1.
✦ Көгілдір акула – тақта желбезектілер класс тармағына жататын жыртқыш балық. Денесінің ұзындығы – 3,8 метрге, салмағы 300 келіге дейін жетеді.
★ Дене қаңқасы сүйектен емес, шеміршектен тұрады. Торсылдағы және желбезек қақпағы болмайды. Басының екі жағында желбезек саңылаулары бар. Су түбіне батып кетпес үшін акула ұйықтамай, үнемі жүзіп жүруге мәжбүр.
✷ Көгілдір акуланың дене пішіні сүйір, тұмсығы ұзын болады. Кеуде қанаттары өте ұзын, орақ тәрізді болып келеді. Арқа қанаттарының біріншісі екіншісінен әлдеқайда үлкен.
◈ Ол сайра, макрель, майшабақ, тунец, хек, найза балық тәрізді теңіз балықтарымен қоректенеді.
❖ Көгілдір акула бүкіл ғұмырында орта есеппен 50 мың тіс жаңартады. Тістері үшбұрыш пішінді, 5-6 қатар, кейде 15 қатар болып орналасады.
✦ Голубая акула – рыба, принадлежащая к ветви класса пластиножаберных. Длина её тела – до 3,8 метров, вес достигает до 300 килограмм.
★ Скелет тела состоит не из костей, а хрящей. У неё не бывает плавательного пузыря и жаберных крышек. С двух сторон головы есть жаберные щели. Чтобы не потонуть на глубине, акула всегда должна плавать.
✷ Тело голубой акулы имеет остроконечную форму, морда вытянутая. Грудные плавники очень длинные, подобны серпу. Первый спинной плавник значительно больше второго.
◈ Она питается такими морскими рыбами как сайра, макрель, сельдь, тунец, хек и рыба-копьё.
❖ Голубая акула за всю жизнь в среднем сменяет 50 тысяч зубов. Зубы треугольной формы, расположены в 5-6 рядов, у некоторых в 15 рядов.
Скрыть перевод [1]
2.
⍟ Көгілдір акула – өз тұқымдастарының ішіндегі ең тартымдысы.
✪ Көгілдір акула барлық тропиктік және орташа температурадағы теңіздер мен мұхиттардың су бетінде және 350 метрге дейінгі тереңдікте тіршілік етеді.
✾ Ересек көгілдір акулалардың салмағы 136-ден 182 келіге дейін тартады.
✤ Акулалардың 30 туысқа жататын 368 түрі бар.
✿ Көгілдір акуланың денесінің үстіңгі жағы – қою көк, екі бүйірі – көгілдір, астыңғы жағы ақ түсті болады. Құйрық қанатының үстіңгі қалақшасы ұзын болып келеді.
⍟ Голубая акула среди своих сородичей самая красивая.
✪ Голубая акула обитает во всех тропических и средней температуры морях, также в океанах на поверхности воды и до 350 метров глубины.
✾ Вес взрослой голубой акулы достигает от 136 до 182 килограмм.
✤ Акул 368 видов, принадлежащих к 30 семействам.
✿ Верхняя сторона голубой акулы бывает густо-синей, два её бока – голубые, нижняя сторона белого цвета. Верхняя лопасть хвостового плавника является длинной.
Скрыть перевод [2]
3.
✧ Ғалымдар акулалардың салыстырмалы түрде ақылды екенін айтады. Акуланың үйрену қабілеті егеуқұйрықтар мен құстардан кем емес.
✯ Көгілдір акула ең жылдам жүзетін балықтар қатарында. Бірақ әр зоолог әртүрлі пікір айтады. Бірі «көгілдір акула сағатына 97 шақырым жылдамдықпен жүзеді» десе, тағы бірі «35 шақырымнан аспайды» дейді.
❉ Балықтар ұйықтамайды, бірақ олардың белсенді болатын және тынығатын кездері бар. Кей акулалар теңіз табанында жатып тынығады. Кейбірі ауамен тыныс алуын тоқтатпау үшін үнемі жүзіп жүреді.
➢ Көгілдір акула өте қауіпті жыртқыш болғандықтан, оны «теңіз қасқыры» деп те айтады.