Полезные фразы
Сборник 09
Автор: Рауль Керимбаев
09-01
Ал да, сұрақ қоя берме. | Бери и не задавай вопросов. |
Бұл сен араласатын іс емес. | Это не твоё дело. |
Ішке кіріп отырыңыз. | Заходите и усаживайтесь. |
Ыстық әлі, күйіп қаласың. | Ещё горячее, обожжёшься. |
Ештеңе етпейді. Менің ыстықтай жегім келеді. | Ничего страшного. Я хочу есть горячее. |
Мені ұмытпа. Жарай ма? | Не забывай меня. Ладно? |
Өйткені заман талабы солай. | Потому что такие требования времени. |
Жұрт солай дейді. | Люди так говорят. |
Сен мені ренжітіп отырсың. | Ты меня обижаешь. |
Кейінгі кезде. | В последнее время.
|
09-02
Кешірімді дұрыстап сұра. | Проси прощения как следует. |
Мені кімге тастадың? | Ты на кого меня бросил? |
Маған мейірімдірек болуыңды өтінемін. | Прошу тебя, будь ко мне великодушным. |
Сенің көңіліңді түсіргім келмеді. | Я не хотел тебя расстраивать. |
Сенен жақсы білемін. | Я знаю лучше тебя. |
Ұшаққа кешігіп қаласың. | Опаздаешь на самолёт. |
Арамдығың түбіңе жетеді. | Твоя же подлость тебя и погубит. |
Аузыңа берік бол. | Не болтай. |
Ол менің сөзімді елемеді. | Он не реагировал на мои слова. |
Ақымақ адамдар барлық жерде кездеседі. | Глупые люди встречаются во всех местах.
|
09-03
Енді-енді есімізді жиып жатырмыз. | Только-только приходим в себя. |
Сен ақшаны ұсындың ба? | Ты предлагал деньги? |
Әрине, ұсындым. | Конечно, предлагал. |
Осыған басым жетпейді деп ойласың ба? | Ты что думаешь, я не догадаюсь сделать это. |
Оны менімен қалай салыстыруға болады? | Как можно сравнивать его со мной? |
Мен не істеуім керек? | Что я должен делать? |
Өзіңізден кейін есікті жабыңыз. | Закрывайте за собой дверь. |
Ол – менің табысымның себепшісі. | Я ему обязана своим успехам (Он причина моих успехов). |
Білмеймін деп айта сал. | Скажи, что не знаешь. |
Бір сөзбен айтқанда, керемет. | Одним словом, отлично.
|
09-04
Не шештіңдер? | Что вы решили? |
Бір шартпен ғана аламын. | Возьму, только с одним условием. |
Айдың басында қайтарып беремін. | Верну в начале месяца. |
Екеуі де менің дұшпандарым. | Они оба мои враги. |
Ауылда өскенін көрініп тұр. | Видно, что рос в ауле. |
Жүйке де тастай. | И нервы крепкие. |
Э, солай де? | Так значит? |
Не, көңілің толмай тұр ма? | Ты что, не рад? |
Менің сөзім бітті. | На этом всё. |
Соқ ертегіні. | Рассказывай сказки.
|
09-05
Бірге барсақ қайтеді? | А что если пойдём вместе? |
Біз қайда кездесеміз. | Где мы встретимся? |
Соны естен шығармаңыз. | Не забывайте об этом. |
Мені сені алып кетуге келдім. Заттарыңды жина, кетейік. | Я приехал, чтобы забрать тебя. Собирай свои вещи, поехали. |
Мен оны қалдырмаймын. | Я её не оставлю. |
Неге күліп тұрсың? | Чего ты смеёшься? |
Маған үлкен басшы табылды ғой. | То же мне начальница. |
Мен сені бәрібір тауып аламын. | Я всё равно тебя найду. |
Неге үйге кіргізбедің? | Ты почему в дом не впустила? |
Мен оны не үшін кіргізуім керек еді? | Для чего я должна выпускать его?
|
09-06
Қазір маған ондай бақыттың қажеті жоқ. | Сейчас мне такого счастья не надо. |
Ол саған неге ұнамайды түсінбеймін. | Почему он тебе не нравится, не пойму. |
Ол жақсы адам және сені сүйеді. | Он хороший человек и тебя любит. |
Сен жалғызбасты әйелсің. | Ты одинокая женщина. |
Одан басқа өзіңе лайықты кім табылады? | Кроме него, тебе найдётся кто-нибудь достойный? |
Бәрін қайта бастауға қашан да болсын кеш емес. | Никогда не поздно начать сначала. |
Үш ретке дейін санаймын. | Считаю до трех. |
Сендер оңай құтылдыңдар. | Вы легко отделались. |
Мен келгенше осында отыр. | Сиди здесь, пока я не приду. |
Оған. Кімге дейсің? | Ему, кому же больше?
|
09-07
Мен осыған сенеді деп ойлайсың ба? | Ты думаешь, что я поверил этому? |
Біздің үйдің есігі саған әрқашан ашық. | Двери нашего дома всегда открыты для тебя. |
Өмірде кейде жұмсақ, кейде қатал болады. | В жизни бывают светлые и тёмные полосы (в жизни когда-то бывает мягко, а когда-то жёстко). |
Риза болар ем. | Я был бы доволен. (ем=едім) |
Біздің бәріміз сенің бақытты болғаныңды көргіміз келеді. | Мы все хотим, чтобы ты был счастлив. |
Мен сені сағынам. | Я буду скучать по тебе. |
Сені қорғап жүремін. | Я буду тебя защищать. |
Демек, сіз біз жақтасыз ғой. | Значит, Вы на нашей стороне. |
Неге үйтіп айтасың? | Зачем так говоришь? |
Осындайды қалай түсінуге болады? | Как такое можно понимать?
|
09-08
Неменеге көзіңді бақырайтып тұрсың? | Что ты так смотришь, выпучив глаза? |
Ол мені өлтіре жаздады ғой. | Она меня чуть не убила. |
Саған кешігуге болмайды. | Тебе нельзя опаздывать. |
Егер шешімді өзгертсең, айт. | Если изменила решение, скажи. |
Құлағым сенде. | Я тебя слушаю. |
Шешім қабылданды. | Решение принято. |
Менімен бәстесу қажеті жоқ. | Со мной спорить не нужно. |
Бұл жер саған ұнай ма? | Тебе нравится здесь? |
Ол ештеңе жасай алмайды. | Он ничего не сможет сделать. |
Сонымен бітті. | И точка.
|
09-09
Сен өте керемет айтқансың. | Ты очень прекрасно сказал. |
Мына тірлікпен келіскім келмейді. | С такой жизнью я не согласен. |
Қанша іздесем де таба алмадым. | Сколько бы не искал, но не нашёл. |
Бірақ, бұған сенуге бола ма? | Разве можно этому поверить? |
Өзіңді менің орныма неге қойып көрмейсің? | Почему не можешь поставить себя на моё место? |
Арам ой болған жоқ. | Не было злого умысла. |
Дым білмес. | Ничего не знает. |
Сен сондай əдемісің. Талай жігіттерді құлатасың ғой. | Ты такая красивая. Многих парней с ума сведёшь. |
Бәрін құртқан сен. | Ты всё испортила. |
Тағы не ойластырып жүрсің? | Что ещё ты замышляешь?
|
09-10
Мен саған мысал үшін айтамын! | Я тебе для примера говорю! |
Оның түрін көрсең ғой. | Ты бы видел его. |
Сен отпен ойнап жүрсің. | Ты с огнём играешь. |
Бір рет болса да, маған қолдау көрсетші. | Ты хоть раз поддержи меня. |
Осыдан артық ештеңесі жоқ. | Лучше этого ничего нет. |
Сіздерде доллар айырбастау бағамы қандай? | Какой у вас курс обмена доллара? |
Айырбастау бағамы бір доллар үшін 350 теңге. | Курс обмена составляет 350 тенге за доллар. |
Мен доллар сатып алғым келеді. | Я хотел бы купить доллары. |
Сіз қанша доллар сатып алғыңыз келеді? | Сколько долларов вы хотите приобрести? |
Екі жүз доллар, мүмкін болса, құны жүз долларлық екі купюр берсеңіз. | Двести долларов, если можно, две купюры достоинством сто долларов.
|
09-11
Міне ақшаңыз. | Вот ваши деньги. |
Ауырмаңыздар, жылы киініп жүріңіздер! | Не болейте, потеплее одевайтесь! |
Тегін беремін. | Отдам даром. |
Сүйікті досым, сен бізбен бірге жүр. | Милый друг, идём вместе с нами. |
Қайда, не үшін барамыз? | Куда и зачем пойдём? |
Жарайды, жүр, жол-жөнекей айтамын. | Ладно, идём, по дороге скажу. |
Ішіп жіберейік. | Давайте выпьем. |
Менен не көмек? | Чем я могу помочь? |
Қолыңнан келгенше, әрине, көмектесем. | Конечно, я помогу, чем смогу. |
Өзің білесің не айтуды. | Ты сам знаешь, что сказать.
|
09-12
Жан досым үшін не істемейсің. | Что не сделаешь для лучшего друга. |
Мен сондаймын. | Я такой. |
Бұл туралы ешкім де білмейді. | Никто об этом и не знает. |
Осылай істеген дұрыс болар. | Так будет лучше. |
Мұны неге жасырдың? | Зачем ты скрывала это? |
Біз сіздерді сағындық! | Мы по вас соскучились. |
Бұған не айтасыз? | Что Вы на это скажете? |
Соларды қайтесің сен? | Зачем они тебе? |
Қонуға ғана келеді. | Приходит только ночевать. |
Үн шығармады. | Он не издал ни звука.
|
09-13
Өзгенікіне үңілме. | Не зарься на чужое. |
Қасында шам ұстап тұрды ма? | Он что рядом стоял и держал лампу? |
Той керемет болды. | Свадьба была прекрасной. |
Балалар өсіп жатыр ма? | Дети растут? |
Сүйкімді екен қызыңыз. | Дочка у Вас красивая, оказывается. |
Асықтыр оны. | Поторопи его. |
Түстен кейін саған келейін. | Давай, я после обеда к тебе приду. |
Сен емтихан тапсырдың ба? | Ты сдал экзамен? |
Сен оны қайдан білесің? | Откуда ты это знаешь? |
Жүріңіз, тамақ ішейік. | Пойдёмте, покушаем.
|
09-14
Онда кім болды? | Кто там был? |
Болды енді! | Ну, довольно, хватит! |
Азып-тозып неғып жүрсің? | Что ты так опустился? |
Күлкім келіп тұрған жоқ. | Я не хочу смеяться. |
Осымен болды ма? | Это всё? |
Мен - тілалғыш баламын. | Я послушный ребёнок. |
Жеке басым шаруасымен. | По личному делу. |
Бір жерге баруға қалай қарайсың. | Может сходим куда-нибудь. |
Сиқыршысың ғой. | Да ты волшебник. |
Тіліңізге ие болыңыз. | Следите за своими словами.
|
09-15
Көңілдеріңізді түсірсем, кешіріңіздер. | Простите, если испортил настроение. |
Сіздің бұлай сөйлеуге хақыңыз жоқ. | Вы не имеете права так разговаривать. |
Олардан қай жеріміз кем? | Чем мы хуже их? |
Жайғасыңыз. | Усаживайтесь поудобнее. |
Сен да осындасың ба? | И ты здесь? |
Мынада бір келеңсіз жағдай болды. | Тут произошла неприятная ситуация. |
Бұл қалай болғаны? | Как это возможно? |
Осындай адамдар қалай ғана жер басып жүр екен? | Как только земля держит таких людей? |
Бірдеңе істемесек болмайды. Уақыт тығыс. | Нужно что-то делать? Времени мало. |
Бұл әлі бастысы. Мұнымен бітпейді. | Это только начало. Этим не ограничится.
|
09-16
Сенімен мыжып тұратын уақытым жоқ. | Болтать с тобой нет времени. |
Кешегі күнім бүгіндегіндей. | Ничего не меняется (вчерашний день, как сегодняшний). |
Сіз мына жерде неғып жүрсіз? | Что Вы здесь делаете? |
Сіз осында жұмыс жасайсыз ба? | Вы здесь работаете? |
Біле тұра неге солай істейсің? | Зная это, ты почему так делаешь? |
Сен патшайымдай әдемі болдың. | Ты выглядела, как королева. |
Ешбір сылтаусыз. | Без всякого повода. |
Сіз осы жердікісіз бе? | Вы здешний? |
Осы жердікімін. | Здешний. |
Балық аулауға барасың ба? | Ты пойдёшь на рыбалку?
|
09-17
Келіп қалсаңыз, оянамын. | Если придёте, я проснусь. |
Өзгеріп кетіпсің ғой. | Ты изменилась. |
Бір жерден ақша тауып алдың ба? | Ты нашла деньги где-то? |
Қазір бәрінің аузындасың. | Ты сейчас у всех на устах. |
Өздеріне ие болсын. | Пусть о себе заботятся. |
Аңдып тұрдың ба? | Ты что следила? |
Қандай опасыздық! | Какое вероломство! |
Басқаша айта алмайсың. | По-другому не скажешь. |
Осы мақал бекер айтылмаған. | Это пословица не зря сказана. |
Сен мені қорлаудаң шаршаған жоқсың ба? | Ты не устал унижать меня?
|
09-18
Көтерме маған дауыс. | Не повышай на меня голос. |
Шапалақ не құрмайсыңдар? | Почему не хлопаем? |
Дұрыстап тыңдап ал. | Выслушай хорошо. |
Бұл саған ұнайды. | Это тебе понравится. |
Күдігім бар. | Я подозреваю. |
Бәрін басынан бастайықшы. | Давай начнём всё сначала. |
Не бүлдіргеніңді тез ұмытып қалыпсың ғой. | Ты так быстро забыл, что натворил. |
Оған суық тиіп қалды. | Она простудилась. |
Бәрібір осында сізден көрікті ешкім болмайды. | Всё равно здесь никого лучше Вас не будет. |
Мен ерте тұрғанды жек көремін. | Я не люблю рано вставать.
|
09-19
Көңілің түсіп кетіпті ғой. | У тебя настроение испортилось. |
Жоқ, барлығы қалыпты. | Нет, всё нормально. |
Мен саған цирк маймылмын ба? | Я тебе что обезьяна в цирке? |
Саған тыйым салдым. | Я запретил тебе. |
Ал барыңдар енді. Уақыт жоғалтпаңдар. | Идите уже. Не теряйте времени. |
Жақсы демалыс тілеймін. | Желаю хорошо отдохнуть! |
Менімен солай сөйлесуші болма. | Не смей со мной так разговаривать. |
Есіңізге түсіріңіз. | Попытайтесь вспомнить. |
Қашан демалып үлгересің? | Когда успеваешь отдыхать? |
Алғашқы болжам бойынша. | По первоначальной версии.
|
09-20
Оқиға құрбандардың қызметімен байланысты. | Случай связан с деятельностью жертвы преступления. |
Ештеңеден қорықпа, қауіпсіз жердесің. | Ничего не бойся, ты в безопасном месте. |
Сен еріншек болып кетіпсің. | Ты стал ленивым. |
Сағындым ғой сені. | Я так соскучился по тебе. |
Танымай қалдың ба? | Не узнал? |
Мен ондайды жақтамаймын. | Я такое не поддерживаю. |
Жарайды, сүйтіп жасап көрейін. | Хорошо, попробую так сделать. |
Оған шүбәм жоқ. | Я в этом не сомневаюсь. |
Мен жан таласып жүрсем, сендер менің сөздерімді құлаққа да қыстырмайсыңдар. | Я тут бегаю, душу отдаю, а вы даже не слышите моих слов. |
Істеген жамандығын өзіңе немесе бала-шағаңа қайтады. | Сотворённое зло к тебе вернётся или к детям твоим.
|
Корректор: Татьяна Валяева
© Татьяна Валяева 20072019
http://kaz-tili.kz/
|