Главная Гид Упражнения Тесты Песни Словарь Автор Телеграм-канал
Казахский язык
Главная  Полезные материалы → Мир знаний → Животные: Дельфин
Разноцветные слова
    1    
    2    
    3    
    4    
    5    
    6    
    7    
    8    
    9    
    10    
   Стихи детям
    1    
    2    
Адаптивные стихи
Мультфильмы
Аю мен маса
Қу қой
Қой мен серке
Животные
Африкалық піл
Аллигатор
Көгілдір акула
Көк кит
Арыстан
Панда
Қасқыр
Кобра
Дельфин
Керік
Ягуар
Кенгуру
Ақ аю
Жайра
Тиін
Қоңыр қоян
Қолтырауын
Шимпанзе
Жарғанат
Сегізаяқ
Мүйізтұмсық
Сурикат
Анаконда
 Қаз 
 

Дельфин

Дельфин


      Дельфин – теңіз суларын мекендейтін сүтқоректі. Киттәрізділер отрядына жатады.
      Дельфиндердің 17 туысы, 40-тан астам түрі бар.
      Дельфиннің құлағы болмаса да ол жақсы естиді.
      Дельфинді дүниежүзінің барлық түкпірінен кездестіруге болады. Негізінен, таяз теңіздер мен теңіз қайраңдарын мекендейді. Балықтармен, сегізаяқтармен қоректенеді.
      Дельфиннің ұзындығы 1,2 метрден 9,5 метрге дейін барады. Салмағы қырық келіден он тоннаға дейін жететіндері бар.
      Дельфиннің көзі суда да, сусыз жерде де жақсы көреді. Есту қабілеті адамдардың есту қабілетінен анағұрлым жоғары.
      Дельфиндерде әртүрлі дыбыс шығаратын және дыбыс қабылдайтын өте күрделі есту жүйесі (эхолокация) жақсы дамыған. Сол арқылы қорегін ұстайды, өз үйірін табады, судағы кедергілерді алдын ала сезеді.
      Көпшілік түрлерінің басы – жұмыр және тұмсығы алға қарай шығыңқы келеді.
      Жалғыз танау тесігі төбесінен ашылады. Дельфиндер сол арқылы оқтын-оқтын су бетіне көтеріліп, ауамен тыныс алады.
      Дельфиндер азығы мол жерлерде топтасып тіршілік етеді, бір үйірде оннан астам дельфин болады.
      Дельфиндер бір-біріне әрдайым көмектесіп жүреді. Егер бір дельфин ауырып, ауа жұту үшін су бетіне шыға алмай қалса, басқа дельфиндер оны демеп, жоғары көтеріп шығарады.
      Дельфиндер жер бетіндегі ең ақылды жануар болып есептеледі. Бірақ олардың ақыл қабілетін салыстыру әзірше мүмкін болмай тұр.
      Екі жылда бір рет бір ғана ұрпақ береді. Баласы бес жылға дейін және одан кейін де анасының қасында жүреді. Дельфиндер шамамен 30 жыл өмір сүреді.
      Дельфиннің жіңішке тұмсығы су бетін қақ жарып, оңай жүзуіне септігін тигізеді.
      Дельфиндердің терісі өте серпімді келеді. Қаншалықты кәрі дельфин болса да, терісіне су тисе болды, шымырланып, жылтырап шыға келеді.


Перевод на русский: Татьяна Валяева

Текст на казахском языке взят из:
Жануарлар. - Алматы: «Аруна» баспасы.- 208 бет. – Сер.: «1100 қызықты деректер». Ағылшын тілінен аударған. Ү. Кеңесбаева.


 <<  Кобра Наверх ↑ Керік  >> 

Казахский язык. Просто о сложном © Татьяна Валяева,  2007–2026
Главная
Цвета текста на сайте
Поиск по сайту
Гид по изучению
грамматики
Грамматика детям
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Глаголы
Личные окончания
Причастия
Местоимения
Наречия
Проверь себя!
Упражнения
Тесты
Словарь
Разговорник
Практика
Песни
Сказки
Пословицы
Гостевая книга
Автор
kaz-tili@yandex.kz
Телеграм-канал
Канал в MAX
WhatsApp-группы