10-Сабақ, Думан ойын-сауық орталығында
10 урок. В развлекательном центре «Думан»
Текст к разговорнику "Жаңа толқын"
Аудио курс можно скачать по ссылке:
Жаңа толқын, 2 деңгей
- Мақсат, бүгін Айман ханым мен Сара ханым Думан ойын-сауық орталығына келмеді ғой! Максат, сегодня госпожа Айман и Сара не пришли в развлекательный центр.
- Олар бүгін киім дүкеніне барады. Они сегодня пойдут в магазин одежды.
- Мұрат, біз бірінші қабатқа барамыз ба әлде бірден су асты әлемін тамашалаймыз ба? Мурат, мы пойдём на первый этаж или посмотрим сразу океанариум.
- Өзіңіз біліңіз, қаласаңыз, сол жақтағы дәмханадан тамақтанып алайық. Если желаете, давайте пообедаем в кафе, расположенном на левой стороне.
- Бұл өте жақсы ұсыныс. Это очень хорошее предложение.
Мына балықтар тұсында суретке түсірейік. Давайте сфотографируемся возле этих рыб.
- Иә, Астана қаласынан естелік болсын. Да, пусть будет на память с Астаны.
- Иә, мен барайын, өйткені кіші ұлым Астанадан естелік әкел деп өтінген. Да, давайте я, потому что младший сын попросил привести на память с Астаны.
- Мақсат, сіз ешнәрсе сатып алмайсыз ба? Максат, вы ничего не хотите купить?
- Жоқ, мен анау балықттарды тамашалаймын. Нет, я любуюсь теми рыбками.
- Құрметті мырзалар, бір сағаттан соң жиналайық. Уважаемые господа, собираемся через час.
- Келістік. Договорились.
1-Тапсырма
- Бүгін Айман ханым мен Сара ханым Думан ойын-сауық орталығына келмеді. Сегодня госпожа Айман и Сара не пришли в развлекательный центр.
Сол жақтағы орналасқан дәмханадан тамақтанып алайық. Если желаете, давайте пообедаем в кафе, расположенном на левой стороне.
Бірінші қабатта естелік ретінде сыйлықтар сатып алуға болады. На первом этаже как память можно купить подарки.
Олар бүгін киім дүкеніне барады. Они сегодня пойдут в магазин одежды.
Бұл өте жақсы ұсыныс. Это очень хорошее предложение.
- Біз бірінші қабатқа барамыз ба әлде бірден су асты әлемін тамашалаймыз ба? Мы пойдем на первый этаж или посмотрим сразу океанариум.
Мына балықтар тұсында суретке түсірейік. Вид этих рыб тоже давайте сфотографируем.
2-Тапсырма
- Мақсат, бүгін Айман ханым мен Сара ханым Думан ойын-сауық орталығына келмеді ғой! Максат, сегодня госпожа Айман и Сара не пришли в развлекательный центр.
Өзіңіз біліңіз, қаласаңыз, сол жақтағы дәмханадан тамақтанып алайық. Если желаете, давайте пообедаем в кафе, расположенном на левой стороне.
Бірінші қабатта Астана туралы естелік ретінде сыйлықтар сатып алуға болады. На первом этаже как памят об Астане можно купить подарки.
Мақсат, сіз ешнәрсе сатып алмайсыз ба? Максат, вы ничего не хотите купить?
Құрметті мырзалар, бір сағаттан соң жиналайық. Уважаемые господа, собираемся через час.
- Олар бүгін киім дүкеніне барады. Они сегодня пойдут в магазин одежды.
Бұл өте жақсы ұсыныс. Это очень хорошее предложение.
Иә, Астана қаласынан естелік болсын. Да, пусть будет как память об Астане.
Мұрат, біз бірінші қабатқа барамыз ба әлде бірден су асты әлемін тамашалаймыз ба? Мурат, мы пойдём на первый этаж или посмотрим сразу океанариум?
Издательство: Республиканский Центр ускоренного обучения государственного языка при Комитете по языкам Министерства Культуры и Информации Республики Казахстан, 2007
Авторы: Б.Б. Белгара, Н.Ж. Курманова, Ж.М. Бектурганова, Л.Т. Айтпанова
© Татьяна Валяева, 20072024
|