Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Конструкции
Предложения
  Проверь себя!
  Упражнения
   Грамматика детям
  Удивительный мир
Видеокурс
   Разговорник
Фразеологизмы
   Книга для чтения
С казахским не шутят?
Рассказы
Сказки
Песни
Полезное
Словарь
Ссылки
Автор
Учебники
Кудайбергенова
1 класс
2 класс
3 класс
4 класс
Досмамбетова
2 класс
3 класс
4 класс
       Словарь в картинках
Разноцветные слова
    1    
    2    
    3    
    4    
    5    
    6    
    7    
    8    
    9    
    10    
   Стихи детям
    1    
    2    
Адаптивные стихи
Мультфильмы
Аю мен маса
Қу қой
Қой мен серке
Животные
Африкалық піл
Аллигатор
Көгілдір акула
Көк кит
Арыстан
Панда
Қасқыр
Кобра
Дельфин
Керік
Ягуар
Кенгуру
Ақ аю
Жайра
Тиін
Қоңыр қоян
Қолтырауын
Шимпанзе
Жарғанат
Сегізаяқ
Мүйізтұмсық
Сурикат
 Қаз 
 

Панда

Панда


      Соңғы зерттеулердің нәтижесі бойынша, үлкен панданың аю екені, оның жақын туысы көзілдірікті аю екені дәлелденді. Ал кіші панда сусарлар тұқымдасына жатады. Панда Қытайдың орталық-батыс және оңтүстік-батыс аймақтарын да тіршілік етеді.
      Бүгінгі таңда табиғатта 1590 бас панда жүр.
      Пандалар таулы жерде тіршілік етеді. Бұрын жазықта да тіршілік еткен, бірақ ауыл шаруашылығын дамыту үшін ормандар оталып, иен жатқан даланың аумағы тарылды. Сондықтан пандалар тауға қарай қоныс аударды.
      Панданың ақ түсті жүні – қалың, көзінің айналасында қара дақтары бар. Табандары – қара түсті. Қысқа әрі толық артқы аяқтарында өткір тырнақтары бар.
      Ересек панданың бойының ұзындығы – 1,5 метр, биіктігі – 75 см. Ұрғашылары аталықтарынан 10 – 20% шағын болады. Аталықтарының салмағы 115 келіге жетеді. Аналықтарының ең ірісі 100 келі тартады.
      Панданың сүйегі өте берік және ауыр. Соған қарамастан өте иілгіш келеді.
      Жыныстық жағынан 4–8 жасында жетіледі. Буаздық мерзімі 95–160 күнге созылады. Екі жылда бір рет, салмағы 90 – 130 грамм болатын 1-2 ұрпақ дүниеге әкеледі.
      Аю тұқымдастарының ішінде панданың құйрығы ұзындығы жөнінен екінші орын алады. Ең ұзын құйрық – жалқау аюдікі. Панданың құйрығының ұзындығы – 8 –15 см.
      Етқоректілерге жатқызылғанымен панда қорегінің 99%-ын бамбук өсімдігі құрайды. Сондықтан оны кейде «бамбук аюы» деп те атайды. Панда өзіне керекті күш-қуат алу үшін күніне 12 – 30 келі бамбук өсімдігін жеуі керек. Панда, сондай-ақ, жеміс-жидектер, саңырауқұлақтар, бал, құстардың жұмыртқасын, ұсақ кеміргіштерді жейді.
      Пандаға жоғалып кету қаупі төніп тұр. Соңғы деректер бойынша, Қытайда қазір 239 панда адам қолында тіршілік етіп жатыр. 27 панда өзге елдердің хайуанаттар бағында жүр. Панданың мекен ететін ортасы ЮНЕСКО-ның қарамағына алынған.
      Пандалар уақытының басым бөлігін бамбук, бұтақтар мен өсімдіктер жеумен өткізеді.


Перевод на русский: Татьяна Валяева

Текст на казахском языке взят из:
Жануарлар. - Алматы: «Аруна» баспасы.- 208 бет. – Сер.: «1100 қызықты деректер». Ағылшын тілінен аударған. Ү. Кеңесбаева.



© Татьяна Валяева,  2007–2024
 <<  Арыстан Вернуться к началу Қасқыр  >> 

Цвета текста на сайте             Telegram-канал «Казахский язык. Просто о сложном»             kaz-tili@yandex.kz             Гостевая книга


Авторский сайт Татьяны Валяевой