Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Модальность
Предложения
  Проверь себя!
  Упражнения
   Грамматика детям
   Учим всей семьёй
 Видео
  Разговорник
Пословицы
  Книга для чтения
С казахским не шутят?
Сказки
Песни
Статьи
Словарь
Ссылки и др.
Автор сайта
Приветствие
Знакомство
Время
Просьба
Телефон
В магазине
Пожелания
Благодарность
Приятного аппетита
Медицина
Дорога
Работа стр.1, стр.2
 Полезные фразы
 01 
 02 
 03 
 04 
 05 
 06 
 07 
 08 
 09 
 10 
 11 
 12 
 13 
 14 
 15 
 16 
 17 
 18 
 19 
 20 
 21 
 22 
 23 
 24 
 25 
 26 
 27 
 28 
 29 
 30 
 31 
 32 
 33 
 34 
 35 
 36 
 37 
 38 
 39 
 40 
 41 
 42 
 43 
 44 
 45 
 46 
 47 
 48 
Цитаты
 01 
 02 
 03 
 04 
 05 
Р. Керимбаев А. Керимбаев
"Русско-казахский сборник
фраз и словосочетаний"


Разговорник
Жаңа толқын

Полезные фразы

Сборник 45

Автор: Рауль Керимбаев

45-01
Саған мүлдем қызық емес пе? Тебе совсем не интересно?
Менің ойымша, жеке өміріңде бәрі дұрыс сияқты. По-моему, с личной жизнью у тебя всё в порядке.
Е, мұнда екенсің ғой! А, вот ты где?
Сен де жақсысың! И ты тоже хорош!
Өзің білесің, мен саған бұл істе ақылшы емеспін. Ты сам знаешь, в этом деле я тебе не советчик.
Астана қалай екен? Ұнады ма? Как Астана? Понравилась?
Неге бізде осылай? Почему у нас так?
Сен енді келмейді деп ойлап едім Я думал, что ты уже не придёшь.
Құдайдан басқа ештеңеден қорықпау керек. Кроме Бога, не нужно ничего бояться.
Сасқаннан не айтарын білмей қалдым. Со страха я не знал, что и сказать.
45-02
Ертерек айтпасыңдар ма! Пораньше не могли сказать!
Осында көңіл көтерейік деп келген жоқпыз ба? Мы разве сюда не веселиться приехали?
Жындымысың қыздарға арақ ұсынып... Ты дурак что ли, предлагать девушкам водку...
Мен жай айта салып едім. Я просто так сказал.
Мен мұны жасаған жоқпын. Я это не делал.
Ол жігіт өзі келіп кешірім сұрады. Этот парень сам пришёл и попросил прощения.
Айтпақшы, Сіздің есіміңіз кім? Кстати, как Вас зовут?
Ол жуынатын бөлмеде. Он в ванной.
Жасыңызға сай киініңіз. Одевайтесь в соответствии с возрастом.
Қол созым жер. Рукой подать.
45-03
Мен қатыспаймын. Я не буду участвовать.
Көп күтемін бе? А долго мне ждать?
Үйде біреу бар ма? Есть кто в доме?
Бірақ одан бері жоспарым өзгерді. Но с тех пор планы мои изменились.
Осының бәрі мен үшін жаңалық. Всё это для меня новости.
Не айтқанын естідің бе? Ты слышал, что он сказал?
Жігіттер, араларында ағылшынша сөйлетін адам бар ма? Парни, среди вас кто-нибудь говорит по-английски?
Барлығынын өз құны болады. У всех своя цена.
Сен мені өлтіргің келе ме, сонша құшақтағаның не? Ты хочешь меня убить, зачем так обнимать?
Маған мінезіңді көрсетпе. Ты мне характер свой не показывай.
45-04
Олар бізді менсінбейді. Они нас не признают.
Сен неге жынданып жатырсың? Ты чего бесишься?
Мұғалімнен басым ауырып жатыр деп, сабақтан сұранып кеттім. Я отпросился с уроков, сказав учительнице, что болит голова.
Достар, кеңес беріңдерші! Друзья, дайте мне совет, пожалуйста!
Жұмысқа орналасқан жоқпын. На работу я не устроился.
Маған назар аудармай-ақ қойыңыздар. Не обращайте на меня внимание.
Бұл мүмкін бе? Возможно ли это?
Амандықпен кездесейік. Давайте встречаться по-хорошему.
Сөмкемді ұстай тұршы. Подержи мою сумку, пожалуйста.
Қымбаттым, мені әлі дайын емеспін, күте тұршы! Дорогой, я ещё не готова, подожди, пожалуйста!
45-05
Ол ешкімге жоқ деп айта алмайды. Он никому не может сказать «нет».
Сенен сұлу ешкім жоқ. Красивее тебя никого нет.
Мен әлі оны шешкен жоқпын. Я это ещё не решил.
Азаматша, мен Сізге айтып тұрмын. Гражданка, я Вам говорю.
Мен Сізге тосын сый жасағым келіп еді. Я хотел Вам сделать сюрприз.
Сен одан көзіңді ала алмай қалдың ғой. Ты от неё не мог глаз оторвать.
Маған ол секілді қыздар ұнамайды. Мне такие девушки, как она, не нравятся.
Ол қайда болса да, кіммен болса да маған енді бәрібір. Где бы она ни была, с кем бы она ни была, мне теперь всё равно.
Сен маған сөйлеуге мүмкіндік бердің бе? Ты разве дал мне возможность говорить?
Мезгілсіз мазалағанға кешірерсің, Бәке. За несвоевременное беспокойство, ты простишь меня, Баке.
45-06
Ал, өзің неге кешіктің? А сам ты почему опоздал?
Сіз оған сендіңіз бе, әлде сенбедіңіз бе? Вы ему поверили или нет?
Өтірік сенімнен айырады. Ложь лишает доверие.
Бізге делдалдар керек емес. Нам посредники не нужны.
Біз онымен бұрыннан таныспыз. Мы с ним давно знакомы.
Ол неге өтірік айтып тұр? Почему он говорит неправду?
Жаман еркек қатынын жамандайды. Плохой мужчина чернит свою жену.
Сұңғақ бойлы жігіт. Стройный парень.
Сол кезде қолымда қару болса оны атып тастар едім. Если у меня тогда было бы оружие, я бы пристелил его.
Мұны өзің де жақсы түсінесің ғой. Ты и сам это хорошо понимаешь.
45-07
Бұл бір үйдің қыздарының балалары. Это дети родных сестёр.
Оны сен әлі түсінбейсің. Менің жасыма жеткенде түсінесің. Это ты ещё не поймёшь. Ты поймёшь тогда, когда достигнешь моего возраста.
Ел не дейді? Что скажут люди?
Ел не демейді. Елің бір күн шулар, бір жыл шулар, сосын басқа әңгіме тауып алады. Люди, что не скажут. День пошумят, год пошумят, потом найдут другую тему для разговора.
Мен ақылымды айттым, қалғанын өзің білесің. Я тебе свой совет дал, остальное ты сам знаешь.
Ол ылғи қалжыңдаушы еді. Он всегда шутил.
Сен менімен тіреспе! Ты на меня не напирай!
Сен қыңырая берме. Не косись на меня.
Сен ағаға рақмет айттың ба, ұлым? Ты сказал дяде спасибо, сынок?
Өткен туған күніңізбен! С прошедшим Вас днём рождения!
45-08
Менің жігітім көзіме шөп салып тұр. Мой парень мне изменяет.
Қолтаңба қойып беріңізші. Поставьте мне автограф, пожалуйста.
Менімен де суретке түсіңізші. И со мной сфотографируйтесь, пожалуйста.
1962 жылдың 10 желтоқсан айында дүниеге келдім. Я родился 10 декабря 1962 года.
Соларға ұқсағымыз келді. Нам хотелось быть похожими на них.
Конференция жұмысына сәттілік пен табыс тілеймін! Желаю удачи и успехов в работе конференции!
Бала дүние есігін ашқаннан бастап бақылауда болуы керек. Ребенок с самого рождения должен быть под контролем.
Сен мені түсінбейсің бе деп қорқамын. Я боюсь, что ты не поймешь меня.
Әлде сен мұны түсінбейсің бе? Или ты это не понимаешь?
Не да болса Құдайға тапсырайық. Что бы ни произошло, давайте доверимся Богу.
45-09
Ол жақсы бала. Артынан ерсен қор болмайсын Он хороший парень. За ним, как за каменной стеной.
Абайлап жүруіңізді сұраймын. Я прошу Вас быть осторожным.
Сол кезден бері осында тұрамын. С тех пор, я живу здесь.
Жалпы баға бере аласыз ба? Вы можете дать общую оценку?
Осыдан бес-алты жыл бұрын. 5-6 лет тому назад.
Аударып біттіңіз бе? Вы закончили перевод?
Әлі бітпедім. Еще не закончил.
Уақытша жұмыс істемейді. Он временно не работает.
Әлі уақыт бар ғой. Ещё же есть время.
Шығаршы мені мына жерден. Вытащи меня отсюда, пожалуйста.
45-10
Сондықтан әңгімені ары қарай жалғастырғым келмейді. Поэтому я не хочу дальше продолжать разговор.
Соны біліп жүрсең болды. Главное, чтобы ты знал это.
Оқымысты адамды үйретпе. Не учи учёного.
Алаңдама, бәріне өзім жауап беремін. Не переживай, я сам за все отвечу.
Оны мен түсінбейді дейсің бе? Ты думаешь, что я не понимаю этого?
Маған жақындаңыз. Подойдите ко мне.
Бері жақындаңыз. Мына қол Сіздікі ме? Подойдите поближе. Это Ваша подпись?
Енді бұл қайталанбасын! Чтобы это больше не повторилось!
Кәнеки, ағаға амандас. Ну-ка, поздоровайся с дядей.
Ет турап жіберші. Нарежь, пожалуйста мяса.
45-11
Немерелеріңіз бен балаларыңыздың жетістіктеріне қуана беріңіздер! Радуйтесь успехам своих детей и внуков.
Ол сенің мекенжайыңды сұрапты. Он просил твой адрес.
Осы уақытқа дейін қайда болдың? Где ты был до сих пор?
Ол өте бақытты және ешкімге тәуелді емес. Она очень счастливая и не от кого не зависит.
Мен сені осы жерде күте тұрамын. Я тебя здесь подожду.
Сен әлемдегі ең керемет анасың! Ты самая лучшая мама на свете!
Сен періште сияқтысың. Ты как ангел.
Сізді екі ауыз сөзге бола ма? Можно Вас на пару слов?
Олар бірін-бірі көре алмайды Они ненавидят друг друга.
Ерсі ештеңе көріп тұрған жоқпын. Ничего неприличного не вижу.
45-12
Біреуді үйретемін деп алдында өзіңе қарап алмайсың ба? Прежде чем учить кого-то, сначала на себя посмотрел бы?
Мына түріммен қалай барамын? Как я пойду с таким видом?
Көзім жұмылып барады! Ұйқым келіп отыр. У меня глаза закрываются! Я хочу спать.
Қуаныштан оның көзі жайнап кетті. От радости его глаза сияли.
Сіздер не, таныссыздар ма? Вы что, знакомы?
Өзіңіз қалайсыз? Аурмай-сырқамай жүрсіз бе? Сами Вы как? Не болеете?
Ештеңе етпейді, бір амалын табармын. Ничего страшного, я найду какой-нибудь выход.
Ал, қалғандарында менің шаруам жоқ. А до остальных мне дела нет.
Біз Сізді күттік. Мы Вас ждали.
Маған көңілдірек болады. Мне будет веселее.
45-13
Не айтып тұрғаныңды түсінбедім. Я не понял, что ты говоришь.
Мен ешқашан қарсы болмас едім. Я никогда не был бы против.
Жыным келіп тұр. Бесит меня.
Ондай еш жерде жоқ. Такого нигде нет.
Бізде зерікпейсіңдер. У нас вы не соскучитесь.
Әлі де сене алмай тұрсың ба? Ты до сих не веришь что ли?
Бұл туралы жарыңыз не дейді? Что об этом говорит Ваша супруга?
Онда қарсылық жоқ. Тогда возражений нет.
Қолдарыңды шайыңдар! Ополосните руки!
Мен саған ештеңе дегенмін жоқ қой. Я же тебе ничего не говорил.
45-14
Сен мені әлі таныған жоқсың ба? Ты до сих пор не узнал меня?
Басынан айтшы! Расскажи с самого начала, пожалуйста!
Мен берілдім. Я сдался.
Бұл саған қызық па? Это тебе интересно?
Иә, әрине, маған қызық. Да, конечно, мне интересно.
Қарындас, қасарысудың қажеті жоқ. Сестрёнка, не надо упрямиться.
Сөзден іске көшетін уақыт келді. Настало время переходить от слов к делу.
Мен таңертең сағат жетіде тұрамын. Я встаю в семь часов утра.
Теледидар көретін уақытым жоқ Мне некогда смотреть телевизор.
Біз кейде өзімізді ақымақтарша ұстаймыз. Иногда мы ведём себя по-дурацки.
45-15
Ол азаматша жасады. Он поступил по-мужски.
Бұл кім бізде осындай елеулі. Это кто у нас такой важный.
Сенің келетініңе үміттенемін. Я надеюсь, что ты придёшь.
Сенің көңіл-күйіңді бұзған кім? Кто испортил тебе настроение?
Бұл бұрыннан белгілі. Это давно известно.
Өз тәжірибемнен білемін. Я знаю по собственному опыту.
Мен кімнен сескенемін? Кого мне опасаться?
Неге сескенемін? Почему я должен опасаться?
Біз сөйлесе аламыз ба? Мы можем поговорить?
Не туралы сөйлесеміз? О чём будем говорить?
45-16
Енді онда бармаймын. Теперь я туда не пойду.
Саған еш өкпем жоқ. На тебя нет никаких обид.
Мен туралы көптен бері білесіз бе? Про меня давно знаете?
Бірінші рет көріп тұрмын. Первый раз вижу.
Өмірімде бірінші рет тойдым. Первый раз в жизни наелся.
Қай жерге барасыңдар, жеткізіп салайын? Куда едите, давайте довезу?
Қалай? Қолыңнан келе ме? Как? Ты сможешь?
Бірақ шыдауға тура келеді. Но придётся потерпеть.
Мен сені ерекше бағалаймын, сұлу бикеш Я тебя по-особенному ценю, красавица.
Біреудің жүрегін тағы жараладың ба? Ещё чьё-то сердце разбила.
45-17
Онда жолыңыз болған екен. Тогда вам повезло.
Жарайды, бара бер. Ладно, иди.
Ешкім менімен дос болғысы келмейді. Никто не хочет дружить со мной.
Зарлауды доғар! Прекращай причитать!
Кел, кел, қызық басталғалы жатыр. Иди сюда, иди интересное только начинается.
Маған ашулы сияқтысын ғой. Ты как будто злишься на меня.
Шамамыз жетіп жатыр. Сил у нас хватает.
Грамматикалық қателер кездеседі. Встречаются грамматические ошибки.
Жүр кеттік, мен саған бір қызық көрсетейін. Пойдём, я покажу тебе что-то интересное.
Сені кім кіргізді? Кто тебя впустил?
45-18
Бұлданбай-ақ қой. Не важничай.
Кім бұлданады? Кто важничает?
Ырбыңдама. Не смейся беспричинно.
Мен осы жайлы көп ойладым. Я об этом много думал.
Сұрақтарға иә, жоқ деп тез жауап бер. На вопросы отвечай быстро: да или нет.
Сіз мемлекеттік тілде еркін сөйлей алмайтын сияқтысыз. Похоже, что Вы свободно не владеете государственным языком.
Мұндай болуы тіпті мүмкін емес. Такое вообще не может быть.
Сенімен айналысатын уақыт жоқ. Некогда с тобой возиться.
Сен неге қалшылдап жатырсын? Ты чего дрожишь?
Мен қатты тоңып жатырмын. Я сильно мёрзну.
45-19
Мен мұздап барамын. Я леденею.
Өтірік айтушы болма! Не смей обманывать!
Бүгін жексенбі, барлық дүкендер жабық. Сегодня воскресенье, все магазины закрыты.
Ол естіп қойса зәресі кетеді. Если он услышит, испугается.
Солай болуы да мүмкін. И такое может быть.
Оңай құтылғаныңа қуан. Радуйся, что легко отделался.
Мен аштан өліп барамын. Я умираю с голоду.
Мұны бәрі не керек? Зачем всё это нужно?
Адамның сыртқы бейнесі оның ішкі дүниесінен хабар береді. По внешнему облику человека можно определить его внутренний мир.
Біз өзімізге жауапкершілік аламыз. Мы берём ответственность на себя.
45-20
Интернеттен іздеп көріңдер. Поищите по интернету.
Басқа жерден іздеп көріңдер. Попробуйте поискать в другом месте.
Мамандық таңдауда қателесіп қалма! Не ошибись в выборе профессии!
Азаматтар! Тәртіп сақтаңыздар! Граждане! Сохраняйте порядок!
Әр киімнің өз орны бар. У каждой вещи есть своё место.
Қажетті ақпарат таба алмадым. Я не нашёл необходимой информации.
Бір көргеннен естісіз ғашық болдым. Я влюбился без памяти с первого взгляда.
Шайыңыз суып қалмасын, ыстықтай ішіп алыңыз! Пейте чай, пока горячий, пусть не остывает!
Құп болады, мырзам! Будет исполнено, мой господин!
Қош бол бойдақ өмір! Прощай холостяцкая жизнь!


©  Татьяна Валяева   2007–2019
http://kaz-tili.kz/
 <<  Полезные фразы 44 Вернуться к началу Полезные фразы 46  >> 


Присоединиться в Фейсбуке   ВКонтакте                  Цвета текста на сайте - значение                  E-mail: kaz-tili@yandex.ru                  Оставить отзыв