Тиін – кеміргіштер отряды, тиінтәрізділер тұқымдасына жататын жануар. Тиінтәрізділердің 25 туысы, 230-дан астам түрі бар.
Тиіндер Азия, Оңтүстік және Солтүстік Америка, Еуропада тараған.
|
Белка – животное, принадлежащее к отряду грызунов, семейству беличьих. Беличьих 25 родов и более 230 видов.
Белки распространены в Азии, Южной и Северной Америке, Европе.
Скрыть перевод
|
Тіршілік ортасы әртүрлі: тиін – ағашта, борша тиін – жартылай ағашта, суыр, сарышұнақтар жерде мекендейді.
Ағаш діңінде пайда болған тесіктерді пайдаланады, өздері бұтақтар мен жапырақтардан ұя жасайды.
|
Их среда обитания разнообразна: белки живут на деревьях, бурундуки – наполовину на деревьях, сурки, суслики – на земле.
Используют появившиеся отверстия в стволах деревьев, сами делают гнёзда из веток и листьев.
Скрыть перевод
|
Тиіндер қояндар мен бұғылардай емес, өзекті тағамдарды қорыта алмайды. Сондықтан протеинге бай, көміртекті және майлы тағамдарды жейді.
Тиіндер – қорек талғамайтындар. Олар жаңғақ, дән, жүгері, жеміс, қозықұйрық тәрізді тағамдық өсімдіктерді және жас шөптермен қатар жәндіктерді де жей береді.
|
В отличие от зайцев и оленей, белки не могут усваивать клетчатку. Поэтому они едят продукты, богатые протеином, углеводами и жирами.
Белки разборчивы в еде. Наравне с молодой травой и такими пищевыми культурами как орехи, зёрна, кукуруза, фрукты, шампиньоны питаются насекомыми.
Скрыть перевод
|
Жеуге жарайтынның бәрін кеміріп тастайтындығы үшін кей адамдар тиіндерді зиянкес санайды.
Тиіндер – ақылды және алған бетінен қайтпайтын жануарлар.
Иісті жақсы сезетіндіктен жерде көміліп жатқан жаңғақтарды тез табады. Жаңғақ іздеп жүріп, жерді шұңқырлап қазып тастайды.
|
Некоторые люди считают белок вредителями, потому что они сгрызают всё, что можно есть.
Белки – умные и твёрдо идущие к своей цели животные.
Благодаря хорошему обонянию они быстро находят закопанные в землю орехи. В поисках орехов они роют в земле ямки.
Скрыть перевод
|
Тиіндер электр тогының өшіп қалуына жиі себеп болады. Олар электр бағандарына оңай өрмелеп шығып, электр сымдарының үстімен жүгіріп жүреді.
Үндістанда тіршілік ететін тиіндердің арқасында жолақтары болады. Бұл тиінді одан сайын әдемі ете түседі.
|
Белки часто становятся причиной отключения электроэнергии. Они легко взбираются на электрические столбы и перебегают по электрическим проводам.
Белки, живущие в Индии, имеют полоски на спине. Это делает белку ещё красивее.
Скрыть перевод
|
Тиінді қолдан тамақтануға үйретуге болады. Олар қысқа азық қорын жинайды. Сондықтан берген тамағыңыздың бәрін алады.
Тиін адамның үйреткенін тез қағып алады.
|
Белку можно научить есть с рук. Они к зиме делают запасы еды. Поэтому забирают всю еду, которую вы ей даёте.
Белка быстро схватывает то, чему её учит человек.
Скрыть перевод
|