Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Модальность
Предложения
  Проверь себя!
  Упражнения
   Грамматика детям
   Учим всей семьёй
 Видео
  Разговорник
Пословицы
  Книга для чтения
С казахским не шутят?
Сказки
Песни
Статьи
Словарь
Ссылки и др.
Автор сайта
Приветствие
Знакомство
Время
Просьба
Телефон
В магазине
Пожелания
Благодарность
Приятного аппетита
Медицина
Дорога
Работа стр.1, стр.2
 Полезные фразы
 01 
 02 
 03 
 04 
 05 
 06 
 07 
 08 
 09 
 10 
 11 
 12 
 13 
 14 
 15 
 16 
 17 
 18 
 19 
 20 
 21 
 22 
 23 
 24 
 25 
 26 
 27 
 28 
 29 
 30 
 31 
 32 
 33 
 34 
 35 
 36 
 37 
 38 
 39 
 40 
 41 
 42 
 43 
 44 
 45 
 46 
 47 
 48 
Цитаты
 01 
 02 
 03 
 04 
 05 
Р. Керимбаев А. Керимбаев
"Русско-казахский сборник
фраз и словосочетаний"


Разговорник
Жаңа толқын

 Кирил/Latyn 

Работа стр.1

Жұмыс 1-бет / Jumys 1-bet
Краткий русско-казахский сборник


Автор: Рауль Керимбаев

Р-1
Жұмыстың аты - жұмыс . Работа есть работа. Jumystyń aty - jumys .
Мен жұмыс іздеп жүрмін. Я ищу работу. Men jumys izdep júrmin.
Мен тұрақты жұмыс іздеп жүрмін. Я ищу постоянную работу. Men turaqty jumys izdep júrmin.
Мені шығарып жіберді. Меня уволили. Meni shyǵaryp jiberdi.
Сынақ мерзімінен өте алмадым. Я не выдержала испытательный срок. Synaq merziminen óte almadym.
Өз еркімен жұмыстан босатылды. Он уволен по собственному желанию. Óz erkimen jumystan bosatyldy.
Жұмыс бастан асып жатыр. Работы много. Jumys bastan asyp jatyr.
Хабарландыру бойынша келдім. Я пришёл по объявлению. Habarlandyrý boıynsha keldim.
Мен жұмысқа орналасайын деп едім. Я хотел устроиться на работу. Men jumysqa ornalasaıyn dep edim.
Түйіндемеңізді қалдырыңыз. Оставьте резюме. Túıindemeńizdi qaldyryńyz.
Р-2
Мамандығыңыз қандай? Кто Вы по профессии? Mamandyǵyńyz qandaı?
Менің жұмыс тапқым келеді. Сіздерде бос орын бар ма? Я хотел бы найти работу. У вас есть вакансии? Meniń jumys tapqym keledi. Sizderde bos oryn bar ma?
Құрылыс саласында екі жылдай тәжірибем бар. Мой опыт работы в строительной сфере 2 года. Qurylys salasynda eki jyldaı tájirıbem bar.
Бүгіннен бастап жұмысқа кірісіңіз. С сегодняшнего дня начните работу. Búginnen bastap jumysqa kirisińiz.
Жалақы қанша? Какая зарплата? Jalaqy qansha?
Мен компьютерді жақсы меңгергенмін. Я хорошо разбираюсь в компьютерах (в бухгалтерии). Men kompúterdi jaqsy meńgergenmin.
Біз өз ісінің маманын іздейміз Мы ищем профессионала своего дела. Biz óz isiniń mamanyn izdeımiz
Жұмысты қайда тапса болады? Где можно найти работу? Jumysty qaıda tapsa bolady?
Мен толық уақыт жұмыс іздеп жүрмін. Я ищу работу на полный рабочий день. Men tolyq ýaqyt jumys izdep júrmin.
Өтінемін, мені жұмысқа алыңызшы. Мен өте қатты тырысамын. Пожалуйста, возьмите меня на работу. Я буду очень стараться. Ótinemin, meni jumysqa alyńyzshy. Men óte qatty tyrysamyn.
Р-3
Мен бір компанияға программист болып жұмысқа орналастым. Я устроился программистом в одну компанию. Men bir kompanıaǵa programmıst bolyp jumysqa ornalastym.
Тұрақты жұмысқа орналастым. Я устроился на постоянную работу. Turaqty jumysqa ornalastym.
Лаборант болып жұмысқа орналастым. Я устроился на работу лаборантом. Laborant bolyp jumysqa ornalastym.
Қош келдіңіз, кіріңіз. Добро пожаловать, войдите. Qosh keldińiz, kirińiz.
Қандай мәселемен келдіңіз? Вы по какому вопросу пришли? Qandaı máselemen keldińiz?
Жеке мәселемен. По личному вопросу. Jeke máselemen.
Қазір бастық бос емес. Сейчас начальник занят. Qazir bastyq bos emes.
Өтініш жаздыңыз ба? Вы написали заявление? Ótinish jazdyńyz ba?
Қабылдауына жазылуға бола ма? Можно записаться на приём? Qabyldaýyna jazylýǵa bola ma?
Сіз жұмысты қаншада бастайсыз? В какое время Вы начинаете работу? Siz jumysty qanshada bastaısyz?
Р-4
Менің жұмысым таңғы сағат сегізде басталады. Моя работа начинается с 8 часов утра. Meniń jumysym tańǵy saǵat segizde bastalady.
Менің жоғарғы білімім бар. У меня высшее образование. Meniń joǵarǵy bilimim bar.
Сен қайда жұмыс істейсің? Где ты работаешь? Sen qaıda jumys isteısiń?
Мен мемлекеттік мекемеде жұмыс істеймін. Я работаю в государственном учреждении. Men memlekettik mekemede jumys isteımin.
Мен басшымын. Я руководитель. Men basshymyn.
Мен жеке кәсіпкермін. Я частный предприниматель. Men jeke kásipkermin.
Мен қаржы саласында жұмыс істеймін. Я работаю в финансовой сфере. Men qarjy salasynda jumys isteımin.
Құжаттарыңызды беріңізші. Ваши документы, пожалуйста. Qujattaryńyzdy berińizshi.
Мына жерге қол қойыңыз. Распишитесь здесь. Myna jerge qol qoıyńyz.
Жұмыстан тыс уақытқа ақы төлене ме? Мне будут платить за сверхурочное время? Jumystan tys ýaqytqa aqy tólene me?
Р-5
Сіз жалақыны қашан аласыз? Когда Вы получаете зарплату? Siz jalaqyny qashan alasyz?
Мен студентпін, жарты күн істейтін жұмыс іздеп жүрмін. Я студент, ищу работу на неполный рабочий день. Men stýdentpin, jarty kún isteıtin jumys izdep júrmin.
Тағы да қандай сұрақтар бар? Какие ещё есть вопросы? Taǵy da qandaı suraqtar bar?
Кешіккенім үшін кешірім сұраймын. Прошу прощения за опоздание. Keshikkenim úshin keshirim suraımyn.
Бір жұмысқа айналасып, кешігіп қалдым. Был занят одним делом, поэтому опоздал. Bir jumysqa aınalasyp, keshigip qaldym.
Мен бүгін жұмысқа кешіктім. Я сегодня опоздал на работу. Men búgin jumysqa keshiktim.
Жұмысқа себепсіз кешігіп келуге болмайды. Нельзя беспричинно опаздывать на работу. Jumysqa sebepsiz keshigip kelýge bolmaıdy.
Жұмыс уақытында бұл не әңгіме? Что за разговоры в рабочее время? Jumys ýaqytynda bul ne áńgime?
Жұмыс тапсырғанда адам таппайсың, ал жалақы алғанда бірінші жүгіресіңдер. Когда нужно поручить работу - никого не найдёшь, а когда получка - первыми прибегаете. Jumys tapsyrǵanda adam tappaısyń, al jalaqy alǵanda birinshi júgiresińder.
Алаңдама, жұмысыңды істей бер. Не отвлекайся, продолжай свою работу. Alańdama, jumysdy isteı ber.
Р-6
Кешірім сұрамай-ақ қой. Жұмыстан бос. Мен шешім өзгертпейм. Не проси прощения. Ты уволена. Я не изменю решения. Keshirim suramaı-aq qoı. Jumystan bos. Men sheshim ózgertpeım.
Заттарды жина да, орынды босат. Собирай вещи и освободи место. Zattardy jına da, oryndy bosat.
Өз еркімен жұмыстан шықты. Он уволился по собственному желанию. Óz erkimen jumystan shyqty.
Менің жұмыс рұқсатым бар. Уақыты бітпеген. У меня есть разрешение на работу. Оно не просрочено. Meniń jumys ruqsatym bar. Ýaqyty bitpegen.
Жұмыста қысқару жүріп жатыр, әзірше бос орын жоқ. Сейчас на работе идёт сокращение, пока нет вакансии. Jumysta qysqarý júrip jatyr, ázirshe bos oryn joq.
Күн тәртібі бойынша қандай ұсыныстар бар? Есть ли предложения по повестке дня? Kún tártibi boıynsha qandaı usynystar bar?
Тағы қандай ұсыныстар бар? Какие ещё есть предложения? Taǵy qandaı usynystar bar?
Мен күн тәртібіне ұсыныс енгізгім келеді. Я бы хотел внести предложение в повестку дня. Men kún tártibine usynys engizgim keledi.
Бұл мәселені дауыс берумен шешеміз. Данный вопрос будем решать голосованием. Bul máseleni daýys berýmen sheshemiz.
Қолдайтын болсақ, онда дауыс берулеріңізді сұраймын. Если поддерживаем, тогда прошу голосовать. Qoldaıtyn bolsaq, onda daýys berýlerińizdi suraımyn.
Р-7
Құрметті әріптестер, регламентті сақтауды сұраймын. Уважаемые коллеги, просьба соблюдать регламент. Qurmetti áriptester, reglamentti saqtaýdy suraımyn.
Қазір біздің ұжымда жүзден аса адам жұмыс істейді. Сейчас в нашем коллективе работает свыше ста человек. Qazir bizdiń ujymda júzden asa adam jumys isteıdi.
Біздің мекемеде жүзден аса қызметкер бар. В нашем учреждении работают более ста работников. Bizdiń mekemede júzden asa qyzmetker bar.
Бұл жерде өте жоғары білімді мамандар жұмыс істейді. Здесь работают высокообразованные специалисты. Bul jerde óte joǵary bilimdi mamandar jumys isteıdi.
Менің жұмыс күнім сағат тоғызда басталады. Мой рабочий день начинается в девять часов. Meniń jumys kúnim saǵat toǵyzda bastalady.
Сенің жұмыс күнің қаншада аяқталады? Во сколько заканчивается твой рабочий день? Seniń jumys kún qanshada aıaqtalady?
Менің жұмыс күнім сағат алтыда аяқталады. Мой рабочий день заканчивается в шесть. Meniń jumys kúnim saǵat altyda aıaqtalady.
Сөз Біркімбаев мырзаға беріледі. Слово предоставляется господину Быркымбаеву. Sóz Birkimbaev myrzaǵa beriledi.
Бүгін жұмыс күн жемісті болды. Сегодня рабочий день был плодотворным. Búgin jumys kún jemisti boldy.
Ауысыммен жұмыс істейміз. Будем работать посменно. Aýysymmen jumys isteımiz.
Р-8
Кезекпен ауысып жұмыс істейміз. Будем работать по очереди, меняясь. Kezekpen aýysyp jumys isteımiz.
Түнгі кезекшілік бітті. Ночное дежурство закончилось. Túngi kezekshilik bitti.
Жұмысты тоқтатпаңдар! Работу не останавливайте! Jumysty toqtatpańdar!
Отырыңыз. Сізге ескерту жасаймын. Садитесь. Делаю Вам замечание. Otyryńyz. Sizge eskertý jasaımyn.
Сізге сөгіс жарияладым. Я Вам объявил выговор. Sizge sógis jarıaladym.
Ол тәжірибелі маман. Он опытный специалист. Ol tájirıbeli maman.
Ол дұрыс шешім қабылдай біледі. Он способен принять правильное решение. Ol durys sheshim qabyldaı biledi.
Оның мінезі ашық, адамдармен тез тіл табысады. По характеру он искренний (открытый), коммуникабельный. Onyń minezi ashyq, adamdarmen tez til tabysady.
Өтініш жазайын деп едім. Я хотел написать заявление. Ótinish jazaıyn dep edim.
Жұмыстан ертерек кетейін деп едім. Я хотел пораньше уйти с работы. Jumystan erterek keteıin dep edim.
Р-9
Өз пікірім айтайын деп едім. Я хотел высказать своё мнение. Óz pikirim aıtaıyn dep edim.
Жиналысты жалғастырамыз! Продолжаем собрание! Jınalysty jalǵastyramyz!
Саған ескерту жасадың не, жасамадың не бәрі-бір! Тебе что делай, что не делай замечание - всё равно! Saǵan eskertý jasadyń ne, jasamadyń ne bári-bir!
Қай жерге келіп едік? На чем мы остановились? Qaı jerge kelip edik?
Бір сағаттан кейін жиналыс басталады. Через час начнётся собрание. Bir saǵattan keıin jınalys bastalady.
Сіздің ұсынысыңызбен келісеміз. Мы согласны с Вашим предложением. Sizdiń usynysyńyzben kelisemiz.
Олар жиналыс өткізбейтін болды. Они решили не проводить собрание. Olar jınalys ótkizbeıtin boldy.
Ол күн сайын жұмысқа барады. Он каждый день ходит на работу. Ol kún saıyn jumysqa barady.
Жаңа жылдан бастап жалақы көбейетін болды. С нового года повысят зарплату (стало известно). Jańa jyldan bastap jalaqy kóbeıetin boldy.
Жарты сағат кейін маңызды кездесуім бар. Через полчаса у меня важная встреча. Jarty saǵat keıin mańyzdy kezdesýim bar.
Р-10
Құжаттарды тексеру керек. Нужно проверить документы. Qujattardy tekserý kerek.
Мен басқаша пікірдемін. Я другого мнения. Men basqasha pikirdemin.
Мен сізбен келіспеймін. Я не согласен с Вами. Men sizben kelispeımin.
Ол да шығармашылық адам. Он тоже творческий человек. Ol da shyǵarmashylyq adam.
Ол мәселе шешілді. Этот вопрос решился. Ol másele sheshildi.
Құжаттар сіздің мекен-жайыңызға жіберілді. Документы отправлены на Ваш адрес. Qujattar sizdiń meken-jaıyńyzǵa jiberildi.
Бұл есепті сіздің бөліміңіз жасамайтын болды. Решили, что не ваш отдел будет делать этот отчёт. Bul esepti sizdiń bólimińiz jasamaıtyn boldy.
Мен ешқашан кешігіп келмеймін. Я никогда не опаздываю. Men eshqashan keshigip kelmeımin.
Жұмыс істеп жүрсең өмір сүруге болады. Если есть работа, то можно жить. Jumys istep júrseń ómir súrýge bolady.
Сұрақтарыңыз бар ма? У вас вопросы есть? Suraqtaryńyz bar ma?
Р-11
Сұрақтар бар ма? Вопросы есть? Suraqtar bar ma?
Менің сізге өтінішім бар еді. У меня к Вам просьба. Meniń sizge ótinishim bar edi.
Саған берілетін тапсырма мынадай: бір апта ішінде тізім дайында. Задание тебе такое: подготовишь список в течение недели. Saǵan beriletin tapsyrma mynadaı: bir apta ishinde tizim daıynda.
Оның уайымдастырушылық және басқарушылық қабілеті бар. У него есть организаторские и управленченские способности. Onyń ýaıymdastyrýshylyq jáne basqarýshylyq qabileti bar.
Компьютерлік бағдарламаларды жақсы біледі. Хорошо знает компьютерные программы. Kompúterlik baǵdarlamalardy jaqsy biledi.
Ол салмақты мінезімен, адалдығымен көзге түсіп жүр. Он отличается серьезностью характера, честностью. Ol salmaqty minezimen, adaldyǵymen kózge túsip júr.
Егер бұндай жағдай қайталанатын болса өкінесің. Если это ещё раз повторится, пожалеешь. Eger bundaı jaǵdaı qaıtalanatyn bolsa ókinesiń.
Саған қиындықтар керек пе? Тебе нужны неприятности? Saǵan qıyndyqtar kerek pe?
Мұнайдай жағдай қайталанбайды. Такое больше не повторится. Munaıdaı jaǵdaı qaıtalanbaıdy.
Кеше телефон арқылы сіздің хатшыңызбен сөйлескенмін. Вчера я разговаривала с Вашим секретарем по телефону. Keshe telefon arqyly sizdiń hatshyńyzben sóıleskenmin.
Р-12
Түсінікті. Бұрынғы жұмыс орныңыздан ұсыныс хатыңыз бар ма? Понятно. У Вас есть рекомендательное письмо с прежней работы? Túsinikti. Burynǵy jumys ornyńyzdan usynys hatyńyz bar ma?
Сізбен тілдесу бір ғанибет. С Вами приятно общаться. Sizben tildesý bir ǵanıbet.
Жұмыстарды екі аптаның ішінде бітіріңдер. Закончите работу за две недели. Jumystardy eki aptanyń ishinde bitirińder.
Сіз жөндеуге кепіл бересіз бе? Вы можете дать гарантию по поводу ремонта? Siz jóndeýge kepil beresiz be?
Сіздің айтқан сыныңызды ескере отырып, өзгерістер енгізуге дайынбыз. Вашу критику приняв во внимание, мы готовы внести изменения. Sizdiń aıtqan synyńyzdy eskere otyryp, ózgerister engizýge daıynbyz.
Әрине, қолдарыңнан бәрі келеді. Конечно. Вы всё сможете. Árıne, qoldarnan bári keledi.
Ол енді осы жұмысты бітірмей қоймайды. Он обязательно закончит эту работу. Ol endi osy jumysty bitirmeı qoımaıdy.
Мен біттім. Саудаласпаймын. Уақыттым онсыз да көп кетті. Я закончил. Спорить не буду. И так я потерял много времени. Men bittim. Saýdalaspaımyn. Ýaqyttym onsyz da kóp ketti.
Қателесуім мүмкін. Я могу ошибаться. Qatelesýim múmkin.
Өзімді кінәлі санамаймын. Я не считаю себя виновной. Ózimdi kináli sanamaımyn.
Р-13
Сені директор шақырып жатыр. Тебя директор вызывает. Seni dırektor shaqyryp jatyr.
Біз әріптеспіз. Мы коллеги. Biz áriptespiz.
Сіздің еңбек өтіліңіз қанша жыл? Какой у Вас стаж работы? Sizdiń eńbek ótilińiz qansha jyl?
Біздің алдымызға үлкен мақсат қойылды. Перед нами поставлена большая цель. Bizdiń aldymyzǵa úlken maqsat qoıyldy.
Жеңіске бірге жетеміз. Мы вместе придём к победе. Jeńiske birge jetemiz.
Білмеймін. Бұл туралы ешқандай хабарым жоқ. Не знаю. Про это у меня нет никакой информации. Bilmeımin. Bul týraly eshqandaı habarym joq.
Адал адамға жұмыс табылады. Честному человеку работа найдётся. Adal adamǵa jumys tabylady.
Уақытыңызды босқа жоғалтпай-ақ қойыңыз. Не тратьте зря своё время. Ýaqytyńyzdy bosqa joǵaltpaı-aq qoıyńyz.
Менің өтінішім қаралды ма екен? Рассмотрено ли моё заявление? Meniń ótinishim qaraldy ma eken?
Сіз болмасаңыз мен бұл жерде орналаса алмас едім. Если бы не Вы, я бы не устроился здесь. Siz bolmasańyz men bul jerde ornalasa almas edim.
Р-14
Бұл ұзақ үдеріс. Это долгий процесс. Bul uzaq úderis.
Бұл техникалық ақау. Это технический брак. Bul tehnıkalyq aqaý.
Уәде еттің бе? Орында. Дал обещание? Выполняй. Ýáde ettiń be? Orynda.
Менің мынадай ұсынысым бар... У меня есть такое предложение... Meniń mynadaı usynysym bar...
Баяндамашыға сұрақтарыңыз бар ма? Есть ли вопросы к докладчику? Baıandamashyǵa suraqtaryńyz bar ma?
Бұл - бейресми жұмыс. Это неофициальная работа. Bul - beıresmı jumys.
Сіз кім болып жұмыс істейсіз? Вы кем работаете? Siz kim bolyp jumys isteısiz?
Сіз мені шақырдыңыз ба? Вы меня вызывали? Siz meni shaqyrdyńyz ba?
Бүгін бастық бола ма? Начальник сегодня будет? Búgin bastyq bola ma?
Бір шаруам болып қалды. Был занят одним делом (поручением). Bir sharýam bolyp qaldy.
Р-15
Баяндама жасау үшін сөз Біркімбаев мырзаға беріледі. Слово для доклада предоставляется господину Быркымбаеву. Baıandama jasaý úshin sóz Birkimbaev myrzaǵa beriledi.
Жалақыңды алдың ба, жаным? Ты зарплату получил, дорогой? Jalaqyńdy aldyń ba, janym?
Қалып қойма. Не опоздай. Qalyp qoıma.
Мен ештеңе жасаған жоқпын. Я ничего не делал. Men eshteńe jasaǵan joqpyn.
Сен енді бұл жерде жұмыс істемейсің. Кадрлар бөліміне бар, саған өтемақы төлейді. Ты теперь здесь не работаешь. Иди в отдел кадров и получи компенсацию. Sen endi bul jerde jumys istemeısiń. Kadrlar bólimine bar, saǵan ótemaqy tóleıdi.
Не, мен жұмыстан шықтым ба? Что, я уволена? Ne, men jumystan shyqtym ba?
Неге екенін білуге бола ма? За что, можно узнать? Nege ekenin bilýge bola ma?
Құрметті әріптестер, жиналысты ашық деп жариялаймын. Уважаемые коллеги, собрание объявляю открытым. Qurmetti áriptester, jınalysty ashyq dep jarıalaımyn.
Олар бүгін көп жұмыс жасады. Они сегодня сделали много работы. Olar búgin kóp jumys jasady.
Есікті жап. Закрой двери. Esikti jap.
Р-16
Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне кезектен тыс кызмет көрсетіледі. Инвалиды и участники Великой Отечественной войны обслуживаются вне очереди. Uly Otan soǵysynyń ardagerleri men múgedekterine kezekten tys kyzmet kórsetiledi.
Ал тағы кімде қандай ұсыныс бар? Так, у кого ещё какие есть предложения? Al taǵy kimde qandaı usynys bar?
Ақпарат беріңіз. Дайте информацию. Aqparat berińiz.
Жұмыс көп, уақыт тығыз. Работы много, времени мало. Jumys kóp, ýaqyt tyǵyz.
Сәтті өтті. Удачно прошло. Sátti ótti.
Жолсапарды тағы бес күнге созды. Продлили командировку еще на пять дней. Jolsapardy taǵy bes kúnge sozdy.
Саған өте разы. Тобой очень довольны. Saǵan óte razy.
Сіздің жұмысыңызды бөлгеніме кешіріңіз. Извините, что оторвал Вас от дела. Sizdiń jumysyńyzdy bólgenime keshirińiz.
Мұны мен растаймын. Я это подтверждаю. Muny men rastaımyn.
Үзіліс сағат он үштен он төртке дейін. Перерыв с тринадцати до четырнадцати часов. Úzilis saǵat on úshten on tórtke deıin.
Р-17
Жазда демалыс алмайтын болдық. Мы решили не брать отпуск летом. Jazda demalys almaıtyn boldyq.
Сөзінде тұр. Держи своё обещание. Sózinde tur.
Өтінемін, шұғыл шаруам бар. Прошу Вас, у меня срочное дело. Ótinemin, shuǵyl sharýam bar.
Мен сізге сөгіс жариялаймын. Я объявляю Вам выговор. Men sizge sógis jarıalaımyn.
Айласын тауып, сұрақты шешіңдер. Найдите выход и решите вопрос. Aılasyn taýyp, suraqty sheshińder.
Бір нәрсемен айналыс. Займись чем-нибудь. Bir nársemen aınalys.
Көз алдымда көлбеңдемеші. Не стой над душой. Kóz aldymda kólbeńdemeshi.
Сұрақтарға жауап берулеріңізді сұраймын. Ответьте, пожалуйста, на вопросы. Suraqtarǵa jaýap berýlerińizdi suraımyn.
Жұмыстарымды жасадым. Я делал свою работу. Jumystarymdy jasadym.
Ертең тындырасың. Завтра доделаешь. Erteń tyndyrasyń.
Р-18
Сіз жоқта біз жұмыс істедік. Пока Вас не было мы работали. Siz joqta biz jumys istedik.
Мен оның қол астында екі жыл қызмет істедім. Я 2 года работал под его руководством. Men onyń qol astynda eki jyl qyzmet istedim.
Сен қарсымысың? Ты против? Sen qarsymysyń?
Иә, мен қарсымын. Да, я против. Iá, men qarsymyn.
Сізді ұжым атынан құттықтаймын! Поздравляю Вас от имени коллектива! Sizdi ujym atynan quttyqtaımyn!
Бұл мәселені кім шешеді? Кто решает этот вопрос? Bul máseleni kim sheshedi?
Сіз өтініш жаздыңыз ба? Вы написали заявление? Siz ótinish jazdyńyz ba?
Өтініш кімнің атына жазылады? На чьё имя пишется заявление? Ótinish kimniń atyna jazylady?
Өтініш мекеме басшысының атына жазылады. Заявление пишется на имя руководителя учреждения. Ótinish mekeme basshysynyń atyna jazylady.
Бізде жұмыс істегіңіз келе ме? Хотите у нас работать? Bizde jumys istegińiz kele me?
Р-19
Әр түрлі сыннан төмен. Ниже всякой критики. Ár túrli synnan tómen.
Мен бір манызды ақпарат алдым. Я узнал важную информацию. Men bir manyzdy aqparat aldym.
Мен қолымнан келгеннің бәрін істедім. Я сделал всё, что мог. Men qolymnan kelgenniń bárin istedim.
Біз сізді сынау мерзіміне қабылдаймыз. Мы принимаем Вас на испытательный срок. Biz sizdi synaý merzimine qabyldaımyz.
Сынау мерзімі қаншаға созылады? Сколько продлится испытательный срок? Synaý merzimi qanshaǵa sozylady?
Сынау мерзімі екі ай. Испытательный срок 2 месяца. Synaý merzimi eki aı.
Сіздің тапсырмаңызды орындадым. Я выполнил Ваше задание. Sizdiń tapsyrmańyzdy oryndadym.
Өкінішке орай мен сіздің тапсырмаңызды орындай алмадым. К сожалению, я не смог выполнить Ваше задание. Ókinishke oraı men sizdiń tapsyrmańyzdy oryndaı almadym.
Бастықтарыңыз кім? Кто у вас начальник? Bastyqtaryńyz kim?
Жалақы бәрімен бірдей төленеді. Зарплата выплачивается на общих основаниях. Jalaqy bárimen birdeı tólenedi.
Р-20
Жиналыс қашан басталады? Когда начинается собрание? Jınalys qashan bastalady?
Күн тәртібіндегі барлық мәселелер қаралды. Все вопросы повестки дня рассмотрены. Kún tártibindegi barlyq máseleler qaraldy.
Бір жағынан бұл дұрыс. С одной стороны, это правильно. Bir jaǵynan bul durys.
Екінші жағынан қарасақ. Если посмотреть с другой стороны. Ekinshi jaǵynan qarasaq.
Сіз компьютерді пайдалана аласыз ба? Вы умеете пользоваться компьютером? Siz kompúterdi paıdalana alasyz ba?
Мына файлды сақтаңыз. Сохраните этот файл. Myna faıldy saqtańyz.
Компьютер тұрып қалды. Компьютер завис. Kompúter turyp qaldy.
Сіз қазақша баса аласыз ба? Вы печатаете по-казахски? Siz qazaqsha basa alasyz ba?
Сіз неге жұмысқа кеш келдіңіз? Вы почему поздно пришли на работу? Siz nege jumysqa kesh keldińiz?
Мен ұсақ-түйектерге ашуланбаймын. Я не обижаюсь на мелочи. Men usaq-túıekterge ashýlanbaımyn.

Корректор: Татьяна Валяева


©  Татьяна Валяева   2007–2019
http://kaz-tili.kz/
 <<  Дорога Вернуться к началу Работа стр.2  >> 


Присоединиться в Фейсбуке   ВКонтакте                  Цвета текста на сайте - значение                  E-mail: kaz-tili@yandex.ru                  Оставить отзыв