Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Модальность
Предложения
  Проверь себя!
  Упражнения
   Грамматика детям
   Учим всей семьёй
 Видео
  Разговорник
Пословицы
  Книга для чтения
С казахским не шутят?
Сказки
Песни
Статьи
Словарь
Ссылки и др.
Автор сайта
Приветствие
Знакомство
Время
Просьба
Телефон
В магазине
Пожелания
Благодарность
Приятного аппетита
Медицина
Работа стр.1, стр.2
Дорога
 Полезные фразы
 01 
 02 
 03 
 04 
 05 
 06 
 07 
 08 
 09 
 10 
 11 
 12 
 13 
 14 
 15 
 16 
 17 
 18 
 19 
 20 
 21 
 22 
 23 
 24 
 25 
 26 
 27 
 28 
 29 
 30 
 31 
 32 
 33 
 34 
 35 
 36 
 37 
 38 
 39 
 40 
 41 
 42 
 43 
 44 
 45 
 46 
 47 
 48 
 Цитаты и пр.
 01 
 02 
 03 
 04 
 05 
Разговорник
Жаңа толқын

Полезные фразы

Сборник 36

Составитель: Рауль Керимбаев

36-01
Темекі тартсам, қарсы емессіз бе? – Вы не против, если я закурю?
Шекпесеңіз, жақсы болар еді. – Было бы хорошо, если бы Вы не курили.
Мен темекінің иісін көтере алмаймын. – Я не переношу запах табака.
Жарайды, шыдайын. – Ладно, потерплю.
Темекі тартпаңызшы, өтінемін. – Прошу Вас, не курите, пожалуйста.
Ол ауруларды қабылдап жатыр. – Он принимает больных.
Жұмыстанып жатырмын. – Я работаю.
Асығыс шешім қабылдамай-ақ қояйық. – Давайте не будем принимать поспешных решений.
Бала бөтен адамды жатырқайды. – Ребёнок чуждается посторонних.
Соған да қуанып қалар едім. – Я и этому обрадовался бы.
36-02
Оған қанша уақыт кетеді? – Сколько времени это займёт?
Сонымен, қорытындылай келе... – Итак, подводя итог...
Көңілім енді орнына түсті. – Теперь мне стало легче.
Ұсыныс жоқ. – Предложений нет.
Салықты не үшін төлейміз? – За что мы платим налоги?
Есіңді жи! – Прийди в себя!
Менің жүрегім ауырмайды деймісің, ұлым? – Ты думаешь, что у меня сердце не болит, сынок?
Мен де қиналамын, жүрегім қан жылайды. – Я тоже мучаюсь, сердце моё кровью обливается.
Мен де әкемін. – Я тоже отец.
Мен өмір сүруге құқылы емеспін. – Я не имею право жить.
36-03
Оны не үшін әкетіп барасыңдар? – За что вы его забираете?
Аспанда бір жұлдыз жымың-жымың етеді. – На небе одна звезда радостно улыбается.
Түсіндім, Сіз қаржы жағынан қиналып тұрсыз ғой – Я понял, Вы находитесь в затруднительном финансовом положении.
Қисынсыз сұрақ. – Неуместный вопрос.
Тұрғын үй кешені. – Жилой комплекс.
Анау, тұрған салатқа қол жалғап жіберші. – Вон тот салат передай, пожалуйста.
Тұрсам, отыра алмаймын, отырсам, тұра алмаймын! – Встану, сесть не могу, сяду - встать не могу.
Кіммен жанжалдастың? – С кем ты поскандалил?
Бәрі бекер болған екен. – Всё было зря.
Мен сәби емеспін ғой. – Я же не маленький ребёнок.
36-04
Қайталап айтам, мен үзілді-кесілді қарсымын! – Повторяю, я категорически против!
Біз бір мәмілеге келе алмадық. – Мы не пришли к компромиссу.
Сен тағы кешігіп келдің бе? – Ты опять опоздал?
Өз көзіммен көрдім. – Я видел своими глазами.
Дәрігер емдеп емес, қағаз жазып шаршайды. – Доктор не устаёт лечить, а устаёт писать бумаги.
Кішкене өсек айтайық. – Давай посплетничаем немного.
Біз сіздерге ештеңе істеген жоқпыз. – Мы вам ничего не сделали.
Неге маған бірден айтпадың? – Почему ты мне сразу не сказал?
Сен бұл іске араласпа! – Ты в это дело не лезь!
Әлі өмірге келгенің өкінетін боласың! – Ты ещё пожалеешь, что родился на этот свет!
36-05
Екі жыл бұрын мен қазақша екі сөздің басын құрай алмаған жоқпын. – Два года назад я не мог связать двух слов по-казахски.
Сен мені ұмытқың келді, бірақ ұмыта алмадың. – Ты хотел меня забыть, но забыть не смог.
Қаншама азаматты қор қылды осы арақ! – Сколько людей сгубила эта водка!
Әлі ұмыта алмай жүрсің бе? – До сих не можешь забыть что ли?
Тым кеш хабарласқаныма ренжіме. – Не сердись, что звоню сильно поздно.
Сіздердің қалағандарыңыз болсын. – Пусть будет по-вашему.
Ақша энергетикасы. – Энергетика денег.
Қаржы гравитациясы заңы. – Закон притяжения денег.
Мен не десем, сол болуы керек. – Я как сказал, так должно быть.
Сен үлкендердің ісіне араласпа, ұлым. – Сынок, ты не вмешивайся в дела старших.
36-06
Сен ата-анаңның шешіміне қарсы боласың ба? – Ты бываешь против решения родителей?
Жоқ. Ол жаққа енді бармаймын. – Нет. Я туда больше не пойду.
Әйтпесе кейін өкінетін боласың. – Иначе потом пожалеешь.
Олар ешқайда кетпейді. – Они никуда не денутся.
Не оқып жатырсың? – Что читаешь?
Сонымен, не шештік? – Итак, что мы решили?
Не істегенсіңдер мынада? – Что вы здесь делали?
Ештеңе бүлдірмедің бе? – Ты ничего не натворил?
Ол ойыңнан бас тарт. – Откажись от этих мыслей.
Күлмей-ақ қойыңызшы. – Не смейтесь, пожалуйста.
36-07
Қалайсыңдар, тоңған жоқсыңдар ма? – Как вы, не замёрзли?
Мен жүзе алмаймын. – Я не умею плавать.
Енді өмірде бір қуаныш болу керек қой. – Ну, должна же быть в жизни какая-то радость.
Ол да жалғызбасты. – Она тоже одинокая.
Қойшы-ей, сілекейімізді ағызбай. – Прекращай, не заставляй нас пускать слюни.
Кеше Мураттың туған күнін тойладық. – Вчера праздновали день рождение Мурата.
Сен ештеңе білмейсің ғой. – Ты же ничего не знаешь.
Жүр, қыдырып қайтайық! – Идём, прогуляемся!
Көршілерден ұят. – Перед соседями стыдно.
Қазақшаны қалай жақсы білесіз! – Как хорошо Вы знаете казахский язык!
36-08
Қалай білмеймін, Қазақстанда туып-өскеннен кейін қазақ тілін білмеймін дегенім ұят емес пе? – Как мне не знать, я родился и вырос в Казахстане и поэтому разве не стыдно говорить, что не знаю казахского языка?
Тіпә-тіпә, деп түкіріп таста. – Скажи тьфу-тьфу и сплюнь.
Әдемі сөйлеп үйрен. – Учись говорить красиво.
Бармаймын дедім ғой, бармаймын. – Я же сказал, что не пойду, значит, не пойду.
Бірдеңе десем ренжімейсің бе? – Если что-то скажу, не обидишься?
Футболдың сұлтаны. – Король футбола.
Құрметті радиотыңдаушылар! – Уважаемые радиослушатели!
Мынау Сізге ұнай ма? – Это Вам нравится?
Сен өзіңді дұрыс ұста, немесе табаныңды жалтырат. – Ты веди себя правильно, или уноси свои ноги.
Сен араласпа ештеңеге, бәрін өзім шешемін. – Ты ни во что не вмешивайся, я сам всё решу.
36-09
Менің сіздерге бір ғана сұрағым бар. – У меня к вам один только вопрос.
Енді білетін боласың! – Теперь будешь знать!
Бұл мүмкін емес деп ойлайсың ба? – Ты думаешь, что это невозможно?
Сен қазір не сезініп отырсың? – Что ты сейчас чувствуешь?
Ертегілер елінде. – В стране сказок.
Осы уақытқа дейін сен қайда жүрсің-ей? – Ты до сих пор где ходишь, а?
Бізден не жасырып жүрсің? – Что ты от нас скрываешь?
Сен қашаннан бері ерте тұратын болғансың? – С каких пор ты начал вставать рано?
Әрекет жаса, әйтпесе жеңілесің. – Действуй, иначе проиграешь.
Нан мен шайға ақша жетіп жатыр. – На хлеб и чай денег хватает.
36-10
Сен маған не жақсылық жасап едің? – Что хорошего ты мне сделал?
Маған сенің ақылың керек. – Мне нужен твой совет.
Кейін айтарсың. – Потом скажешь.
Менің өмірімнің қуанышы. – Радость моей жизни.
Деректі кино - өмір айнасы. – Документальное кино - зеркало жизни.
Аштан өлмейсің, екі қолға бір күрек қашанда табылады. – С голоду ты не умрёшь, работа всегда найдётся (буквально: с голоду ты не умрешь, для двух рук лопата всегда найдётся).
Осымен әңгіме тәмәм. – На этом разговор окончен.
Өзім үзілді-кесілді қарсымын. – Я сам категорически против.
Жиі қойылатын сұрақтар. – Часто задаваемые вопросы.
Неге үнемі көңілің толмайды? – Почему ты постоянно недоволен?
36-11
Олар жазықсыз қалмайды – Они не останутся без наказания.
Менің пікірімді қолдайсыздар деп ойлаймын. – Я думаю, что вы разделите моё мнение.
Мүмкін, мен қателесіп тұрған шығармын. – Возможно, я ошибаюсь.
Бірақ, мен бұл пікірмен келісе алмаймын. – Но я не могу согласиться с этим мнением.
Сіздің көзқарасыңыз бойынша... – С Вашей точки зрения...
Еш жерден таба алмадым. – Нигде не смог найти.
Ол менімен бара алмады. – Он не смог со мной пойти.
Сен мені төмендетпе. – Ты меня не принижай.
Бір күні мені түсінерсің, бірақ кеш болады – Однажды ты меня поймёшь, но будет поздно.
Барлық белгілері бойынша. – По всем признакам.
36-12
Бұл сенің шешімін. Біз келісім бермедік. – Это твоё решение. Мы согласия не давали.
Сен әлі кішкентайсың. Өскен соң көрерміз. – Ты ещё маленькая. Подрастёшь посмотрим.
Ақырын айтсаң да болады ғой. – Мог бы и спокойно сказать.
Өмір бойы мен кінәлімін. – Всю жизнь я виноват.
Біреулері сенімге лайықты, кейбіреулері - лайықты емес – Одни заслуживают доверия, другие нет.
Баршаңызға сәлем. – Привет всем (Бәріне сәлем).
Мен сіздердің көршілеріңізбін. – Я ваш сосед.
Анам мені өлтіреді. – Мать меня убьёт.
Ол қазір төмен түседі. – Он сейчас спустится вниз.
Күлсалғышты алып келші. – Принеси пепельницу, пожалуйста.
36-13
Олар менiң сөзiмдi құлағына қыстырмайды ғой. – Они же пропускают мои слова мимо ушей.
Ол үйренгісі келіп отыр. – Он хочет научиться.
Сонда ішің пысады дейді. – Говорят там скучно.
Бұл біздің бүгінгі деңгейіміз. – Это наш сегодняшний уровень.
Біздің пікірімізше... – По нашему мнению...
Қаңғытып жіберем! – По миру пущу!
Көйлегіңді шеш, көктеп берейін. – Сними рубаху, я зашью.
Әкесінен аумаған! – Весь в отца!
Мен оған бәрін айтып беремін – Я ему всё скажу.
Біз оны енді қалай тауып аламыз – Теперь как мы его найдём.
36-14
Мен тез барып келемін. – Я быстро съезжу.
Ол екеуінің араларында бірдеңе бар ма? – Между ними что-то есть?
Бүлдірмеуге тырыс. – Постарайся не испортить.
Қазір айғай-шу басталады. – Сейчас начнётся шум.
Көптен көрiнбей кеттiңіз. – Давно Вас не было видно.
Ұйқым келсе қайда жатайын? – Если захочу спать, где могу лечь?
Сіріңкемен ойнауға болмайды. – Нельзя играть со спичками.
Мен өз кестеме қарауым керек. – Мне нужно посмотреть своё расписание.
Мен оған бәстесіп ұтылып қалдым. – Я ему проспорил.
Бұдан былай сақ бол. – Вперед будь осторожнее.
36-15
Уәде бергенсің ғой. – Ты же обещал.
Байқаусызда айтып қалдым. – Я необдуманно сказал.
Одан үміт күтуге болмайды. – На него нельзя надеяться.
Болдыңдар ма? – Вы закончили?
Олардан бізге зияннан басқа пайда жоқ. – От них кроме вреда, никакой пользы нет.
Жер бетінен шайып тастаймыз. – Сотрём с лица земли.
Бүгін бізді қонаққа шақырды. – Сегодня нас позвали в гости.
Тергеу ешқандай нәтиже бермеді. – Следствие не дало никаких результатов.
Тамағы, жататын орны - бәрі тек. – Питание и проживание бесплатно.
Аяғынан әрең басып тұр. – Еле на ногах стоит.
36-16
Ұрыспа балаға. – Не ругай ребёнка.
Құр қол кеттім. – Ушёл ни с чем.
Менің басым бос. – Я свободна (не замужем, не в отношениях).
Енді маған қарыздар болдың. – Теперь ты мне должен.
Үмітім сіздерде. – Вся моя надежда на вас.
Iстiң нақтылы жайы. – Реальное положение дел.
Менің топшылауымша. – По моему предположению.
Негізі бұл жерде аштан өлмейсің. – В сущности, здесь с голоду не умрёшь.
Кейде сені ұға алмаймын. – Иногда я тебя не понимаю.
Алматы қалай саған, ұнап жатыр ма? – Как Алматы, тебе нравится?
36-17
Бір түрлі болып тұр. – Как-то не по себе.
Ол сондай жылы жүзді әйел. – Она такая приятная женщина.
Енді не жылауым керек пе? – И что мне теперь плакать что ли?
Сен шөп жейтін мал емессің ғой. – Ты же не скотина, которая ест траву.
Менің жеткілікті уақытым болмады. – У меня не было достаточно времени.
Бүгін біздің мереке. – Сегодня наш праздник.
Сен неге маған жабысып қалдың? – Ты чего ко мне прилип?
Жүз пайыз кепілдік тек Алланың қолында. – 100% гарантии может дать только Бог.
Сәлеметсіздер ме, қымбатты радиотыңдармандар! – Здравствуйте, уважаемые радиослушатели!
Алматының тумасы. – Уроженец Алматы.
36-18
Жөндеп қараңыздар. – Смотрите внимательно.
Келесі бетке қараңыз. – Смотрите на обороте.
Келіссөздер ешқандай нәтиже бермеді. – Переговоры не дали никаких результатов.
Бір құпияны ашып қояйын. – Открою один секрет.
Сіздер алдаушысыздар... – Вы обманщики...
Мұны сен маған неге айтпадың? – Почему ты мне это не сказал?
Күнім, мен сенен басқа кімге керекпін. – Солнце моё, кому я нужен, кроме тебя.
Аспанда жұлдыздар жарқырайды. – Звёзды сияют на небе.
Сен өзің бір түрлі адамсың. – Ты странный человек.
Шешім қабылданды. – Решение принято.
36-19
Менің жағдайым жақсы түсінетін шығарсың. – Надеюсь, ты хорошо понимаешь моё положение.
Руың кім ? – Из какого ты рода?
Маған тәжірибе жинау керек. – Мне надо набираться опыта.
Сен тамақты неге асығып жейсің? Қақалып қаласың ғой, шырағым! – Ты почему ты торопишься, когда ешь? Подавишься же, мой дорогой!
Қуанып жүрмісін? – Ты что, радуешься?
Осы сен ерніңді неге бұртыйтасың? – Ты это почему губы надуваешь?
Тамаша ойлап шығарған екенсің! – Ты это хорошо придумал!
Атаңның тілін ал. – Слушайся дедушку.
Қарашы, жұлдыз ағып түсті! – Посмотри, звезда упала!
Өзіміз азар аман құтылып шықтық. – Мы сами еле спаслись.
36-20
Жылаушы болма! – Не смей плакать!
Жүріңіз, бізбен бірге кешкі тамақ ішіңіз! – Идёмте, поужинайте с нами!
Бізді тағдыр қосты. – Нас свела судьба.
Сенің бар болғаның қандай жақсы. – Как хорошо, что ты есть.
Біз жоспарымыздан бас тартпаймыз. – Мы не откажемся от своего плана.
Бірақ, қарап отыруға болмайды. – Но отпускать руки нельзя.
Бір нәрсе білгің келсе, кел де сұра. – Если что-то хочешь узнать, приди и спроси.
Сендер сөзбен мықтысыңдар, ал іске келгенде қорқасыңдар. – Вы только на словах сильные, а на деле трусы.
Сені біледі екен деп жүрсем. – А я думал, что ты знаешь.
Қай жақтан келдіңіз? – Вы откуда приехали?


©  Татьяна Валяева   2007–2019
http://kaz-tili.kz/
 <<  Полезные фразы 35 Вернуться к началу Полезные фразы 37  >> 


Присоединиться в Фейсбуке   ВКонтакте                  Цвета текста на сайте - значение                  E-mail: kaz-tili@yandex.ru                  Оставить отзыв