылы айтылатын әңгіме емес. Это не телефонный разговор. Bul telefon arqyly aıtylatyn áńgime emes.
Бұл телефонмен айтылатын әңгіме емес. Это не телефонный разговор. Bul telefonmen aıtylatyn áńgime emes.
6
Сәлден соң хабарласыңыз. Позвоните позже. Sálden soń habarlasyńyz.
Айналайын, қазір қолым бос емес. Кейін хабарласшы. Дорогая, я сейчас занят. Позвони попозже. Aınalaıyn, qazir qolym bos emes. Keıin habarlasshy.
Мен рөлде келе жатырмын. Көп ұзамай телефон соғамын. Я за рулём. Скоро позвоню. Men rólde kele jatyrmyn. Kóp uzamaı telefon soǵamyn.
Бір минуттан соң хабарласамын. Я перезвоню через минуту. Bir mınýttan soń habarlasamyn.
Мен қазір сөйлесе алмаймын.
Біраздан кейін хабарласамын.
Я сейчас не могу говорить.
Я перезвоню чуть попозже.
Men qazir sóılese almaımyn.
Birazdan keıin habarlasamyn.
Енді сөйлей алмаймын.
Адамдар күтіп қалды.
Я больше не могу говорить.
Меня люди ждут.
Endi sóıleı almaımyn.
Adamdar kútip qaldy.
Жоқ, жоқ, кешірек қоңырау соғармын. Нет, нет, я позже перезвоню. Joq, joq, keshirek qońyraý soǵarmyn.
Ол үйде жоқ, сәлден соң хабарласыңыз. Его нет дома, попозже позвоните. Ol úıde joq, sálden soń habarlasyńyz.
7
Сіз нөмірді дұрыс терген жоқсыз. Вы неправильно набрали номер. Siz nómirdi durys tergen joqsyz.
Сіз нөмірді қате тердіңіз. Вы набрали неправильный номер. Siz nómirdi qate terdińiz.
Сіз қателестіңіз, басқа нөмірге түстіңіз. Вы ошиблись, не туда попали. Siz qatelestińiz, basqa nómirge tústińiz.
Үнемі керек кезде телефон алмайсың. Как всегда, когда нужно, ты не берёшь трубку телефона. Únemi kerek kezde telefon almaısyń.
Хабарламаға да жауап бермейсің, телефон соқсам да алмайсың. Не отвечаешь на сообщения, не берёшь трубку, когда тебе звоню. Habarlamaǵa da jaýap bermeısiń, telefon soqsam da almaısyń.
Себебі сен ыңғайсыз уақытта қоңырау шаласың. Потому что ты звонишь в неудобное время. Sebebi sen ynǵaısyz ýaqytta qońyraý shalasyń.
Жаным, саған қаншама қоңырау соқтым. Неге жауап бермедің? Милая, я столько раз тебе звонил. Почему не отвечала? Janym, saǵan qanshama qońyraý soqtym. Nege jaýap bermediń?
Хабарлама да жібердім. И сообщение отправлял. Habarlama da jiberdim.
Менің қоңырауларыма неге жауап бермейсің? Ты почему не отвечаешь на мои звонки? Meniń qońyraýlaryma nege jaýap bermeısiń?
Телефон соқпайсың, хабарлама жазбайсың. Не звонишь, не пишешь сообщений. Telefon soqpaısyń, habarlama jazbaısyń.
8
Мен бір неше рет хабарластым, байланысқа шықпадыңыз ғой. Я несколько раз звонил Вам, но Вы на связь не выходили. Men bir neshe ret habarlastym, baılanysqa shyqpadyńyz ǵoı.
Сіздің ұялы телефоныңыз өшірулі. Ваш сотовый телефон отключен. Sizdiń uıaly telefonyńyz óshirýli.
Таңертең телефонымды үйде ұмытып кетіппін. Утром я забыл телефон дома. Tańerteń telefonymdy úıde umytyp ketippin.
Қоңырау шалуға уақытым болмады. У меня не было времени позвонить. Qońyraý shalýǵa ýaqytym bolmady.
Хабарласуға уақытым болмады. У меня не было времени позвонить. Habarlasýǵa ýaqytym bolmady.
Телефон шалғаныңды естімей қалдым. Я не слышал телефонного звонка. Telefon shalǵandy estimeı qaldym.
Естіген жоқпын. Телефоным дыбыссыз режимде тұрған. Я не слышал. Мой телефон стоял на беззвучном режиме. Estigen joqpyn. Telefonym dybyssyz rejımde turǵan.
Телефон дыбыссыз тәртіпте болды. Телефон был на беззвучном режиме. Telefon dybyssyz tártipte boldy.
Неге өшіріп тастадың? Зачем отключил? (о телефоне) Nege óshirip tastadyń?
«Естімей қалдым, қуатты таусылды» дегенді естімейтін болайын. Я не хочу слышать, чтобы ты говорил: «Я не услышал или зарядка у меня закончилась». «Estimeı qaldym, qýatty taýsyldy» degendi estimeıtin bolaıyn.
9
Маған ешкім хабарласқан жоқ па? Мне никто не звонил? Maǵan eshkim habarlasqan joq pa?
Маған ешкім қоңырау шалған жоқ па? Мне никто не звонил? Maǵan eshkim qońyraý shalǵan joq pa?
Кім телефон соқты? Кто тебе звонил? Kim telefon soqty?
Саған кім қоңырау шалған? Кто тебе звонил? Saǵan kim qońyraý shalǵan?
Кім қоңырау шалды екен? Кто, интересно, звонил? Kim qońyraý shaldy eken?
Саған хабарласқан жоқ па? Тебе не звонили? Saǵan habarlasqan joq pa?
Кіммен сөйлесіп жатыр едің? С кем ты говорил? Kimmen sóılesip jatyr ediń?
Сенің телефоның шылдырап жатқан. Твой телефон звонил. Seniń telefon shyldyrap jatqan.
Құрбым хабарласты. Ашуымды келтірді. Подруга позвонила. Разозлила. Qurbym habarlasty. Ashýymdy keltirdi.
Саған кім оған телефон соқ деген? Тебе кто сказал позвонить ему? Saǵan kim oǵan telefon soq degen?
10
Мен бүгін оған көп рет қоңырау шалдым. Я сегодня звонил ему много раз. Men búgin oǵan kóp ret qońyraý shaldym.
Хабарласа алмадым. Я не смог дозвониться. Habarlasa almadym.
Бәріне қоңырау шалдым. Я перезвонил всем. Bárine qońyraý shaldym.
Мен оған қоңырау соқпаймын. Я не буду ему звонить. Men oǵan qońyraý soqpaımyn.
Оған қоңырау шалсам – көтермейді. Если ему звоню, он не берёт трубку. Oǵan qońyraý shalsam – kótermeıdi.
Ол сенің қоңырауыңды күтіп жүр! Она ждёт твоего звонка! Ol seniń qońyraýdy kútip júr!
Ол сізден қоңырау күтеді. Она ждёт Вашего звонка. Ol sizden qońyraý kútedi.
Нөмерден шатасқан шығар? Наверно, номером ошибся? Nómirden shatasqan shyǵar?
Менімен сөйлесуге уақыт тапқаныңыз үшін рақмет. Спасибо, что нашли время поговорить со мной. Menimen sóılesýge ýaqyt tapqanyńyz úshin raqmet.
Қоңырау шалғаныңызға рақмет. Спасибо за звонок. Qońyraý shalǵanyńyzǵa raqmet.
11
Келістік. Қоңырауыңызды күтемін. Договорились. Буду ждать Вашего звонка. Kelistik. Qońyraýyńyzdy kútemin.
Телефон соғып тұрыңыз. Звоните. Telefon soǵyp turyńyz.
Ол маған телефон соқсыншы. Пусть он мне позвонит. Ol maǵan telefon soqsynshy.
Ал сен жиірек қоңырау соқ. А ты почаще звони. Al sen jıirek qońyraý soq.
Мен қоңырау соқпайтындай. Как будто я не звоню. Men qońyraý soqpaıtyndaı.
Одан да көп соқ. Звони ещё больше. Odan da kóp soq.
Мына қағазға менің телефон нөмірім жазылған.
Қаласаң, телефон соғарсың.
На этой бумажке записан мой номер телефона.
Если захочешь, позвонишь.
Myna qaǵazǵa meniń telefon nómirim jazylǵan.
Qalasań, telefon soǵarsyń.
Телефон қасымда. Бір жағдай болса хабарлас. Телефон со мной. Звони, если что. Telefon qasymda. Bir jaǵdaı bolsa habarlas.
Әрине, қалаған уақытыңда хабарлас. Конечно, звони, когда пожелаешь. Árıne, qalaǵan ýaqytda habarlas.
12
Қашан хабарласуға болады? Когда можно позвонить? Qashan habarlasýǵa bolady?
Қай кезде хабарласайын? Когда мне позвонить? Qaı kezde habarlasaıyn?
Жарайды, қашан хабарласайын? Ладно, когда позвонить? Jaraıdy, qashan habarlasaıyn?
Кез-келген теңгерім жағдайында да, өмірлік маңызды нөмірлерге қоңырау шал. Звони по жизненно важным номерам при любом балансе. Kez-kelgen teńgerim jaǵdaıynda da, ómirlik mańyzdy nómirlerge qońyraý shal.
Анда-санда хабарласып тұр. Звони, хоть иногда. Anda-sanda habarlasyp tur.
Бүгін кешке телефон шалыңыз. Позвоните сегодня вечером. Búgin keshke telefon shalyńyz.
Шаруалар біткен соң хабарлас. Позвони, когда закончишь дела. Sharýalar bitken soń habarlas.
Сол жерден шыққан соң бірден хабарлас. Когда выйдешь оттуда сразу позвони. Sol jerden shyqqan soń birden habarlas.
Үш күннен кейін хабарлас. Позвони через три дня. Úsh kúnnen keıin habarlas.
Маған он минуттан кейін хабарласшы. Перезвони мне через 10 минут. Maǵan on mınýttan keıin habarlasshy.
13
Бірдеңе керек болса хабарлас. Звони, если что понадобится. Birdeńe kerek bolsa habarlas.
Ұмытпа бізді, телефон соғып тұр. Не забывай нас. Звони. Umytpa bizdi, telefon soǵyp tur.
Үйге жеткенде хабарлас. Позвони, когда доберёшься до дому. Úıge jetkende habarlas.
Кешке хабарласамыз. Созвонимся вечером. Keshke habarlasamyz.
Бір сағаттан соң хабарласыңыз. Позвоните через час. Bir saǵattan soń habarlasyńyz.
Кейін хабарласарсың. Потом позвонишь. Keıin habarlasarsyń.
Сіздің хабарласуыңызды күтемін. Буду ждать твоего звонка. Sizdiń habarlasýyńyzdy kútemin.
Саған қоңырау шалайын деп жатыр едім. Я собирался тебе позвонить. Saǵan qońyraý shalaıyn dep jatyr edim.
Саған талай рет телефон соққым келген.
Бірақ, сен ыңғайсыз жағдайға қалдырмаймын деп, хабарласпадым.
Сколько раз я хотел позвонить тебе.
Но не стал звонить, чтобы ты не оказалась в неудобном положении.
Saǵan talaı ret telefon soqqym kelgen.
Biraq, sen yńǵaısyz jaǵdaıǵa qaldyrmaımyn dep, habarlaspadym.
14
Кешке хабарласам. Вечером позвоню. Keshke habarlasam.
Кейінрек қоңырау шалам! Попозже позвоню! Keıinrek qońyraý shalam!
Ертең хабарласамын. Завтра позвоню. Erteń habarlasamyn.
Мен саған хабарласамын. Я тебе позвоню. Men saǵan habarlasamyn.
Әрине, бірден телефон соғамын. Конечно, сразу позвоню. Árıne, birden telefon soǵamyn.
Жақсы. Телефоныңды сөндірме.
Мүмкін мен хабарласып қалармын.
Хорошо. Не выключай телефон.
Может, я позвоню.
Jaqsy. Telefonyńdy sóndirme.
Múmkin men habarlasyp qalarmyn.
Ол хабарласам деген. Он сказал, что позвонит. Ol habarlasam degen.
Бірдеңе біле алсам, сізге хабарласам. Если я что-нибудь узнаю, то Вам позвоню. Birdeńe bile alsam, sizge habarlasam.
Орналасқан соң хабарласамын. Как устроюсь, позвоню. Ornalasqan soń habarlasamyn.
15
Мен байланыста боламын. Я буду на связи. Men baılanysta bolamyn.
Хабарласқанша! До связи! Habarlasqansha!
Мен саған күнде қоңырау шалып тұрамын. Я тебе буду звонить каждый день. Men saǵan kúnde qońyraý shalyp turamyn.
Маған жарты сағат сайын қоңырау шала берме! Не звони мне каждые полчаса! Maǵan jarty saǵat saıyn qońyraý shala berme!
Үсті-үстіне телефон соғып, не көрінді саған? Зачем ты мне без конца звонишь, что на тебя нашло? Ústi-ústine telefon soǵyp, ne kórindi saǵan?
Мен енді сендерге телефон соғып мазаламаймын.
Жаңалық болса өздерің хабарласыңыздар.
Я больше не буду вам звонить и беспокоить.
Если будут новости, сами звоните.
Men endi senderge telefon soǵyp mazalamaımyn.
Jańalyq bolsa ózderiń habarlasyńyzdar.
Хабарласпа маған. Не звони мне. Habarlaspa maǵan.
Маған телефон соқпа. Не звони мне. Maǵan telefon soqpa.
Ол маған енді телефон соқпай-ақ қойсын. Пусть он больше мне не звонит. Ol maǵan endi telefon soqpaı-aq qoısyn.
16
Неге хабарласпай отыр? Почему он не звонит? Nege habarlaspaı otyr?
Маған не үшін телефон соғайын деп едің? Зачем ты хотел мне позвонить? Maǵan ne úshin telefon soǵaıyn dep ediń?
Соңғы рет ол маған екі апта бұрын телефон соқты. В последний раз он мне звонил две недели назад. Sońǵy ret ol maǵan eki apta buryn telefon soqty.
Келісемін, мен оған телефон шалмауым керек еді. Согласен, я не должен был звонить ему. Kelisemin, men oǵan telefon shalmaýym kerek edi.
Саған неге бөтен еркектер қоңырау шалады? Почему тебе звонят посторонние мужчины? Saǵan nege bóten erkekter qońyraý shalady?
Жасырын нөмірмен қалай қоңырау шалуға болады? Как позвонить скрытым номером? Jasyryn nómirmen qalaı qońyraý shalýǵa bolady?
#31#-ны тересiң, cосын нөмірдi тересiң, болды. Набираешь #31#, потом набираешь номер и всё. #31#-ny teresiń, sosyn nómirdi teresiń, boldy.
Біреу телефон соқса «мені үйде жоқ» деп айта салшы. Если кто позвонит, скажи, что меня нет дома. Bireý telefon soqsa «meni úıde joq» dep aıta salshy.
Біз телефон арқылы сөйлескенбіз. Мы с Вами говорили по телефону. Janǵa habarlama jibershi.
Ол телефонды қасынан тастамайды. Она не расстаётся с телефоном. Ol telefondy qasynan tastamaıdy.
Енді менімен сөйлескенде телефонды ала тұрсаңшы. Хотя бы телефон убрал, когда со мной разговариваешь. Endi menimen sóıleskende telefondy ala tursańshy.
17
Көлік жүргізгенде телефонмен сөйлесуге болмайды. При вождении автомобиля разговаривать по телефону нельзя. width=320 Kólik júrgizgende telefonmen sóılesýge bolmaıdy.
Көлік жүргізіп келе жатып телефонмен сөйлесуге бола ма екен? Өшіріңіз! Разве можно говорить по телефону во время вождения автомобиля? Выключайте! Kólik júrgizip kele jatyp telefonmen sóılesýge bola ma eken? Óshirińiz!
Ұялы телефондарды пайдалануға тыйым салынады. Пользоваться сотовыми телефонами запрещено. Uıaly telefondardy paıdalanýǵa tyıym salynady.
Оны қара тізімге жіберсеңші. Отправь его в чёрный список (телефона). Ony qara tizimge jiberseńshi.
Сосын, контактілерден нөмірімді де өшіріп таста. Потом, удали мой номер из контактов. Sosyn, kontaktilerden nómirimdi de óshirip tasta.
Серіктен хабарлама келді. Сообщение от Серика. Serikten habarlama keldi.
Хабарлама жібердің бе? Ты отправил сообщение? Habarlama jiberdiń be?
Жанға хабарлама жіберші. Отправь Жану сообщение. Janǵa habarlama jibershi.
Оның нөмірін вацапқа жіберші. Отправь его номер на вацап. Onyń nómirin vasapqa jibershi.
Вацапқа жібере аласыз ба? Можете отправить на вацап? Vasapqa jibere alasyz ba?
Ұлым, телефоныма ақша салып берші. Сынок, закинь деньги на мой телефон. Ulym, telefonyma aqsha salyp bershi.
18
Ұялы телефоным қайда? Где мой сотовый телефон? Uıaly telefonym qaıda?
Телефонның қуаттағышы қайда? Где зарядка от телефона? Telefonnyń qýattaǵyshy qaıda?
Телефоным қуаттағышта тұр. Мой телефон на зарядке. Telefonym qýattaǵyshta tur.
Телефон сөндірулі. Телефон отключен. Telefon sóndirýli.
Оның телефоны өшіп тұр. Его телефон отключен. Onyń telefony óship tur.
Оның телефон кешеден бері өшірулі. Её телефон выключен со вчерашнего дня. Onyń telefon kesheden beri óshirýli.
Абонент байланыс аясынан тыс жерде. Абонент вне зоны доступа связи. Abonent baılanys aıasynan tys jerde.
Қуатты бітіп қалған шығар. У него, наверное, телефон разряжен. Qýatty bitip qalǵan shyǵar.
Үйде телефонымды жоғалтып алдым, ол дыбыссыз режимде тұрған. Потерял в доме телефон, а он стоял на беззвучном режиме. Úıde telefonymdy joǵaltyp aldym, ol dybyssyz rejımde turǵan.
Мен ұялы телефонымды жоғалтып алдым. Я потерял свой сотовый телефон. Men uıaly telefonymdy joǵaltyp aldym.

Только в разговорном:
Неге звандадың? Зачем звонил? Nege zvandadyń?
Звандауға уақытым болмады. У меня не было времени позвонить. Zvandaýǵa ýaqytym bolmady.
Маған ешкім звандаған жоқ па? Мне никто не звонил? Maǵan eshkim zvandaǵan joq pa?
Жасырын нөмірмен қалай звандайды? Как позвонить скрытым номером? Jasyryn nómirmen qalaı zvandaıdy?
Сен звандадың ба? Ты звонил? Sen zvandadyń ba?
Саған бастық звандаған жоқ па? Тебе шеф не звонил? Saǵan bastyq zvandaǵan joq pa?
Енді звандама маған. Больше мне не звони. Endi zvandama maǵan.
Кім саған звандады? Кто тебе звонил? Kim saǵan zvandady?
Саған звандап ала алмадық қой. Бәрі дұрыс па? Мы не могли дозвониться до тебя. Всё в порядке? Saǵan zvandap ala almadyq qoı. Bári durys pa?
Мен сені күні бойы звандап ала алмадым. Я целый день не могла дозвониться до тебя. Men seni kúni boıy zvandap ala almadym.
Неге маған звандай бересің? Почему ты мне звонишь и звонишь? Nege maǵan zvandaı beresiń?
Не айтқыңыз келді? Не үшін звандадыңыз? Что Вы хотели сказать? Для чего звонили? Ne aıtqyńyz keldi? Ne úshin zvandadyńyz?
Жай звандап тұрсың ба? Просто так звонишь? Jaı zvandap tursyń ba?
Бір минуттан соң звандаймын. Я перезвоню через минуту. Bir mınýttan soń zvandaımyn.
Ол кісі сізге звандаймын деген. Он сказал, что позвонит Вам. Ol kisi sizge zvandaımyn degen.

Корректор: Татьяна Валяева


©  Татьяна Валяева   2007–2020
http://kaz-tili.kz/
 <<  Сколько времени? Вернуться к началу В магазине  >> 


Присоединиться в Фейсбуке   ВКонтакте                  Цвета текста на сайте - значение                  E-mail: kaz-tili@yandex.ru                  Гостевая книга