Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Модальность
Предложения
  Проверь себя!
  Упражнения
   Грамматика детям
   Учим всей семьёй
 Видео
  Разговорник
Пословицы
  Книга для чтения
С казахским не шутят?
Сказки
Песни
Статьи
Словарь
Ссылки и др.
Автор сайта
Приветствие
Знакомство
Время
Просьба
Телефон
В магазине
Пожелания
Благодарность
Приятного аппетита
Медицина
Дорога
Работа стр.1, стр.2
 Полезные фразы
 01 
 02 
 03 
 04 
 05 
 06 
 07 
 08 
 09 
 10 
 11 
 12 
 13 
 14 
 15 
 16 
 17 
 18 
 19 
 20 
 21 
 22 
 23 
 24 
 25 
 26 
 27 
 28 
 29 
 30 
 31 
 32 
 33 
 34 
 35 
 36 
 37 
 38 
 39 
 40 
 41 
 42 
 43 
 44 
 45 
 46 
 47 
 48 
Цитаты
 01 
 02 
 03 
 04 
 05 
Р. Керимбаев А. Керимбаев
"Русско-казахский сборник
фраз и словосочетаний"


Разговорник
Жаңа толқын

 Кирил/Latyn 

Полезные фразы

Сборник 02

Составитель: Рауль Керимбаев
Звук Прослушать: Айдана Қойшығұл

03-01
Прослушать  Әлі талай мәселелер бар. Ещё много проблем есть. Прослушать  Áli talaı máseleler bar.
Прослушать  Бірақ бірге жеңіп шығамыз. Солай емес пе? Но вместе мы победим. Не так ли? Прослушать  Biraq birge jeńip shyǵamyz. Solaı emes pe?
Прослушать  Біз ол туралы айтып едік қой. Мы же говорили с тобой об этом. Прослушать  Biz ol týraly aıtyp edik qoı.
Прослушать  Мен былай ете алмаймын. Я так не могу. Прослушать  Men bylaı ete almaımyn.
Прослушать  Сен мен үшін қымбатсың, соны ешқашан ұмытпа. Ты для меня дорога. Не забывай об это никогда. Прослушать  Sen men úshin qymbatsyń, sony eshqashan umytpa.
Прослушать  Олар үшін қайғырасың ба? Из-за них горевать будешь что ли? Прослушать  Olar úshin qaıǵyrasyń ba?
Прослушать  Мені қорқытпаңыз. Не пугайте меня. Прослушать  Meni qorqytpańyz.
Прослушать  Не, тағы бірдеңе бар ма? Что, ещё что-то есть? Прослушать  Ne, taǵy birdeńe bar ma?
Прослушать  Сендердің істеп жатқандарың қателік. То, что вы делаете – ошибка. Прослушать  Senderdiń istep jatqandar qatelik.
Прослушать  Түсіндірші маған соны. Объясни мне это.Прослушать  Túsindirshi maǵan sony.
03-02
Прослушать  Мен бәрі реттеледі деп ойладым. Я думала, что всё устроится. Прослушать  Men bári retteledi dep oıladym.
Прослушать  Ол сізді бопсалады ма? Она вас шантажировала? Прослушать  Ol sizdi bopsalady ma?
Прослушать  Иә, арсыз түрде бопсалады. Да, бессовестным образом шантажировала. Прослушать  Iá, arsyz túrde bopsalady.
Прослушать  Мен көп нәрсеге көзімді жұма қарай аламын. Я на многие вещи могу закрыть глаза. Прослушать  Men kóp nársege kózimdi juma qaraı alamyn.
Прослушать  Бірақ, бұл тым шектен шығып кетті. Но это уже слишком. Прослушать  Biraq, bul tym shekten shyǵyp ketti.
Прослушать  Сен бізді құртайын дедің бе? Ты нас хочешь погубить? Прослушать  Sen bizdi qurtaıyn dediń be?
Прослушать  Бұл не дегенің? В каком смысле? Прослушать  Bul ne degen?
Прослушать  Тоқта деймін. Стой говорю тебе. Прослушать  Toqta deımin.
Прослушать  Олай істеуге болмайды. Так делать нельзя. Прослушать  Olaı isteýge bolmaıdy.
Прослушать  Өте көп жапа шектім. Я повидала много горя. Прослушать  Óte kóp japa shektim.
03-03
Прослушать  Бөгет жасағым келмейді. Не хочу мешать. Прослушать  Bóget jasaǵym kelmeıdi.
Прослушать  Тынышталыңыз. Успокойтесь. Прослушать  Tynyshtalyńyz.
Нет звука  Кеше болған оқиға үшін барлықтарыңнан кешірім сұраймын. Я прошу у всех вас прощения за вчерашний случай. Нет звука  Keshe bolǵan oqıǵa úshin barlyqtarnan keshirim suraımyn.
Прослушать  Сен біз үшін уайымдама. Ты за нас не переживай. Прослушать  Sen biz úshin ýaıymdama.
Прослушать  Ол менің жүйкемді қоздырады. Он меня нервирует. Прослушать  Ol meniń júıkemdi qozdyrady.
Прослушать  Оның сондай екенін білеміз ғой. Мы знаем, что он такой. Прослушать  Onyń sondaı ekenin bilemiz ǵoı.
Прослушать  Мен жай ғана сұрадым. Я просто так спросил. Прослушать  Men jaı ǵana suradym.
Прослушать  Мен саған тартқанмын. Я на тебя похожа. Прослушать  Men saǵan tartqanmyn.
Прослушать  Маған сенен ештеңе керек емес. Мне от тебя ничего не надо. Прослушать  Maǵan senen eshteńe kerek emes.
Прослушать  Тамақ алыңдар! Кушайте! Прослушать  Tamaq alyńdar!
03-04
Прослушать  Сабырлы болыңыз. Успокойтесь. Прослушать  Sabyrly bolyńyz.
Прослушать  Мен оны мүлдем ұмытып кетіппін ғой. Я совсем забыл об этом. Прослушать  Men ony múldem umytyp ketippin ǵoı.
Прослушать  Мен не айтарымды білмей отырмын. Я даже не знаю, что сказать. Прослушать  Men ne aıtarymdy bilmeı otyrmyn.
Прослушать  Қайдан келдің, балам. Где ты был, сынок? Прослушать  Qaıdan keldiń, balam.
Прослушать  Кім ренжітті сені? Кто тебя расстроил? Прослушать  Kim renjitti seni?
Прослушать  Бұл - бейресми жұмыс. Это неофициальная работа. Прослушать  Bul - beıresmı jumys.
Прослушать  Бұл мәселені шешу керек. Этот вопрос надо решить. Прослушать  Bul máseleni sheshý kerek.
Прослушать  Құрметіңізге рақмет! Спасибо за уважение. Прослушать  Qurmetińizge raqmet!
Прослушать  Өмір жалғаса береді. Жизнь продолжается. Прослушать  Ómir jalǵasa beredi.
Прослушать  Неге бұлай жасадың? Почему ты так поступила? Прослушать  Nege bulaı jasadyń?
03-05
Прослушать  Сен кешіктің! Ты опоздала! Прослушать  Sen keshiktiń!
Прослушать  Ұзақ жүрдім. Кейін айтамын. Долго ехала. Потом скажу. Прослушать  Uzaq júrdim. Keıin aıtamyn.
Прослушать  Бүгін құлпырып тұрсыз. Сегодня прекрасно выглядите. Прослушать  Búgin qulpyryp tursyz.
Прослушать  Денсаулығыңызды ойласаңызшы. Подумайте о здоровье. Прослушать  Densaýlyǵyńyzdy oılasańyzshy.
Прослушать  Ол жеткіліксіз болып тұр. Этого недостаточно. Прослушать  Ol jetkiliksiz bolyp tur.
Прослушать  Жеке үйретуші жалда. Найми частного репетитора. Прослушать  Jeke úıretýshi jalda.
Прослушать  Менің түсіме жиі кіресің. Ты мне часто снишься. Прослушать  Meniń túsime jıi kiresiń.
Прослушать  Бұл өте қауіпті. Это очень опасно. Прослушать  Bul óte qaýipti.
Прослушать  Менен маза кетті. Я покой потерял. Прослушать  Menen maza ketti.
Прослушать  Ол жарайды, барлығын дұрыс істеді. Он молодец, всё сделал правильно. Прослушать  Ol jaraıdy, barlyǵyn durys istedi.
03-06
Прослушать  Келгеніңе рақмет. Спасибо, что пришёл. Прослушать  Kelgene raqmet.
Прослушать  Қалай келмеймін? Как это я могу не прийти? Прослушать  Qalaı kelmeımin?
Прослушать  Бұл арнайы жасалды. Это специально сделано. Прослушать  Bul arnaıy jasaldy.
Прослушать  Елестетіп көріңіздерші. Представьте себе. Прослушать  Elestetip kórińizdershi.
Прослушать  Ешкім де ештеңе демейді. Никто ничего не скажет. Прослушать  Eshkim de eshteńe demeıdi.
Прослушать  Қалай сағынғанымды білсең ғой. Как же я соскучилась, знал бы ты! Прослушать  Qalaı saǵynǵanymdy bilseń ǵoı.
Прослушать  Бұл техникалық ақау. Это технический брак. Прослушать  Bul tehnıkalyq aqaý.
Прослушать  Менімен жүр. Иди со мной. Прослушать  Menimen júr.
Прослушать  Көп жаса. Спасибо (Живи много лет). Прослушать  Kóp jasa.
Прослушать  Уақыт бәрін өз орнына қояды. Время всё расставит на свои места.Прослушать  Ýaqyt bárin óz ornyna qoıady.
03-07
Прослушать  Мен қазір қайтып келемін. Я сейчас вернусь. Прослушать  Men qazir qaıtyp kelemin.
Прослушать  Кім түсіндіріп бере алады? Кто сможет объяснить? Прослушать  Kim túsindirip bere alady?
Прослушать  Шындықты айтайын ба? Сказать правду? Прослушать  Shyndyqty aıtaıyn ba?
Прослушать  Ол маған еш жамандық жасаған жоқ. Она ничего плохого мне не сделала. Прослушать  Ol maǵan esh jamandyq jasaǵan joq.
Прослушать  Кешке не істемексің? Что ты будешь делать вечером? Прослушать  Keshke ne istemeksiń?
Прослушать  Мені кешке асқа шақырғанына рақмет. Спасибо за приглашение на ужин. Прослушать  Meni keshke asqa shaqyrǵanyna raqmet.
Прослушать  Ол туралы айтпай-ақ қойшы. Прошу, не говори про него. Прослушать  Ol týraly aıtpaı-aq qoıshy.
Прослушать  Неге оларға ұрса бересіз? Зачем вы их ругаете? Прослушать  Nege olarǵa ursa beresiz?
Прослушать  Әркім өзі үшін. Каждый сам за себя. Прослушать  Árkim ózi úshin.
Прослушать  Тағы мені кінәлап отырсың. Опять меня винишь. Прослушать  Taǵy meni kinálap otyrsyń.
03-08
Прослушать  Мен таң қалып отырмын. Я удивлен. Прослушать  Men tań qalyp otyrmyn.
Прослушать  Не деген ұялмайтын адамдар. Какие бесстыжие люди! Прослушать  Ne degen uıalmaıtyn adamdar.
Прослушать  Іс осымен біте қоймас. Дело этим не кончится. Прослушать  İs osymen bite qoımas.
Прослушать  Үйді басына көтеріп неменеге айқалайсың? Что ты кричишь на весь дом? Прослушать  Úıdi basyna kóterip nemenege aıqalaısyń?
Прослушать  Сен не бүлдердің, соны айт? Расскажи, что ты натворил? Прослушать  Sen ne búlderdiń, sony aıt?
Прослушать  Тағы бастадың ба? Снова начинаешь? Прослушать  Taǵy bastadyń ba?
Прослушать  Сізбен дос болғанымды мақтан етем. Я горжусь дружбой с Вами. Прослушать  Sizben dos bolǵanymdy maqtan etem.
Прослушать  Алғыс айтамын. Благодарю. Прослушать  Alǵys aıtamyn.
Прослушать  Уақыт бiздiң пайдамызға қызмет етедi. Время работает на нас. Прослушать  Ýaqyt bizdiń paıdamyzǵa qyzmet etedi.
Прослушать  Сіз кім болып жұмыс істейсіз? Вы кем работаете? Прослушать  Siz kim bolyp jumys isteısiz?
03-09
Прослушать  Жан-жаққа қарап көрші. Посмотри по сторонам. Прослушать  Jan-jaqqa qarap kórshi.
Прослушать  Оған ешкім тең келе алмайды. Никто не сравнится с ним. Прослушать  Oǵan eshkim teń kele almaıdy.
Прослушать  Құдайым-ай мен не істедім? Господи, что я наделал? Прослушать  Qudaıym-aı men ne istedim?
Прослушать  Осы мәселе шешуге тырысамыз. Мы постараемся решить эту проблему. Прослушать  Osy másele sheshýge tyrysamyz.
Прослушать  Неге ыржиып тұрсың? Что стоишь ухмыляешься? Прослушать  Nege yrjıyp tursyń?
Прослушать  Сөз арасында. Между делом (вскользь). Прослушать  Sóz arasynda.
Прослушать  Өз арамызда. Между нами. Прослушать  Óz aramyzda.
Прослушать  Сен қайда қашып бара жатырсың? Ты куда убегаешь? Прослушать  Sen qaıda qashyp bara jatyrsyń?
Прослушать  Мен асығыспын. Я спешу. Прослушать  Men asyǵyspyn.
Прослушать  Осы сіз болмасаңыз! Если бы не вы! Прослушать  Osy siz bolmasańyz!
03-10
Прослушать  Хабарсыз кетпеңдер. Хабарласып тұрыңдар. Не пропадайте, звоните. Прослушать  Habarsyz ketpeńder. Habarlasyp turyńdar.
Прослушать  Мен жалғастырайын. Я продолжу. Прослушать  Men jalǵastyraıyn.
Прослушать  Уәде еттің бе? Орында. Дал обещание? Выполняй. Прослушать  Ýáde ettiń be? Orynda.
Прослушать  Тегін жасап береміз. Сделаем бесплатно. Прослушать  Tegin jasap beremiz.
Прослушать  Бірдеңе болса, бірден шақыр. Если что-то случится, сразу зови. Прослушать  Birdeńe bolsa, birden shaqyr.
Прослушать  Оның білмейтін жоқ. Он все знает. Прослушать  Onyń bilmeıtin joq.
Прослушать  Қойшы соны! Да ну его! Прослушать  Qoıshy sony!
Прослушать  Есімде жоқ. Не помню. Прослушать  Esimde joq.
Прослушать  Не дедің? Что ты сказал? Прослушать  Ne dediń?
Прослушать  Мен сенің пікіріңді сұраған жоқпын. Я не спрашивал твоего мнения.Прослушать  Men seniń pikirdi suraǵan joqpyn.
03-11
Прослушать  Қолымнан бәрі келеді. Я все умею делать. Прослушать  Qolymnan bári keledi.
Прослушать  Жарайды, көзіңді құрт бұл жерден. Ладно, дуй отсюда. Прослушать  Jaraıdy, kózdi qurt bul jerden.
Прослушать  Бұл өте қомақты ақша. Это большая сумма денег. Прослушать  Bul óte qomaqty aqsha.
Прослушать  Бұл әйел дүниеқор. Эта женщина алчная. Прослушать  Bul áıel dúnıeqor.
Прослушать  Ақша үшін барлығына дайын. Ради денег он готова на всё. Прослушать  Aqsha úshin barlyǵyna daıyn.
Прослушать  Жағдайға басқа көзбен қарап көрші. Посмотри на ситуацию другими глазами. Прослушать  Jaǵdaıǵa basqa kózben qarap kórshi.
Прослушать  Мен ештеңе істеген жоқпын. Я ничего не сделал. Прослушать  Men eshteńe istegen joqpyn.
Прослушать  Сонымен не демексің? Что ты этим хочешь сказать? Прослушать  Sonymen ne demeksiń?
Прослушать  Неге мұның бәрін айтасың? Зачем ты всё это говоришь? Прослушать  Nege munyń bárin aıtasyń?
Прослушать  Маған неге олай қарайсың? Что ты так смотришь на меня? Прослушать  Maǵan nege olaı qaraısyń?
03-12
Прослушать  Бөтен адамға кіруге болмайды. Посторонним вход воспрещён. Прослушать  Bóten adamǵa kirýge bolmaıdy.
Прослушать  Артыңызға қараңызшы. Посмотрите назад. Прослушать  Artyńyzǵa qarańyzshy.
Прослушать  «Үш» дегенде бастайық. На счет "три" начинаем. Прослушать  «Úsh» degende bastaıyq.
Прослушать  Маған да оңай емес. Мне тоже нелегко. Прослушать  Maǵan da ońaı emes.
Прослушать  Тұспалдамай айтшы. Говори без намеков. Прослушать  Tuspaldamaı aıtshy.
Прослушать  Оны қайдан танисың? Откуда ты его знаешь? Прослушать  Ony qaıdan tanısyń?
Прослушать  Сен болмасаң не істерем өзі. Если бы не ты, чтобы я бы делала (істерем=істер едім). Прослушать  Sen bolmasań ne isterem ózi.
Прослушать  Маған өтірік айтпасаңшы. Не надо мне врать. Прослушать  Maǵan ótirik aıtpasańshy.
Прослушать  Солай боларын біліп едім. Я так и знал. Прослушать  Solaı bolaryn bilip edim.
Прослушать  Ескертіп едім ғой. Я же предупреждал. Прослушать  Eskertip edim ǵoı.
03-13
Прослушать  Аздап көңілі басылсын. Пусть немного успокоится. Прослушать  Azdap kóńili basylsyn.
Прослушать  Біз шындықты білеміз. Мы знаем правду. Прослушать  Biz shyndyqty bilemiz.
Прослушать  Мен сенсіз өмір сүре алмаймын. Я не проживу без тебя. Прослушать  Men sensiz ómir súre almaımyn.
Прослушать  Кетуге асықпа. Не торопись уходить. Прослушать  Ketýge asyqpa.
Прослушать  Менен не күтіп тұрсын? Ты что ждёшь от меня? Прослушать  Menen ne kútip tursyn?
Прослушать  Өзім де абыржып тұрмын. Я и сам волнуюсь. Прослушать  Ózim de abyrjyp turmyn.
Прослушать  Сөйлесуге дайын болғанда хабарлас. Позвони, когда будешь готова говорить. Прослушать  Sóılesýge daıyn bolǵanda habarlas.
Прослушать  Жоқ, бұл іске менің қатысым жоқ. Нет, это не моих рук дело. Прослушать  Joq, bul iske meniń qatysym joq.
Прослушать  Мен болсам, бірден айтар едім. Если я был бы, то сразу сказал бы. Прослушать  Men bolsam, birden aıtar edim.
Прослушать  Неге ымдап отырсың? Чего ты мне подмигиваешь? Прослушать  Nege ymdap otyrsyń?
03-14
Прослушать  Сенімен сондай бақыттымын. Я с тобой так счастлива. Прослушать  Senimen sondaı baqyttymyn.
Прослушать  Ұйықтап, тынығып ал. Поспи, отдохни немного. Прослушать  Uıyqtap, tynyǵyp al.
Прослушать  Қандай суық қандысың? Какой ты хладнокровный? Прослушать  Qandaı sýyq qandysyń?
Прослушать  Біреудің құпиясын сыртқа шашпаймын. Я не выдаю чужих секретов. Прослушать  Bireýdiń qupıasyn syrtqa shashpaımyn.
Прослушать  Ондайларға мән бермесеңші. Не обращай внимания на такие вещи. Прослушать  Ondaılarǵa mán bermeseńshi.
Прослушать  Саған ауызыңды жауып жүр деп айттым емес пе? Я же тебе говорил, держать язык за зубами (рот закрытым). Прослушать  Saǵan aýyzdy jaýyp júr dep aıttym emes pe?
Прослушать  Көзіңді ашып қарасаңшы. Расскрой глаза! Прослушать  Kózdi ashyp qarasańshy.
Прослушать  Солай секілді. Видимо, да (Похоже, что так). Прослушать  Solaı sekildi.
Прослушать  Уақыт жоғалтпа. Не теряй времени. Прослушать  Ýaqyt joǵaltpa.
Прослушать  Қарапайым тілмен айтып беріңізші. Скажите простым языком. Прослушать  Qarapaıym tilmen aıtyp berińizshi.
03-15
Прослушать  Сен бізді қатты қорқыттың. Ты нас сильно напугал. Прослушать  Sen bizdi qatty qorqyttyń.
Прослушать  Не істеппін? Что я сделал? Прослушать  Ne isteppin?
Прослушать  Сенсіз өмірім – қараңғы қапас. Без тебя жизнь – тёмная тюрьма (клетка). Прослушать  Sensiz ómirim – qarańǵy qapas.
Прослушать  Ертеңге дейін үлгермейсің. До завтра не успеешь. Прослушать  Erteńge deıin úlgermeısiń.
Прослушать  Мен өзіңмен қалайша салыстрасың? Как ты можешь сравнивать меня с собой? Прослушать  Men ózmen qalaısha salystrasyń?
Прослушать  Бәрі рет-ретімен болуы керек. Всё должно быть по порядку. Прослушать  Bári ret-retimen bolýy kerek.
Прослушать  Маған сіздің көмегіңіз қажет. Мне нужна Ваша помощь. Прослушать  Maǵan sizdiń kómegińiz qajet.
Прослушать  Барлық жамандық осымен кетсін. Всё плохое пусть с этим уйдёт. Прослушать  Barlyq jamandyq osymen ketsin.
Прослушать  Сырласуға келдім. Пришла посекретничать. Прослушать  Syrlasýǵa keldim.
Прослушать  Бүгін сондай ерекше күн. Сегодня такой особенный день. Прослушать  Búgin sondaı erekshe kún.
03-16
Прослушать  Ештеңе етпейді. Ничего страшного. Прослушать  Eshteńe etpeıdi.
Прослушать  Қайда кетіп барасың? Ты куда идёшь? Прослушать  Qaıda ketip barasyń?
Прослушать  Бұл өмірде өз орны үшін күресу керек. В этой жизни нужно бороться за своё место. Прослушать  Bul ómirde óz orny úshin kúresý kerek.
Прослушать  Мұндайға қалай барды? Как он мог сделать такое? Прослушать  Mundaıǵa qalaı bardy?
Прослушать  Онда тұрған несі бар? Что здесь такого? Прослушать  Onda turǵan nesi bar?
Прослушать  Әлде есіңе түсіруім керек пе? Или мне нужно напомнить тебе? Прослушать  Álde ese túsirýim kerek pe?
Прослушать  Мен кіммен сөйлесіп тұрмын? Я с кем говорю? Прослушать  Men kimmen sóılesip turmyn?
Прослушать  Мені әлі білмейді екенсің. Ты ещё меня плохо знаешь. Прослушать  Meni áli bilmeıdi ekensiń.
Прослушать  Қатты уайымдап тұрмын. Я сильно переживаю. Прослушать  Qatty ýaıymdap turmyn.
Прослушать  Бәрі үшін жауап бересің. Ты за всё ответишь. Прослушать  Bári úshin jaýap beresiń.
03-17
Прослушать  Жолдастар алаңдап жатқан шығар. Товарищи, наверное, беспокоятся. Прослушать  Joldastar alańdap jatqan shyǵar.
Прослушать  Уақытты текке өткізбеңіз. Не тратьте зря время. Прослушать  Ýaqytty tekke ótkizbeńiz.
Прослушать  Өтірігіңді жалғастыра бересің бе? Будешь продолжать лгать? Прослушать  Ótirigdi jalǵastyra beresiń be?
Прослушать  Жылап тұрсың ба? Ты плачешь что ли? Прослушать  Jylap tursyń ba?
Прослушать  Кім жайлы айтып тұрсың? О ком ты говоришь? Прослушать  Kim jaıly aıtyp tursyń?
Прослушать  Интернет арқылы табуға болады. Можно найти через интернет. Прослушать  Internet arqyly tabýǵa bolady.
Прослушать  Ұсталдың ба? Ты попался что ли? Прослушать  Ustaldyń ba?
Прослушать  Бұл нені білдіреді? Что это значит? Прослушать  Bul neni bildiredi?
Прослушать  Қайта оралуыңмен. С возвращением. Прослушать  Qaıta oralýmen.
Прослушать  Қатты алаңдадық. Мы сильно переживали. Прослушать  Qatty alańdadyq.
03-18
Прослушать  Өзіңді ұстауды үйрен. Учись контролировать себя. Прослушать  Ózdi ustaýdy úıren.
Прослушать  Екі сөздің басын қоса алмайды. Двух слов связать не умеет. Прослушать  Eki sózdiń basyn qosa almaıdy.
Прослушать  Мен сізді түсінбей отырмын. Я Вас не понимаю. Прослушать  Men sizdi túsinbeı otyrmyn.
Прослушать  Не істейміз? Жылаймыз ба? Ойбайлаймыз ба? Что будем делать? Плакать? Охать? Прослушать  Ne isteımiz? Jylaımyz ba? Oıbaılaımyz ba?
Прослушать  Көзіңе қарасаңшы. Смотри куда идёшь. Прослушать  Kóze qarasańshy.
Прослушать  Енді кім кінәлі? Кто выходит виноват? Прослушать  Endi kim kináli?
Прослушать  Осыған мен кінәлімін бе? В этом я виноват? Прослушать  Osyǵan men kinálimin be?
Прослушать  Құдайға тәубе, өміріміз жаман емес. Слава Богу, наша жизнь не плохая. Прослушать  Qudaıǵa táýbe, ómirimiz jaman emes.
Прослушать  Шаруам болды. Я был занят. Прослушать  Sharýam boldy.
Прослушать  Оның телефоны өшіп тұр. Его телефон отключен. Прослушать  Onyń telefony óship tur.
03-19
Прослушать  Иә, шынымен солай. Да, действительно так. Прослушать  Iá, shynymen solaı.
Прослушать  Сен соған сендің бе? Ты этому поверил? Прослушать  Sen soǵan sendiń be?
Прослушать  Саған сенейін бе, әлде оған ба? Мне тебе верить или ему? Прослушать  Saǵan seneıin be, álde oǵan ba?
Прослушать  Сені жүрегімде сақтаймын. Ты останешься в моём сердце (Тебя сберегу в своём сердце). Прослушать  Seni júregimde saqtaımyn.
Прослушать  Барлықтарыңызды жақсы көремін. Я вас всех люблю. Прослушать  Barlyqtaryńyzdy jaqsy kóremin.
Прослушать  Неге сондай ұзақ. Почему так долго? Прослушать  Nege sondaı uzaq.
Прослушать  Қуансаңшы. Радуйся. Прослушать  Qýansańshy.
Прослушать  Үстінде ақ көйлек, бұтында қара шалбар. На нём белая рубашка, чёрные брюки. Прослушать  Ústinde aq kóılek, butynda qara shalbar.
Прослушать  Маған қызықсыз. Мне не интересно. Прослушать  Maǵan qyzyqsyz.
Прослушать  Бұл оның бос қиялы. Всё это его пустые фантазии. Прослушать  Bul onyń bos qıaly.
03-20
Прослушать  Міндетті түрде хабарласамын. Я обязательно позвоню. Прослушать  Mindetti túrde habarlasamyn.
Прослушать  Телефон нөмірімді білесің ғой. Мой номер телефона ты же знаешь. Прослушать  Telefon nómirimdi bilesiń ǵoı.
Прослушать  Өзің қалайсың? Как сам? Прослушать  Óz qalaısyń?
Прослушать  Барлығы бұрынғыша. Всё по-старому. Прослушать  Barlyǵy burynǵysha.
Прослушать  Мен бірдеңе сұрайын деп едім. Я хотел что-то спросить. Прослушать  Men birdeńe suraıyn dep edim.
Прослушать  Қалжыңдасатын уақыт емес. Сейчас не время шуток. Прослушать  Qaljyńdasatyn ýaqyt emes.
Прослушать  Онымен байланысып нем бар еді? Зачем я связался с ним? Прослушать  Onymen baılanysyp nem bar edi?
Прослушать  Бұл – қалыпты құбылыс. Это нормальное явление. Прослушать  Bul – qalypty qubylys.
Прослушать  Өз көзіме өзім сене алар емеспін. Сам своим глазам не верю. Прослушать  Óz kózime ózim sene alar emespin.
Прослушать  Мынаны қарашы. Ты посмотри на это! Прослушать  Mynany qarashy.

Корректор: Татьяна Валяева


©  Татьяна Валяева   2007–2019
http://kaz-tili.kz/
 <<  Полезные фразы 02 Вернуться к началу Полезные фразы 04  >> 


Присоединиться в Фейсбуке   ВКонтакте                  Цвета текста на сайте - значение                  E-mail: kaz-tili@yandex.ru                  Оставить отзыв