Қолтырауын – бауырымен жорғалаушылар класы қолтырауындар отрядының үш тұқымдасының бірі. Тұқымдастары: аллигаторлар, гавиалдар және нағыз қолтырауындар.
Африкада, Азияда, Оңтүстік және Солтүстік Америкада, Австралияның тропиктік аймақтарындағы өзендер мен көлдер де, тоғандарда тіршілік етеді. Көбіне тұщы сулы жерлерді мекендейді.
|
Крокодил – представитель одного из трёх семейств отряда крокодилов, класса пресмыкающихся. Его сородичи: аллигаторы, гавиалы и настоящие крокодилы.
Обитает в Африке, Азии, Южной и Северной Америке, в тропических регионах Австралии - в реках, озерах и прудах. В основном обитает в пресных водоёмах.
Скрыть перевод
|
Басы – жалпақ, тұмсығы ұзын болады. Құйрығы – мықты, екі шетінен жіңішкеріп кеткен. Аяқтары өте қысқа.
Көздері мен танау тесіктері бас сүйегінен жоғары орналасқан. Олар судан тек көзі мен танауын ғана шығарып, қорегін аңдып жатады.
|
Голова плоская, морда длинная. Хвост сильный, зауженный с обоих сторон. Лапы очень короткие.
Глаза и ноздри расположены над черепом. Они охотятся за едой, высовывая из воды только глаза и ноздри.
Скрыть перевод
|
Қазіргі қолтырауындар – суда, су айдындарының жағасында тіршілік ететін және су ішуге келген жануарлармен қоректенетін жартылай су жыртқышы.
Ащы суда мекендейтін қолтырауын тұщы суда мекендейтіндерден үлкенірек болады.
Ең ірі қолтырауынның ұзындығы – 2–5,5 метрге, салмағы – 1352 келіге жеткен. Бұл дегеніміз – екі автокөліктің үлкендігіндей көлем.
|
Современные крокодилы-полуводные хищники, которые живут в воде, на берегах водоемов и питаются животными, приходящими пить воду.
Крокодилы, живущие в солёной воде, крупнее тех, что живут в пресной воде.
Длина самого крупного крокодила достигала 2-5,5 метров, вес – 1352 кг. Это примерно размер двух автомобилей.
Скрыть перевод
|
Австралияның тұщы суын мекендейтін бір қолтырауын сағатына 17 шақырым жылдамдықпен қозғалған. Бұл – осы уақытқа дейін байқалған ең жоғарғы рекордтық көрсеткіш.
Қолтырауынның 24 тісі болады. Олар үнемі түсіп, жаңасы өсіп тұрады. Қолтырауынның өмірінде шамамен 3000-нан аса тіс жаңадан өсіп шығады.
|
Один из крокодилов, обитающий в пресной воде Австралии, передвигался со скоростью 17 километров в час. Это на данный момент самый высокий замеченный рекордный показатель.
У крокодила 24 зуба. Они всегда выпадают и вырастают новые. За время жизни крокодила вновь вырастает более 3000 зубов.
Скрыть перевод
|
Өмірінің орташа ұзақтығы – 65 жыл. Қолтырауындардың ересектері адам өміріне үлкен қауіп төндіреді. Ең қауіптісі – қолтырауынның күтпеген жерден тап беруі.
Қолтырауын тасада жасырынып отырып, қорегі жақындаған кезде тап береді.
|
Средняя продолжительность жизни составляет 65 лет. Взрослые крокодилы представляют серьезную угрозу для жизни человека. Самое опасное – что крокодил может набросится неожиданно.
Крокодил прячется в укрытии и набрасывается, когда его добыча приближается.
Скрыть перевод
|
Қолтырауын жылы жерді ұнатады, салқын суды ұнатпайды.
Қолтырауында тері безі болмайды. Ол жылуды аузы арқылы шығарады, салқындау үшін кейде итше демігіп алады.
|
Крокодил любит теплые места и не любит холодную воду.
У крокодила нет потовых желёз. Он выделяет тепло через рот и иногда, чтобы остыть, дышит, как собака.
Скрыть перевод
|