1.
✦ Аллигатор – бауырымен жорғалаушылар класына жататын қолтырауын. «Аллигатор» деген сөз испан тілінен енген, «ел лагарто», яғни «кесіртке» деген мағына береді.
★ Басқа қолтырауындар отряды өкілдерінен басының жалпақтығы және көзінің жоғары орналасқандығымен ерекшеленеді.
✷ Денесінің ұзындығы – 1,5 - 6,3 метр, салмағы 85 келіге дейін жетеді.
◈ Аллигатордың терісі өте қалың және қатты болады.
❖ Аллигаторлар түнде белсендірек тіршілік етеді, азығын көбіне түнде аулайды. Ересек аллигаторлар балық, құс, тасбақа, түрлі бауырымен жорғалаушылар және сүтқоректілерді аулайды. Жемтігін тірідей жұтады.
✦ Аллигатор – крокодил, принадлежащий к классу пресмыкающихся. Слово «Аллигатор» произошло от испанского «ел лагарто», то есть означает «ящерица».
★ Отличается от других представителей отряда крокодилов шириной головы и высоким расположением глаз.
✷ Длинна тела – 1,5 - 6,3 метра, вес достигает до 85 килограмм.
◈ Кожа аллигатора очень толстая и твёрдая.
❖ Аллигаторы ночью ведут более активную жизнь, чаще всего добывают еду ночью. Взрослые аллигаторы ловят рыбу, птиц, черепах, различных пресмыкающихся и млекопитающих. Добычу проглатывают живьём.
Скрыть перевод [1]
2.
⍟ Аллигатордың үшбұрышты тістері қорегін аулауға ыңғайлы, бірақ оны бөлшектеуге шамасы жетпейді. Аллигаторлардың 80 тісі болады, түсіп қалған тістің орнына жаңадан тіс өсіп шығады.
✪ Ірі аллигаторлардың көздері – қызыл, кейбірінен жасыл сәуле шашып тұрады. Осы белгілері арқылы аллигаторларды қараңғыда да байқауға болады.
✾ Аллигатор ең көп мекендейтін жер – АҚШ-тың Флорида мен Луизиана штаттары. Сонымен қатар олар Қытайдың тұщы су айдындарында тіршілік етеді.
✤ Аллигаторлардың төрт аяғы болады. Суда өте жақсы жүзеді, құйрығының көмегімен бұрылады. Аяқтарындағы саусақтарының арасында жүзу жарғағы бола ды, тарлау жерде жарғақты аяқтарын іске қосады.
✿ Аллигаторлар тұщы сулы тоғандарды, көлдерді, батпақты жерлер мен қамыс қалың өскен суларды мекен етеді.
⍟ Треугольные зубы аллигатора удобны для ловли добычи, но они недостаточно подходят для дробления. У аллигатора 80 зубов, на место выпавшего зуба вырастает новый.
✪ У крупных аллигаторов глаза – красные, а у некоторых излучают зелёный свет. Благодаря этому признаку аллигаторов можно заметить и в темноте.
✾ Место обитания аллигаторов чаще всего – это штаты США Флориды и Луизианы. Вместе с этим они обитают в пресных водоёмах Китая.
✤ У аллигатора четыре лапы. Очень хорошо плавает в воде, поворачивает с помощью хвоста. Между пальцами лап есть плавательные перепонки, в тесных местах перепоночные лапы вводятся в действие.
✿ Аллигаторы обитают в пресных водах прудов, озёр, болот и в водах с густорастущим тростником.
Скрыть перевод [2]
3.
✧ Аллигаторлар көбінесе жеке-дара жүреді. Табиғатта 30 – 35 жыл өмір сүреді. Қолға үйретілгендері 50 жасқа дейін жасайды.
✯ Басқа да көптеген бауырымен жорғалаушылар тәрізді аллигаторлар да табанымен жүреді. Құрғақ жерде жылдамырақ жүгіреді, бірақ алысқа ұзап кете алмайды.
❉ Бағалы терісі үшін ауланады.
➢ Ауа райының салқын кезінде аллигаторлардың тамаққа тәбеті нашарлай бастайды. Ауа температурасы 23°С-қа төмендегенде тамақ жеуді мүлде тоқтатады.
⚜ Аллигатор құрбанын күтіп, қимылдамай ұзақ жатады. Жақын келгенде күтпеген жерден бас салады.