2-Сабақ, Санамақ
2 урок. Считалка
Текст к разговорнику "Жаңа толқын"
Аудио курс можно скачать по ссылке:
Жаңа толқын, 1 деңгей
1-Тапсырма
Бір 1
Екі 2
Үш 3
Төрт 4
Бес 5
Алты 6
Жеті 7
Сегіз 8
Тоғыз 9
| |
Он 10
Жиырма 20
Отыз 30
Қырық 40
Елу 50
Алпыс 60
Жетпіс 70
Сексен 80
Тоқсан 90
Жүз 100
|
2-Тапсырма
- Сергей мына бөлмеде неше компьютер бар? Сергей, в этой комнате сколько компьютеров?
- Білмеймін. Не знаю.
- Санашы. Посчитай, пожалуйста.
- Бір, екі, үш, төрт, бес, алты, жеті, сегіз, тоғыз, он. Мына бөлмеде он компьютер бар. В этой комнате десять компьютеров.
-Александр, мына тізімді оқышы. Александр, прочитай этот список, пожалуйста.
- Бірінші Петров, екінші Ким, үшінші Степаненко, төртінші Мейрам ұлы, бесінші Магай, алтыншы Магаметов, жетінші Сапарғалиев, сегізінші Иванченко, тоғызыншы Уалиев, оныншы Владимиров.
Первый Петров, второй Ким, третий Степаненко, четвертый Мейрам ұлы, пятый Магай, шестой Магаметов, седьмой Сапарғалиев, восьмой Иванченко, девятый Уалиев, десятый Владимиров.
- Мен нешіншімін? Я какой?
- Сен біріншісің. Ты первый.
- Наташа нешінші? Наташа какая по счёту?
- Ол үшінші. Она третья.
- Сен нешіншісің? А ты какой?
- Мен екіншімін. Я второй.
- Біздің бөлім нешінші? Наш отдел на каком месте?
- Біздің бөлім алғашқы ондықта. Наш отдел в первой десятке.
- Тамаша. Отлично.
- Құрметті ханымдар мен мырзалар, біздің бөлім алғашқы ондыкта, құттықтаймын! Уважаемые дамы и господа, наш отдел в первой десятке, поздравляю!
3-Тапсырма
- Мына бөлмеде он компьютер бар. Бір, екі, үш, төрт, бес, алты, жеті, сегіз, тоғыз, он. Барлығы он. Барлығы он компьютер.
В этой комнате десять компьютеров. Один, два, три, четыре, пять, шесть, семь, восемь, девять, десять. Всего десять. Всего десять компьютеров.
- Мына тізімде он адам бар. Бірінші Петров, екінші Ким, үшінші Степаненко, төртінші Мейрам ұлы, бесінші Магай, алтыншы Магаметов, жетінші Сапарғалиев, сегінізші Иванченко, тоғынызшы Уалиев, оныншы Владимиров.
В этом списке десять человек. Первый Петров, второй Ким, третья Степаненко, четвертый Мейрам ұлы, пятый Магай, шестой Магаметов, седьмой Сапарғалиев, восьмой Иванченко, девятый Уалиев, десятый Владимиров.
Сергей бірінші, Наташа үшінші, мен екіншімін. Сергей первый, Наташа третья, я второй.
Біздің бөлім алғашқы ондықта. Наш отдел в первой десятке.
Тамаша. Отлично.
Құрметті ханымдар мен мырзалар, біздің бөлім алғашқы ондыкта, құттықтаймын! Уважаемые дамы и господа, наш отдел в первой десятке, поздравляю!
4-Тапсырма
- Мына бөлмеде неше компьютер бар? В этой комнате сколько компьютеров есть?
- Барлығы неше компьютер? Всего сколько компьютеров?
- Тізімде қанша адам бар? В списке сколько человек?
- Петров нешінші? Петров какой?
- Ким нешінші? Ким какой?
- Степаненко нешінші? Степаненко какой?
- Мейрам ұлы нешінші? Мейрам ұлы какой?
- Магай нешінші? Магай какой?
- Магаметов нешінші? Магаметов какой?
- Сапарғалиев нешінші? Сапарғалиев какой?
- Иванченко нешінші? Иванченко какой?
- Уалиев нешінші? Уалиев какой?
- Владимиров нешінші? Владимиров какой?
- Біздің бөлім нешінші орында? На каком месте наш отдел?
5-Тапсырма
Бірім-бірім,
Екім-екім,
Үшім-үшім,
Төртім-төртім,
Бесім-бесім,
Алтым-алтым,
Ауыр балтам,
Қалды қалтам.
------
------
Олпық.
Солпық,
Сен кір,
Сен шық.
Бірім-бірім,
Екім-екім,
Үшім-үшім,
Төртім-төртім,
Бесім-бесім,
Алтым-алтым,
Жетім - жетім
Сегізім -сегізім,
Тоғызым - тоғызым,
Оным -оным,
Оны тапшы ай, күнім?
Шешуі
Бір дегенім – білім,
Екі дегенім - егеу,
Үш дегенім - үскі,
Төрт дегенім - төсек,
Бес дегенім - бесік,
Алты дегенім - асық,
Жеті дегенім - желке,
Сегіз дегенім - серке,
Тоғыз дегенім - торқа,
Он дегенім - оймақ
Он бір дегенім - қара жұмбақ.
Издательство: Республиканский Центр ускоренного обучения государственного языка при Комитете по языкам Министерства Культуры и Информации Республики Казахстан, 2007
Авторы: Б.Б. Белгара, Н.Ж. Курманова, Ж.М. Бектурганова, Л.Т. Айтпанова
© Татьяна Валяева, 20072024
|