Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Модальность
Предложения
  Проверь себя!
  Упражнения
   Грамматика детям
   Учим всей семьёй
 Видео
  Разговорник
Пословицы
  Книга для чтения
С казахским не шутят?
Сказки
Песни
Статьи
Словарь
Ссылки и др.
Автор сайта
Приветствие
Знакомство
Время
Просьба
Телефон
В магазине
Пожелания
Благодарность
Приятного аппетита
Медицина
Дорога
Работа стр.1, стр.2
 Полезные фразы
 01 
 02 
 03 
 04 
 05 
 06 
 07 
 08 
 09 
 10 
 11 
 12 
 13 
 14 
 15 
 16 
 17 
 18 
 19 
 20 
 21 
 22 
 23 
 24 
 25 
 26 
 27 
 28 
 29 
 30 
 31 
 32 
 33 
 34 
 35 
 36 
 37 
 38 
 39 
 40 
 41 
 42 
 43 
 44 
 45 
 46 
 47 
 48 
Цитаты
 01 
 02 
 03 
 04 
 05 
Р. Керимбаев А. Керимбаев
"Русско-казахский сборник
фраз и словосочетаний"


Разговорник
Жаңа толқын

Полезные фразы

Сборник 47

Автор: Рауль Керимбаев

47-01
Ол саған бәрін түсіндіріп береді. Он тебе всё объяснит.
Енді мен де күдіктене бастадым. Я тоже начал сомневаться.
Басқа себеп болуы мүмкін емес пе? А других причин не может быть?
Айтшы, қандай себеп болу мүмкін? Скажи, какая причина может быть?
Кешір, ойланып кетіппін. Не дедің? Извини, задумался. Что ты сказал?
Бұдан мезі болып кеттім деймін. Я говорю, что мне это надоело.
Үнемі бірдеңе болады. Постоянно что-то случается.
Сен кімге жақтасасың? Ты на чьей стороне?
Әрине, саған жақтасамын. Конечно, на твоей.
Сіріңке - ойыншық емес! Спички - это не игрушки!
47-02
Менің көпжылдық тәжірибем бар. У меня есть многолетний опыт.
Бұл не «саяси ойын» ба? Это что, «политическая игра»?
Егер сұрақтарыңыз болмаса, уақытыңызды алмаймын. Если у Вас нет больше вопросов, не буду отнимать Вше время.
Жұмысқа қатысты ұсақ-түйектерді ертең талқылаймыз. Детали работы обговорим завтра.
Мен сенен рұқсат сұрамаймын. Я не спрашиваю твоего разрешения.
Түсінікті жеткіздім бе? Я ясно выразился?
Сен олай істей алмайсың! Ты не посмеешь так сделать!
Мен оған жол бермеймін. Я не допущу этого.
Махаббат болмаса, күн де сөнер еді. Если бы не любовь, погасло бы даже Солнце.
Отшашу атқан шығар. Наверное, салют запустили.
47-03
Олар ауаға атты. Они стреляли в воздух.
Сен осылай ылғи істейсің. Ты всегда так делаешь.
Тағы кім бізге тыныштық бермей жатыр? Кто опять нам не даёт покоя?
Басқа кім болушы еді? А кто другой мог бы быть?
Тапсырма орындалды ма? Задание выполнено?
Ешкімге зиян келмеді ме? Никому не навредили?
Ешкім өлмеген шығар деген үміттенемін. Я надеюсь, что никто не умер.
Біздің жігіттерден пайда жоқ. От наших парней нет толка.
Ешкімге зықым келмеген шығар деп үміттенемін. Надеюсь, что ни с кем ничего не случилось.
Барып, оларға демеу болайық. Надо поехать поддержать их.
47-04
Сатылымды ұлғайту керек. Надо увеличить продажу.
Жоспар құруымыз керек. Мы должны разработать план.
Сонша қапаланба. Не расстраивайся так.
Палау көп ұзамай дайын болады. Плов скоро будет готов.
Тамақтан ұшындым. Отравился едой.
Мені сенен басқа бір жан түсінбейді. Никто, кроме тебя, меня не понимает.
Қандай қамқор едің. Какая ты заботливая.
Неге өшіріп тастадың? Зачем отключил? (о телефоне)
Енді мазаламасын деп. Чтобы не беспокоили больше.
Сауығып кетуіңмен! С выздоровлением!
47-05
Мен ондай ойдан аулақпын. Я далёк от такой мысли.
Жай кіріп-шығайын дедім. Я просто решил зайти.
Жақсы. Бойыңа күш жина. Хорошо. Набирайся сил.
Түбегейлі сауыққан шағында келесің. Вернёшься, когда окончательно поправишься.
Ол бас тартады деп ойлайсың ба? Ты думаешь, что он откажется?
Неге үндемей қалдыңдар? Почему вы замолчали?
Сіз жеткілікті жігерлі адамсыз ба? Вы достаточно энергичный человек?
Мен жұмыстан ешқашан шаршамаймын. Я никогда не устаю от работы.
Қашан кірісе аласыз? Когда можете приступить?
Сіз айтқан уақытта. Когда скажите.
47-06
Кешіріңіз, есік ашық тұр екен, мен кіріп кетім. Извините, дверь была открыта, я вошёл.
Мен сенімен сөйлессем деп едім. Я хотел с тобой поговорить.
Үйде отырудан жалықтым, біраз бой сергітіп қайтайын дедім. Надоело сидеть дома, решил немного развеяться.
Саған талай рет телефон соққым келген. Сколько раз я хотел позвонить тебе.
Бірақ, сен ыңғайсыз жағдайға қалдырмаймын деп, хабарласпадым. Но не стал звонить, чтобы ты не оказалась в неудобном положении.
Ертең кездесеміз бе? Встретимся завтра?
Өтінемін, иә деші. Прошу тетя, скажи да.
Қандай жақсы адам едің. Какой же ты хороший.
Ондай ештеңе істемегеніңді айтасың. Скажешь, что ничего такого не делал.
Бұл әдейі жасалған жоқ. Это было сделано не специально.
47-07
Егер жоспарымыз құрдымға кетсе... Если наш план провалится...
Мен тырыстым, бірақ болмады. Я пытался, но не получилось.
Ал біздің уәделеріміз ше? А как же наши обещания?
Күте тұрайық. Подождём.
Мүмкін келесі жылы... Может, в следующем году...
Жарнаманы қашан шығарамыз? Когда пустим рекламу?
Тіпті, қызығушылық та танытқан емеспін. Я даже не интересовался.
Кешіріңіз, кезекті бөгемеңіз, адамдар күтіп тұр. Простите, не задерживайте очередь, люди ждут.
Ол кезде адамдар ерте есейген. В то время люди взрослели рано.
Дәрігерлер салқынқанды болуы керек. Врачи должны быть хладнокровными.
47-08
Ақ халаттылар әрдайым суық, жақсы хабарды да, жаманын да бір өңмен хабарлайды. Люди в белых халатах всегда хладнокровны, они с одинаковым выражением лица сообщают и хорошую, и плохую новость.
Сіз есікті құлыптадыңыз ба? Вы дверь на ключ закрыли?
Жарайды мен кеттім, шаруаларым бар. Ладно, я пошёл, у меня есть дела.
Сол кітапты оқып шықтым. Маған өте ұнады. Я прочитал эту книгу. Она мне очень понравилась.
Кітап оқуға мүлде уақыт жоқ. Читать книги вообще нет времени.
Сенімен сөйлесуім керек. Мне нужно с тобой поговорить.
Ішінде не бар екен? Что там внутри? (Рассматривая коробку, которую подарили)
Ұйқың келмей жатыр ма? Не спится?
Алдымен жуын, сосын таңғы асқа отырамыз. Сначала помойся, потом будем завтракать.
Рақмет саған, бұл жақсылығыңды ешқашан ұмытпаспын. Спасибо тебе, я никогда не забуду это добро, сделанное тобой.
47-09
Онымен тағы ренжісіп қалдық. Мы с ним опять поссорились.
Иә, сөйтейік. Да, давайте так поступим.
Мен сені жанымдай жақсы көремін. Я люблю тебя всей душой.
Танысып үлгереміз әлі. Ещё успеем познакомиться.
Барып жатып демалайын. Жарай ма? Пойду прилягу, отдохну. Ладно?
Содан соң көре жатамыз. Потом как будет посмотрим.
Әке-шешем не дер екен? Интересно, что скажут родители?
Сен әбден басынған екенсің. Ты совсем обнаглел, оказывается.
Адасып қалдың ба? Ты заблудился что ли?
Біз бір-бірімізге жарасамыз ба? Мы подходим друг к другу?
47-10
Жарасқанда қандай! Ещё как подходите!
Мен қатты қателескен екенмін Я сильно ошибался.
Өзің онан да тәттісің. А ты ещё слаще.
Жүріс сенікі. Твой ход (шахматы, карты и т.д.).
Мен де бұрын солай ойлаушы едім. Я раньше тоже так думал.
Сіз қай саланың маманысыз? Вы в какой сфере специалист?
Ол үнемі кешігіп жүреді. Он постоянно опаздывает.
Бұл адамдар шындықты айтты ма? Эти люди говорили правду?
Мен сені ешқашан тастап кетпеймін. Я тебя никогда не брошу.
Көзіңе қарасаңшы, көрмей тұрсың ба? Смотри, куда идёшь. Не видишь что ли?
47-11
Ол қай рудан? Из какого она рода?
Қайсысы жеңді? Кто победил?
Мен де сендей болғанмын. И я был таким, как ты.
Бес минут бұрын. Пять минут назад.
Сатып алайын деп едім. Я хотел купить.
Саған сыйлығымыз бар. У нас для тебя есть подарок.
Уақыт жылдам өтеді Время проходит быстро.
Мен мұны әлі оған айтқан жоқпын. Я это ему ещё не сказал.
Біз Сiздi жаңа жылыңызбен құттықтауға келдiк. Мы пришли поздравить Вас с Новым годом!
Бірнеше айға, тіпті бір жылға созулы мүмкін. Возможно на несколько месяцев, а может и на год растянуться.
47-12
Ертерек болмай ма? А пораньше никак нельзя?
Адамға екінші мүмкіндік беру деген қайда? А как же не дать человеку второй шанс?
Бірақ біздегі талаптар осы Но у нас такие требования.
Мен адаммын ғой, робот емес. Кейде қателесуім мүмкін. Я же человек, а не робот. Иногда могу ошибаться.
Бұл бизнесте жүргеніме он жыл болды. Этим бизнесом я занимаюсь 10 лет.
Астанаға қашан көшіп келдіңіз? Когда Вы переехали в Астану?
Бес жыл бұрын. Пять лет назад.
Мен болмасам басқа біреу дәл осылай істер еді. Если бы меня не было, кто-нибудь другой сделал бы точно также.
Неменеге соншама айқалайсың? Құлағымыз керең емес қой. Зачем ты так кричишь? Мы же не глухие.
Адам болатынын түрі жоқ. Похоже, что человека из него не выйдет.
47-13
Сіз әлі осындасыз ба? Вы до сих пор ещё тут?
Қолтаңбаны қай тілде жазайын? Автограф на каком языке написать?
Олар айнып қалуы мүмкін. Они могут передумать.
Сізге қызмет көрсетуге дайынмын! Я готов оказать Вам услугу!
Солай болуға тиісті. Наверное, должно быть так.
Мен бәрін көріп тұрдым. Я всё видел.
Сен мені ешқашан тыңдамайсың. Ты меня никогда не слушаешься.
Мен жайлы сөйлесіп тұрсыңдар ма? Вы обо мне говорите?
Мен жайлы сөйлесіп отырғандарыңды көріп тұрмын ғой. Я же вижу, что вы говорите обо мне.
Келесі отырыс алдағы жексенбі. Следующее заседание состоится предстоящее воскресенье.
47-14
Олай емес деді ғой саған Тебе же сказали, что это не так.
Ата-анаңның қадірін балалы болғанда білерсің. Цену родителей узнаешь, когда появятся свои дети.
Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер. Как ведёшь себя с отцом, так и твой сын с тобой будет себя вести.
Саған қымбат түседі. Тебе дороже обойдётся.
Қайдан білсем болады? Где я могу узнать?
Не ойласа, соны ойласын. Что хочет, то пусть и думает.
Саған айта салуға қиын ба? Тебе трудно сказать что ли?
Демек, ол саған бәрін айтып берген екен ғой Значит, он тебе всё рассказал.
Мүмкін мен қателесіп жүрмін? Возможно, я ошибаюсь?
Менің көзқарасым бойынша, мұның бәрі керексіз. С моей точки зрения, это всё не нужно.
47-15
Маған неге "ей" деп сөйлейсіз? Почему Вы мне говорите «эй»?
"Ей" деген сөзіңізді балаңызға айтыңыз, маған айтпаңыз. Это Вы своему ребёнку говорите: «Эй».
Біреуді сынағанша өзінің кемшіліктеріңді түзет. Чем кого-то критиковать, исправь свои недостатки.
Біреуді сынағанша өзіңді түзет. Чем кого-то критиковать, исправь себя.
Жас ғалымдар жаршысы. Вестник молодых учёных.
Біз жұмыс бабында жүріп таныстық. Мы познакомились по работе.
Мен сенің кетіп қалатыныңнан қорқамын. Я боюсь, что ты уйдёшь.
Сіз қалай ойлап едіңіз? А Вы как думали?
Енді демалуға да болады. Теперь можно и отдохнуть.
Не айтып отырғаныңды білесің бе? Ты понимаешь, что говоришь?
47-16
Мен Сізге кейін түсіндіремін. Я Вам потом объясню.
Олар үлкен қателік жіберген. Они допустили большую ошибку.
Бұл саған кешірімді. Әр адамның басында мұндай-мұндай бола береді. Это тебе простительно. Все проходят через это.
Бұған ешкім де сенбейді. В это никто и не верит.
Мен дүкенге барып картоп сатып әкелейін. Схожу-ка я в магазин, куплю картошки.
Статистикасыз өмірдің өмір емес. Жизнь без статистики - не жизнь.
Менімен өштескің келіп отыр ма? Тебе хочется со мной враждовать?
Неге жалғыз жүрсің? Почему ты один?
Үндемегеннен үйдей пәле шығады. В тихом омуте черти водятся.
Мұндайды жауыңа да тілемейсің ғой. Такое и врагу не пожелаешь.
47-17
Неткен қатыгез едіңдер! Какие вы жестокие!
Қарандар, бізге қонаққа кім келді. Смотрите, кто к нам в гости пришёл.
Біз мына жерге жалығу үшін емес, көңіл көтеру үшін келдік қой! Мы же сюда пришли не скучать, а веселиться!
Мен онымен міндетті түрде кездесуім керек. Мне с ним обязательно нужно встретиться.
Сені көремін деп ойламаппын, халің қалай? Я не думал, что тебя увижу, как дела?
Қалай қатты өзгеріп кеткенсің! Как ты сильно изменился!
Мен сені ешқашан кінәлаған емеспін. Я тебя никогда не винил.
Келемін деп келісім бермеген сияқты едім ғой. Я вроде не давал согласия, что приду.
Соңғы рет ол маған екі апта бұрын телефон соқты. В последний раз он мне звонил 2 недели назад.
Болмашыға тоздырма. Не распыляйся на мелочи.
47-18
Біз болсақ, қазақша сөйлейміз! А мы говорим на казахском!
Қартаймайтын адам болмайды. Нестареющих людей не бывает.
Көрінбей тұр ма? А разве не видно?
*Байқа ол саған бірдеңе істеп кетіп жүрмесін. Смотри, как бы он тебе чего-нибудь не сделал.
Сен маған көмек бере алмас едің. Ты бы не смог помочь мне.
Мені ұмыттындерші. Забудьте вы меня, пожалуйста.
Менің балаларым - менің өмірінің мәні. Мои дети - смысл моей жизни.
Соны бірнеше рет қайталау керек. Это нужно повторить несколько раз.
Қарбалас сәт. Час пик (Қарбалас уақыт).
Орта жастағы дағдарыс. Кризис среднего возраста.
47-19
Бірінші бөлімнің соңы. Конец первой части.
Бұл дербес жағдай. Это частный случай.
Кезекке тұрыңыз. Встаньте в очередь.
Үш есе қымбатқа сатты. Он продал втридорога.
Удай қымбат. Очень дорого (буквально: Дорого, как яд).
Сұрақтардың дұрыс жауабын табыңыз. Найдите правильные ответы на вопросы.
Біз тез ортақ тіл таптық. Мы быстро нашли общий язык.
Ештеңе маған көрсеткен жоқ. Он мне ничего не показал.
Біз онымен жақсы қарым-қатынастамыз. Мы с ним в хороших отношениях.
Тыныш жүрмейсің бе? Ты не можешь ходить спокойно?
47-20
Ықтияр өзімде. Как захочу, так и сделаю.
Мен Сізге жуырда кіріп шығамын. Я зайду к Вам на днях.
Жеті атаңызды сұрасам қиналып қалмайсыз ба? Если задам вопрос о Ваших семи поколений, не будет ли для Вас это проблемой?
Өкпелеп қалмайсыз ба? Вы не обидитесь?
Жарайды. Бұртимай-ақ қой. Ладно. Не дуйся.
Сандырақтағаныңды қой! Ты прекращай нести чушь!
Қайта-қайта хабарласпа маған. Не звони мне часто.
Айтары жоқ, тамаша екен! Замечательно, слов нет!
Ол бай өмірді аңсайды. Он хочет роскошной жизни.
Тәбетімді бұздың ғой. Ты испортил мне аппетит.


©  Татьяна Валяева   2007–2019
http://kaz-tili.kz/
 <<  Полезные фразы 46 Вернуться к началу Полезные фразы 48  >> 


Присоединиться в Фейсбуке   ВКонтакте                  Цвета текста на сайте - значение                  E-mail: kaz-tili@yandex.ru                  Оставить отзыв