Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Модальность
Предложения
  Проверь себя!
  Упражнения
   Грамматика детям
   Учим всей семьёй
 Видео
  Разговорник
Пословицы
  Книга для чтения
С казахским не шутят?
Сказки
Песни
Статьи
Словарь
Ссылки и др.
Автор сайта
Родина, Народ
Семья, Дети
Дружба, Вражда
Труд, Дело
Учение, Мудрость
Слово, Речь, Язык
Добро, Зло
Богатство, Бедность
Смелость, Риск
Цель, Мечта
Здоровье
Еда (хлеб)
    Пословицы
      (разные)
 1 
 2 
 3 
 4 
 5 
 6 
             Фразеологизмы
 А – Ә / A-Á
 Б – Д / B-D
 Е – Ж / E-J
 З – К / Z-K
 Қ – Л / Q-L
 М – П / M-P
 С – Т / S-T
 У – І / Ý-İ
 Кирил/Latyn 

Пословицы, стр.2

 
Грамматика казахского языка. Просто о сложном


Составитель: Татьяна Валяева

 9
Сасқан үйрек артымен сүңгиді. Когда утка теряется, задом наперед ныряет. Sasqan úırek artymen súńgıdi.
Су басынан бұзылады, балық басынан шіриді. Вода от истока портится, а рыба пропадает с головы. Sý basynan buzylady, balyq basynan shirıdi.
Біреу байыса, қырық адамның басы ауырады. Видя, как один богатство получает, сорок человек голову теряет. Bireý baıysa, qyryq adamnyń basy aýyrady.
Ай - ортақ, күн - ортақ, жақсы - ортақ. Луна - общая, солнце - общее, и всё хорошее - общее. Aı - ortaq, kún - ortaq, jaqsy - ortaq.
Сырқат - тән жарасы, қайғы - жан жарасы. Болезнь - телесная рана, печаль - душевная рана. Syrqat - tán jarasy, qaıǵy - jan jarasy.
Жау жоқта - қару көп, жау келсе - таяқ та жоқ. Когда нет врага - оружия много тогда, враг появляется - и палка теряется. Jaý joqta - qarý kóp, jaý kelse - taıaq ta joq.
Әлсіз айыпты. Кто слаб, тот всегда виноват. Álsiz aıypty.
Ерінбеген етікші болады. Ремеслом сапожника овладевает настойчивый. Erinbegen etikshi bolady.
Жақсы жүрген жеріне кент салады, жаман жүрген жеріне өрт салады. Хорошие люди после себя города оставляют, после подлецов пожарища пылают. Jaqsy júrgen jerine kent salady, jaman júrgen jerine órt salady.
Сәуір болса, күн күркірер, күн күркіресе, көк дүркірер. Придет апрель, и гром загромыхает, гром загромыхает - зелень вырастает. Sáýir bolsa, kún kúrkirer, kún kúrkirese, kók dúrkirer.
 10
Құтты қонаққа - тәтті тамақ. Почетному гостю - почетное угощение. Qutty qonaqqa - tátti tamaq.
Арымақ, семірмек - көңілден. Худеть или толстеть - от настроения зависит. Arymaq, semirmek - kóńilden.
Аштың ақылы астан әрі аспайды. Все мысли голодного вокруг еды вращаются. Ashtyń aqyly astan ári aspaıdy.
Бір түлікке бай болғанша, әр түлікке сай бол. Чем быть одним скотом богатым, лучше скот иметь разнообразный. Bir túlikke baı bolǵansha, ár túlikke saı bol.
Біреудің қайғысына күлгенің - өзіңді мазақ еткенің. Смеяться над чужой бедой - насмехаться над собой. Bireýdiń qaıǵysyna kúlgen - ózdi mazaq etket.
Шашу оңай, жинау қиын. Легко разбросать, да трудно собирать. Shashý ońaı, jınaý qıyn.
Оңай олжа пайда бермес, желмен кіріп, желмен кетер. Лёгкая добыча пользу не приносит, что ветром приносит, ветром же уносит. Ońaı olja paıda bermes, jelmen kirip, jelmen keter.
Сағадағы су ішеді, аяқтағы у ішеді. Те, кто у истока реки живут, воду чистую пьют, те, кто в конце реки живут, яд пьют. Saǵadaǵy sý ishedi, aıaqtaǵy ý ishedi.
Көп қараса, жоқ табылар. Что всеми ищется, вмиг отыщется. Kóp qarasa, joq tabylar.
Ет - етке, сорпа - бетке. От мяса тело наливается, от бульона щёки румянятся. Et - etke, sorpa - betke.
 11
Ат жақсысы енеден, зат жақсысы шеберден. Хороший конь от кобылы, хорошая вещь от мастера. At jaqsysy eneden, zat jaqsysy sheberden.
Жорға мінген жолдасына қарамас. Кто коня хорошего седлает, тот о друге своём забывает. Jorǵa mingen joldasyna qaramas.
У ішкен бір рет өледі, ант бұзған мың рет өледі. Тот, кто яд выпивает, один раз умирает, тот, кто клятву нарушает - тысячу раз погибает. Ý ishken bir ret óledi, ant buzǵan myń ret óledi.
Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада. Все мысли матери о детях, все мысли детей об играх. Ananyń kóńilі balada, balanyń kóńili dalada.
Жетектеген ит ауға жарамас. Приученная к поводку собака для охоты не годна. Jetektegen ıt aýǵa jaramas.
Ит ашуын мысықтан алады. Злая собака на кошку свой гнев обращает. It ashýyn mysyqtan alady.
Арыстан асқынса, айға шабар, ақымақ асқынса, анасын сабар. Возгордится лев - на луну кидается, возгордится дурень - на мать свою задирается. Arystan asqynsa, aıǵa shabar, aqymaq asqynsa, anasyn sabar.
Ат аунаған жерде түк қалады. Где конь поваляется, хоть клок шерсти останется. At aýnaǵan jerde túk qalady.
Бес саусақтың біреуін тістесең, бәрі ауырады. Палец поранишь любой – испытаешь общую боль. Bes saýsaqtyń bireýin tisteseń, bári aýyrady.
Күле кіріп, күңірене шыққаннан сақтан. Бойся весело входящего и хмуро уходящего. Kúle kirip, kúńirene shyqqannan saqtan.
 12
Күшенген жеңбейді, күші басым жеңеді. Не тот, кто силится побеждает, а тот, кто силой обладает. Kúshengen jeńbeıdi, kúshi basym jeńedi.
Білмейтін жердің ой-шұңқыры көп. В незнакомом краю дорога - ухабов на ней много. Bilmeıtin jerdiń oı-shuńqyry kóp.
Үйдің суық-жылысын қыс түскенде білерсің, кімнің жақын-алысын басыңа іс түскенде білерсің. Холодный или тёплый дом - узнаешь во время зимы, кто близок тебе, кто далёк - узнаешь во время беды. Úıdiń sýyq-jylysyn qys túskende bilersiń, kimniń jaqyn-alysyn basa is túskende bilersiń.
Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді. Один катышек портит целый бурдюк масла. (Рус. Ложка дёгтя в бочке мёда) Bir qumalaq bir qaryn maıdy shiritedi.
Диқан жерін анасындай сүйеді, жер диқанын баласындай сүйеді. Пахарь любит землю, словно это мать его, пахаря любит земля, словно сына своего. Dıqan jerin anasyndaı súıedi, jer dıqanyn balasyndaı súıedi.
Екі жүзді адам екі жүзді пышақтан жаман. Берегись не ножа с лезвием двойным, берегись человека с лицом двойным. Eki júzdi adam eki júzdi pyshaqtan jaman.
Сырын білмейтін аттың сыртынан жүрме. Не подходи близко к лошади, норова которой не знаешь. Syryn bilmeıtin attyń syrtynan júrme.
Аш кезіңде берген күлше тоқ кезіңде берген түйеден артық. Лепешка, которую тебе дали, когда ты голодным был, лучше верблюда, что подали, когда ты сытый был. Ash kezde bergen kúlshe toq kezde bergen túıeden artyq.
Сабағы жаман жемістің дәні де жаман. На плохой ветке плохие плоды растут. Sabaǵy jaman jemistiń dáni de jaman.
Біреудің үйін жығу оңай, құру қиын.Чужую юрту легко валить, да трудно восстановить. Bireýdiń úıin jyǵý ońaı, qurý qıyn.
 13
Еңбексіз тапқан мал есепсіз кетер. Что легко наживается, то быстро проживается. Eńbeksiz tapqan мal esepsiz keter.
Жаманатты жасыра алмайсың. Дурную новость не утаишь. Jamanatty jasyra almaısyń.
Екпесең жер қысырайды, күтпесең, көл қысырайды. Если не сеешь, земля одичает, если не чистишь, озеро зарастает. Ekpeseń jer qysyraıdy, kútpeseń, kól qysyraıdy.
Жапалақты тасқа ұрсаң да, жапалақ өледі, жапалақпен тасты ұрсаң да, жапалақ өледі. Камнем в сову попадешь - дохнет сова, сову об камень стукнешь - снова дохнет сова. Japalaqty tasqa ursań da, japalaq óledi, japalaqpen tasty ursań da, japalaq óledi.
Жау жағадан алғанда, бөрі етектен алады. Когда за ворот враг хватает, волк за полу тянуть начинает. Jaý jaǵadan alǵanda, bóri etekten alady.
Бірін жасырып алады, бірін басынып алады. Первый раз незаметно берёт, а второй раз нагло возьмёт. Birin jasyryp alady, birin basynyp alady.
Семіздікті қой ғана көтереді. Лишний жир не в тягость только барану. Semizdikti qoı ǵana kóteredi.
Судың басы бұлақ. Начинается река с небольшого родника. dyń basy bulaq.
Би екеу болса, дау төртеу болады. Если судей двое, то спора бывает четыре. Bı ekeý bolsa, daý tórteý bolady.
Диқаншы жерін мақтайды, балықшы көлін мақтайды, кәсіпқор кенін мақтайды. Земледелец зерно хвалит, рыбак озеро хвалит, шахтёр - свой рудник. Dıqanshy jerin maqtaıdy, balyqshy kólin maqtaıdy, kásipqor kenin maqtaıdy.
 14
Досыңның асын қасыңдай іш. Если подана другом еда, накинься на неё, как на врага. Dosnyń asyn qasdaı ish.
Егінші жылда арманда, балықшы күнде арманда. Земледелец раз в год мечтает, рыбак - каждый день. Eginshi jylda armanda, balyqshy kúnde armanda.
Екі қоян қусаң біреуін де тұта алмассың. За двумя зайцами погонишься, ни одного не поймаешь. Eki qoıan qýsań bireýin de tuta almassyń.
Ексең егін, ішерсің тегін. Если посеешь, бесплатно поешь. Ekseń egin, ishерsiń tegin.
Әйел жерден шыққан жоқ, ол да еркектің баласы, ерлер көктен түскен жоқ, әйел оның анасы. Женщина из земли не выросла сама - дитя мужчины она, мужчина с неба не спускается - женщина матерью ему является. Áıel jerden shyqqan joq, ol da erkektiń balasy, erler kókten túsken joq, áıel onyń anasy.
Жұтаған ауылдың жұртынан байымассың. На поживе из разоренного аула не разбогатеешь. Jutaǵan aýyldyń jurtynan baıymassyń.
Жылтырағанның бәрі алтын емес. Не всё то золото, что блестит. Jyltyraǵannyń bári altyn emes.
Қиқымға қиқым қосып, бай болмассың. Если к крошке крошку добавишь, богатым не станешь. Qıqymǵa qıqym qosyp, baı bolmassyń.
Атыңнан айрылсаң да, ер-тоқымыңнан айрылма. Коня лишился, седло не выбрасывай. Atnan aırylsań da, er-toqymnan aırylma.
Тауықтың түсіне тары кіреді. Курица пшено видит во сне. Taýyqtyń túsine tary kiredi.
 15
Балық жоқта бақа да балық. Если рыбы нет, и лягушка — рыба. Balyq joqta baqa da balyq.
Жан ауырса - тән азады, қайғы басса - жан азады. Душа болит - тело худеет, печаль навалится - душа худеет. Jan aýyrsa - tán azady, qaıǵy bassa - jan azady.
Бұрын келген қонақ, кейін келген қонаққа орын берер. Раньше пришедший гость место позже пришедшему гостю уступает. Buryn kelgen qonaq, keıin kelgen qonaqqa oryn berer.
Сыйлы қонағың келсе, итіне сүйек таста. Если пришел уважаемый гость, и собаке его кинь кость. Syıly qonaǵ kelse, ıtine súıek tasta.
Диқаншылықтың түбі - кеңес, саудагершіліктің түбі - борыш. Советом жатву завершают, в долгах купец пропадает. Dıqanshylyqtyń túbi - keńes, saýdagershiliktiń túbi - borysh.
Екі әйел алғанның құлағы тынбас, есекке мінгеннің аяғы тынбас. Сел на ишака - покоя не будет ногам, взял двух жен - покоя не будет ушам. Eki áıel alǵannyń qulaǵy tynbas, esekke mingenniń aıaǵy tynbas.
Екі кеменің басын ұстаған суға кетеді. Кто за две лодки схватился, утонет. Eki kemeniń basyn ustaǵanǵa ketedi.
Ер жаңылып қолға түсер, құс жаңылып, торға түсер. Птица неосторожная в сети залетит, человек неосторожный в плен угодит. Er jańylyp qolǵa túser, qus jańylyp, torǵa túser.
Жаманнан жарты қасық ас қалады. От плохого человека пол ложки еды остаётся. Jamannan jarty qasyq as qalady.
Сыйларға асың болмаса, сипарға тілің болсын. Если нечем гостя угостить, найди доброе слово для него. Syılarǵa as bolmasa, sıparǵa til bolsyn.
 16
Сыпырғы келсе шаң қашар.Завидев метлу, пыль сама убегает. Sypyrǵy kelse shań qashar.
Тамырыңнан түйе сұрасаң, қорыққаннан бие берер. Если попросишь верблюда у родни, с перепугу дадут кобылицу они. Tamyrnan túıe surasań, qoryqqannan bıe berer.
Атты қамшымен айдама, жеммен айда. Не гони коня кнутом, завлекай его зерном. Atty qamshymen aıdama, jemmen aıda.
Білген кісі ұрыны пақыр дейді, білмеген кісі ұрыны батыр дейді. Кто вора знает - бедным называет, а тот, кто не знает - героем считает. Bilgen kisi uryny paqyr deıdi, bilmegen kisi uryny batyr deıdi.
Бір кісі қазған құдықтан мың кісі су ішеді. Из вырытого одним человеком колодца тысячи людей воду пьют. Bir kisi qazǵan qudyqtan myń kisi sý ishedi.
Бұзау ұрлаған өгізді де ұрлайды. Кто украл телёнка, украдёт и быка. Buzaý urlaǵan ógizdi de urlaıdy.
Есеп білген ұтылмас. Кто счет ведёт, тот не проиграет. Esep bilgen utylmas.
Әркім жолдас болады амандықта, жаман тастап кетеді жамандықта. Когда тебе хорошо - все тебя товарищем считают, а когда тебе плохо - плохие люди тебя оставляют. Árkim joldas bolady amandyqta, jaman tastap ketedi jamandyqta.
Жаз жыланнан қорыққан, қыс ала жіпті аттамайды. Кого испугала змея, тот и пестрой верёвки не перешагивает. Jaz jylannan qoryqқан, qys ala jipti attamaıdy.
Жақсы ат жанға серік. Конь хороший - друг душевный. Jaqsy at janǵa serik.



©  Татьяна Валяева   2007–2019
http://kaz-tili.kz/
 <<  Пословицы, стр.1 Вернуться к началу Пословицы, стр.3  >> 


Присоединиться в Фейсбуке   ВКонтакте                  Цвета текста на сайте - значение                  E-mail: kaz-tili@yandex.ru                  Оставить отзыв