Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Конструкции
Предложения
  Проверь себя!
  Упражнения
   Грамматика детям
  Удивительный мир
Видеокурс
   Разговорник
Фразеологизмы
   Книга для чтения
С казахским не шутят?
Рассказы
Сказки
Песни
Полезное
Словарь
Ссылки
Автор
Учебники
Кудайбергенова
1 класс
2 класс
3 класс
4 класс
Досмамбетова
2 класс
3 класс
4 класс
       Словарь в картинках
Разноцветные слова
    1    
    2    
    3    
    4    
    5    
    6    
    7    
    8    
    9    
    10    
   Стихи детям
    1    
    2    
Адаптивные стихи
Мультфильмы
Аю мен маса
Қу қой
Қой мен серке
Животные
Африкалық піл
Аллигатор
Көгілдір акула
Көк кит
Арыстан
Панда
Қасқыр
Кобра
Дельфин
Керік
Ягуар
Кенгуру
Ақ аю
Жайра
Тиін
Қоңыр қоян
Қолтырауын
Шимпанзе
Жарғанат
Сегізаяқ
Мүйізтұмсық
Сурикат
 Қаз 
 

Жарғанат (жарқанат)

Летучая мышь


      Жарғанат – қолқанаттылар отрядының бір тармағы. Жарғанат – құс емес, ұшатын тышқан. Тері жамылғысы қоңыр немесе сұр болып келеді. Көздері кішкентай, көру қабілеті нашар дамыған.
      Дүниежүзінде жарғанаттың 20 тұқымдасқа бірігетін 1100-дей түрі бар.
      18 – 20 азу тістері арқылы жәндіктермен, бақалармен, балықтармен, кейде құстармен қоректенеді. Өткір тістері жәндіктердің қатты қабыршақтары мен жемістердің қатты қабығын тістеуге бейімделген.
      Жарғанаттың қанатында рецепторлық жасушалар болады. Ол жемтігін ұстауға көмектеседі.
      Жарғанаттың қанаты қол сүйектері мен тырнақтарының арасында созыла орналасқан тері жарғақтан тұрады.
      Жарғанат – ұшу қабілетіне ие бірден-бір сүтқоректі.
      Қансорғыш жарғанат Латын Америкасында тіршілік етеді. Ол, шынында да, қан сору арқылы қоректенеді.
      Жарғанат адамға шабуыл жасамайды. Ол момақан, бірақ өзін қорғай біледі.
      Көптеген жарғанаттардың, әсіресе, ымырт жарғанаттарының көздері жарық аз кезде жақсы көреді.
      Жарғанаттар 20 жылдай өмір сүреді. Балалары қызыл шақалақ әрі соқыр болып туылады.
      Эхолокацияны қолдану – жарғанаттардың ерекше қасиеті. Олар 20 КГц-тен астам жоғары жиілікте дыбыс шығарады. Дыбыс қоршаған ортадағы заттарға соқтығысып, ультра-дыбыс толқыны ретінде жарғанаттың құлағына қайтып келеді. Жарғанаттың миы бұл толқындардан қоршаған ортаның суретін айқын көреді. Эхолот арқылы ол жолындағы кедергілерді айналып өтіп, жемтігін алыстан сезеді, бір-бірімен хабар алысады.
      Үлкен құлақтары арқылы кез келген дыбысты, тіпті кішкентай балықтардың жүзбе қанаттарынан шыққан дыбыстарды да естиді.
      Америка Құрама Штаттарындағы ең ірі жарғанаттың қанатын жайған кездегі ұзындығы 60 см-ге жетеді. Салмағы бірнеше грамм ғана болатын жарғанат та бар.
      Күндіз бастарын төмен салбыратып, аяқтарымен тасқа, ағашқа, жарға жабысып ұйықтайды.


Перевод на русский: Нина Агафонова

Текст на казахском языке взят из:
Жануарлар. - Алматы: «Аруна» баспасы.- 208 бет. – Сер.: «1100 қызықты деректер». Ағылшын тілінен аударған. Ү. Кеңесбаева.



© Татьяна Валяева,  2007–2024
 <<  Шимпанзе Вернуться к началу Сегізаяқ  >> 

Цвета текста на сайте             Telegram-канал «Казахский язык. Просто о сложном»             kaz-tili@yandex.kz             Гостевая книга


Авторский сайт Татьяны Валяевой