Мүйізтұмсық – тақтұяқтылар отрядындағы сүтқоректі. Денесінің ірілігі жағынан пілден кейінгі екінші орынды алатын құрлық жануары. Олар жекедара тіршілік етеді. Кейде ғана баласын ертіп бара жатқан аналық мүйізтұмсықты кездестіресің.
Мүйізтұмсық тропиктік, субтропиктік аймақтардың саванналарын, қалың ормандарын мекен етеді.
|
Носорог – млекопитающее отряда непарнокопытных. Это второе по величине после слона наземное животное. Носороги живут поодиночке. Только иногда можно встретить самку носорога, ведущую за собой своего детеныша.
Носорог обитает в тропических и субтропических саваннах и густых лесах.
Скрыть перевод
|
Ерекше белгісі – мұрнындағы мүйізі. Олардың бес түрі бар: екі африкалық, үш азиялық түр. Африкалық мүйізтұмсықтардың ақ және қара түстісі болады. Бұл екеуі де – екі мүйізді. Суматралық мүйізтұмсықтың да екі мүйізі болады.
«Үнділік» және «явалық» деп аталатын азиялық мүйізтұмсықтардың бір ғана мүйізі болады.
|
Его отличительный знак – рог на носу. Существует пять видов носорогов: два африканских и три азиатских. Африканские виды носорогов: белый и черный. Представители обоих видов - двурогие. Суматранский носорог также имеет два рога.
Азиатские носороги, называемые «индийским» и «яванским», имеют только один рог.
Скрыть перевод
|
Мүйізтұмсықтардың ең кішкентайы – суматралық мүйіз тұмсық. Оның иығына дейінгі биіктігі – 1,4 метр, салмағы – 1000 келі. Ең ірісі – ақ мүйізтұмсық. Оның иығына дейінгі биіктігі – 4 метр, салмағы – 2 500 келі.
Мүйізтұмсықтың көзі аса жақсы көрмейді. Бірақ иісті өте жақсы сезеді және құлағы жақсы естиді.
|
Самый маленький из носорогов - суматранский. Его высота в холке – 1,4 метра, вес – 1 000 килограмм. Самый крупный – белый носорог. Его высота – 4 метра, вес – 2 500 килограмм.
Глаза носорога не очень хорошо видят. Однако у него очень хорошее обоняние и слух.
Скрыть перевод
|
Денесіне жабысқан шыбын-шіркейлерден құтылу үшін мүйізтұмсық шалшық суға аунап алады.
Аяқтары қысқа болғанымен, мықты. Үш ашалы аяқтарында жалпақ тұяқтары бар. Мүйізтұмсықтың мүйізі үнемі өсіп отырады. Терісі қалың, сұр немесе қоңыр түсті. Азиялық түрлерінің мойыны мен аяқтарында терісі қабатталып жиырылып тұрады.
|
Чтобы избавиться от назойливого гнуса носорог валяется в болоте.
Будучи короткими, ноги носорога сильные. На трехпалых ногах имеются плоские копыта. Рог носорога все время растет. Его кожа толстая, серого или коричневого цвета. Кожа азиатских видов носорогов собирается в складки на их шее и ногах.
Скрыть перевод
|
Биологтар жабайы мүйізтұмсықтың 35 жыл өмір сүргенінің куәсі болды. Ал қолда асыраған бір мүйізтұмсық 40 жыл өмір сүрген.
Мүйізтұмсықтар тек шөппен қоректенеді. Әр мүйізтұмсықтың өз жайылымы болады. Күн ыстықта шалшық суға жатып, салқындап алады.
|
Биологи встречали дикого носорога, прожившего 35 лет. А один прирученный носорог прожил 40 лет.
Носороги питаются только травой. У каждого носорога есть свое пастбище. В жаркий день он лежит в болоте, охлаждается.
Скрыть перевод
|
Мүйізтұмсықтарды мүйізі үшін аулайды. Оны дәстүрлі қытай медицинасында дәрі-дәрмек жасау үшін пайдаланады.
Аузы шалғы тәрізді ақ мүйізтұмсықтар көкмайсаға жайылуға жақсы дағдыланған.
|
На носорогов охотятся ради их рогов. Их используют для изготовления лекарств в традиционной китайской медицине.
Рот белых носорогов, похожий на косу, хорошо приспособлен для поедания молодой травы.
Скрыть перевод
|