Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Конструкции
Предложения
  Проверь себя!
  Упражнения
   Грамматика детям
  Удивительный мир
Видеокурс
   Разговорник
Фразеологизмы
   Книга для чтения
С казахским не шутят?
Рассказы
Сказки
Песни
Полезное
Словарь
Ссылки
Автор
Учебники
Кудайбергенова
1 класс
2 класс
3 класс
4 класс
Досмамбетова
2 класс
3 класс
4 класс
       Словарь в картинках
Разноцветные слова
    1    
    2    
    3    
    4    
    5    
    6    
    7    
    8    
    9    
    10    
   Стихи детям
    1    
    2    
Адаптивные стихи
Мультфильмы
Аю мен маса
Қу қой
Қой мен серке
Животные
Африкалық піл
Аллигатор
Көгілдір акула
Көк кит
Арыстан
Панда
Қасқыр
Кобра
Дельфин
Керік
Ягуар
Кенгуру
Ақ аю
Жайра
Тиін
Қоңыр қоян
Қолтырауын
Шимпанзе
Жарғанат
Сегізаяқ
Мүйізтұмсық
Сурикат
 Қаз 
 

Аю мен маса

Медведь и комар

Текст и перевод к мультфильму «Аю мен маса».

Смотреть мультфильм на YouTube

1.  (c 0:00 по 1:10)
Аю: Сыбызғыңда ойнап көрейінші.
Қоян: Бер, бері әкел, бұл менің сыбызғым! берші!
Аю: Сенікі болса, енді менікі болады.
Қоян: Сонда қалай болғаны?
---
Қоян: Сыбызғым, сыбызғым…
Түлкі: Неге жылайсың, балақай? Не болды?
Қоян: Аю мені ренжітті. Сыбызғымды тартып алды.
Түлкі: Ах, қандай жаман аю еді. Жүр, аюға барып, сөйлесіп келейік.

2.  (c 1:11 по 2:12)
Түлкі: Ей, аю, сен неге өзіңнен кішілерді ренжітесің? Мұндай әдепсіздік жасауға бола ма? Ұялсаң етті. Сен неге мені тыңдамайсың? Сенімен сөйлесіп тұрмын ғой. Мына құрғыр сыбызғыда ойнауыңды қой.
Аю: Өзің неге маған айқайлайсың, а? Ал егер мен саған айқайласам ше? Ааааа…
---
Түлкі: Неткен әдепсіздік! Мұны қалай түсінуге болады? Бұлай етуге бола ма екен?
Қоян: Аю енді сыбызғымды қайтармай ма?
Түлкі: Өзіңе де обал жоқ. Өз заттарына мұқият болып, оларды кім көрінгенге бермеу керек. Кінәлі өзің – өзің шеш.

3.  (c 2:13 по 3:00)
Қоян: А!
Қасқыр: Неге сонша айқалайсың?
Қоян: Аю сыбызғымды тартып алып, қайтармай жатыр.
Қасқыр: Жай, әзілдегені ғой! Ойнап болған соң, қайтарар.
Қоян: Жоқ, әзіл емес, қайтармайды.
Қасқыр: Жүр, аюмен сөйлесейін.
Қоян: Хм, түлкі де сөйлескен, бірақ аю оны тыңдамады.
Қасқыр: Пәлі, ол түлкі, ал мен қасқырмын. Біз аю екеуіміз бұрыннан доспыз.

4.  (c 3:01 по 4:00)
Қасқыр: Аю, сәлем.
Аю: Не керек?
Қасқыр: І-і-і, Қоянның сыбызғысын тартып алған сенбісің, қайтар. Балақайды ренжітпе.
Аю: Немене!!!
Қасқыр: Кішкентай емессің ғой. Баланың ойыншығын қайтесің?
Аю: Сыбызғыда ойнап жатқанымда жаныма тағы да біреу келетін болса, сол сазайын тартады. Кет, кәне!
---
Қасқыр: Бүгін көңіл-күйі жоқ сияқты, сәл күте тұр. Сыбызғыда ойнаудан жалыққан соң, өзі-ақ қайтарып берер.
Қоян: Ол менің сыбызғым ғой.
Қасқыр: Сенікі болса, бар да, аюдан өзің тартып ал. Ал мені өз шаруаңа араластырма! Ұқтың ба?
Қоян: М-м-м.

5.  (c 4:01 по 5:20)
Маса: Ей, не боп қалды? Уй, неге жылайсың?
Қоян: Сен кімсің?
Маса: Мен масамын.
Қоян: Саған не керек?
Маса: Не болушы еді? Саған көмектескім келеді.
Қоян: Сен бе? Көмектесем деймісің?
Маса: Ей, неге күлесің?
Қоян: Еһ, түлкі көмектесем деп көмектесе алмады, қасқырдың да шамасы жетпеді, ал сен тіптен көмектесе алмайсың ғой!
Маса: Неге көмектесе алмаймын?
Қоян: Себебі сен кішкентайсың, ал ол – үлкен.
Маса: Кешкентай болсам да, мен батылмын. Сені кім ренжіткенін айт, кәне.
Қоян: Аю.
Маса: Ал, ол не істеді?
Қоян: Сыбызғымды тартып алды.
Маса: Мені осында күт. Ешқайда кетпе. Қазір аю кешірім сұрауға келеді. Және сыбызғыңды алып келеді.

6.  (c 5:21 по 6:45)
Маса: Ей, аю. Қоянның сыбызғысын қайтар. Әйтпесе өз обалың өзіңе.
Аю: Кет, мазамды алма.
Маса: Түсінікті. Қазір көресің.
Аю: Ей, мұның не! Ауырады ғой!
Маса: Сыбызғыны қайтар.
Аю: А, солай ма?
Маса: Сыбызғысын қайтар қоянның. Кәне, сыбызғыны қайтарасың ба?
Аю: Қазір ұрып өлтіремін. Әзір тоқтай тұр, пәлі.
Маса: Сыбызғыны қайтар.
Аю: Ауы…
Маса: Сыбызғыны қайтар.
Аю: Жоқ.
Маса: А, онда өзің біл.
Аю: Уй…

7.  (c 6:45 по 8:01)
Маса: Сыбызғыны қайтар, кәне.
Аю: Қайтарам, қайтарам.
---
Аю: Қоян, қоян, еһ, қоян, кешір. Менікі дұрыс болмады. Сыбызғыңды қайтып ал.
Қоян: Мүмкін емес. Бұл рас па? Алақай! Алақай! Рақмет!
Маса: Көрдің бе? Аю өте мейірімді екен. Сыбызғыны қайтарып, кешірім сұрады. Ал сен кішкентайсың, шамаң жетпейді деп едің. Ең бастысы ебін тапсаң болды.
Қоян: Кіп-кішкентай бола тұра, сыбызғыны қайтаруға қалай көндірдің?
Маса: Мәселе үлкен-кішілікте емес. Сендіре білуде.
Аю: Енді масаның достарын ренжітпеймін.

8.  (Послесловие, c 8:02 по 10:20)
Аю: Берші ойнайын.
Қоян: Қайтар. Ол менің сыбызғым.
Аю: Сенікі еді, менікі болды.
Түлкі: Неге жылап тұрсың?
Қоян: Аю ренжітті.
Түлкі: Ұят емес пе?
Аю: Айқайлама маған!
Қасқыр: Не болды?
Қоян: Аю сыбызғымды тартып алды.
Қасқыр: Кішкентайларды ренжітуге болмайды! Сен өкінерсің.
Маса: Не мұнайдың?
Қоян: Аю сыбызғымды бермей жатыр.
Маса: Мен саған көмектесемін.
Қоян: Сен кішкентайсың ғой!
Маса: Сыбызғыны қайтар!
Аю: Кет, мазамды алмай! Ауырады ғой! Кешір.
Маса: Ең бастысы – тіл табыса білу.



Текст записали и перевели:
Участники ватсап-группы по изучению казахского языка при поддержке экспертов-носителей языка.



© Татьяна Валяева,  2007–2024
 <<  Адаптивные стихи Вернуться к началу Қу қой  >> 

Цвета текста на сайте             Telegram-канал «Казахский язык. Просто о сложном»             kaz-tili@yandex.kz             Гостевая книга


Авторский сайт Татьяны Валяевой