Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Модальность
Предложения
  Проверь себя!
  Упражнения
   Грамматика детям
   Учим всей семьёй
 Видео
  Разговорник
Пословицы
  Книга для чтения
С казахским не шутят?
Сказки
Песни
Статьи
Словарь
Ссылки и др.
Автор сайта
Приветствие
Знакомство
Время
Просьба
Телефон
В магазине
Пожелания
Благодарность
Приятного аппетита
Медицина
Дорога
Работа стр.1, стр.2
 Полезные фразы
 01 
 02 
 03 
 04 
 05 
 06 
 07 
 08 
 09 
 10 
 11 
 12 
 13 
 14 
 15 
 16 
 17 
 18 
 19 
 20 
 21 
 22 
 23 
 24 
 25 
 26 
 27 
 28 
 29 
 30 
 31 
 32 
 33 
 34 
 35 
 36 
 37 
 38 
 39 
 40 
 41 
 42 
 43 
 44 
 45 
 46 
 47 
 48 
Цитаты
 01 
 02 
 03 
 04 
 05 
Р. Керимбаев А. Керимбаев
"Русско-казахский сборник
фраз и словосочетаний"


Разговорник
Жаңа толқын

 Кирил/Latyn 

Пожелания

Тілектер / Tilekter
Краткий русско-казахский сборник


Автор: Рауль Керимбаев

П-1
Ал баршаңызға, әр отбасына бақыт-береке тілеймін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! А всем здесь присутствующим, каждой семье желаю счастья и добра. Спокойствия и процветания нашему народу! Al barshańyzǵa, ár otbasyna baqyt-bereke tileımin. Elimiz aman, jurtymyz tynysh bolsyn!
Айтылған сөзге қосыламын. Присоединяюсь к раннее сказанным поздравлениям. Aıtylǵan sózge qosylamyn.
Бүгінгі күн – сіздердің өмірлеріңіздегі ең бақытты күн. “Үйлену оңай, үй болу қиын”, - дейді халқымыз. Мен сіздерге өзара түсіністік, махаббат пен татулық тілеймін. Сегодня самый счастливый день в вашей жизни. В народе говорят: «Женится легко, семью создать трудно». Я хочу пожелать вам взаимопонимания, любви и согласия! Búgingi kún – sizderdiń ómirlerińizdegi eń baqytty kún. “Úılený ońaı, úı bolý qıyn”, - deıdi halqymyz. Men sizderge ózara túsinistik, mahabbat pen tatýlyq tileımin.
Үйлену той құтты болсын! Қол ұстасып ұзақ өмір сүріңіздер! Балаларыңыз көп болсын! Жолдарыңыз ашық, отбасыларыңыз тату болсын! Бақытты болыңыздар! Поздравляю со свадьбой! Рука об руку живите долгую жизнь! Пусть у вас будут много детей! Пусть для вас будет открыты все дороги, а семья ваша жила в согласии! Будьте счастливы! Úılený toı qutty bolsyn! Qol ustasyp uzaq ómir súrińizder! Balalaryńyz kóp bolsyn! Joldaryńyz ashyq, otbasylaryńyz tatý bolsyn! Baqytty bolyńyzdar!!
Қымбатты жас жұбайлар! Сіздерді заңды некелеріңізбен құттықтаймын! Дорогие молодожены! Поздравляю вас с законным бракосочетанием! Qymbatty jas jubaılar! Sizderdi zańdy nekelerińizben quttyqtaımyn!
(Тұсау кесу). Балапанның тұсау кесіліп, басқан қадамы болашаққа бастар жол болсын! Өмірде сүрінбесін. Барған жері мерекелі, ғұмыры берекелі болсын! После обрезания пут ребёнку, пусть первые шаги будут началом удачи будущей жизни! В жизни пусть не спотыкается. Пусть его жизнь будет праздничной и богатой! (Tusaý kesý). Balapannyń tusaý kesilip, basqan qadamy bolashaqqa bastar jol bolsyn! Ómirde súrinbesin. Barǵan jeri merekeli, ǵumyry berekeli bolsyn!
Мереке құтты болсын! С праздником! Mereke qutty bolsyn!
Кәсіби мейрамымен құттықтаймын! Поздравляю с профессиональным праздником! Kásibı meıramymen quttyqtaımyn!
Сіздерге әрдайым жеңіс пен табыс тілеймін! Желаю Вам всегда побед и успехов! Sizderge árdaıym jeńis pen tabys tileımin!
Баршаңызға жаңа жетістіктер, молшылық пен татулық тілеймін! Желаю всем новых достижений, достатка и согласия! Barshańyzǵa jańa jetistikter, molshylyq pen tatýlyq tileımin!
П-2
Тезірек сауығып кетіңіз! Быстрее выздоравливайте! Tezirek saýyǵyp ketińiz!
Дертіңізге шипа берсін! Пусть Бог даст исцеление! Dertińizge shıpa bersin!
Дертке дауа берсін! Пусть Бог даст способ исцеления! Dertke daýa bersin!
Сауығып кетіңіз, ауырмаңыз. Выздоравливайте, не болейте. Saýyǵyp ketińiz, aýyrmańyz.
Асқақ арман, талмас қанат тілеймін. Желаю Вам иметь высокую мечту, неутомимые крылья (энергию). Asqaq arman, talmas qanat tileımin.
Күндеріңіз жағымды жаңалықтарға толы болсын! Пусть день будет полон хорошими новостями! Kúnderińiz jaǵymdy jańalyqtarǵa toly bolsyn!
Бүгінгі күн сіз үшін тек сәттілік әкелсін! Пусть этот день принесёт Вам только удачу! Búgingi kún siz úshin tek sáttilik ákelsin!
Зор денсаулық, отбасыңызға амандық, өзіңізге әйел бақытын тілеймін! Желаю крепкого здоровья, благополучия в семье, а Вам женского счастья. Zor densaýlyq, otbasyńyzǵa amandyq, ózińizge áıel baqytyn tileımin!
Сізге қарапайым әйел бақытын тілеймін! Желаю Вам простого женского счастья! Sizge arapaıym áıel baqytyn тілеımin!
Алға қойған мақсаттарыңа жетуде шалқар шабыт тілеймін! Для достижения поставленных перед собой целей, желаю неиссякаемого вдохновения! Alǵa qoıǵan maqsattara jetýde shalqar shabyt tileımin!
П-3
Қайырлы болсын! Пусть всё будет хорошо (в добрый час)! Qaıyrly bolsyn!
Отбасыңыз аман, тату, бақытты болсын! Пусть Ваша семья живёт в согласии, будет здоровой, и счастливой! Otbasyńyz aman, tatý, baqytty bolsyn!
Барлықтарына ас болсын! Всем приятного аппетита! Barlyqtaryna as bolsyn!
Барлық тілектер қабыл болсын! Пусть все пожелания исполнятся! Barlyq tilekter qabyl bolsyn!
Демалыстарыңыз сәтті өтсін! Желаю вам отличных выходных! Demalystaryńyz sátti ótsin!
Сізге де соны тілеймін. И вам того же желаю. Sizge de sony tileımin.
Лауазымыңыздың жоғарлауымен! С повышением должности! Laýazymyńyzdyń joǵarlaýymen!
Конституция күнімен! С днём Конституции! Konstıtýsıa kúnimen!
Конституция күнімен құттықтаймыз! Поздравляем с днём Конституции! Konstıtýsıa kúnimen quttyqtaımyz!
Медицина қызметкерлері күнімен! С днём медицинского работника! Medısına qyzmetkerleri kúnimen!
П-4
Мерекеңізбен! С праздником! Merekeńizben!
Мерекеңізбен құттықтаймын! Поздравляю с праздником! Merekeńizben quttyqtaımyn!
Қоныс құтты болсын! С новосельем! Qonys qutty bolsyn!
Қоныстарыңыз құтты болсын! Іші толған қуаныш-қызық болсын! С новосельем! Пусть дом будет полон радости и интереса! Qonystaryńyz qutty bolsyn! İshi tolǵan qýanysh-qyzyq bolsyn!
Баланың бауы берік болсын! Поздравляю с новорожденным! Balanyń baýy berik bolsyn!
Күндеріңіз сəтті өтсін! Удачного вам дня! Kúnderińiz sátti ótsin!
Керемет келешек тілеймін! Желаю прекрасного будущего! Keremet keleshek tileımin!
Немере-шөберелеріңіздің қызығын көріңіз! Радуйтесь успехам внуков-правнуков! Nemere-shóberelerińizdiń qyzyǵyn kórińiz!
Немерелеріңіздің қызығын көріңіз. Радуйтесь успехам своих внуков! Nemerelerińizdiń qyzyǵyn kórińiz.
Балаларыңыздың қызығын көріңіз! Радуйтесь успехам своих детей! Balalaryńyzdyń qyzyǵyn kórińiz!
П-5
Құтты болсын жаңа қызметіңіз, Балямбай Балямбаевич! Поздравляем с новой должностью, Балямбай Балямбаевич! Qutty bolsyn jańa qyzmetińiz, Balámbaı Balámbaevıch!
Арман-тілегіңіз орындалсын! Пусть сбудутся все Ваши мечты и желания! Arman-tilegińiz oryndalsyn!
Барлықтарыңызға денсаулық, бақыт, табыс, өшпес махаббат тілеймін! Всем здоровья, счастья, успехов, неугасаемой любви желаю. Barlyqtaryńyzǵa densaýlyq, baqyt, tabys, óshpes mahabbat tileımin!
Бала-шағаңыздың қызығын көріңіз! Будьте счастливы, наблюдая как взрослеют и делают успехи Ваши дети! Bala-shaǵańyzdyń qyzyǵyn kórińiz!
Барлықтарыңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, шаңырақтарыңызға шаттық тілеймін! Всем желаю крепкого здоровья, семейного благополучия, веселья в ваших домах! Barlyqtaryńyzǵa myqty densaýlyq, otbasylaryńyzǵa amandyq, shańyraqtaryńyzǵa shattyq tileımin!
Жүзіңізден күлкі кетпесін! Пусть не сходит с Вашего лица улыбка! Júzińizden kúlki ketpesin!
Барлықтарыңызға жылы лебіздеріңізге рақмет! Спасибо всем за тёплые пожелания! Barlyqtaryńyzǵa jyly lebizderińizge raqmet!
Барлықтарына рақмет! Всем спасибо! Barlyqtaryna raqmet!
Баршаңызға сәттілік тілеймін! Всем желаю удачи! Barshańyzǵa sáttilik tileımin!
Бала-немерелердің ортасында, ауырмай-сырқамай жүре беріңіз! Не болейте, не хворайте, наслаждайтесь детьми и внуками! Bala-nemerelerdiń ortasynda, aýyrmaı-syrqamaı júre berińiz!
П-6
Алдыңызға қойған мақсатқа жете беріңіз! Желаю достигнуть поставленной цели! Aldyńyzǵa qoıǵan maqsatqa jete berińiz!
Ақша қалтаға сыймасын! Пусть деньги не вмещаются в карман! Aqsha qaltaǵa syımasyn!
Отбасыңызға амандық, еңбегіңізге табыс тілеймін! Желаю здоровья Вашей семье и успехов в труде Otbasyńyzǵa amandyq, eńbegińizge tabys tileımin!
Сіздерге де жақсылық тілеймін! И я Вам желаю добра! Sizderge de jaqsylyq tileımin!
Зор денсаулық тілеймін! Желаю огромного здоровья! Zor densaýlyq tileımin!
Өміріңіз қуанышқа толсын! Пусть Ваша жизнь будет наполнена радостью! Ómirińiz qýanyshqa tolsyn!
Өмір қуанышқа толы болсын! Пусть жизнь будет полна радости! Ómir qýanyshqa toly bolsyn!
Сізбен дос болғанымды мақтан етем. Бар болыңыз, бай болыңыз. Я горжусь дружбой с Вами. Будьте (с нами), будьте богатым. Sizben dos bolǵanymdy maqtan etem. Bar bolyńyz, baı bolyńyz.
Қайғы-мұңға жүректе орын болмасын! Пусть в сердце не будет места для горести и печали! Qaıǵy-muńǵa júrekte oryn bolmasyn!
Ауырмай-сырқамай жүре беріңіз! Живите, не болея, не хворая! Aýyrmaı-syrqamaı júre berińiz!
П-7
Аман болыңыздар, ауырмаңыздар! Будьте здоровы, не болейте! Aman bolyńyzdar, aýyrmańyzdar!
Сізге байлық тілеймін! Желаю Вам богатства! Sizge baılyq tileımin!
Немерелердің қызықтарын тоймай жүре беріңіз! Наслаждайтесь внуками! Nemerelerdiń qyzyqtaryn toımaı júre berińiz!
Қуанышты күндеріңіз көп болсын! Побольше радостных дней! Qýanyshty kúnderińiz kóp bolsyn!
Қартаймаңыз! Не старейте! Qartaımańyz!
Өмірдің қызығына тоймай жүріңіз! Не уставайте удивляться жизни. Ómirdiń qyzyǵyna toımaı júrińiz!
Айтылған тілектер орындалсын! Пусть сбудутся сказанные пожелания! Aıtylǵan tilekter oryndalsyn!
Бастамаларыңызға сəттілік тілеймін! Вашим начинаниям удачи! Bastamalaryńyzǵa sáttilik tileımin!
Өркендей бер! Желаю тебе процветания! Órkendeı ber!
Бар жақсылықтарды тілеймін! Желаю всего хорошего! Bar jaqsylyqtardy tileımin!
Сізге бақыт тілеймін. Я желаю Вам счастья. Sizge baqyt tileımin.
Көп жаса! Живи долго! Kóp jasa!
Арманыңа жет! Достигни мечты! Armana jet!
Мақсатыңа жет! Достигни цели! Maqsata jet!

Корректор: Татьяна Валяева


©  Татьяна Валяева   2007–2019
http://kaz-tili.kz/
 <<  В магазине Вернуться к началу Благодарность  >> 


Присоединиться в Фейсбуке   ВКонтакте                  Цвета текста на сайте - значение                  E-mail: kaz-tili@yandex.ru                  Оставить отзыв