Главная Гид Упражнения Тесты Песни Словарь Автор Телеграм-канал
Казахский язык
Главная  Полезные материалы → Мир знаний → Животные: Кобра
Разноцветные слова
    1    
    2    
    3    
    4    
    5    
    6    
    7    
    8    
    9    
    10    
   Стихи детям
    1    
    2    
Адаптивные стихи
Мультфильмы
Аю мен маса
Қу қой
Қой мен серке
Животные
Африкалық піл
Аллигатор
Көгілдір акула
Көк кит
Арыстан
Панда
Қасқыр
Кобра
Дельфин
Керік
Ягуар
Кенгуру
Ақ аю
Жайра
Тиін
Қоңыр қоян
Қолтырауын
Шимпанзе
Жарғанат
Сегізаяқ
Мүйізтұмсық
Сурикат
Анаконда
 Қаз 
 

Кобра

Кобра


      Кобра (кеңалқым жылан) – бауырымен жорғалаушылар класына, қабыршақтылар отрядына жататын улы жылан. Аспидтер тұқымдасының 200-дей түрі бар.
      Аспидтердің басы денесіне бірігіп кеткен. Үстіңгі тістерінде у ағатын астаулары болады. Олар шаққан қорегін алдымен біраз уақыт тістелеп алады, сонда жараға у тереңірек кіреді. Кобралардың уы – нейротоксин. Шаққан жері іспейді, бірақ жүйке жүйесі мен тыныс алу мүшелерін жансыздандырады.
      Кобраның уы өзіне әсер етпейді. Сондықтан шаққан қорегін өзі жей береді.
      Кобра Еуропадан өзге барлық құрлықтардың тропиктік және субтропиктік аймақтарын мекен етеді.
      Ең әйгілі патша кобра Үндістан мен Үндіқытайдағы су жағасын мекендейді. Оның ұзындығы 5,5 метрге дейін барады. Патша кобра – жер бетіндегі ең ірі улы жылан. Оның уының көптігі сонша, шаққанынан піл де өліп кетеді.
      Кобралар орта есеппен 20 жыл өмір сүреді.
      Көзілдірікті кобраның ұзындығы екі метрге дейін жетеді. Ол дұшпанына айбат шеккенде тамағы жалпайып капюшонға ұқсап кетеді. Сол кезде оның басының желке тұсындағы көзілдірікке ұқсас ашық түсті дағы айқын көрінеді. Осыған байланысты оны «көзілдірікті жылан» деп атайды.
      Ең кішкентай кобралар – ринхолс пен Мозамбик оқжыланының ұзындығы 1,2 метрге жетеді.
      Кобра жылына екі рет түлейді.
      Кобра – жұмыртқа басар кезде арнайы ұя салатын бірден-бір жылан. Жұмыртқаны шілдеде салады. Тамыз-қыркүйек айларында жас жыландар жұмыртқаны жарып шығады.
      Кобраның 1 грамм уы 50 адамды өлтіруге жетеді. Қара тамақты жыланның улы түкірігі 2,5 метрге дейін жетеді.
      Жылан арбаушылар жыланды «музыка сазымен арбаймыз» дейді. Бірақ бұл шындыққа қайшы, өйткені жыландардың құлағы естімейді. Анығында, олар жыланды дене қимылы арқылы арбайды.


Перевод на русский: Татьяна Валяева

Текст на казахском языке взят из:
Жануарлар. - Алматы: «Аруна» баспасы.- 208 бет. – Сер.: «1100 қызықты деректер». Ағылшын тілінен аударған. Ү. Кеңесбаева.


 <<  Қасқыр Наверх ↑ Дельфин  >> 

Казахский язык. Просто о сложном © Татьяна Валяева,  2007–2026
Главная
Цвета текста на сайте
Поиск по сайту
Гид по изучению
грамматики
Грамматика детям
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Глаголы
Личные окончания
Причастия
Местоимения
Наречия
Проверь себя!
Упражнения
Тесты
Словарь
Разговорник
Практика
Песни
Сказки
Пословицы
Гостевая книга
Автор
kaz-tili@yandex.kz
Телеграм-канал
Канал в MAX
WhatsApp-группы