Главная Гид Упражнения Тесты Песни Словарь Автор Телеграм-канал
Казахский язык
Главная  Полезные материалы → Мир знаний → Животные: Сегізаяқ
Разноцветные слова
    1    
    2    
    3    
    4    
    5    
    6    
    7    
    8    
    9    
    10    
   Стихи детям
    1    
    2    
Адаптивные стихи
Мультфильмы
Аю мен маса
Қу қой
Қой мен серке
Животные
Африкалық піл
Аллигатор
Көгілдір акула
Көк кит
Арыстан
Панда
Қасқыр
Кобра
Дельфин
Керік
Ягуар
Кенгуру
Ақ аю
Жайра
Тиін
Қоңыр қоян
Қолтырауын
Шимпанзе
Жарғанат
Сегізаяқ
Мүйізтұмсық
Сурикат
Анаконда
 Қаз 
 

Сегізаяқ

Осьминог


      Сегізаяқ – басаяқтылар класының ең танымал өкілі.
      Оны мұхит айдынының барлық түкпірінен, әсіресе, маржан рифтерінен, тастардың, балдырлардың арасынан кездестіруге болады.
      Кеңінен алғанда, сегізаяқтардың 300 түрі бар, бұл басаяқтылардың үштен бір бөлігін құрайды.
      Сегізаяқ салыстырмалы түрде қысқа уақыт өмір сүреді. «Солтүстік Тынық мұхит алыбы» деп аталатын ірі сегізаяқ қоршаған ортадағы жағдай қолайлы болса, бес жылға дейін өмір сүреді.
      Әдеттегі түсі қоңыр. Бірақ қоршаған ортаға байланысты реңін өзгерте алады.
      Басының екі жағында екі үлкен көзі болады. Көздері өте жақсы көреді.
      Сегізаяқтың үш жүрегі болады. Екі жүрегі қанды екі жақтағы желбезек арқылы өткізіп айдайды. Үшінші жүрегі көгілдір түсті қанды бүкіл денеге жүргізеді.
      Ірі түрлерінің жалпы ұзындығы 3 м­ге, салмағы 50 келіге дейін жетеді. Одан да ірілері болады.
      «Көк сақина» деп аталатын сегізаяқ – сегізаяқтардың ішіндегі ең улысы. Уы құрбанының денесін жансыздандырып, сал етіп тастайды. Оның шаққанынан адам өліп кетуі мүмкін.
      Сегізаяқ желбезегімен тыныс алады. Сусыз жерде бірер минут тұрғанынан денсаулығына зиян келмейді.
      Аузында тотықұстың тұмсығы тәрізді екі жақ сүйегі болады. Бұл – сегізаяқтың денесіндегі ең қатты жері.
      Жыртқыш. Моллюскілермен, шаянтәрізділермен, балықтармен қоректенеді. Қорегін сегіз қармалауышымен ұстап жейді. Жақ сүйегімен тістеген кезде сілекей бездеріндегі уы қорегінің денесіне тарайды.
      «Солтүстік Тынық мұхитының алыбы» – сегізаяқтардың ең ірісі.
      Дүниеге бұршақтың үлкендігіндей болып келетін «Солтүстік Тынық мұхитының алыбы» екі жылдың ішінде салмағы – 70 келі, ұзындығы 9 метр сегізаяққа айналады.


Перевод на русский: Нина Агафонова

Текст на казахском языке взят из:
Жануарлар. - Алматы: «Аруна» баспасы.- 208 бет. – Сер.: «1100 қызықты деректер». Ағылшын тілінен аударған. Ү. Кеңесбаева.


 <<  Жарғанат Наверх ↑ Мүйізтұмсық  >> 

Казахский язык. Просто о сложном © Татьяна Валяева,  2007–2026
Главная
Цвета текста на сайте
Поиск по сайту
Гид по изучению
грамматики
Грамматика детям
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Глаголы
Личные окончания
Причастия
Местоимения
Наречия
Проверь себя!
Упражнения
Тесты
Словарь
Разговорник
Практика
Песни
Сказки
Пословицы
Гостевая книга
Автор
kaz-tili@yandex.kz
Телеграм-канал
Канал в MAX
WhatsApp-группы